ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ РЕСМИ ІС-ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады. Бүгінде еліміздегі іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуге көшуі қазақ тілінің мәртебесін көтеруде маңызды рөл атқарады. Осыған орай қытай тілінің ерекшелігіне сай салыстыра қарасақ , мұнда қытай тіліндегі ресми құжаттардың түрлері мен оларды топтастыруға тоқталуға болады. Қытай елінің бес мың жылдық тарихы бар, осыған сай қытай тілі де қай жағынан болсын ерекшеліктерге толы. Осында қытай тіліндегі ресми құжаттардың ерекшеліктеріне және олардың жазылу ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, қытай тіліндегі ресми іс құжаттар шамамен төмендегідей үш топқа бөлінеді: I . Басқару органдардың басқару, реттеу қызметіне қатысты құжаттар: Өтініш, арыз, тіркеу карточкасы, аннотациялық парақ, өмірбаян-резюме, кеден декларациясы, мінездеме, жеке іс парағы, хабарландыру, хаттама. II. Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар: Қолхат, кепілхат, сенімхат, келісімшарт, шарт, тапсырыс. III. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар: Бұйрық, қаулы, жарғы, мемлекетаралық шарт, заң, ереже, декларация, үндеу. Төменде кейбір ресми іс қағаздардың қытай тілінде жазылу ерекшеліктеріне тоқталамыз. Кез келген ресми құжат қоғамдық және еңбек қарым-қатынастарын реттейтіндіктен, демек, ресми тілде қолданылатын тілдік құралдарды, емле ережелерін пайдалануға нақты талаптар қойылады. Ләззат Дүйсенбекованың оқулығына сүйенсек төмендегідей талаптарды қарастыруға болады. Ресми құжат – тұтас құрылым, сондықтан онда: ● Мазмұнының қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалуы (жазылуы) тиіс; ● Тұжырмдар дәл, нақты түрде болуы тиіс; ● Сөздер мен терминдер нақты өз мағынасында пайдаланылуы тиіс; ● Терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі сақталуы тиіс; ● Бірнеше варианттағы терминдердің мүмкіндігінше мемлекеттік терминология комиссиясы тарапынан бекітілген немесе ресми тілде стандартталған, сондай-ақ жазба тілде қолдану жиынтығы жоғары (нормаға айнала бастаған) тұлғасы пайдаланылуы тиіс; ● Қазіргі әдеби тілдің нормасында көбейген сөздер, сирек қолданыстағы сөздер, бір қолданыстағы сөздер болып саналатын лексикалық элементтер, сондай- ақ бейнелі, образды фразеологизмдер, қарапайым лексикаға тән тұлғалар қолданылмайды; ● Талдаудың, шешімнің мазмұны екіұдайлық тудырмас үшін көсемсөз стилінің, ауызекі сөйлеу тілінің тілдік- стильдік элементтері араластырылмауы қажет /1/. Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру, онда құжаттармен жұмыс жасаудың қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы да жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі. Әрине ресми іс құжаттарды жазу стилі көптеген мемлекеттерде ұқсас, онда берілетін мәліметтер де бірдей болуы мүмкін. Дегенмен әр елдің өзіндік тіл ерекшелігіне, заң-ережелеріне сәйкес айтарлықтай айырмашылықтары да бар. Қытай тілімен салыстырып қарастырар болсақ, біздің еліміздегі іс қағаздарындағы көптеген терминдер орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы өзге тілден енген, және сол терминдердің біразы өзінің қазақ тіліндегі нақты баламасын таппай сол күйінде қолданылып жүр. Ал қытай тіліндегі ресми іс қағаздарда шетел сөздерінен тікелей сөзбе-сөз енгізілген термин сөздері ешқашан кездеспейді, кейбірі арнайы қытай тіліне аударылған, кейбірі ертеден келе жатқан термин сөздер. Жалпы іс-қағаздарының түрлері өте көп, маман ғалымдардың қарастыруынша олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында негізгі орын алатын құжаттарды жалпы мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттар деп алып, олардың өзін де іштей бірнеше топтастыруға болады. Сондай-ақ іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеді. Формасына қарай типтік және трафареттік болып бөлінеді. Ал жасалу орнына қарай мекеменің ішкі іс қағаздары және сырттан келіп түсетін іс қағаздары болып бөлінеді. Шығу, жасалу сатысына қарай түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді. Алқалық ұйымдардың да құжаттары іс қағаздарының бір түрі ретінде қаралады. Ұйымдық-өкілеттік құжаттар іштей ұйымдық, өкілеттік және анықтама- ақпараттық болып үшке бөлінеді. Ұйымдық құжаттарға мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуына қатысты құжаттар, басқару аппараттық құрылымы, құрамы, штат кестесі, ішкі жүйе тәртібі, құрылымдық бөлімшелер жағдайы, міндеттер, жарғы, ереже, нұсқау т.