Қырғыз даласындағы ашаршылық туралы

Торғай қырғыздарының қазіргі ауыртпашылығы қырғыз даласында өсіп­өркендеудің нақты тұрақты әдісі болмай қалған мал шаруашылығын тұрақты, сенімді әдіске айналдыру, жер өңдеу және соған байланысты осы халықтың көшпенді тұрмысын отырықшылыққа айналдыру керектігін, тіпті болмаса зорлап шара қолдану керек екенін нақтылы дәлелдейтін мәлімет болып табылды. Бұл ойды («Оренбургский листок» № 1880 жылы) Батыс Сібір үшін үлкен бір жобаға айналдырды. Осы ой біздің әкімшілік үшін де бөтен емес. Осыған қарамастан, біз қырғыз халқының қазіргі ауыртпалығының ұлғайып кеткенін көре отырсақ та, Воронецкий мырза жасап көрсеткен жобаға тиісті де дәлелді қарсылық көрсетеміз («Оренбургский листок»). Оны дәлелдеу үшін келесіні айтуымызға тура келеді: далалықтың дауысы, далада туып өскен, өз халқының мұқтаждығы мен қажеттілігін білетіндігі, сезетіндігі бұл жерде ешкімге де кедергі де, ешкімге де зиян болмайды. Шынында да, далалықтардың өмірін, салтын жасанды түрде өзгертуге бет алғанның орнына, бұл халықтың өзін, оның өмірін, салтын, бұл халықтың бойында ауыл шаруашылығына байланысты мәдени дәстүрдің бар­жоғын анықтап, оған оны билеп отырған жер шаруашылығымен айналысатын көршілес елдің қаншалықты әсер еткенін белгілеп, бұл халықтың қандай табиғи жағдайда өмір сүріп жатқанын, т. б. біліп алу анағұрлым дұрысырақ, ақылдырақ болар еді, бұл белгілі бір қателіктерді жіберіп алмау үшін қажет, өйткені тұтас бір ұлттың дәстүрлі тұрмысын зорлықпен өзгерту ­ қаншалықты қабілеті зор болғанына қарамастан, оны башқұрт халқы сияқты, селқостық халге ұшыратуы мүмкін, себебі табиғаттың заңдылығында да кішкене баланы бірден ересек етуге ешқандай мүмкіндік жоқ.

Қырғыздар барлық адамдарға тән табиғи жаратылыстың әсерімен ешқандай сыртқы күшсіз­ақ өздеріне жақсы да қолайлы жағдай іздестірулері арқылы отырықшылық жолға түсуге даяр екенін біз төменнен көре аламыз. 15 жыл бұрын қырғыз облыстарының уездерінде бірде­бір жер үй болған емес. Ал біздің көз алдымызда қырғыздар өздеріне қысқа жылы киіз үйлер, киіз үйдің ішіне шойын немесе темір пештер орнатып, содан кейін жер үйлер немесе ағаш үйлер, ал қазір бірнеше бөлмеден тұратын там үйлер сала бастады. Қазіргі кезде жер үйі немесе ағаш үйі жоқ қырғызды сирек кездестіресіз, ал кейбір жерлерде олар қыстауға кішкене­кішкене тұтас ауылдар құраған. Тұрақты орын сала бастағаннан кейін, үйлерге қоса мал қоралар салып, шоп шауып, оны біршама мөлшерге жеткізіп, қысқа сақтайтын болды.

Жазғы жайылымдарда, егер мүмкіндік болса, қысқа мерзім және сирек болатын болған, оларға деген қырғыздардың зауқы онша болмай, жол бойындағы қырғыздар өз қыстауларынан 10­30 қадамнан астам шықпайтын; керек болған жағдайдың өзінде, еш ынтасыз жаздың жайлауларын 3­4 рет ауыстырып, маңайдағы шөпті тауысқанша ауылдарынан ұзамаған. Осындай тәсілмен бір жерде тұрақты орналасқан қырғыздар ­ «12 аяқты ешкілер 2­3 он жыл бұрынғы» ­ қазір өздерінің жыртуға жарайтын жерлерін, тебіндері мен жайылымдарын қатты қорғаштап, осының кесірінен, қазір олардың арасында дау мен тартыс көбейіп, кейде қан төбелес пен өлімге дейін баратын болды.

