1927 жылғы оңшыл гоминданшылдар іске асырған контрреволюциялық төңкерістен кейін, Қытайдағы солтүстік милитаристік Пекиндегі үкімет құлатылып, 1928 жылы Чан Кайши басқарған гоминьдан партиясы билігіндегі Нанкин үкіметі құрылады. Ян Цзэнсинь Чан Кайши үкіметін қолдайтындығын, Шыңжаңда оның саясатын жүзеге асыруға қызмет ететіндігін айтып, оған жеделхат жолдайды.(425). Бірақ оның бұл арманы ұзаққа бармады. 1930шы жылдардың басында бүкіл Шыңжаң аймағында қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп, саяси салада да күтпеген оқиғалар пайда болады. Шыңжаңды 17 жыл бойы жеке дара билеп төстеген, бірақ өте шебер саясатпен басқарған генерал Ян Цзэсинь 1928 жылы Үрімшіде, «үш жетілік оқиғасың деп аталған инциденттің кезінде, яғни, оған жасалған қастандықтың нәтижесінде өлтіріледі. Бұл оқиғаны қытайлықтар «сань ци шибяньң «үш жетілік оқиғасың деп атап кетті, себебі оқиға Республиканың 17ші жылы 7айдың 7сі күні болады. (426). Осыдан кейін, Шыңжаң халқының «салыстырмалы тыныштық кезеңің аяқталып, буырқанған оқиғаларға толы ұлтазаттық көтеріліс жылдары басталады. Шыңжаң провинциясының билігіне 1928 жылы Цзинь Шужэнь (кейбір еңбектерде Цзинь Шурен, Жың Шурын деп те кездеседі – Н.А.) деген гоминьдандық топтың өкілі келеді. Ол Ян Цзэнсиннің жақын адамдарының бірі болғандықтан, оның жүргізген саясатын жалғастыру ниетінде болды. Бірақ, қаншама ұқсағысы келсе де, ол Янның қулығы мен саяси шеберлігін дәл сол сияқты жасауға қабілеті де ақылы жетпейтін тұлға болатын. Қытай зерттеушісі Чжан Дацзюннің және басқа да зерттеушілердің айтуынша, ол «санасыз бюрократң болатын, бірақ шексіз билікті қолында ұстағандықтан, оны «жергілікті кішігірім императорң деуге келетін еді дейді. (427). Ол Ян сияқты, Шыңжаңдағы маңызды деген азаматтық және әскери қызметтерді өзінің туыстары мен жерлестеріне бөліп берді. Цзинь Шужэнь Ганьсу провинциясының Хэчжоу қаласынан шыққан тегі хань болғандықтан, жергілікті халық арасында, «Хэчжоуша сөйлесең, шенеунік боласыңң деген әзіл тарап кеткен. Шенеуніктердің коррупциялық әрекеттерінің күшейіп кеткені соншалық, жергілікті халықтың бұл сатқындық билікке деген өшпенділігін өршіте түсті. Халықты экономикалық қанау шектен шықты. Ал Цзинь Шужэнь бұған жайбарақат қарап, оған қарсы қандай да бір шара қолдануды ойламады. Ол керісінше, халықтың наразылығын басыпжаныштау үшін, провинцияның әскери күштерін нығайтуға көбірек көңіл бөлді. Оның бастамасымен, провинциядағы орыс ақ гвардияшыларынан атты әскер құрамасын ұйымдастырып, оны ұстап тұру шығынын жергілікті халықтың мойнына салды. Үндістаннан үлкен мөлшерде қаружарақ сатып алынды.(428). Чан Кайшидің билігіндегі гоминьдандық орталық үкіметтің бұл жылдарда Шыңжаңға назар аударарлық шамасы болмады. Ішкі Қытайдағы саяси шиеленістер мен сыртқы елдердің қитұрқы саясатымен басы айналған Чан Кайши өз билігін орнықтыру, үкіметтің саясатын күшейту істерімен айналысып, Шыңжаң сияқты ұлт аймақтарға жеткілікті назар аудара алмады. Осыны пайдаланған Цзинь Шужэнь Шыңжаңды дербес билептөстеп, Кеңес Одағымен сауда байланыстарын жүргізіп, олармен байланысын нығайтады. Кеңес Одағы бұндай билеушінің тұсында аймақтағы ықпалын күшейтуге мүмкіндік алады. Бұл кезде Шыңжаң провинциясының негізгі тұрғын халықтары – ұйғырлар, дұнғандар, қазақтар және басқа да аз ұлттар саяси билікке қол жеткізе алмады, олар ұлттық езгіге түсіп, қытайлық билеушілердің қанауында болды.
