Қытай мен Ресейдің Орталық Азиядағы сыртқы саясаттары

Қазіргі Шыңжаң ­Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) орналасқан ұланғайыр территорияға көне замандардан бастап­ақ іргелес мемлекеттер мен әлемдік өркениеттердің көз тіге қарауының тарихи сыры тереңде. Шыңжаң жерінің географиялық ерекшеліктері оның әртүрлі аймағының тарихи кезеңдерде қалыптасқан жан­жаққа бағытталған геосаяси бағдарын да айқындап отырды. Қашғардан бастап Куча қаласына дейінгі Тарим ойпатының батыс және солтүстік жерлері Батыс Түркістанға, дәлірек айтсақ, Ферғана аңғарына қарай бет бұрған. Шыңжаңның солтүстік – батысындағы Жоңғар жазығы Жетісу жағына икемделген. Ежелгі замандарда Тарим ойпатының оңтүстік бөлігінде, Жаркент пен Хотанды қоса алғанда, үнді мәдениетінің ықпалы күшті болған. Шыңжаңның шығыс жағы ­ Тұрфан мен Хами (Құмыл) ішкі Қытаймен саяси және сауда байланыстары жақсы дамыған жерлер болған. ҚХР­дың ресми үкіметі мен үгіт­насихаты үнемі қадап айтатын тұжырымдама бойынша «Шыңжаң – ежелден біртұтас көпұлтты Қытайдың бөлінбейтін бөлшегің деп есептеліп отыр. Саясатты тарихпен ұштастыра отырып, олар Шыңжаң жерінің ежелден Қытаймен етене біріккенін, яғни оның тарихи құрамдас бөлігі болғандығын дәлелдеуге тырысады. Ал көптеген тарихи деректер мен дәйектерді жіті зерделеу Қытай мен Шыңжаң арасындағы байланыстың тарихын мұндай біржақты пайымдауға ойлана қарауға мәжбүр етеді. Қытай тарихнамасы Шыңжаң жерінің өз алдына дербес ел ретіндегі тарихын саналы түрде айналып өтеді, бұл жердің тарихын тек қана Қытай билігіндегі уақытпен байланыстырады. Осы өлкенің өткен тарихына жете назар аударып, қытай деректерінен басқа алуан түрлі фактілер мен материалдарды іске қоса отырып, оқиғалардың шынайы көрінісін айқындау арқылы ғана Қытайдың Шыңжаңға қатысты саясатының қалыптасу тарихын толық қалпына келтіруге болады. Шыңжаң жері қытай билеушілерінің де назарын сонау көне Хань империясы (б .э. д.206 ­ б.з. 220 жылдар) заманынан бастап өзіне аударған. Бұл кезде Қытай орасан зор территорияға жайылған, өз заманындағы өркениеті дамыған империя болғаны тарихтан мәлім. Хань әулетінің билігін екі тарихи кезеңге бөліп қарастыру қалыптасқан : Батыс Хань немесе Ерте Хань дәуірі (б.з.д.206­ б.з.25 жж.) және Шығыс Хань немесе Кейінгі Хань дәуірі (б.з.25­220 жж.).

Қытайдың «варварларң деп атаған көшпелі тайпалармен алғашқы ресми қарым­қатынас жасауы дәл осы хань дәуірінен басталады. Көне қытай өркениетінің өкілдері алғаш рет солтүстіктегі көшпелі мәдениет әлемімен (алдымен сюннулармен), сондай­ақ Орталық Азияның оазистік мемлекеттерімен байланыс орнатып, қарым ­ қатынас жасауға мүдделі болған. Қытайлықтар сюннулар деп атаған ежелгі ғұн әлемі солтүстігінде Байқал көлінен Зайсанға дейін, оңтүстігінде Гоби шөлінен солтүстіктегі Тяньшань тауларына дейінгі орасан зор территорияны алып жатты. (125). Аса қуатты көшпенді сюнну тайпалары Қытайға үнемі шабуыл жасап, әскери күш қуаты жағынан басымдық көрсетіп, қытай өркениетіне үнемі қауіп төндіріп отырған. Көшпенділерден Қытай өркениетін оқшау ұстау мақсатымен сонау б.з.д. мың жылдықтағы Цин Шихуанди (б.з.д.221­210 жж.) заманында негізі қаланған, ежелгі сәулет өнерінің ғажайып үлгісі болып отырған Ұлы Қытай қабырғасы көшпелі ғұн тайпаларының шабуылына қарсы салыңғаны белгілі. «Варварлардан бұлайша оқшауланудың онша тиімді емес екендігін түсінген ежелгі ханьдықтар олармен қатынастың басқа түрлерін іздестіреді. Себебі қытайлықтар варварлардың әлеуметтік және саяси саладағы дамуға аса қабілеттілігіне көз жеткізіп қана қоймай, Хань империясының шекарасына үлкен қауіп төндірген әскери саладағы жетістіктерінен де сескене бастады. Қытай императорлары жат жерлік халықтарға қатысты қолданылатын «Қытай­варварң концепциясының мазмұнын кеңейтіп, оны іске асырудың жаңа әдіс­айласын қарастырады. Қытай мемлекетінің солтүстік­батыс, солтүстік­шығыс жағынан үнемі қауіп төндіріп отыратын көшпенділердің шабуылы ежелгі қытайлықтардың оларға қарсы бағытталған өз әрекетін қалыптастырып, оларды елдің сырт аймақтарына көңіл аударуға мәжбүр етеді. Осылайша «Си­юйң ­ Батыс аймақ туралы түсініктер дүниеге келіп, оның ежелгі қытайлықтар үшін геосаяси мәне артып, империяның бұдан былайғы Орталық Азиядағы саяси доктринасына негіз қалап береді. Сондықтан Қытай саясатшыларының елдің солтүстік­батыс жағындағы «далалық дәліздергең ие болуға ұмтылуының сырын түсіну үшін ең алдымен бұл аймақтың геосаяси ерекшелігіне көз салу керек. Ежелгі замандарда Шыңжаң жерінде Орталық Азияның іргелес жатқан мемлекеттері мен халықтарының ғасырлар бойы жолдары түйісіп, саяси мүдделері бетпе­бет келіп отырған. Осы жер арқылы Қытайды Батыспен байланыстыратын бірден­бір жол – Ұлы Жібек жолының өтуі де Шыңжаң аймағына деген қызығушылықты арттыра түскен.