Читайте также:  Гравитациялық өзара әрекеттесу туралы реферат

Қырғыздардың қазір де жер өңдеумен айналысуға талаптары бар, ал мүмкіндік бар жерлерде онымен біршама айналысып та жүр. Осындай талпынысты Торғай уезінің қырғыздарынан көруге болады, құнарлы жердің болмағанына қарамастан, олар астық өсірумен айналысады, оған қанша күш­жігер мен шыдамдық керек десеңші. Ол өзеннің жағалауына, жайылымға қолайсыз жерлерге бидай мен тары, біраз сұлы егіп, сол жерлерге су әкелуге арықтар қазып, жасанды түрде суғарады, суғаруға көмектесетін қолдан істеген құралдарын қолданады (шығыр). Біздің құрғақ климатта жиі суғару қажет, қырғыз егіншілерінің бүкіл отбасымен таңертеңнен күн батқанға дейін егістікте жұмыс істегенін көріп сүйсініп қаласың, олар осы жерде тұратын, ешқандай мұндай қиын еңбекке мойынсұнбай, аштықта, мұқтаждықта жүрген орыстарды мазақ еткен сияқты. Сонымен қатар біз орыс қонысшыларын қырғыз даласына қайта жаңғырту мен мәдениет жағынан үйретушілер деп үміт артатынымызды ұмытып кетпейік. Өкінішке қарай, кейбір дала уездерінде жер өңдеушілікке қатысты ешқандай болашақтың жоқ екенін көреміз. Бұл жерлер сазды батпақ немесе құмды болғандықтан, мұнда өсетін жалғыз­ақ шөп ашы жусан; климаты адам айтқысыз құрғақ; өзендердің жылдан жылға сулары тартылып келеді, соңғы жылдары көпшілік өзендердің сулары мүлдем құрғап қалмаса екен деп қауіптенуде. Осындай уездерде күн көрудің бірден­бір жолы ­ мал шаруашылығы, егер оларды дұрыс бағып, оған ауа райы қолайлы болса, іс жүзінде өте бай өсім алуға жарайды екен, ал астық коп шыққан жылдары шөпті жинап алып, үнемдеп ұстаса, қазіргідей қиын жылдары әр түрлі ауыртпашылықтан құтылып кетуге болады. Осындай жағдайлардан, ауыртпалықтан кейін халық ақылдырақ болар.

Қазірдің өзінде де мал шаруашылығына дұрыс қарап отырғандары бар. Біз білетін қырғыздар 500, одан да көп жылқылары бар табынға жетерлік шөп дайындайды. Олжалы жылдары (он жыл бойы, кейде одан да коп, мысалы соңғы 20 жыл ішінде) жыл сайын орта есеппен 200 құлыннан келіп отырады. Құлындарды 3­4 жыл өсіріп, қырғыз малшылары ­айғыр, жабағы мен кәрі биелерді ауылдар мен базарларда сатып, өсіп қалған байталдарын, айғырларын да сатып, ақшасына жаңа үйлер салып отырған. Осындай есеппен тапқан ақшаларын сауда айналымына салып жібереді, алайда ол әлі дами қоймаған, себебі далада дұрыс саудаға үлгі болатындай адамдар жоқ. Осыған қарамастан, осы қыстың ауыртпалығына мал шаруашылығының дамымағанын кінәлауға болмайды. Былтырғы 1870 жыл мен қазіргі жылдың басындағы Торғай уезінде болған қиыншылық тек қана көшпенділердің басына емес, отырықшы халыққа да түсуі мүмкін. Мысал келтіру үшін алысқа барудың керегі жоқ. Біздің Торғай қаласы қырғыздардың кебін киюде. Биылғы жылы жақын маңда не шөп, не қамыс жоқ, Торғай жұртының (соның ішінде менің өзімде де) пешті жағуға еш отыны болмады; бір бума қамыстың бағасы үш сом, бір үйме шөп ­ 10 сом, жарма бидай ұнының пұты ­ 3 сом 50 тиын, дақылдар ­ 6 сомға дейін жетті; кейбір кездерде мұндай тағамдарды ешқандай да ақшаға таба алмайтын болған, кейбір отбасылар апталап жылытылмаған үйлерде еш азықсыз отырған кездерінде оларды қазыналық қордағы азықпен қамтамасыз етуге тура келген; үй жануарлары қырылып, гарнизонның сондай қиналғандығынан, тіпті казарма төбелерін отын қылып сындыруға шешім қабылданған.