Цзинь Шужэнь Шыңжаңдағы ұйғыр феодалдарының билігін біржолата тежеу, оған шектеу қою мақсатымен, бірқатар нақты шараларды жүзеге асыруға кіріседі. Мұсылман халықтардың бір жерде жиі шоғырланып, күшеюіне қарсы шығып, автономиялық белгілері бар биліктің кез келген түрін, жекелеген княздықтардың, әскери губернаторлардың дербестігіне тежеу қою мақсатымен реформа жүргізді. Шыңжаңдағы провинциялық билікті орталықтандыру мен бақылауды күшейту мақсатымен 1930 жылы Құмыл (Хами) бектігінде бектік билікті жойып, оның жерін ұсақ үш бөлікке: Хами, Ихэ және Иу уездеріне бөліп тастайды.(429). Осыдан кейін, бір жыл өткен соң, Цзиннің бұл саясатының төркінін түсінген ұйғырлар бұған наразылықтарын білдіріп, 1931 жылы көктемде Құмылда үлкен көтеріліс бастайды. Көтерілісті Баркөл, Тұрфан, Гучен тұрғындары да қолдап, ол бүкіл Шыңжаңға таралады. Бұл көтерілісті ұйғырлар бастағанымен, оларға Құмылдағы қазақтар, қырғыздар мен монғолдар да қосылады.(430). Көтеріліске Құмыл ваңының әскери күзетін басқарған Хожанияз деген ұйғыр жетекшілік етеді. Көтерілістің жүру тәсілі мен алға қойған мақсаттарында қарамақайшылықтар көп болғанына қарамастан, ол 30шы жылдарда Шыңжаңды дүр сілкіндірген, қытай билігінің іргесін шайқалтқан ұлтазаттық күресті бастап берді. Көтерілісшілер алғашқы кезде біраз жеңістерге жетіп, көтерілісті басуға келген жазалаушы әскердің өзін көп шығынға ұшыратқанымен, 1931 жылдың жазына қарай үкіметтің жақсы ұйымдастырылған, күшті қаруланған әскеріне қарсы тұра алмай шегінуге мәжбүр болады. Сондықтан Құмылдағы көтерілісшілер өз күштеріне толық сенбегендіктен және қытайлықтар тарапынан болатын жазалау әскеріне қарсы тұруға шамасы болмауы мүмкін деген есеппен, көрші Ганьсу провинциясындағы Ганьсу, Цинхай және Нинся провинцияларының әскерлерінің қолбасшысы дұңған милитарисі, генерал Ма Чжунъиннен көмек сұрайды. (431). Ол Ганьсудегі дұнғандар көтерілісі кезінде көзге түскен, 24 жасында генерал атағын алған көрнекті әскери тұлға болатын. Көтеріліс басылып, милитаристік топтар арасындағы бақталастық күрес кезінде ол Чан Кайшидің назарына іліккен еді. Ма Чжунъин Чан Кайшиден Шыңжаңды басып алып, ондағы билікті қолға алуды армандайды. Ол Чан Кайшиден оның қарсыласы Фэн Юйсянді жеңіліске ұшыратқаны үшін алғыс ретінде Шыңжаңның губернаторлығы қызметін беруді сұрайды. Чан Кайши оған егер провинциядағы бақылауды толық қолыңа ала алсаң, бұл қызметіңді аласың деген уәдесін береді.(432). Көтерілісші мұсылман дұңғандардың жетекшісі болған Ма Чжунъин Қытай билігінен азат болуды іштей құпия түрде көксеп, Шыңжаңның аумалытөкпелі кезеңін пайдалана отырып, барлық мұсылман халықтарын ұлтазаттық күреске шығаруды, «Шыңжаң тәуелсіз мұсылман мемлекетінң құруды өзінің алдына мақсат етіп қойған еді. Чан Кайшиден қолдау тапқан соң ол арманына жетуге асығуда еді. Дәл осы кезде Құмылдағы Қожанияздан келген шақыруды құп алған Ма Чжунъин, 1931 жылдың жазында 500 әскермен Құмылға келеді, яғни дұңғандар әскері Шыңжаңға енеді де, осыдан кейін көтеріліс аумағы кеңейіп, ол бүкіл Шыңжаңға тарала бастайды. Баркөлде Ма Чжунъинді жергілікті халық мұсылмандарды азат етуші ретінде қарсы алып, оған барынша қолдау көрсетеді. Ма Чжунъиннің әскері Хами маңында шоғырланған Цзинь Шужэннің әскерлерін алты ай бойы қоршауда ұстап, бұл аймақты өз қолында ұстайды. Бірақ Үрімжіден Цзиннің жіберген қосымша әскери күштері Маның қарсылығын тойтарып, оны Ганьсуге шегінуге мәжбүр етеді. (433). Ма Чжунъин Құмылдан кеткен соң, көтерілісшілердің қарсыласу әрекеттері бәсеңсиді. Көтерілісшілердің басшыларының қабілетсіздігі Шыңжаңның губернаторы Цзинь Шужэнь көтерілісшілерді талқандауға үлкен әскери күштерін аттандырып, алдымен Тұрфанды, сосын Құмылды азат етеді. Бірақ губернатордың бұл жеңісі баянды болмайды. Себебі оның әкімшілігіндегі билік иелері арасында алауыздық туып, нәтижесінде Шыңжаңның әкімшілік аймақтары бірінен соң бірі оған бағынудан бас тартады. Цзинь Шужэнь көтерілісшілерге қарсы әскерді амалсыздан Шыңжаңдағы орыстардың интернирленген ақ гвардияшылар әскері есебінен құрастыруға кіріседі. Бірақ көтеріліс ауқымы күн сайын өсіп, Алтай мен Іледегі қазақтардың, моңғолдардың бас көтерулері ұлғая түседі. Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың көтерілісінің басталуы Кеңес Одағы үшін күтпеген жағдай емес болатын. Кеңес басшылары Шыңжаңдағы КСРОның әртүрлі қызмет мекемелері көтерілістің пісіпжетіліп келе жатқаны жөнінде жинақталған мәліметтерді Сыртқы істер Халық комиссариатына жолдап отырды, сондықтан кеңес басшылары бұл оқиғаның боларынан алдынала хабардар болған. Сонымен қатар кеңес үкіметі бұл болатын көтерілістің сипаты, оның жеңісі немесе жеңілісі нәтижесінде болатын салдары, көтерілісті ұйымдастырушылар, соның ішінде оған қолдау көрсетіп, оның артында тұрған шетел мемлекеттері жөнінде мұқият талдау жүргізіп, өзінің бұл оқиғаға байланысты ұстанатын саясатын тарзылай бастайды. Кеңес Одағы өзінің орталықазиялық шекарасындағы тыныштық пен саяси тұрақтылыққа мүдделі бола отырып, өзінің әлемдік революциялық қозғалыстың, оның құрамдас бөлігі болып есептелетін ұлтазаттық қозғалыстардың жетекшісі ретіндегі имджін де сақтауға ынталы болды. Сондықтан Кеңес Одағы Құмылда басталған мұсылман халықтардың Қытай билігіне қарсы көтерілісіне бастапқы кезеңінде оған қолдау көрсетіп, Моңғолия үкіметі арқылы материалдық жәрдем де көрсетіп отырған. Бұрхан Шахидидің естелігінде, 1932 жылы күзде Кеңес үкіметі Моңғолия арқылы Қожаниязға құрамында екі моңғол және Абай деген бір қазақ өкілі бар елшілерін жібергендігін мәлімдейді. Олар Қожаниязбен кездесіп, оған қандай мәселелер бойынша көмек қажеттігін біліп қайтқан. Көп ұзамай Моңғолиядан Қожанияз 500 пар теріден және мақтадан тігілген әскери киімдер, 70 мылтық, оқдәрі, ұн сияқты аса қажетті көмекті алған.(434). Кеңес билеушілерінің Қожаниязға қолдау көрсеткен бұл саясаты бір жағынан Шыңжаңдағы Цзинь Шужэннің билігін әлсіретіп, оны Шыңжаңның басшылығынан кетіру мақсатын көздеген сияқты. Сонымен қатар жергілікті халықтың көтеріліске жаппай қатысып, оның аймаққа кең таралуынан өзіне қорытынды жасаған Кеңес Одағы, күшейіп бара жатқан мұсылмандар көтерілісі түбінде жеңіске жетуі мүмкін деген есеппен, бұл болашақ Шыңжаң билеушілерімен жақсы қатынас орнатып, оны Моңғолия үлгісіндегі елге айналдыруды көздеуі де мүмкін. Әйтеуір, қалай дегенде де, Кеңес Одағы өзінің ықпалына түспейтін, одан дербес саясат ұстайтын мемлекетті қолдамайтыны айқын еді. Қожаниязға көмек көрсету арқылы оны өз жағына тартып, Моңғолия тәрізді мемлекет құру мүмкіндігін ойластыруы шындыққа жақын.
Кеңес Одағының шетелдік оппоненттерінің еңбектерінде кездесетін, «Кеңес Одағы Шыңжаңды екіге бөліп жіберіп, оның солтүстігінде Моңғолия үлгісіндегі Шығыс Түркістан Республикасын құруды жоспарлағанң деген пікірлерінде де шындықтың ұшқыны болуы мүмкін. Бірақ Кеңес Одағына дұшпандық көзқарастағы мемлекеттердің бұған жол бере қоюы екіталай еді. Кеңес басшылары бұны жақсы түсініп, Шыңжаңды бөліп алу саясатының іске аспайтынын білді. Дегенмен Шыңжаңдағы өзінің мемлекеттік мүддесіне қауіп төндіруші мемлекеттердің де үстемдік алуына жол бермеуге тырысты. Осы себептен кеңес үкіметі Шыңжаңдағы провинциялық үкіметтердің қандайына болса да қолдау көрсетіп, оны өз жағында, ықпалында ұстап қалуға тырысты. Сондықтан Қожанияз бастаған көтеріліске әскери қаружарақпен көмектескендегі мақсаты оның басқа шетелдіктердің көмегіне жүгініп, солардың ықпалында кетуінен сескенуі еді. Бұл мазасыздық негізсіз емес еді. Қытай жеріне, әсіресе оның Шыңжаң провинциясына бұл уақытта Жапонияның қауіп төндіруі күшейген еді. Ол коммунистік Ресейге қарсы саясатты күшейтіп, әрі Қиыр Шығыстағы үстемдігін қамтамасыз ету үшін, Қытай мен Кеңес Одағының арасында буферлік аймақ құрып, оны плацдарм ретінде пайдалану саясатын күшейтеді. Осы мақсатта, жапон билеушілері, Шыңжаңдағы Кытай өкіметіне бағынғысы келмеген саяси күштерге қолдау көрсетіп, Қытайдан тәуелсіз күшті мұсылман мемлекетін құруға әрекет жасағаны белгілі болады.