Ұлы Жібек жолы арқылы сауда жүргізу және оған бақылау орнату үшін Қытай ғасырлар бойы бірде жеңіске жетіп, бірде сәтсіздікке ұшырап, үздік­ создық күрес жүргізген, осы аймаққа иелік ету үшін небір әрекеттерге барған. Қытайдың Орталық Азиядағы белсенді саясатының қалыптасуына сыртқы сауда байланыстарының пайдасы мен қажеттіліктері негізгі себеп болды дейтін дәстүрлі көзқарастарға қарамастан, Қытайдың Батыс аймақтағы белсенді әрекетіне оның әскери­саяси сипаты көбірек себеп болғаны айқын. Көшпенділердің басқыншылық жорықтарына тосқауыл қою, империяның үстемдігін нығайту, дәстүрлі конфуциандық көзқарасқа сәйкес Аспан асты мемлекетінің билігіне барлық «варварлардың бағынышты ету, Көк Тәңірі Ұлының билігін дүниенің төрт бұрышына мойындатудан туындаған доктрина сыртқы саясаттың өзегі болды. Хань империясының сыртқы саясатының ең маңызды жағы Батыс аймақпен қарым­ қатынастарының дамуына байланысты болды, өйткені қытай билеушілері Ұлы Жібек Жолы арқылы батыстағы барлық елдермен сауда және мәдени байланыстар жасауға мүдделі болған. Б.з.д. екі мыңыншы жылдықта ұзаққа созылған, көптеген шығындарға әкелген соғыстар арқылы Ұлы Жібек жолына күшпен ие болып, оны өз бақылауында ұстаған. Хань империясы тұсында көшпенділермен байланыстар тек олармен соғыс қимылдарын жүргізу арқылы ғана емес, сонымен қатар бейбіт жолдармен де жүзеге асқандығын көруге болады. Көшпенділер, соның ішінде сюннулардың өздері де Қытаймен үнемі соғыс жағдайында болып қоймай, олармен елшілік байланыстар орнатып, келісім­шарттар жасасып, бір­біріне сый­сияпат жіберіп, хань әулетімен некелік қатынастар мен туысқандық байланыстар орнатуға дейін барып отырған. Көшпенділер қытай империяларымен одақтастық байланыс жасап, Қытаймен жауласушы үшінші бір мемлекеттерге қарсы бірлесіп күрескен, тіпті Қытайдың ішкі мәселелеріне араласуға дейін барған.(126). Көне қытайлықтар қазіргі ШҰАА жерінде өмір сүрген Орталық Азияның автохтонды тұрғындары – орталығы Іле өзені аймағы болып саналатын түркі текті, сақ және үйсін тайпаларымен жақындасып, олармен әртүрлі байланыстар жасап отырған. (127). Ежелгі үйсін тайпалары Балхаш көлі мен Ыстықкөл арасындағы орасан зор аймақты алып жатыр еді, олардың иелік еткен жерлерінің орталығы Іле аңғары болатын. Ал сақ және тохар тайпалары Шығыс Түркістан жерін мекендеген, олардың өзіндік мәдениеті мен шаруашылығы қалыптасқан мемлекеттік бірлестіктері болған. Олардан әлдеқайда қуатты сюнну немесе ғұн атты тайпалық одақ Қытаймен қатар бұл тайпаларға да қысым көрсетіп, оларды өз жерлерінен ығыстырып, басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр етіп отырған. Ғұндарға қарсы күресінде Хан императорлары осы сақ және үйсін тайпалық одақтарымен де дипломатиялық байланыс орнатып, олардың билеушілерін өз мақсаттарында пайдаланудың амалдарын іздеді. Осыған дәлел ретінде Бичуриннің еңбегінде келтірілген мына бір дерекке назар аударған жөн : «Үйсін патшасы хань әулетінің ханшасын қалыңдыққа алу үшін 1000 жылқыны Қытай императорының сарайына сыйлыққа жібереді.Хань әулетінің императоры өз сарайына елшілікке келген үйсін тайпасының өкіліне ғұндарға қарсы бірлесіп күресуді ұсынып, оның өзіне одақтас болуын сұрайды. Екі елдің ғұндарға қарсы одақтастығының айғағы ретінде император ханшасын Үйсін күнбиіне қалыңдыққа бередің. (128). Қытайдың көне дәуірдегі сыртқы саясатының ірі идеологтарының бірі, әрі ойшыл тұлғасы Сунцзының тұжырымдаған «и и чжи иң немесе «варварларды варварлардың қолымен талқандауң атты қағидасы іс жүзінде осы ғұндарды әлсірету әрекеттерінде жүзеге асырыла бастайды.

Хань дәуірінде ежелгі қытайлықтар қазіргі Шыңжаң жеріне келгенде, ондағы мекендеген тұрғын халықтар олар ойлағандай жабайы көшпенділер емес, өздерінен бірдебір кем емес, жоғары дамыған ауыл шаруашылығы және өркендеген қала мәдениеті бар ортаға тап болады. Орталық Азияның қала­оазистеріндегі жоғарғы деңгейдегі даму дәрежесіне онымен көршілес жатқан елдердің де ықпалы аз болмаған. Батыс аймақтың оңтүстігінде жатқан көне Үнді өркениетінің әсері де мықты болды, үнді миссионерлері арқылы Будда діні Орталық Азия жеріне ене бастайды да, ол одан әрі Қытайға таралады. Орталық Азия жеріне өркениеттің үлгісін қытайлықтар таратқан емес, қайта олар бұл жерден буддистік ілімдер және басқада өздеріне беймәлім жаңа білім түрлерімен бірінші рет кездесіп, қытай өркениетінен басқа да мәдениет ошақтарының барлығына көздері жетіп, оның жетістіктерімен алғаш рет таныс болады. Батыс немесе Ерте Хань дәуірінде (б.з.д. 206­ б.з.23 жж.) император У­ди (б.з.д.141­87 жж.) билеген кезең конфуциандық идеологияға негізделген ежелгі Қытай өркениетінің заманы болатын. Өте ақылды саясаткер және күш­қуаты мықты император У­ди империяның сыртқы саяси мәселелеріне ерекше назар аударып, елдің солтүстігіндегі аса қауіпті көршісі сюннулармен арадағы қарым­қатынасты реттеуге кіріседі. Сюннуларды жалғыз қытайлықтардың күшімен жеңе алмасын түсінген ол өзіне одақтас болар тайпалармен байланыс орнатуды, ортақ жауға қарсы олармен күш біріктіруді ойластырады. Осы мақсаттан келіп Си­юй жерінде (ежелгі заманда Қытай өзінен солтүстік –батыс жақтағы аймақты осылай атаған) алғаш рет қытай саяхатшысы пайда болады. Сюннулармен соғысқа әзірленіп жатқан император У­ди б.з.д.138 жылы Чжан Цянь (б.з.д.192 –120 жж.) деген елшісін сюннулармен жауласушы даюэчжи (массагет) тайпасын іздеуге аттандырады. Массагет тайпалары бұл кезде сюннулардан соққы жеп, жеңіліс тапқан соң, Ганьсуден батысқа қоныс аударған еді. Қытай саяхатшысы алғашқы кезде сюннулардың қолына түсіп, он жылдай тұтқында отырады. Осы қамаудан қашып құтылған ол әрі қарайғы сапары кезінде Даваньда (Ферғана), Каньцзюеде (Кангюе –Сырдарияның орта және төменгі ағысындағы, яғни ортаазиялық Амудария мен Сырдарияның ұштасар жерінде) болып, бір жылдай уақыт Дася (Бактрияда) жерінде тұрып қайтқан.