Читайте также:  ҚАРЖЫЛЫҚ ДАҒДАРЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Жоғарыда айтылғанның бәрінен біз қырғыздарға ненің жарамды, қай өмірдің жарамсыз екенін айтуды мақсат еткеніміз жоқ, ал қырғыздардың мәңгілік көшпенділік өмірде болуын тіпті қаламаймыз, себебі әрбір халық өсіп­даму барысында көшпенділік тұрмыстан міндетті түрде ақырында отырықшылыққа өтуге тиіс, өйткені отырықшылық пен ағартушылық істің даму жолдары тығыз байланысты. Біздің байқауымызша, қырғыз халқы отырықшылыққа қазірдің өзінде әзір, ал мұндай талпыныстың көрінісі іс жүзіндегі ғасырлық тұрмыстың жылдам өзгеріп жатуымен байланысты, ал зорлап жүгіндіру осындай мақсатқа тез әкелмеуші еді, қазір істің өзі табиғи жолмен келе жатыр. Соңғы он­он бес жыл ішіндегі осындай салыстырмалы үлкен өзгерістерге қарап қызыл тілмен 20­30 жыл ішінде қырғыздардың қолдары қандай табыстарға жететінін айтуда. Қазірдің өзінде де жол торабындағы қырғыздар жер өңдеу өнерін орыс мұжықтарынан кем білмейді, ал уақыт өте келе жас халық, қабілеті жөнінен тез ұғымтал да ақылды қырғыздар жергілікті егіншілерден қалыспайды деген ойдамыз. Сондықтан да Батыс Сібір әкімшілігінің қырғыз арасындағы орыс отаршылығынан нені күтетінін түсінбейміз, себебі отаршы шаруалардың оз ақыл­ой өрісінің қырғыздардан ешқандай артықшылықтары жоқ. Сонымен қатар Ресей халықтарының осындай жасанды жақындастырулары осы күнге дейін ешқандай ерекше табыстар әкелмеді, себебі біз оны татар, башқұрт және басқа орыстар арасында бірнеше ғасыр бойы тұрып жатқан халықтардан көре аламыз. Орыстар мен қырғыздардың жақындасуының өз еркімен болғанын қалағанымыз жаман бол¬мас еді, өйткені қырғыздардың табиғатында осындай қатынасқа деген қанағаттандыратын себептер баршылық.

