ҚЫТАЙ ЛИНГВИСТИКАСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЯНЫҢ ОРНЫ

Фразеология (грек.phrasis- «қалыптасқан сөз» және logos-«ілім»)– фразеологиялық жүйенің қазіргі жағдайын және тарихи дамуын зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы. Фразеология деп сондай-ақ құрамы жағынан тұрақты тіркестер–фразеологизмдердің бүкіл жиынтығын да атайды. Орыс (кеңестік) ғылымында фразеология жеке лингвистік мәселеден тіл білімінің ірі бөліміне айналған /1, 9/. Қытай тілінде фразеология жеке ғылым ретінде бөлінбейді, оны лексиколо- гия құрамында қарастырады, сондықтан олар сөздіктерге сөздермен қатар енгізіледі, бұл оларды іздеуді жеңілдетеді. Фразеологияның зерттеу нысаны фразеологиялық құрылымдар, яғни тілде қалай қалыптасса, біздің жадымызда қалай сақталса, солай айтылатын тұрақты сөз тіркестері. Фразеологияда сөзге семантикалық балама болатын тұрақты сөз тіркестері де, сондай-ақ семантикалық және құрылымдық жағынан сөйлем болып келетін тұрақты сөз тіркестері де, яғни ай- тылатын барлық бірліктер зерттеледі /1, 10/. Әрқандай құрылымдарды фразеологиялық құбылыстарға жатқызу немесе оларды фразеологиялық құрылымнан тысқары қарастыру атаулық немесе қатынастық бірлік екендігіне емес, олардың жадымыздан толығымен алынатындығы немесе қатынас барысында жасалатындығына байланысты. Тілдік құбылыс ретіндегі фразеологияның көлемін мұндай анықтауды, және фразео- логияны лингвистикалық пән ретінде қарастыруды қазіргі уақытта көптеген тіл танушылар қолдайды. Фразеология (орыс тіл тануында) қалыптасқан, біркелкі жүйе. Ол дербес қасиетке ие, өйткені фразеологизмдер бір жағынан жеке сөздерден, екінші жағынан еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы бар, сонымен бірге жалпыұлттық тілдің барынша күрделі жүйесіне кіреді, оның әр түрлі деңгейлерімен белгілі қатынастарға түседі /2, 15/. Фразеологияның алдында тұрған басты міндет–тілдің фразеологиялық жүйесін қазіргі және тарихи жағынан, оның бір жағынан лексика мен сөзжасам жүйесімен, екінші жағынан грамматикамен байланысы мен өзара қатынасын тану. Фразеология тілдік құбылыс ретінде жай ғана фразеологиялық құрылымдардың жиынтығы емес, сөздермен және бір- бірімен салыстырмалы және өзара байла- нысты бірліктердің белгілі бір жүйесі болғандықтан, тіл туралы ғылымның бұл саласында фразеологиялық құрылымдар жан-жақты қарастырылуы тиіс. Қазіргі уақытта олар семантикалық тұтастығы, көркем және қоғамдық-публицистикалық әдебиетте стилистикалық қолданылуы жағынан жақсы зерттелген. Дегенмен де фразеологиялық құрылымдарды басқа да жақтардан, атап айтсақ: тілдің басқа да елеулі бірліктері қатарындағы өзіндік қасиеттері, лексикалық құрамы, құрылымы, мәні, құрамдас бөліктерінің морфологиялық қасиеттері, пайда болуы, қолдану аясы және стилистикалық безендірілуі, сондай-ақ салыстыру және салғастырмалы-тарихи тұрғыдан қарастыру да үлкен рөл атқарады. Фразеологиялық құрылым, немесе фразеологизм, немесе фразеологиялық бірлік (бұл түсінікке сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер кіретін болғандықтан) деп семантикалық бөлінбейтін, ерекше тұтастық мәні, компоненттік құрамының тұрақтығы тән тұрақты тіркестерді айта- мыз. Фразеологиялық құрылым барынша күрделі және қайшылықты бірлік болып табылады. Бөлек жасалған құрылым бола тұрып, ол біртұтас мәнге ие. Кейбір қасиеттері фразеологизмді сөз тіркесімен, кейбір қасиеттері сөзбен жақындастырады. Фразеологиялық құрылымның мазмұны мен айтылу тәсілі арасындағы сәйкессіздіктер негізінде көптеген өтпелі, аралық құбылыстар пайда болады. Фразеологизмдердің оларды қарапайым сөздерден де, сөз тіркестерінен ерекшелендіретін бірқатар өзіне тән айырмашылықтары бар. Фразеологизм құрамның тұрақтылығын, құрылымның құпиялылығын, сөздердің бекітілген тәртібін, айтылу жүйесін, семантикалық бүтіндігін (тұтастық мәні) сипаттайды. Фразеологизм құрайтын сөздер біріге және сөз тіркесі формасын сақтай отырып, өзінің дербес лексикалық мәнін жоғалтады, семантикасы бойынша жеке сөзге немесе тұтас сөйлемшеге сай келетін жаңа мәні бар тұтасты құрайды. Фразеоло- гизмдер тілде жиі және ұзақ, кейде ғасырлар бойы қолданылу нәтижесінде тұрақтанады. Олар тілде белгілі сөз тіркестерін қайта қарастыру жолымен пай- да болады және дамиды, олардың қайнар көзі әдеби ескерткіштер де болуы мүмкін. Қытай тіліне фразеологиялық қордың бай болуы, ондағы тілдік бірліктердің сан алуандығына тән. Көптеген фразеологиялық бірліктер ежелде пайда болып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Қазіргі заманғы қытай тілі жаңа фразеологиялық бірліктермен толығуын жалғастыруда. Фразеологиялық бірліктер былай бөлінеді: І. Өзіндік-мәнерлеулік, тұрақты сөз тіркестерін қолдануда ауыспалы немесе теңеулік мағыналармен байланысты емес, солай бола тұрса да олар эмоционалдық- бағалаулық және мәнерлеулік мағыналармен сипатқа ие.

Читайте также:  Өнердің ерекшелігі және шығарманың бірлігі туралы

Оставить комментарий