Читайте также:  Ұлы Дала даналығы

Сюннулардың батыс жағында мекен еткен халықтар мен олардың территориялары туралы мәліметтер жинақтап, Чжан Цянь еліне олжалы оралып, императорға өз саяхаты туралы есебін табыс етеді. Чжан Цяннің сапарының баяндамасы кейін ежелгі қытай тарихшысы Сыма Цяннің еңбегіне арнаулы тарау болып енеді (129). Чжан Цяннің сапарының Қытайдың сыртқы әлем туралы түсінігін қалыптастыруда маңызы өте зор болды. Оның бұл сапары өзінің негізгі тапсырмасы – сюннуларға қарсы одақ құру мақсатына жетпегенімен Қытайдың солтүстік­батыс шекарасындағы саяси жағдайларды пайымдауға көп септігін тигізген материалдар жинап қайтуға мүмкіндік берді. Сапар нәтижесінде ежелгі қытайлықтар өздеріне осыған дейін беймәлім болып келген әлемді ашты, олар алғаш рет Бактрия, Парфия, Ферғана және басқа Орта Азия мемлекеттері туралы мәлімет алады. Чжан Цяннің б.з.д. 119 жылғы екінші сапарынан кейін, Хань империясы осы мемлекеттердің көпшілігімен байланыс орнатады. Бұл байланыстардың тек саяси маңызы ғана болып қойған жоқ, олар мәдени жетістіктердің де жылдам алмасуына ықпал етеді. Дәл осы уақытта Қытайға Орта Азиядан бұрын оларға таныс емес ауылшаруашылығы өнімі – жүзім, бақша жемістері, музыка аспаптары, тұрмыс бұйымдары әкелінеді. Кейінірек, жоғарыда атап өткеніміздей, батыс аймақ арқылы Қытайға Индиядан буддизм діні енеді. Чжан Цянь елдің солтүстігінде империяға үнемі қауіп төндіріп отыратын көшпелі сюнну (ғұндар) тайпаларымен күресте оларға одақтас болар елдердің бар­жоғын және сол жерлер арқылы өтетін сауда жолдарына ие болудың мүмкіндіктерін айқындап, қытай билеушілеріне қажетті сәйгүлік жылқыларды алудың жолдарын іздестіріп қайтты.(130). Осы уақыттан бастап, Хань императорларының сыртқы саясаттағы басты мақсаты империяның бұл елдермен арадағы сауда жолдарына ие болу, осы елдермен тұрақты байланыс орнату болады. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін, сюннуларға қарсы жорықтардың бағыты өзгертіліп, оларға қарсы жорықтың орталығы болып Ганьсу белгіленеді, себебі бұл жерден батысқа баратын сауда жолы, атақты Ұлы Жібек жолы өтетін еді. Б.з.д.121 жылы хань әскерлері сюннуларды Ганьсуден ығыстырып, оларды одақтасы цяндерден бөліп тастайды. Сөйтіп Хань империясы Шығыс Түркістанға шабуыл жасауға мүмкіндік алды. Басып алынған бекіністерге әскери және азаматтық қоныстар салынды. Ганьсу бұдан былай Ұлы Жібек жолына ие болу үшін жүргізілетін болашақ шайқастарға плацдарм болды. Осы кезден бастап Ганьсуге мықты бекінген Қытай саудагерлері Чанъяннан керуен саудасын күшейтті. Хань империясы керуен жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында және Ұлы Жібек жолы бойына орналасқан Шығыс Түркістанның оазистік қала­мемлекеттеріне өз ықпалын жүргізу үшін, дипломатиялық және әскери әдістерді де кеңінен пайдаланады. Бұдан былай «Батыс аймақң Қытайдың саяси мүдделерінің тұрақты объектісіне айналып, мемлекеттегі ішкі жағдай тыныштықта, тұрақты жағдайда болған кезде, бұл аймаққа саяси ықпалын күшейтіп, оны өз бақылауында ұстап отырған. Хань дәуіріндегі Қытайдың солтүстік­батыстағы көрші халықтармен өзара байланыстары сыртқы сауда қатынастарын орнату мен басқыншылық әрекеттерін қосарлана жүргізіп отырғандығымен назар аударады. Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын дамыту Қытай үшін өмірлік маңызды мәселенің бірі болатын. Қытайдың орталық­азиялық халықтар мен елдерге қатысты сыртқы байланыстарындағы бұл аспектілер бір­біріне дем бере отырып үнемі қатар жүріп отырды, яғни саудагерлер, олардың соңынан басқыншылар немесе керісінше, басқыншылар жаугершілігінен кейін саудагерлер келіп саудамен айналысқан. Қытайлықтар Орталық Азияның көшпенділерімен де, Шығыс Түркістанның отырықшы халықтарымен де байланысты тек жаугершілік жолмен ғана емес, бейбіт жолмен, яғни бір­ бірімен сауда байланыстарын дамытумен де ерекшеленеді. Конфуциандық Қытай идеолдогиясына негізделген тәртіп бойынша, сырт елдерден әкелінген тауарларды императорға әкелінген сый­сияпат деп қабылдау, ал Қытайдан шетелдіктерге жіберілген тауарлар императордың вассаладрына жіберген сыйлығы деп есептелген.