Әрбір орыс, қырғыздармен жақын қатыса келе, мүмкін, қырғыз халқының орыстармен жақындасқысы келетініне куәгер бола алар; қазірдің өзінде жол торабы қырғыздары мен сол жердің орыс тұрғындарының арасында шынайы достық бар екеніне бірнеше мысал келтіруге болады. Сонымен бірге, қырғыз халқының үкіметі орыстың қадірлі өкілдеріне таза достықпен қарайтынына мысал келтіруге болады, ал оны соңғылары далаға сапарлары мен жеке істерді шешуге қиналған кездерінде жиірек кездестіретіні белгілі. Орыс халқы мен қырғыз халқының осындай табиғи жақындасуына ең алдымен себеп болғаны олардың адамгершілік қасиеттерінің ұқсастығы шығар. Екеуін де алсақ, бұлардың тұрмыстық жағдайы қарапайым, күнделікті өмір сүруге негізделген, діни немесе ұлттық соқыр сенімділіктен алшақ, жүректері де таза, басқалардың сеніміне түсінікпен қарайды, өйткені әрқайсысының наным мен сенімі өзіне лайықты деп есептеледі. Сондықтан қырғыз халқының орыстармен жақындасу жолдарын сыртқы тәсілдер қолдану арқылы іздемей­ақ, олардың ішкі адамгершілік қасиеттерінің ықпалынан тапқан жөн болар емес пе? Қазірдің өзінде біздің жол торабы бойындағы қырғыздар егіншілік жерлерінде казактармен, кейбір селоларда орыстармен бүйірлері түйісе, үйлері қабыса бірге тұрады. Осындай жағдайда болашақ, қырғыз отырықшылығына қолайлы жерлерді сақтап қалу керек, бүл жерлерге орыс қоныстанушыларын кіргізетін болсақ, олар азайып қалады. Қырғыз егіншілерінің қолайлы жерлердің әрбір бөлшегін қорғап, оны болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға даяр екені бізге мәлім. Осындай жағдайда қырғыздардың жаңа орыс шаруаларына көзқарасы дұрыс деген сенімге толық күмәндануға болады.

Читайте также:  JAVA ТІЛІНІҢ НЕГІЗГІ МҮМКІНДІКТЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қырғыз өмірінде орыс қалаларының атқаратын міндеті тіпті өзгеше болмақ. Егер де қырғыздар орыстың жер өңдеушісін немесе малшысын өздерінің көңіліне жақпайтын қарсыласы деп есептесе, сол қырғыздар үшін қалалардың зайырлы, сауда мен қолөнерімен айналысатын тұрғындары көшпелі халықтың өнімдерімен тұтынушы, сол себепті оны қазіргі өркенияттың барлық жетістіктері, өнері мен ғылыми жаңалықтарымен жабдықтыратын күш болып табылады. Қалалар мен қолайлы жол торабының ықпалы қырғыз халқының өмірі үшін ең жоғарғы игілік белгісі болып саналады. Сонымен, біздің наным бойынша, қырғыздар отырықшылыққа өздері жетіп, ерте ме, кеш пе орыстармен қосылып, бірігіп кетеді. Тек қана олар үшін мал шаруашылығымен қатар дамитын егіншілікке жарамды жерлерді сақтап қалу керек, алайда жалпы мемлекеттік экономикалық мүдде бойынша мал шаруашылығының өзі де егіншіліктен кем саналмауы тиіс. Егер Ресей өзінің оңтүстік­шығыс губернияларын Еуропаны азық­ түлікпен қамтамасыз ететін бөлігіне айналған деп әділетті мақтанатын болса, онда қырғыз даласы, тек Ресейдің өзінің мал қорасы ғана болса, онда басқалардан кем қызмет көрсетпес еді. Ешқандай ақшалай сыйлықтар, ешқандай ауыл шаруашылық академиялары арқылы қырғыздар сияқты бақташылар дайындауға мүмкіндік жоқ. Сол бақташы Еуропа дипломатиясы үшін іштей қызғаныш тудырады, себебі олар Ресейдің мықтылығын мұндағы керемет әскер, қолынан өнері тамған егінші, туа біткен бақташының тірліктерінен көреді.

Қырғыздың табиғи талпынысын қолдап жіберіңіз; оны мезгілсіз шаруашылық қиыншылықтардан дер кезіндегі көмегіңізбен қорғаңыз; оның қазіргі басына төнген қиындығын болдырмауға тырысыңыз; қырғыз арасында орыс білімінің ықпалын дамытыңыз; жас, дарынды ақындық қасиеті бар халыққа адамгершілік әдісімен жақындасуға әрекет етіңіз, сонда қырғыз халқы осы жақындасудан бақыт тауып, тек қана малшы емес, егінші де, әскер де болып, Ресей жалауының астында олардың бойын мақтаныш сезімі кернейді.

Оставить комментарий