ҚЫТАЙ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНДЕ КУН ЦЗЫ ІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСТЫРҒАН ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЫ

Бүгінгі таңда Шығыс мәдениетіне, филосо- фиясына деген қызығушылық артуда. Шығыс мұрасын зерттей отырып тарихи тәжірбиені дұрыс ұғынамыз, шығыс пен батыс бағдарын салыстыра отырып дүниетанымдық деңгейімізді жоғарлатамыз. Шығыс философиясы дегеніміз күні бүгінге дейін өмірлік мағынасын өрбітіп келе жатқан үш үлкен өркениеттің – үнді, қытай, мұсылман өркениеттердің аясында қалыптасқан, тарлаған философиялық дәстүрлердің шартты жиын- тығы. Шығыс философиясының кең етек жайған тарихи кеңістігі, мәдени ортасы, әлеуметтік не- гізі бар. Кун Цзы — Шығыс философиясындағы, Қы- тай халқының мәдениетіндегі аса көрнекті ой- шылдардың бірі. Ол Қытай, Жапония, Корея, Вьетнам сияқты елдер кіретін қиыршығыс өрке- ниетінің қалыптасуына негіз болды. Ұлы ғұлама ілімі осы мемлекеттер халқының ұлттық мінез- құлықтарының, ойлау жүйесінің қалыптасуына терең әсер етті. Бұл мемлекеттерді қазіргі таңда конфуцийшілдік мәдени аймақ мемлекеттері деп атаймыз Кун Цзы – бұл әуелі ұлы этикалық дәстүр, Шуцзин жинағында бекітілген Яо, Шун, Юя даналығы. Ұлы ғұлама өз ілімінде ежелгі, өнеге- лі этикалық қағидаларды өзгерген заман тала- бына сай икемдей алған.Кун Цзы ілімі қытай- лықтардың менталитетін, өмір сүру салтын, құндылықтық бағдарын анықтады. Бұл күні бүгінге дейін Конфуцийшілдік мәдени аймаққа кіретін мемлекеттерде сезіледі. Осы себептен «қытайлық-конфуциялық өркениет» тіркесін жиі кездестіруге болады. Әрине қытайлық-кон- фуциялық өркениеттің өзіне ғана тән бірқатар ерекшеліктерін келтіруге болады. Біріншіден конфуциялық дәстүр адамның өзін-өзі тәрбие- лейтін этикаға, қоғамға іштей үйлесімділікті орнатуға ұмтылатын әлеуметті қолдауға бағыт- талған. Сонымен бірге үлкеннің кішіге деген қамқорлығына, кішілерге үлкендердің ақыл-ке- ңесін ықыласпен тыңдатқызатын, құрметтеткі- зетін тәлім-тәрбиеге үлкен мән береді. Кун Цзы- ның адамдарға бірдей мүмкіншілік беру идеясы әлеуметтік теңдік, әлеуметтік әділеттілік мә- селесіне айналды [8,т.14,97.]. Ұлы ғұлама қалыптастырған құндылықтар мәнін түсіну үшін, біраз тарихқа үңілу қажет. Чжоу дәуіріндегі Қытайда (б.з.д. VI ғ.) ауқым- ды саяси-әлеуметтік өзгерістер орын алды. Чжоулық билеуші-ван өзін Аспанның жердегі Ұлы ретінде бас әулиелік қызметті атқарып жат- са да, оның үкіметі де, беделі де ыдырай бас- тады. Тайпалар арасындағы қан төгістен пат- риархалды-қандас қатынастар әлсірей бастады, тұқымдас шонжарлардың билігі ыдырады.Оның орнына бір орталыққа ұйымдасқан тәртіп енді. Көне қытайлық деректер Чуньцюда айтыл- ғандай, б.з.