Бұл жерде тең дәрежедегі сауда байланысы деген ұғымға жол берілмеді. Демек, осы байланыстардың өзі ежелгі Қытайдың сырт елдермен сауда байланыстарына деген мұқтаждығын білдіріп отырды. Империяның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жаугершілік соғыстармен қатар бейбіт елшілік алмасу, осы елшіліктер арқылы тауар қатынасын реттеу, яғни сауда байланыстарын дамыту да өрістеді. Ежелгі Қытай мемлекеті Батыс аймақ арқылы Орталық Азия елдерімен байланыс орнату саясатын жүргізуде көптеген қиындықтарға душар болды. Батыс аймақты мекендеген көшпенділер мен отырықшы халықтардың Қытайға деген көзқарастары да біркелкі болмады. Қытай олардың бірімен бейбіт қатынас орнатып, сауда және мәдени байланыстарын өрістетсе, екіншілерімен ұзақ уақыттар бойы әскери күш жұмсап, соғыстар жүргізіп отырған. Хань империясының ішкі әлеуметтік­саяси жағдайларынан туындаған мүддесі де Батыс аймақпен байланыстардың үзілмеуіне тәуелді болды. Бірақ ұзаққа созылып кететін үлкен әскери шығындарды талап ететін саясат кейде императордың Батыс аймақтағы белсенділігіне кейде тежеу салып отырған. Батыс Хань билеушілерінің кезінде­ақ Батыс аймақ жөніндегі саясат билік өкілдері арасында пікірталас тудыра бастайды. Хань империясының билік өкілдерінің арасында, Қытайдың батыс жағындағы өмір сүріп жатқан елдермен байланыстар орнатудың қажеттігін түсініп, сол үшін Си­юй жерінің империяға қаншалықты маңызды екендігін, оны иемденудің қажеттілігін баса айтушы қайраткерлер пайда бола бастайды. Бірақ, Си­юй жерінің империя үшін маңыздылығы туралы осы саяси қайраткерлер арасындағы пікірлер бірауызды болмады. Хань әулетінің билеушісі ­ У­дидің кезінде­ақ, үкімет билігіндегілердің белгілі бір тобы арасында батыстағы шекаралық жерлердің елден тым алыста орналасқандығын және оған апаратын жолдардың өте қиындығын сылтау қылып, ол жерлерге ие болу үшін күш жұмсап күресудің аса қажет емес екендігін және оған өте қымбат әскери шығын кететіндігін айтқандар да болды. (131). Бірақ, сол көне заманда­ақ, «Батыс аймақтыңң немесе, «Си –юйдіңң стратегиялық маңызды аудан екендігінің үлкен саяси мәнін терең түсініп, империяның оған қайткенде де ие болу қажеттігін алға тартушылар басым болды. Сөйтіп, Хань империясының сыртқы саясатының басты бағыты оның мемлекеттік мүддесінен туындап, сол Ұлы Жібек жолы арқылы Си –юймен және одан әрі Таяу Шығыс, Орта Азия асып, Европаға дейінгі елдермен сауда және дипломатиялық байланыс орнатуға қарай бейімделген еді. Шығыс Хань империясы құлдырауға ұшырап, оның Батыс аймақтағы әскери – саяси ықпалы әлсірей бастайды. Мемлекет басшылары елдің ішкі мүдделерінен әрі аса алмай, Батыс аймаққа жете көңіл бөлуді қысқарта бастайды. Ал Батыс аймақтың Қытай мемлекеті үшін өмірлік маңызы бар екендігін жақсы сезінетін қайраткерлер бұған алаңдаушылық білдіре бастайды. Осы кезде, Қытайдың Орталық Азиядағы сыртқы саясатының бәсеңдеуін сынға алған Қытай тарихшысы Фань Е (398­446 жж.) былай деп жазды : ­ «жоғарғы жақтағылар (билік басындағылар –Н.А.) Батыс аймақ өте алыста орналасқандығын және оны қорғап тұру пайдасыз және өте көп шығынды қажет ететіндігін айтып, сылтау іздейді, ал олар түпкі мақсатты, яғни, сол жер үшін ата­бабаларымыз қаншама зор еңбек сіңіргенін, не үшін тер төгіп күрескенін көргісі келмейтін (132). Фань Е осылайша, билік басындағылардың Батыс аймақ жөніндегі сылбыр саясатын қатаң сынға алады. Сөйтіп, Хань империясының билеушілері арасында бірнеше ғасырлар бойы «Батыс аймақтыңң жерін иеленудің маңыздылығын уағыздаған дәстүрлі бірқатар концепциялар өмірге келеді : Қазіргі Шыңжаң ауданы орналасқан территорияның біраз жеріне қытай супрематиясын нақты орнату, басқа сөзбен айтқанда, онымен көрші жатқан жерлерге басқыншылық жасау жоспары жасалса, екінші бір көзқарас бойынша, «Си­юйң арқылы өтетін ең маңызды сауда жолдарына бақылау орнату мақсатын көздеген бейбіт тұжырымдар пайда болады. Біздің заманымыздың басындағы 1­ші ғасырда, яғни, Шығыс Хань дәуірінде Ұлы Жібек жолына Қытайдың аса қауіпті солтүстік­батыстағы жауы – сюннулар (ғұндар) бақылау орнатады. Енді хань билеушілерінің басты мақсаты осы өзекті мәселені біржолата шешу болады. Ұлы Жібек жолына бақылау орнатуды қалпына келтіру, Орта Азия елдерімен сауда байланыстарын жандандыру мақсатына қол жеткізу үшін ең қауіпті жау – сюннуларды талқандау ең кезек күттірмейтін сыртқы саясаттың мәселесіне айналды. (133). Шығыс Хань әулетінің императоры Гуан У­ди (25­51 жж.) ғұн тайпаларының арасындағы саяси алауыздықты пайдаланып, қытай дипломатиясының әдісімен оларды 48­жылы екіге бөліп жіберуге қол жеткізеді.

Осының нәтижесінде оңтүстік сюннулар Қытайға толық бағынышты болып кетеді де, онымен одақтас болады. Батыс аймақты бағындырудағы ендігі аса қауіпті жау болып солтүстік сюннулар қалады. Тяньшань тауларына жақсы бекінген солтүстік сюннулар бүкіл Батыс аймақты мекендеген елдерге үстемдік орнатады. Міне, осындай саяси жағдайда, хань императоры Батыс аймаққа әскери жорықтар ұйымдастырып, ол жерлерге елшіліктерді, саяхатшыларды аттандырып, Орталық Азия аймағындағы белсенділігін қайта жандандырады. Кейінгі Хань империясының әскери эмиссары Ван Цзюнь б.з.д. 1­ші ғасырда Чжан Цянь мен қытайлардың сюннуларды күйрету әрекетіне қатысқан белгілі дипломат әрі әскери қолбасшы болған Чжэн Цзидің ерліктерін қайталап, сапар шегеді, бірақ жеңіліске ұшырап қарашарлықтардың қолынан қаза табады. Хань империясының өз ішіндегі ішкі саяси жағдайдың дағдарысы олардың алыс өлкеде белсенді әрекет жасауына мүмкіндік бермейді. Император Гуан У­дидің билігінің соңғы кезеңінде Қытайдың ауыр экономикалық жағдайы императордың Батыс аймақ үшін күресті тоқтата тұруға мәжбүр етеді.