(435). Дұңғандар көтерілісінің жетекшісі Ма Чжунъиннің жапон үкіметімен астыртын байланысы барлығын, одан әскери көмек алып тұрғандығы жөнінде кеңес үкіметі астыртын қызметтері арқылы хабардар болып отырған. Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы лебі есе бастаған 30 жылдардың басында Батыста, Европада және Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының жалыны күн өткен сайын өрши түсті. 19291933 жылдардағы батыс елдеріндегі ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс жапон соғыс құмарларының позициясын нығайтып, олар Жапонияның сыртқы саясатында шешуші қадамдар жасауды талап етеді. Жапонияның билеуші топтары, басқа да империалистік державалардың өкіметтері сияқты, экономикалық дағдарыс әлеуметтік шиеленіске ұласып кетуінен қорқып, одан шығудың жолын сыртқы арандату әрекеттерінен іздейді. Жапонияның халықаралық реакциялық топтардан қолдау тапқан авантюралық әрекеттерінің бірі – 1931 жылы Маньчжурияға басып кіруі еді. Жапония онда қуыршақ үкімет – Маньчжоугоны құрады. Бұл Қытайды басып алуға жасалған алғашқы қадам еді. Қиыр Шығыста соғыс өртін тұтандырған жапон басқыншылары Қытайдың адам ресурстары мен табиғи байлықтарына ие болуды ғана ойламай, оны Кеңес Одағына қарсы шабуыл жасаудың плацдармына айналдыруды көздеді. Жапондықтар бұл мақсаттарын жүзеге асыруда өздеріне Қытайдың гоминьдандық Чан Кайши үкіметі қандай да бір қарсылық көрсете алмайды деп ойлады. Маньчжуриядағы жеңістеріне масаттанған жапон басқыншылары Қытайдың Кеңес Одағымен шекаралас басқа да аймақтарына, соның ішінде Шыңжаңға да көз тіге бастайды. Шыңжаңның тұрғын халқының және оның саяси топтарының арасындағы сепаратистік пиғылды – тәуелсіз мұсылман мемлекетін құру идеясын өз мүддесіне пайдаланғысы келген Жапония, оларға барынша қолдау көрсетіп, жағдайды шиеленістіре түсуге тырысты. Әсіресе жапон империализмінің стратегиялық жоспары бойынша Кеңес Одағының шығыс жақтағы қорғаныс шебіне үлкен қауіп төндіріп, Қиыр Шығыс арқылы ол Орта Азияға қол созбақ болды. Жапония Шыңжаңдағы ықпалын күшейту арқылы Қиыр Шығыста ғана емес, Орта Азияда да гегемондығын паш етпек ниетте еді. Ал бұл саясат КСРО мен Қытайдың ұлттық мүдделеріне қауіп төндіретін еді. Сонымен қатар, Англия мен Германия да Шыңжаңды өз ықпалында ұстауға ұмтылып, гоминьдан үкіметінің ұлттық мүддесіне қарсы зиянды саясат ұстады. Жапония мен Англия Шыңжаңда исламдық «Түркістан Республикасынң құруды көздеп, КСРОның шығыс жағында, оған қауіпті стратегиялық аймақ орнату мақсатын іске асырмақ ойда болды. Сондықтан, КСРО бар күшін салып, өзіне жау державалардың стратегиялық жоспарын болдырмау жолында белсенді әрекеттер жасауға кірісті. Осындай жағдайда Шыңжаңды өз ықпалында берік ұстау КСРОның Орталық Азия мен Қиыр Шығыстағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізілетін өте маңызды саясаты болып қалды және ол оның ұлттық мүддесіне сай еді. Жапония, осылайша, КСРО мен Қытайдың Шыңжаң мәселесі жөніндегі мемлекеттік мүдделерінің тоғысуына, оны қорғау жолында оларды әрқайсысының жекелей де, қайбір сәттерде бірлесіп те әрекет етуіне итермелейді. Ал Ұлыбритания болса, Шыңжаңның оңтүстік жағына ықпалын орнатып, Үндістан мен Ауғанстандағы плацдармдық саясаттарын нығайтып, Памир үстіртіне бекінуді көздеді. Ағылшындар мен жапондықтардың Шыңжаңдағы жергілікті саяси күштерге қолдау көрсетіп, Ислам Республикасын немесе Түркістан Республикасын құру идеясы Қытай мен КСРОның стратегиялық мүдделеріне қарсы бағытталды. Кеңес Одағының да, Қытайдың да сыртқы саясатында пайда болған осындай факторлар, олардың Шыңжаңдағы мемлекеттік мүдделерінің осы мақсатта, тоғысуына әкелді. Кеңес Одағының Шыңжаңды өз ықпалын сақтап қалуы – оның Орта Азияда ғана емес, Қиыр Шығыстағы қауіпсіздігі үшін де аса маңызды болды.