д. VIII-V ғ. Қытайда билік, байлық және ықпал үшін күресте тіпті ағйын-туысқан- дар бірін-бірі аямай, өздерін-өздері өлтіруден таянбаған. Отбасы мен тұрмыстағы көне дәстүр- дің ыдырауы, топ-топпен тайпалар арасындағы ымырасыз күрестер, шонжарлардың сатқыншы- лығы мен тойымсыздығы, қарапайым халықтың кедейленуі мен қайғысы – мұның бәрі қиыншы- лықты көбейтті. Кейде тіпті ескі салтқа деген наразылыққа толы, сыни көзқарастарды ұшқын- датты. Бұл жағдайға қарсы жаңа идеялар туын- дады, жаңа түсінік пен көзқарастар іздеушілер қатары толды. Чжоулық Қытайдағы үйлесімділік идеалы мен тәртіп туралы көзқарастар әртүрлі болды. Мақсаттары мен амал-тәсілдері бір-біріне ұқса- майтын екі үлгіні атап өтуге болады. Біреуі Чжоу-Лу үлгісі, ал екіншісі Ци-Цзин үлгісі.Осы екі үлгінің өзара бақталастар туындатқан ерек- шеліктері мен ұқсастықтары болды. Чжоу үйі немесе ванның домені Чуньцю кезеңінде әуелгі ықпалын жоғалтқан болатын. Осыдан көнені аңсау, ежелгі дәстүрлер мен қағидаларды қатаң сақтау пайда болды. Бұл бір жағынан патшаға билік жүргізу құқығы және артықшылықтар берді. Лу билеушілері ежелгі дәстүрлерді қастерлеп, оларды үнемі орындаған. Ван үйімен туысқандығы мен мүдделердің ор- тақтығы, екі мемлекетті бір-біріне жақындатып, чжоу-лу идеалдар үлгісінің пайда болуына себпші болған. Бұл үлгінің бүкей-шүкейлі зерт- телуі, тереңдетілген жаңа түсіндірмелерге ие болуы Кун Цзы есімімен байланыстырылады. Жоғарыда айтып өткеніміздей чжоу-лу үлгі- сі көнені құрметтеуге негізделді. Яғни ежелгі дәстүрлерді орындау, билік тиімділігін мойын- дау, мұрагер ақсүйектерді құрметтеу, мемлекет құрудың патерналисттік формуласын дәріптеу 22 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (57). 2011 (мемлекет-отбасы; билеуші-әке), үйлесімдікке этика арқылы жету, ежелгі өсиеттерге құлақ асу. Цзи-цзин үлгісі чжоу-лу үлгісіне қарама- қарсы болды. Ол нақты жағдайға, күштің билі- гіне, реформаларға негізделді. Ци патшалығын- да реформатор Гуан Чжунмен және Цзин елінде Вэнь-гунмен ескілікті реформалау патшалық- тардың күшеюіне жол ашатын бағыт болып саналды. Қарастырылған екі үлгі арасында келе- сідей ұқсастықтар байқауға болады: екі үлгі де орталықтандырылған мемлекеттің ықпалы мен тәртібін дәріптеген. Екі үлгінің де жақтаушы- лары халық кез-келген мемлекеттің іргесі, мем- лекет халыққа қамқор болу керек деген көзқа- расты ұстанды. Бірақ ұқсатықтарына қарамас- тан, біріншісі — патерналисттік әдістерді ұсын- ды, екіншісі — күш көрсетуді. Ортақ мақсатқа жетудегі идялар қатығысы бірнеше ғасырға созылды. Жалпы Чжанго кезеңі Қытай тарихын- да интеллектуалды бақталасқа толы кезең бол- ды. Кун Цзы қоғам, мемлекет, адам туралы ой- ларын ең алғаш болып зерделеп жеткізгендердің бірі. Үйлесімдік пен тұрақтылық жолында идео- логиялық құндылықтардың чжоу-лу үлгісіне және этикалық қағидалардың басымдылығына сүйене отырып, ол эволюцияның тиімді негізі ретінде үздіксіз өзіңді жетілдіру – адамның, қо- ғамның, мемлекеттің принципін ұсынды. Жетіл- дірудің әдіснамасы мен құрылымы – көне дана- лыққа негізделген этикалық және салт-жора қағидаларын қатаң сақтау. Бұл туралы Луньюй трактатында: «Жеткіземен, жаратпаймын; ежел- гіге сенемін және оны жақсы көремін», — деп жа- зылған. Адам табиғаты Кун Цзы философиясындағы басты мәселелердің бірі. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды» («Ли Цзи»). Кун Цзы адамдардың түрлі әрекеттеріне талдау жасай отырып, оларды не ынталандыра- тынын түсінуге күш жұмсады. «Байлық пен бе- делге адамдардың барлығы да ұмтылады. Егер осы мақсатқа жеткізетін Дао-Жол анықталын- баса, адамдар дегеніне жете алмайды. Кедейлік пен жек көру – барлық адамдардың ұнатпайты- ны осы. Егер жағымсыздықтардан құтылдыра- тын Дао-Жол айқындалынбаса, онада адам кемтарлықтан құтыла алмайды [1, 228]. Ғұлама осы екі ынта адам болмысына табиғатынан тән деп есептеді. Сондықтан олар тек жеке адамның ғана емес, тұтас этностың мінез-құлықтарының қалыптасуына әсер етеді. Адамға үнемі тыныштық бермейтін төрт ұмтылысты Кун Цзы тізіп өтеді. Олар – жасын ұзартпақ, даңққа ұмтылған, қоғамда орнын таппақ, байлыққа деген ұмтылыс. Осы атақты нәрсеге жеткендер рухтан тартынады, күштен сескенеді, адамнан қорқады, жазадан қауіпте- неді [4,128]. Ғұлама бірқатар тұжырымдарында Дао ұғы- мын қолданылады. Дао дегеніміз не? Дао – бұл Қытайдағы ежелгі философиялық, саяси-этика- лық ойлардың негізгі категориясы. Қалыптасқан дәстүр бойынша Дао ұғымын қалыптастырған Лао Цзы. Даостық және Кун Цзылық даоның қандай айырмашылықтары бар деген сауал туындайды. Лао Цзы тұжырымдаған дао кос- мостық бостықта пайда болған. Ал Кун Цзы тұжырымдаған дао отбасылық қатынастар мен парасатты ер бейнесінен бастау алады. Ғұлама іліміндегі дао ұғымы антропогенді сипатта болып, адам әрекетінде көрініс табады. Сонымен, Кун Цзы өз ілімінде дао катего- риясын үйлесімді қоғам қалыптастыру үшін және сол қоғамның негізін құрайтын адамдар ұстанатын құндылықтар жүйесін құрастыру үшін шебер қолданған. Кун Цзы іліміндегі негізгі категория – бұл «жэнь». Графикалық тұрғыдан бұл иероглиф екі бөліктен құралған: сол жағындағысы – «адам», оң жағындағысы –«екі». Осы екі графе- ма қосылып сөзбе-cөз «екі адам» деген мағына береді, яғни иероглифтің 仁 жазылуының өзінде адамдар қатынасы идеясы жатыр. Жэнь ұғы- мына «адамсүйгіштік», «адамгершілік» деген түсініктер беруге болады. Ғұлама пайымдаула- рындағы бұл категорияға берген түсініктері әртүрлі: «адамсүйгіштік», «Аспан асты елінде – «өз-өзін жеңу арқылы, қағидаларға оралу(сөзі мен ісінде) принципі арқылы бес [нәрсені] іске асыра білу – қадір-қасиет, жомарттылық, сенім, зеректілік, мейірімділік». Басқаларға үлгі болу — егер аяғыңа берік тұрғың келсе, өзге де аяғына берік тұратындай жаса. Егер ісің жақсы жүрсін десең, өзгенің де ісі жақсы жүретіндей жаса. Осындай адам үлгі бола алады. Ол туралы – «адам сүю» өнерін меңгерген деп айтуға бола- ды» [«Луньюй»VI, 30]. Адамгершілік (рақымдылық) пен тыныштық туралы «Луньюй» трактатында бірқатар тұжы- рымдар бар. Адамгершілік – тыныштық байла- нысы туралы екі нақты мысалды келтіруге бола- ды. Ұстаз айтты «Адамгершілігі жоқ адам ұзақ уақыт қиын жағдайда өмір сүре алмайды [сондай-ақ] ұзақ қуаныш сезімін сезе алмайды. Рақымды адам адамгершілікте тыныштық таба- ды» [«Луньюй» IV]. Ұстаз айтты: «Танып білу- ші өзендерді жақсы көреді. Рақымды тауларды жақсы көреді. Танып білуші үнемі қозғалыста болады, рақымды тыныштықта болады. Танып білуші қуанышты, рақымды ұзақ өмір сүреді» [«Луньюй»VI, 23]. Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4 (57). 2011 23 Кун Цзы адамгершілік(рақымдылық) адамға табиғатынан тән жасырын қабілет деп тұжы- рымдады. Ол әр адамның ішінде сақталып, өздігінен пайда болады. Тек оны шығаруға күш жұмсау керек. Ғұлама бұл пайымдауларын келе- сідей тұжырымдаған: «Адамдар бір күн бойы барлық күш жігерін адамгершілікке жұмсай ала ма? Мен бұл үшін күш-жүгері жетіспейтін адам- дарды көрген жоқпын. Мүмкін осындай адамдар бар шығар, бірақ мен оларды кездестірген жоқ- пын» [«Луньюй» IV, 6]. Бірақ келесі тұжырым- дамасында ұлы ғұлама қарама-қайшы ойды кел- тіреді: «Мен адамгершілікті жақсы көретіндерді көрген емеспін және рақымсыздықты жек көретіндерді де көрген жоқпын» [«Луньюй» IV, 6]. Бірақ осы қарама-қайшы екі тұжырымдама- ны адамгершілік жалпы адамзатқа тән жасырын қабілет деген түсінік негізінде сәйкестендіруге болады. Адамгершілікке жету үшін бір маңызды әрекет жүзеге асыру керек: барлық адамдарға тән «ұлдық парыз бен үлкендерге деген ізет- құрмет» сезімі негізінде «өз-өзін жеңу керек» — кэ цзи. Демек, адамға қоғамға араласу үшін екі әрекетті жүзеге асыру қажет. Бұл – өз-өзін жеңе білу және ішкі үйлесімдікке жету. Тек осындай адам ғана өзгелерге адамсүйгіштік таныта ала- ды. Ғұлама өзгелерге деген сүйіспеншілік тек адамгершілікті тұлға да пайда болуы мүмкін деп тұжырымдайды. «Рақымды адам өзінің қлыпта- суын қаласа, өзгенің де қалыптасуына септігін тигізеді, өзінің табысқа жетуін қаласа, өзгенің де табысқа жетуіне себепші болады» [«Луньюй» VI, 30]. Конфуциандық гуманизм тұтас адамзаттың дамуындағы дәуірді қалыптастырды. Конфуций қоғамның санасында «абстрактты гуманизм» идеясын: «яғни өзгелерге қоғамда алатын ор- нына қарамастан, өзіңе сияқты, теңдік позиция- сынан қарау керек және өзгелер сүйіспеншілік- ке лайық екенін есте сақтау керек» — қалыптас- тыруға еңбек сіңірді [9, 47]. Жэнь ұғымының шешуші түсіндірмесін, әрине, Қытай мәдениеті береді. Ал Қытай мәде- ниеті соңғы екі мыңжылдықта бұл ұғымның бастапқы екі мағынасы – «адамсүйгіштік» пен «адамгершілікті» таңдап, өзіне сіңірді. Бұл тер- мин күні бүгінге дейін қолданылады, қытай ті- лінде «адамгершілікті» білдіретін басқа сөз жоқ. 1989 ж. Конфуций қорының құрметті кеңесшісі Чжоу Гучэн жэнь категориясының жаңа түсін- дірмесімен сөз сөйледі. Оның ойынша, Конфу- ций түсінігіндегі бастапқы мағына: «Адам адам болуға міндетті» [1, 164]. Кун Цзы жэнь ұғымымен қатар, сяо(«ұлдық құрмет»), ли («қағидалар», «этикет»), чжи («ақыл», «білім»), и («әділдік», «парыз»), чжун («адалдық»), дэ («мораль»), чи («ұят»), юн («ілгері-кейін принципі») сияқты категориялар қалыптастырды. Кун Цзы іліміндегі маңызды концепциялар- дың бірі – сяо. Сяо кішінің үлкенді сыйлауы, балалардың ата-аналарына бас июі. Мемлекет басқару ісінде ол осы концепцияға айырықша көңіл бөлді. Себебі мемлекеттің өзі – бір үлкен отбасы. Отбасында кішілер үлкендерді және ата-анасын сыйлау керек, ал олар өз кезегінде кішілерге қамқорлық таныту керек. Бұл ойла- рын Ұстаз келесідей тұжырымдаған: «Әкесінің көзі тірісінде, оның (баласының) талпынысын байқа; әкесі өлген соң, оның (баласының) мінез- құлқын байқа. Егер ол үш жыл бойы баласының Дао-Ақ жолынан шықпаса, онда мұны құрмет- қошемет деуге тұрарлық [6, т.1, 293]. Бұл жердегі әкесінің Дао-жолы – тек өмір жолы ғана емес, сонымен қатар мінез-құлқы, көзқарастары. Әкесінің өмірлік тілек-қалауларын орындау, оның өмірлік жолын ұстану – бұл біріншіден, ұрпақтар арасында мықты байланыс орнатады, екіншіден отбасылық дәстүрлерді құрметтеу арқылы, бүкіл қытай халқының дәстүрлерін құрметтеуді үйретудің тиімді әдісі болып табы- лады. Сяо ұғымының негізгі функционалдық қызметі де осы. Кун Цзы ұлдық құрмет туралы жиі айтқан, сонымен бірге ол ата-анаға тек қамқорлық қана емес, ізет, үлкен сүйіспеншілік танытуды дәріптеген. Ұстаз айтты – Әкемен немесе анамен сөйлескенде жұмсақ та кішіпейіл болғын. Егерде сенің ниетің олардың көңілінен шықпаса да, бәрібір құрметте – олардың еркіне қарсы келме [6, т.1, 295]. Қоғамның үйлесімді дамуында маңызды орын алатын тағы бір категория – ли (қағидалар, этикет, рәсім). Ғұлама «жэнь» адамгершіліктің мазмұны, ал «ли» — оны жүзеге асырудың жолы деп түсіндірген. Қоғамда бір ұрпақтан екінші ұрпаққа көшетін мұраны, игілікті, сақтау, оның мән-маңызын жете білу, Кун Цзы бойынша айтсақ, отбасында болсын, мемлекет көлемінде болсын әдеп-ғұыпты, салт-дәстүрлерді құрмет- теу арқылы да жүзеге асыруға болады [3, 109]. Әрбір қоғам мүшесі туғаннан бастап, өмірі- нің соңына дейін Қағидаларды ұстану керек болған. Кун Цзы ли категориясы арқылы өз ілі- мінде мемлекет пен қоғамды бір-бірімен тығыз байланыстыра алды. Кун Цзы қалыптастырған қоғам мемлекетке қарсы тұра алмады, себебі олар ортақ құндылықтармен байланыстырылды. Бірақ бұл байланыста қоғам алдыңғы қатарда болды, биліктегілер ли принципін бұзған жағ- дайда қоғам оларға қысым көрсете алды. Ұлы ойшыл қалыптастырған құндылық бағ- дар арасындағы айрықша мәнге ие болатыны – білімге деген құрмет. Ұстаз білім алуда шығу тегіне қарай ешкімге шек қоймаған. Ол адам- 24 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (57). 2011 дарды білімге құштарлығы бойынша сипатта- ған: «Ең жоғарғы – туғаннан білімге иесі; одан кейінгісі – оқу барысында білім жинағандар; одан кейінгілер – оқуды қиындыққа ұшыраған- нан кейін бастағандар». Сонымен қатар, ғұлама бір салада үлкен жетістіктерге жеткен адамдар- ды ерекше құрметтеген. Ол өзін «тәжірбиелі диқаншымен» немесе «тәжірбиелі бағбанмен» салыстыра алмйтынын айтқан. Кун Цзы еңбек этикасына деген құрметті қалыптастырады – бұл конфуциандық мәдени аймақ халықтары- ның барлығына тән. Осылайша, Кун Цзы Қытай өркениетіне орасан зор ықпал жасаған ғұлама ойшыл. Ға- сырлар бойы оның философиялық пайымдау- лары даналық пен кемеңгерліктің қайнар көзі ретінде халық арасында сақталып келді. Бұл дәстүр болашақта өз жалғасын тауып, ұлы ғұла- маның ғақлиялары мен адамзат қоғамы туралы тамаша ойлары Қытай өркениетінің дамуына септігін тигізері сөзсіз.

Читайте также:  Инвестициялық саладағы мемлекеттің рөлі

Оставить комментарий