(134). Хань императоры Миньди (58­75 жж.) 73­жылы солтүстік сюннуларды біржолата бағындырып, Ұлы Жібек жолына бақылауды қамтамасыз ету үшін өзіне одақтас болар елдерді табу мақсатымен сюннулардың жауларын іздестіруге Батыс аймаққа Бань Чао деген адамды саяхатқа аттандырады. Әскери дипломат Бань Чао (32­102 жж.) және оның баласы Бань Юн 1­ ші ғасырдың басында «и и чжи иң ­ «варварларды варварлардың қолымен талқандауң принципін жүзеге асырып, көшпенділерге қарсы күресте біраз табыстарға қол жеткізіп, Ұлы Жібек жолының Батысқа баратын шығыс бөлігіне Хань империясының бақылауын орнатып қайтады. Хань империясы Батыс аймақтағы билігін бекемдеу мақсатында бұл жерге бақылау қызметін орнатып, оған арнайы адамды қызметкер ретінде тағайындайды.(135). Бірақ 150­ші жылға қарай қытайлар барлық қол жеткізген жеңістерінен айрылып, қайтадан көшпенділердің жауап соққысына тап болады. Шығыс Хань дәуірінің аяғында, яғни біздің заманымыздың басында, көшпелі сюнну мемлекеті Хань билеушілерімен одақтас болған үйсін тайпаларының күшінен ыдырап кетеді. Сөйтіп біраз уақытқа қытай эмиссарлары Батыс аймақта әскери­дипломатиялық қызметін жандандыруға мүмкіндік алады. Қытай билеушілерінің әртүрлі кезеңдерде, қазіргі Шыңжаң территориясына әскери бекініс орнатуға ұмтылып отыруын, бұл ауданның көптеген ғасырлар бойында әрқилы халықтардың мүддесі түйіскен жер екендігімен, бұл жер арқылы транс­евразиялық Ұлы Жібек жолының, яғни Қытайды және Орталық Азияны Азияның басқа түкпіріндегі елдермен ғана емес, тіпті Европамен байланыстырған күре тамыр жолдың өткендігімен, Қытайдың ұлттық және мемлекеттік мүдделерінің объектісіне айналуымен түсіндіруге болады. Осылайша, Орталық Азия далаларындағы халықтардың бір оазистен екінші оазиске апаратын керуен жолдары мен тау асуларынан алып өтетін өткелдері, жаңа дәуір басында барлық назарды өзіне аударған стратегиялық маңызды обьектілерге айналды. Шындығында да, қазіргі Шыңжаң жеріне кімнің қолы жетсе, соның қолында сауданың батысқа да, оңтүстікке (Үндістанға) де, шығысқа (Қытайға) да шығуына жол ашылды, сол жолдар арқылы тауар алмасып қана қоймай, бұл жерге сырттан мәдени және діни идеялар да әкеліне бастады. Сонымен, «Батыс аймақң Жер Кіндігі мемлекетінің сонау көне заманнан бері көз тігіп, оны өз бақылауында ұстауға тырысқан, яғни Хань дәуірінен бері келе жатқан сыртқы саясатының өзекті мәселесі болған. Қытайдың солтүстік­батыс жағында орналасқан, Тянь­ Шань тауының оңтүстігіне де, солтүстігіне де созылып жатқан кең байтақ жерлер шынында да екі мың жылдан астам уақыттан бері Қытайдың мемлекеттік саяси мүддесі шеңберінде сақталып келеді. Бірақ осы уақыт аралығында осы жерді мекендеген халықтар мен мемлекеттер Қытай империясының толық ықпалына түсіп, өздерінің қоғамдық­саяси және мәдени құрылысын өзгерткен немесе жоғалтқан емес. Американдық қытайтанушы Э.Сю өзінің «Қазіргі Қытайдың дамуың атты кітабында жазған: «Дәстүрлі қалыптасқан шындық сол, Си­юй еш уақытта Қытайдың бөлінбес бөлшегі болған емес, ол әр уақытта оның күшейген кезінде ие болып, ал әлсіреген кезінде жоғалтқан шекаралық иелігі болып келдің (136) деген пікірімен келісуге болады. Археологиялық деректерге сүйенсек, ­ бұл жердің халқы өзінің мемлекеттігін Орта Азияның тайпалары және халықтарымен, Үндістанмен, Оңтүстік Сібірмен, Монғолиямен тығыз байланыста дамытқан, ал Тибет және Қытаймен байланыстарының дамуы өте терең деңгейде болған емес, және оны қытай деректері де растай түседі ­ дейді ғалымдар. (137). Хань әулетінің билеушілері әр кезеңдерде Батыс аймаққа әскери жорықтар жасап, елшіліктер аттандырып, сол жерлерге ықпал етуге тырысқанымен, бұл әрекеттерінің ешқайсысы да империяның не жерін ұлғайтып, не экономикасын күшейтіп, немесе саяси беделін өсіріп пайда әкеле алмады. Қытайлар өздері басып алған жерлерде ұзақ уақыт тұрақтап қала алмайтын, олар ешуақытта жергілікті халықтармен берік саяси және экономикалық байланыс орната алмаған.

Читайте также:  Қазақ хандарының қызметтері

Сондықтан да қытай әскерлері Си­юйден әрі асып, Орталық Азия жеріне жорыққа аттанғанмен, олар ешуақытта бұл жерлерде ұзақ уақыт тұрақтап қалған емес. Анда­санда әскери жорықпен бұл жерлерде пайда болған қытайлықтар әскері жергілікті халықты тонаумен шектеліп, Ұлы Қытай қабырғасының арғы бетіне қарай кері қайтатын. Қандай болғанда да, Қытайдың Орталық Азияға ықпалының таралуы өте шектеулі болды. Кейбір зерттеушілердің мәліметі бойынша, қытайлықтар сауда байланыстарын Си­юй жерінен әрі асырмаған.(138).Бань Чаоның әскерлері Шығыс Түркістан жерінен кері қайтқан. Көшпелі халықтардың үздіксіз шабуылдары және «Батыс аймақтыңң жергілікті халықтары арасындағы жиі­жиі болып тұрған толқулар бұл жерде Қытайдың билігінің нық орнығуына мүмкіндік бермеген. Соған қарамастан, Орталық Азия халықтарының Қытаймен қарым ­ қатынаста болуы «Батыс аймақң халқының да, онымен шекаралас елдердің де, және тіпті Қытайдың өзінің де шаруашылық, тұрмыстық және мәдени өмірлерінде елеулі із қалдырды. Шығыс Түркістан мен Орта Азия халықтары қытайлықтардан алғаш рет жібек құртын өсіруді, одан жібек мата тоқуды, қағаз жасауды үйренді. Жоғарғы деңгейде дамыған Қытайдың егіншілігі мен қолөнері, қытай өркениетінің басқа да салалары да Орталық Азияның көшпенді және жартылай көшпенді халықтарына елеулі ықпалын тигізді. Өз тарапынан Қытай халқы да көршілес халықтардан әйнек, айна жасауды, жұқа шұға мата тоқуды, шарап әзірлеуді үйренді. Хань империясының Орталық Азия мемлекеттерімен жасаған сауда байланыстарының маңызын атап өткен қытай зерттеушілері былай деп жазады: «Өз кезегінде, шеттен азық­түлік өнімдерін (жүзім, қарбыз, тасбұршақ, кендір, пияз, сарымсақ, қара бұрыш т.