Сондықтан, Кеңес Одағы өзінің ұлттық мүддесі тұрғысынан келгенде Қытаймен одақтасуға, Шыңжаңдағы саяси күштердің өзіне тиімді қайраткерлеріне қолдау көрсетуге, тәуелсіздікке ұмтылған мұсылман халықтардың көтерілістерін бірлесіп жаныштауға мүдделі болды. Бұл кезде Шыңжаңның билеушісі Цзинь Шужэннің билігінің көтерілісшілердің әрекеті салдарынан әлсіреп, саяси сахнадан кетуге таянған кезін пайдаланып, одан билікті тартып алып, Шыңжаңдағы басшылыққа келуді көксеген бір адам болды. Ол – Шыңжаңның болашақ билеушісі, генерал Шэн Шицай болатын. 1933 жылы Шыңжаңның билігіне келген Шэн Шицай гоминьдандық әскери топтың ең көрнекті өкілі болатын, бірақ оның Чан Кайшимен қарым қатынасы өте күрделі, әрі жақсы емес еді. Шэн Шицай СолтүстікШығыс Қытайдың Армиясында қызмет атқарған болатын. Осы Армияның жетекшілерінің бірі Го Сунлин Шэн Шицайды жақсы білетін және оның бағалайтын. Сөйтіп, ол Шэн Шицайды Жапонияға әскери оқуға жібереді. Біраз уақыт өткен соң, Го Сунлинді оның әскери бақталасы Чжан Цзолинь жапондықтармен бірлесе отырып, айуандықпен өлтіреді. Ал осымен, Шэн Шицайдың СолтүстікШығыс Қытай Армиясындағы карьерасы да аяқталады. Нәтижесінде, Шэн Шицайдың Чжан Цзолинге, оның билігіндегі Армияға, және СолтүстікШығыс Қытайды басқыншылыққа ұшыратып отырған жапондықтарға деген өшпенділігі қалыптасады. Осындай жағдайда Шэн Шицай Чан Кайшиден өзіне көмектесуін сұрайды. Бірақ Чан Кайши Шэн Шицайдың өзінің айтуынша, оның қабілетін жете бағаламай, оны алыстағы Шыңжаңға әскери қызметке, шекара қорғаныс мекемесіне жібереді. Бұған қатты ренжіген Шэн Шицай Чан Кайшиге деген дұшпандық көзқарасын ішінде сақтайды. Шэн Шицай Шыңжаңдағы билікті қолға алып, оны өзінің алдыңғы әріптестері сияқты жеке билептөстегісі келді. Ал Чан Кайши Шэн Шицайдың Шыңжаңда шексіз, дербес билікте болуын қаламайды, сондықтан, сәті түссе қызметінен кетіруді, билікке әкелмеудің айла тәсілдерін ойластырғанмен, ол жоспары іске аса қоймайды. Шыңжаңның дубані қызметіне басқа адамды тағайындауды да ойластырып, Чан Кайши өзінің сенімді адамдарын Шыңжаңға астыртын жіберіп, Шэнге қарсы әрекеттер ұйымдастырады. Бірақ, жергілікті саясаткерлердің қолдауына ие болған және Кеңес үкіметімен де жақындық орната бастаған Шэн Шицайды биліктен кетіре алмайтынын сезген Чан Кайши, амалсыздан Шэн Шицайды өлкелік үкіметтің мүшелігіне өткізіп, шекара қорғаныс істері басқармасының бастығы етіп тағайындайды. Бірақ Нанкин үкіметі Шэннің Шыңжаңдағы ықпалының артуына жол бермеудің түрлі әдістерін қарастырады. Чан Кайши Шэн Шицайдың Кеңес Одағымен байланысынан күдіктеніп, оның Шыңжаңдағы билікке келу жолындағы құйтырқы әрекетін сезіп, оның орнына өзі уәде берген Ма Чжунинді отырғызбақ болады. 1932 жылы Чан Кайшидің қолдауымен, Шыңжаңдағы билікті Шэн Шицайдан күшпен тартып алуға келген Ма Чжунъин әскеріне қарсы күресу кезеңі туады. Деректерге сүйенсек, Ма Чжунин Чан Кайшидің тікелей келісімімен және кейбір зерттеулерде кездесетіндей, жапондықтармен жасасқан құпия келісімге сүйене отырып, Шэн Шицайды Шыңжаңның басшылығына келтірмеу үшін, 1932 жылы әскерін Шыңжаңға енгізеді де, Үрімшіге жақындайды. (436). Ма Чжунъин жапондықтармен жасырын байланыс орнатып, «тәуелсіз Шыңжаңң жолында күреске шығады. Бұл мәліметтер кездейсоқ емес екенін, көп ұзамай оның көтерілісші әскерлерінің арасында жапондық, сосын ағылшын және түрік әскери кеңесшілерінің пайда болуынан көруге болады. Шэн Шицай үшін сын сағаты туындайды. Шэн Шицайдың Шыңжаңның басшысы болу ниетіне, дербес билік орнатуы арманына, сөйтіп, Чан Кайшидің осындай көзқарасы қауіп туғыза бастайды. Ол енді өзінің Шыңжаңдағы билігін сақтап қалудың жалғыз жолы – Кеңес өкіметімен жақындасу екендігін түсінеді. Ол Сталиннен әскери көмек сұрайды. Осы уақыттан бастап, Шэн Шицай мен Кеңес билеушілері арасындағы «достықң қатынас орнай бастайды. Шэн Шицай жас кезінде, Жапонияда оқып жүрген кезіндеақ маркстіклениндік идеялармен танысып, олардың үйірмелеріне барып, студенттік көтерілістерге қатысып, көзге түскен адам болатын. Шэн Шицайдың өткен өмірімен жақсы таныс болған Кеңес Одағы, оның Чан Кайшимен арасындағы шиеленісті қатынасты да есепке ала отырып, оған қолдау көрсетуге бел байлайды.