б. жемістердің ағаштары) және түйелер мен асыл тұқымды сәйгүлік жылқыларды әкелу және шетел мәдениетінің Қытайда таралуы, мысалы, Үндістаннан будда дінінің енуі, батыстан музыка мен сәулет өнерінің енуі т.б. қытай халқының материалдық және рухани өмірін байыттың .(139). Сонымен, көне заманда яғни Хань дәуірі кезінде пайда бола бастаған Қытайдың Батыс аймақпен алғашқы байланыстары және сол жерлерге қытай ықпалын орнату әрекеттері кейде табысты, кейде сәтсіз болғанына қарамастан, империяның Орталық Азиядағы ұлттық мүддесін сақтау жолындағы болашақ саясатының қалыптасуына негіз қалап берді. Хань империясы құлағаннан кейінгі және Үш патшалық дәуірінде қытайлықтардың Си­ юй жеріндегі саяси белсенділігі бәсеңдейді, Си­юй жері біраз уақыт қытай билеушілерінің назарынан тыс қалады. Саяси бытыраңқылық, күшті әскери күш­қуаттың болмауы сыртқы саясатта белсенділік жасауға мүмкіндік бермеді. Яғни Қытайдың ішкі саяси дағдарысы оның назарын сыртқы жаулаушылық жорықтар емес, Қытай мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырып, күшті мемлекетті қалпына келтіруге жұмылдырды. Сыртқы саясатта белсенділік таныту үшін империяның күш­қуатын арттыру қажеттігін қытай билеушілері жақсы ұғынды. Күшті сыртқы саясатты тек күшті ішкі саясаттың нәтижесінде ғана іске асыруға болады дегенді назарға алды. Ішкі саяси­әлеуметтік дағдарыстар салдарынан сыртқы саясаттағы Қытайдың беделінің төмендеуін ақтағысы келген мемлекеттік әкімдердің бірі Хань Аньго, – «Үш патшалықтың өрлеп тұрған кезінде «варварлардың бағындыра алмағанымыз әскери күш­қуаттың жетіспеушілігінен болған жоқ, оның себебі мемлекетіміздің солтүстік­батыс жағындағы мекендейтін бұл жабайы халықтар, олардың мекендеген жерлері бізден өте аулақта, алыс аймақта орналасуында және олар күш жұмсап, бағындыруға тұрарлық адамдар еместіктен, олар үшін орталық мемлекетті шығындатудың қажеті болмадың деп жазады. (140). Көне Хань дәуірі кезінде­ақ, Қытайдың сыртқы саясатының маңызды объектісі болған Си­ юй жері тарихи оқиғаларға толы ортағасырларда да өзінің стратегиялық мәні зор аймақ екенін көрсетті. Қытайдың Си­юй территориясындағы белсенді қимылдары Суй әулетінің билігі кезінде (581­618) қайта жанданды. Бұл кезде Орталық Азия жерінде көшпенділердің аса қуатты мемлекеті ­ Түркі қағанаты құрылады. Бұл күшті мемлекет Суй әулетінің алдында солтүстік Қытайда өмір сүрген Солтүстік Чжоу және Солтүстік Ци деп аталған қытайлық мемлекеттерді бағындырып, оларға бақылау орнатқан. Суй императорлары өздерінің алдына өзекті мәселе ретінде Қытайды жалпы шет жерліктердің ықпалынан біржолата босатуды, түркілердің Қытайға төндіретін қаупін біржолата жоюды және оларға қарсы күресті ұйымдастыруды міндет етіп қойды. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру үшін Суй билеушілері қағанаттың ішіндегі саяси дағдарыстарды қалт жібермей бақылап, оны өз мақсаттары жолында пайдалануды көздеді. Өзінің құрамына көшпелі тайпаларды біріктірген Түркі қағанаты, батысында Маньчжуриямен шектес жерден басталып, Орта Азияның Шығысына дейін созылған орасан зор территорияны алып жатты, және көне қытай деректерінде бұл жерді жалпы атпен «туйзюе» деп атаған. Суй әулеті Қытайды қайтадан біріктіріп, билік басына келген кезде, Түркі қағанатының ішінде бақталастық күрес күшейіп, ол әлсірей бастаған еді. Қытайдың шебер дипломатиясының нәтижесінде Түркі қағанаты ыдырап, VІ ғасырдың 80­ші жылдарында ол екіге бөлініп кетеді. Бірақ Суй әулетінің бұл жеңісі баянды болған жоқ, Батыс және Шығыс түркі қағанаттары Қытайға шын мәнінде ешуақытта тәуелді болмастан және дербес саясатын жүргізіп, өзінше өмір сүрген. Суй билеушілерінің «Батыс аймақң жөніндегі ендігі басты мақсаты Қытайдың батыс шекарасын қауіпсіздікте ұстау, оның қайтадан бөлшектенуіне жол бермеу ғана болды. Ал бұл мақсатына Суй әулеті атақты қолбасшысы Ян Су басқарған екі әскери жорық нәтижесінде қол жеткізеді: түркілерге тойтарыс беріледі, батыстағы шекара біраз уақытқа тыныштандырылғандай болады.(141). Суй императоры Ян Ди (604­618жж.) тұсында қызмет атқарған Суй әулеті билеушілерінің батыстағы көршілерімен байланыстарына бағыт бағдар беріп отыратын аса беделді сарай қызметкері Пэй Цзюй (574­623) сарайдағы шетелдік «варварлар» істерімен айналысып, соның ішінде түркілермен байланыс және солтүстік­батыс шекара жөніндегі барлық мәселелерді басқарады. Ол түркілерге байланысты әскери және дипломатиялық жоспарларды құрып, оны іске асыруды қадағалайды. Пэй Цзюй Қытайдың солтүстік­батыс көршілермен мемлекеттік мүддесі үшін аса қажетті сауда байланыстарын кеңінен орнату мақсатын жақтайды. Император Ян­ди таққа отырысымен, Пэй Цзюй көп ұзамай оның шекара мәселелері мен хань емес ұлттар жөніндегі кеңесшісі болады. Қызметіне байланысты ол қазіргі Ганьсу провинциясы орналасқан жердегі шекара маңына және ондағы сауда мекемелеріне барып, сол жерден Орталық Азиядағы жағдайлар туралы мәліметтер жинайды. Сол замандағы өте қабілетті географ және этнограф болған ол императорға «Батыс аймақң ­«Си­юй туцзиң атты картасымен қоса жасалған еңбегін тапсырады. Бұл еңбегінде ол Қытайдың батысында және солтүстік­батысында орналасқан, шамамен 34 «мемлекеткең шолу жасап, Батысқа апаратын негізгі сауда жолдарын көрсетеді.( 142). Пэй Цзюй Суй билігінің қол астына жоғарыда аталған халықтар мен мемлекеттерді бағындыру үшін соғыс емес, бейбіт әдістерді көбірек қолдануды (оған Қытайдың қуаты мен беделі жеткілікті деп есептеді) ұсынды. Ол үшін сырт елдерге сауда елшіліктерін аттандырып және олардан келетін сауда елшіліктерін қабылдауды қолдады. Сонымен қатар шекаралық аймақтарға әскери бекіністер салып, сауда жолдарын қауіпсіздендіріп, ол жерлерді қытайлықтармен қоныстандыруды ұсынды. Бейбіт жолдармен, сауда қатынасы т.б. арқылы сырт жерлерді империя бақылауында ұстауды ұсынған Пэй Цзюйдің саясатын сынап, барынша қатаң қадам жасап, әскери басқыншылық жолдарын ұсынған оның қарсылас оппоненттері де болды. Бұл ұсынысты жақтаушылардың әрекеті онша сәтті бола қойған жоқ. Суй әулеті тұсында Си­юй аймағы Қытай билігіне бағынбаған күйінде өмір сүріп жатты.(143). Суй әулетінің түркілермен соғысындағы кейбір жеңістері оның одан әрі саяси дамуына жеткізбеді, себебі көп ұзамай, Суй әулеті билеген Қытай корейлік Когуре мемлекетімен соғыста жеңіліс тауып, содан қатты әлсіреп қалған еді. 618 жылы Суй әулетінің билігі тарих сахнасынан кетіп, Қытай мемлекетінің билік басына ортағасырлардағы аса қуатты Қытай империясын қайта өмірге әкелген Тан әулеті (618­907) келеді. Тан билеушілері өзінің «варварң көршілерімен байланыстарын бірден басқыншылық жолмен емес, құйтырқы қытай дипломатиясы мен саясатының әдіс­айласын шебер пайдалану арқылы жүргізуді көздеді. Тан әулеті билік құрған кезде Си­юй жері дүниежүзілік өркениеттің әртүрлі өкілдерінің мәдени жетістіктерінің кең таралған, түйіскен орталықтарының бірі болды. Мұнда үнділік те, араб­парсы мәдениеті де, таяу­шығыс мәдениетінің элементтері және қытай өркениетінің іздері кездесті. Ұлы Жібек жолының жер шарының әр түкпіріне таралар өкпе тұсында тұрғандықтан да бұл аймақ осындай тарихи мәдениеттердің түйіскен ошақтарының біріне айналған еді. Орта ғасырлардағы Тан әулетінің атақты саяхатшысы Сюань­Цзан да 618 жылы Будданың қасиетті орнына тәу ету мақсатымен сапарға шыққанда өзінің Үндістанға сапарын Батыс аймақ арқылы өтетін халықаралық сауда жолымен жүріп өткен. Орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы Шығыстан басталғанда Чанъань қаласынан шығып, Хуанхэден өтіп Ланьчжоуға бет алып, одан әрі Тянь­Шанның солтүстік беткейін бойлай Ұлы Қытай қабырғасының батыс жағын ала отырып, Си­юй жеріне аяқ басады. Енді осы жерден бастап жол бірнеше тармаққа бөлініп, жан­жаққа ­ Такла –Макан шөлін солтүстігінен де, оңтүстігінен де айналып өтіп таралған. Солтүстік тармақ Хами, Тұрфан, Бешбалық, Шихо оазистері арқылы Іле өзені аңғарына; орта тармақ Чаочаннан Қарашар, Ақсу және Бедел асуы арқылы Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына; оңтүстік тармақ ­Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістанға, Жерорта теңізіне апарды, бұл тармақтар – «Оңтүстік жолң деп аталды. Ал «Солтүстік жолң Қашғардан Ферғанаға, одан әрі Самарканд, Бұқара, Мерв арқылы Сирияға дейін созылды. VІ­VІІ ғасырларда Ұлы Жібек жолының Орталық Азиялық тармақтары өте күшті дамуға жеткен. Сауда керуендері енді Оңтүстік Қазақстан жері арқылы өте бастаған. Себебі бұл жерде Түрік қағанаты орын тепті және ол бүкіл орталықазиялық бөлігі стратегиялық маңызға ие болады. Негізгі трасса жол Қытайдан Шығыс Түркістанға, одан Орталық Азияға – Иранға – Сирияға қарай бет алған. Тан империясының билеушілерінің де көздеген мақсаты осы қызу өмір қайнаған Ұлы Жібек жолының орталықазиялық тармағына бақылау орнатып, оған ие болу еді. Сондықтан Шығыс Түркістан империяның көз тіккен стратегиялық маңызы зор объектісі болды. Алғашқы Тан императорлары Гао Цзу (Ли Юань, 618­627) және Тай Цзунның (Ли Шиминь, 627­649) өте икемді ішкі және сыртқы саясаттарының нәтижесінде империя күшейіп, жетінші ғасырдың 40­шы жылдарында қорғаныстан енді шабуылға көшетіндей жағдайға жетеді. Оған мысал ретінде 630 жылғы шығыс түркілерді жеңіп, 640 жылы Тұрфан ойпатындағы оазистік Гаочан мемлекетін басып алуын айтуға болады. Осы оқиғаға дейін Тан билеушілері Батыс түркі қағанымен құда болып, туысқандық қатынас орнатып алады. Ал Шығыс түркі қағаны бұл кезде ұйғыр тайпаларының коалициялық тобымен күресіп, жеңіліс тапқан соң, Қытайдың оңтүстік шекарасына қарай ығысады, осыны пайдаланған қытай әскерлері шығыс түркілерді талқандап тастайды. (144). Осылайша Шығыс Түрік қағанаты өзінің өмір сүруін тоқтатады. Осы тарихи маңызы зор сыртқы саясаттағы зор табыстан кейін, Қытай өзінің жалпы сыртқы жағдайын нығайтып қана қоймай, өзінің ежелден келе жатқан басты арманы ­ Ұлы Жібек жолының, яғни Батыс пен Шығысты сонау көне дәуірден бері жалғастырып келе жатқан ірі сауда қан тамырының өн бойына бақылау орнату мақсатына бір табан жақындайды. Шығыс Түркі қағанатын жойғаннан кейін, екінші Тан императоры Тай Цзун Орталық Азиядағы маңызды ауданға орын тепкен, Тұрфан ойпатының тәуелсіз мемлекеті Гаочанға қарсы әскери жорық ұйымдастырады. 