Шэн Шицай сияқты мансапқор адамды Шыңжаңның билеушісі ретінде қабылдау Сталинге де тиімді көрінеді. Сондықтан оның кандидатурасын барынша қолдап, оған көмектесуге бет бұрады. Дұңғандардың әскери қолбасшысы Ма Чжунъин, өз әскерлерімен және шыңжаңдық мұсылмандық әскери күштің көмегімен, Шыңжаңдағы билікті тартып алу үшін соғыс қимылдарын бастаған кезде, Шыңжаңның жергілікті әскери билеушісі Цзинь Шужэньнің әскери күшқуаты мүлдем әлсіз болатын, себебі оның билігіне наразылық көрсеткен мұсылман халықтарымен күрес және Шэн Шицаймен өзара қырқысу соғыстары оның үстемдігін біржолата әлсіретіп тастаған еді. Сондықтан Шыңжаңда Ма Чжунъин әскеріне қарсы тұрар, жергілікті шыңжаңдық қытай үкіметі жағынан ешқандай әскери күш болмады. (437). Шыңжаң аса қауіпті жағдайда қалды. Дұңғандар көтерілісінің басшысы Шыңжаңдағы бүкіл мұсылмандарды өз жағына тартып, оны толық тәуелсіз елге айналдыру қаупін туғызады. Кеңес Одағы Шыңжаңда қалыптасқан осындай күрделі жағдайда, әрі өзіне қатысты қалыптасқан қауіпті жағдайға бейжай қарай алмады. Ол Шэн Шицаймен арадағы байланысты пайдалана отырып, оның өтінішіне жауап ретінде сонымен қатар, өзінің ұлттық мүддесін қорғау мақсатында Шыңжаң оқиғаларына тағы да араласуға кіріседі. Бұл кезде Шыңжаңда саяси дүрбелең кезінде Ресейден қашып барып, сонда тұрақтап қалған жергілікті орыс ұлтынан құрылған, бірақ, кеңес өкіметі билігіндегі, Қызыл Армияның әскери бөлімдері де бар болатын. Қалыптасқан саяси жағдайларға байланысты, қытайлықтардан құрылған әскерлер Шыңжаңнан алыста болғандықтан, Чан Кайшидің орталық қытай өкіметі өзінің Шыңжаңдағы өкіліне тікелей көмек көрсете алмаған кездерінде, көтерілісшілерді басу үшін, олар бірнеше рет, Кеңес өкіметінен көмек сұрауға мәжбүр болған еді. Жоғарыдағы орыстардан жасақталған әскери бөлімдер, сөйтіп, кезінде Чан Кайшиге көмек көрсеткен, Чан Кайшидің Шыңжаңдағы билігін ұстап тұруға жәрдемдескен әскери күш болатын. Шыңжаңның орталығы Үрімшіде орналасқан бұл әскер Кеңес Одағының үнсіз қолдауымен және провинцияның Шэн Шицай бастаған жоғарғы басқарушы топтарының жетекшілігімен, 1933 жылы 12 сәуірде Цзинь Шужэннің әскерінің қалдықтарын жояды да, оны биліктен қуып кетіріп, Шыңжаңның уақытша дубані(губернаторы) қызметіне Шэн Шицайды (18791970) отырғызады.(438). Кеңес Одағы Шыңжаңды өз ықпалында сақтаудың осындай ұтымды жағдайына ие болды. Шыңжаңның билігіне Шэн Шицайдың келген кезіңде, өлкедегі саяси жағдай күрделі қалпында қалған еді. Ол Шыңжаңның басшылығын ресми түрде қолына алғанымен, аймақтың барлық дерлік аудандары көтерілісшілердің қолында болды. Қожанияздың билігіне Шыңжаңның солтүстігіндегі бірқатар жерлер қарап үлгергенді. 1933 жылы Қожанияз әскерімен Үрімшіге бағыт алған кезде, ол Моңғолия арқылы тағы да 100 мың сәрі күміс ақшаға тең келетін қаружарақ, киімкешек т.б орасан зор көлемдегі кеңес үкіметінен көмек алады. Сондайақ Қожанияз 30дай ұйғыр жастарын Моңғолияға оқуға жібереді.