640 жылдың аяғында бұл мемлекетте құлатылып, оның жерінде көп ұзамай Аньси елді мекені (духуфу) құрылады. Аньси қытайшадан аударғанда «тыныштандырылған Батыс деген мағынаны білдіреді. Енді бұдан былай бұл территория Тан билеушілерінің Тянь Шаньнің шығыс сілемдерінің солтүстігіндегі Бешбалық ауданын бағындыру үшін пайдаланатын жеріне айналады. Сөйтіп Тан империясы тұсында Тұрфан мен Құмыл ресми түрде Қытайға тәуелді аймаққа айналып, империя құрамына кіреді. Тан империясының шекарасы шамамен Қарашар оазисіне дейінгі аймаққа созылды деп жазылған Таң әулетінің жылнамаларында. (145). 640 жылдан кейін Тан империясының шабуылы барлық бағытта бұрын болмаған ауқымда өрістейді. 647 жылы Шығыс Түркістан жеріне жасаған табысты шабуылынан кейін он жыл өткен соң, Су Динфан басқарған Тан әскерлері Батыс Түрік қағанатын да күйретіп тынады. (146). Осы орта ғасырлар кезеңінде, қазіргі Синьцзян жеріндегі жағдай өте шиеленісті, шым­ шытырық оқиғаға толы болады. Өйткені бұл жерде Тан әулетінің немесе жергілікті қала­ мемлекеттердің және жекелеген көшпелі халықтардың мүдделері түйісіп қана қойған жоқ, сол кездегі әскери қуаты өте күшті Тибет мемлекетімен де кескілескен күрес жүреді, себебі тибеттіктер де Тан әулеті сияқты Түрік қағанатының жеріне ие болу мақсатын көздеген болатын. Қашқария жеріндегі жергілікті мемлекеттік бірлестіктер Қытай үстемдігіне қарсы күресте тибеттіктердің көмегіне жүгініп, олармен одақтасқан кездері де болды. Ал Жоңғария жеріндегі бұрынғы қираған Батыс Түрік қағанатының орнындағы саяси билік үшін күрес жағдайды тіптен шиеленістіріп жіберді. Кейбір жергілікті билеушіліер Қытай жағына сатылып, солардың көмегіне арқа сүйегендіктен, Тан әулеті солар арқылы бұрынғы қағанат жерін отарлауды көздеді, олар осылайша Ұлы Жібек жолын бойлай орналасқан қағанат жеріне әскери шабуылдар нәтижесінде немесе құйтырқы дипломатия жолымен де бақылау орнатып, әскери гарнизондар орналастырып өз билігінде ұстамақ болды. Ал бақылауға алған жеріндегі жергілікті билік басына бәрібір түркі билеушілерін қалдырып, оларға тек қытайлық әскери немесе азаматтық шен­атақ беріп қана қойған. 692 жылы Тан әскерлері Қашқария жеріне әскери гарнизондарын орналастырып, тибеттіктердің үстемдікке ұмтылған, Қытайға қарсы әрекеттерін тойтарып, бұл жердегі Қытайдың билігін қайта қалпына келтіреді.(147). Тан империясының «Батыс аймаққа» толық билік ету мақсатына үлкен кедергі болған Тибет мемлекеті еді. Тибеттік аса күшті билеушілер де Ұлы Жібек жолының бойына бақылау орнату мақсатымен Қашқария мен Ганьсу коридорына ие болуды көздеді. Тан әскерінің басқыншылық шабуылына қарсы күресте Орталық Азияның солтүстік­батыс бөлігін мекен еткен халықтардың да тибеттіктерден көмек сұраған кездері де болған.(148). Тан империясының Тибетпен соғыстары алма­кезек жеңістермен жүрді, өйткені Жоңғария мен Қашқария жерінде жергілікті қала­мемлекеттер арасындағы өзара бақталастық күрестер тан әулетінің билігінің өсуіне мүмкіндік бермеді. (149). Сондай­ақ Тан билігіне Түргештер әскері де қарсы тұрды. Түргештер батыс түркілердің мемлекетін VІІ ғасырдың аяғында қайтадан орнатқан тайпалар еді. Түргеш қағаны екі майданда бірдей соғыс жүргізіп отырған. Оңтүстігі мен батысында Араб халифатымен, шығысында Тан империясымен күрес жүргізген. Түргеш қағаны Сулук өте қабілетті дипломат болған. Ол барлық дипломатиялық және әскери шеберлігін пайдаланып, қытай әскерлерінің Орталық Азияға билік жүргізу мақсатына кедергі жасап, тосқауыл қоя білген. 717 жылы ол тіпті Тан империясының астанасы Чанъань қаласына дипломатиялық сапар шегіп, үлкен табысқа жетеді, 726 және 727 жылдары түргештер, тибеттіктермен екінші рет одақтаса отырып, Шығыс Түркістандағы Тан әулетінің тірек бекінісі Кучаны екі рет қоршауға алады.(150). VІІІ ғасырда Тан әулетінің Орталық Азиядағы ықпалы айтарлықтай мықты бола алған жоқ. Тибеттіктермен соғыс ондаған жылдарға созылады. 730 жылы бұл екі мемлекет арасында бейбіт келісімге қол қойылады. Соған қарамастан, тибеттіктер Қашқариядағы бірқатар маңызды жерлерді басып алады да,Қытайдың Орталық Азиядағы ықпалы өте қиын жағдайда қалады. Тибет мемлекеті барынша күш қуатына жетеді, арабтар Орта Азияға бекінеді, ал Шығыс Түрік қағанатының қираған орнында өте күшті ұйғыр қағанаты (744­840) құрылады. Тан империясы тіпті кейбір кездері ұйғырларға тәуелді болып, оған алым­салық та төлеп тұрған. Тан империясын ішінен ыдыратып, оның құлауына себеп болған Ань Лушань көтерілісі кезінде Тан әулеті ұйғырлардан көмек сұрауға мәжбүр болған. Тан империясы әлсіреп, күйреуге ұшырай бастаған кезде, тибеттіктер Қашқариядағы қытай билігін жояды, сөйтіп ұйғырлар енді Аньси мен Бэйтинге бақылау орнатады. Тан империясының Орталық Азияға бекінбек болған соңғы әрекеті 748 жылы әскери қолбасшы Гао Сяньчжи бастаған жорықпен аяқталады. Алғашқы кезде біраз жеңістерге жеткен қытай әскерлері Тянь­Шань тауы маңайындағы кіші­гірім елді мекендерге ие болады. Бірақ, 751 жылы Тан әскерлері Талас өзені бойында Араб халифаты әскерінен тас­талқан болып жеңіледі. Осы оқиғамен Тан империясының Орталық Азиядағы әскери жорығының тарихы аяқталады. ІХ­Х ғғ. Шығыс Түркістан жерінде ұйғырлардың Кочо мемлекеті мен түркі тектес тайпалардан құралған Қараханидтер мемлекеті өмір сүрді. Бұл мемлекеттерге Қытайдың елеулі ықпалы болмаған. Олар Қытайдан гөрі көбірек Орта Азия халықтарымен байланыста болған. Тан әулетінен кейін Қытайда билік құрған Сун (960­1279) дәуірінде, бұл әулет билеушілері Орталық Азияға үстемдік орнату саясатынан аулақ болды. Сун әулеті тұсында Шығыс Түркістан жерінің Қытаймен байланысы мүлдем үзілген десе де болады.(151).

Читайте также:  Герман әкімшілік әділет жүйесіндегі судьялар мәртебесі

Оставить комментарий