(439). Кеңестік саясатқа толық бет бұра бастаған Қожанияз әлемдік социалистік революцияның идеологиясының Шыңжаңға да таратуды көздеген Коминтерннің ісәрекетіне де жол береді. Ал Шэн Шицай болса, Шыңжаңдағы мұсылман халықтардың наразылықтарын бәсеңдету үшін, кеңестік саясаттың көмегімен бірқатар шаралар жүргізеді. Жергілікті халық өкілдерін билік тармақтарына тарта отырып, олардың өзіне деген дұшпандық пиғылын біраз бәсеңдетуге мүмкіндік алады. Кеңес Одағының берген ақылымен Шэн Шицай көтеріліс басшыларымен тіл табысуға, сөйтіп оларды өз жағына тартуға әрекеттенеді. Кеңес Одағы, Қожаниязды Шэн Шицай үкіметімен тіл табысуға үгіттеп, онымен бірлесіп, дұңғандардың басшысы Ма Чжунъинге қарсы одақтасуға итермелейді. Бұл кезде Қожанияздың негізгі күші Үрімшіге жақын жердегі Жемсары деген жерге таяп қалған еді. (440). Қожанияздың тағы да көмекке шақырған ұсынысын қабыл алып, әскерімен Құмыл, Баркөл және Шонжы жерінде көтерілісшілерге басшылық жасап, Жемсарыға бұл да жақындайды. Жемсары бекінісі қытайлықтардың үлкен әскери күштері мен қаружарақтары шоғырланған жері болып шығады. Көтерілісшілер бекіністі басып алып, қытайлықтардан қолға түсірген қаружарақты бөлісіп, көтерілісті одан әрі жалғастыру мәселесіне келгенде, кеңестік үгітке уланған Қожанияз Ма Чжунъинмен келіспей, қаружарақты сылтау етіп, араздасады. Мұсылмандар көтерілісінің басшылары арасында алауыздыққа қол жеткізген кеңес үкіметі көтеріліс тағдырының өз жоспары бойынша дамуына қол жеткізеді. Ма Чжунъин көтерілісті өзі жалғастырып, Шыңжаңның Алтай мен Тарбағатай жағына бет алады. 1933 жылдың көктеміне қарай, көтеріліске шыққан ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар, дұңғандар мен моңғолдар Шыңжаңның 90 процент территориясына бақылау орнатады. 1933 жылы 10 шілдеде, олар көтерілісшілер азат еткен аудандарда Шығыс Түркістан Республикасын (ШТР) жариялайды. Кейінірек, Қашғар қаласына орын тепкен, «Шығыс Түркістан ислам республикасыныңң уақытша үкіметі құрылады. Оны ұйғыр феодалдарының қайраткерлері Мұхаммад Имин мен Сәбит Дамолла басқарады. Хотанда құрылған бұл үкімет, кейінірек, Қашғарға қоныс аударған болатын. Шыңжаңның Құмыл, Баркөл, Тұрфан қалаларына ие болған көтерілісшілердің басында тұрған мұсылмандық феодалдық топтың өкілдері Шыңжаңды «Кәпір қытайларданң азат етіп, «дербес мемлекетң Шығыс Түркістан, немесе Ұйғырстанды құру жолындағы күрестерін исламдық ұрандармен бүкіл Орталық Азияға таратуды көздеді. Саяси жағдайларды дұрыс бағамдай алмаған, алдағы болатын қауіпті болжайтын саяси көрегендігі аздау болған, бұл көтерілісшілер, өздерінің әрекеттеріне қауіптің қай жағынан басым болатынын таразылай алмады. Қытай билеушіліеріне наразылығы өршіген олар, империалистік елдердің түпкі саясатын болжай алмай, олардың арандатуына ұшырай бастайды. Өйткені, 1930шы жылдардың ортасында Шыңжаң, өзінде болып жатқан аласапыран кезеңінде, ірі державалардың, яғни Жапония, Англия, кеңестік Ресей және Германияның өзара күрес объектісіне айнала бастаған болатын. Олардың әрқайсысы Шыңжаңдағы саяси дағдарыс пен ұлтазаттық күресті өз мақсаттарына қарай бағыттау жолында бәсекелес күрес жүргізді. «Бұл үкімет, ағылшын империалистерінің қолдауымен құрылған, оған арқа сүйеген құрылым едің деген кеңестік зерттеушілердің пікірінің қаншалықты рас екені күмән туғызады. Мысалы, ХХ ғасырдың басындағы қазақтың белгілі қоғам қайраткері, Кеңес өкіметіне оппозициялық бағыттағы «Алашң партиясының жетекшілерінің бірі – Мұстафа Шоқай сол кездегі халықаралық жағдайды жіті қадағалап, түркі тектес халықтардың тағдырына қатысты оқиғаларға өз бағасын беріп отырғаны белгілі. Міне сол қайраткердің Шығыс Түркістан Республикасына Англияның ұстанымы қандай болды деген сұраққа былай деп жауап береді: «Ағылшындар да Шығыс Түркістан ұлтазаттық қозғалысына көмек қолын соза қоятындай сыңай танытып отырған жоқ. Ағылшындар да Шығыс Түркістан қозғалысының исламдық сипаты бар деп сескенеді. … «Панисламизмң десе ағылшындардың да басының «сақинасың ұстайды. Сол себепті ағылшындар Шығыс Түркістан ұлтазаттық қозғалысына аса сақтықпен қарайдың деп, Англияның ШТР үкіметіне қолдау көрсетуінің негізсіздігін айтады. (441) Ал бұл пікірді, шынында Кеңес үкіметі өзімен бәсекелес ағылшындардан қауіптеніп, солай болуы мүмкінау деген ойынан шығуы да ғажап емес. Мұстафа Шоқай осыны дәлелдейтіндей мынадай тағы бір мысал келтіреді: «Чинни Түркістан ауазың ағылшындар Шығыс Түркістан ұлттық қозғалысына іш тартып болысып отыр деп жазады. Ал шын мәнінде олай болып отырған жоқ. Біз осы газеттен ағылшындардың Үрімжідегі қытай әкіміне қаружарақ бергенін де оқимыз. Олай болса, өзі қаружарақ беріп көмектесіп отырған үкіметке қарсы бағытталған ұлтазаттық қозғалысын ағылшындардың қолдауы мүмкін бола қояр ма екен? Өкінішке орай, ағылшындар Шығыс Түркістан ұлт азаттық күресіне көмек көрсетуі былай тұрсын, оған сырттай жанашырлық та көрсетпейдің– дейді. (442). 1933 жылы 12 қарашада Шығы Түркістан республикасының басшылары Шэн Шицайдың үкіметін мойындамайтындықтарын хабарлайды. Олар Шыңжаңда парламенттік республика құруды, оның саяси бағдарламасын, декларациясын, конституциясын жариялауды көздейтіндіктерін мәлімдейді. Осы уақытша үкіметтің барлық құрылымдарына мұсылмандық бай топтардың өкілдері сайланады. Көтерілісшілер ШТР ислам іліміне негізделген мемлекет деп, ал Қожаниязды ШТРдың президенті деп жариялайды. (Богословский и Москалев.110 бет.). Бұндай шешім ШТР басшылығының саяси ұстанымдарының солқылдақтығын көрсетті. Ал Қожаниязға Кеңес Одағы өз кеңесшілерін жіберіп, оны Шэн Шицаймен тіл табысуға, дербес мемлекет құру идесынан бас тартуға үгіттеуін тоқтатпайды.(443). Шығыс Түркістан үкіметінің басшылары халыққа жариялаған мәлімдемелерінде, өздерінің ұлтазаттық күрестерінде оларға қарсы тұрған ханьдықтармен бірге, басты жау дұңғандар деп жариялайды. Сондықтан дұңғандардан іргені аулақ ұстап, оларды билікке жолатпауға шақырады. ШТР басшылары бүкіл Шыңжаңды мұсылман мемлекетінің қол астына жинақтап, болашақта мұсылман елдерімен жақындасып, олармен бірігу саясатын ұстайды. Исламдық Шығыс Түркістан Республикасының өмір сүруі Қытай мемлекеті ғана емес, онымен көршілес Кеңес Одағының да геосаяси мүддесіне мүлдем қайшы келетін оқиға еді. Ондай мемлекеттің өмір сүруіне мүлдем жол берілмейтіні айқын болатын. Сондықтан бұл үкіметтің басшысы Қожаниязға Шэн Шицай кеңестік өкілді жіберіп, оны өзімен одақтас болуға шақырады. Ал Қожанияз осы кездесуде кеңес өкіметінің өкіліне Шыңжаңды екі өлкеге бөліп беруді, өзін оңтүстік Шыңжаң үкіметінің төрағалығы қызметіне тағайындалуға қолдау көрсетуін өтінеді. Кеңесші өкіл бұл өтініштің орындалмайтынын, сондықтан Қожанияздың дербес биліктен бас тартып, Шэн Шицай үкіметінің орынбасарлығы қызметіне баруын ұсынады. Өкіл сондайақ, бұл ұсынысты Қожанияз қабыл алса, оның басының амандығы мен малмүлкінің сақталуына, саяси баспанасына дейін кепілдік берілетіндігін хабарлайды.(444). 1934 жылы Қожанияз Үрімшіге келіп, бұл ұсынысты қабыл алғандығын мәлімдейдіде, Шэн Шицай оны өзінің орынбасары етіп тағайындайды. Ал деректердегі мәліметтерге қарағанда, Қожанияз Шыңжаң үкіметінің қарапайым мүшелерінің бірі болғандығын, ол ешқандай орынбасарлық қызмет атқармағандығын айтады. Қытай дипломатиясының бұл әдісіне күмән келтіруге болмайтындықтан, оған сенуге болады. Бұл кезде Ма Чжуниннің әскері провинцияның үлкен бөлігіне ие болып, Қарашар, Ақсу, Қашқар, Жаркент, Хотан қалаларын басып алады. Енді ол әкімшілік орталық Үрімші қаласына қауіп төндіреді. 1933 жылдың күзінде оның әскерлері Алтай аймағынан Шәуешекке шабуыл жасап, одан әрі Құлжаға бармақ болады. Ал Шэн Шицайдың қолындағы әскери күш әлі жеткіліксіз еді. Сондықтан ол қалыптасқан жағдайды ескере отырып, құпия түрде Кеңес Одағынан Шыңжаңға кеңес әскерлерін енгізу жөнінде көмек сұрайды. Сталин Шэн Шицайдың өтінішін қабыл алып, әскер енгізуге рұқсат береді.(445). 1933 жылдың аяғында Кеңес Одағынан оған бір топ әскери кеңесшілер көмекке жіберіледі. Ал жағдай шиеленісе түскен, қиын сәттер туғанда «Алтай отрядың дейтін кеңестік әскери күштерді де аттандырады.
Оставить комментарий