б. құжаттар жатады /2/. Төменде бірнеше қытай тілінде жазылған мысалдарға тоқталып, ерекшеліктеріне көз жүгіртсек. Мысалы, жеделхат – бұл телеграф арқылы берілетін жедел сипаттағы құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері болғанымен де, жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Қытайша жазылған жеделхатқа назар аударсақ, қытай тілінде жазу құралы иероглиф боғандықтан, жеделхат иероглиф санымен саналады, жеделхаттың жіберу ақысы және жазу барысында тыныс белгілері қолданылмайды, себебі ақша үнемдеуге болады. Мұнда әрбір иероглифке 13 тиын ақша алынады, әрі 20 иероглифтен аспауы керек, осы 20 иероглифпен өзіңнің қысқаша тілегіңді жазып білдіресің. Тағы бір мысал, электронды ақша салу, бұл алыстағы белгілі бір адамға мендік алған 15 жылдан астам уақыт ішінде еліміздің экономикасы алға өрлеп, ғылым мен техника дамып, мәдени байланыстар ауқымы кеңейе түсуде. Мемлекетіміз әлемдік сахнада өз орнын қалыптастыра бастады, өзге мемлекеттермен арадағы дипломатиялық және достық қарым-қатынасын орнатты, және де әр салада өзара бірлесе даму мүмкіндігіне ие болды. Өзге мемлекеттердің ғылыми-техникалық жетістіктерін игеріп, экономикалық дамуының озық үлгілерін қабылдау, әрине еліміздің болашағы үшін өте тиімді, дегенмен әр ел басқа мемлекетпен қарым- қатынас жасарда ең алдымен өз мүддесін, өз ұлтының қамын ойлайды, сол себепті де жалпы кез келген мемлекетпен байланыс жасау үшін, сол елдің тарихын, салт- дәстүр, әдет-ғұрпын, яғни жалпы мәдениетін, дінін, ділін біліп, жан-жақты зерттеген жөн. Ал бұған, ең алдымен сол елдің тілін игеру арқылы қол жеткізуге болатыны сөзсіз. Сондықтан да кейінгі кезде елімізде шет тілін игеру кең етек алды деп айтуға болады. Елімізде бұрыннан-ақ кейбір шет тілдері оқытылатын,мысалы, ағылшын, неміс, француз сияқты батыс тілдері. Ал соңғы кезде, шығыс тілдеріне көбірек көңіл бөлінуде, мұның себебі кейінгі кезде шығыс елдерінде, шығыс қоғамында болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістер екені даусыз. Шындығында шет тілін игерудің маңыздылығы қаншалықты болса, оны оқып-үйренудің және оқып-үйретудің қиыншылығы да соншалықты. Әрине кез келген тілді үйренуде оның өзіне тән әдіс- тәсілі болатыны анық. Өзіміздің ана тіліміз қазақ тілі генеалогиялық топтастырылуы бойынша түркі тілдері қатарына, ал типологиялық жағынан агглютинативті типке жатса, бүгінде жер бетіндегі адамдардың тең жартысынан көбі пайдаланып отырған қытай тілі генеологиялық топтастырылуы тұрғысынан қытай-тибет тілдері жүйесіне жататын, әлемдегі тарихы ең ұзын, аса іргелі тілдердің бірінен саналады. Ал типологиялық топтастырылуы тұрғысынан түбірлік, яғни аморфты тілдер тобына жатады. Әрине, әрбір халық тілінің өзіндік қалыптасу, даму тарихы, өзіне тән құрылымдық ерекшеліктері болары анық. Сол сияқты қазіргі Қытай елінің, қытай ұлтының қолданып отырған ортақ тілі путуңхуа да өзінің даму тарихында бірнеше кезқеңдерді, өзгерістерді басынан кешірді. Кең тарихи ауқымды қамтитын бұл тіл, әрине шетелдіктер үшін бірден оңайға түспейді. Фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшелігіне сай өзіндік қиыншылығы да бар. Қорыта келгенде, қай тілде болмасын ресми құжаттарды жазудың өзіндік тәртібі, реті бар екендігін аңғардық. Қытай тіліндегі ресми іс- қағаздарды жазудың да өзіндік ерекшеліктері бар. Тіпті ең қарапайым нәрсе күнді, айды, жылды белгілегенде де қытайлықтар ең алдымен жылды жазады, одан кейін айы мен күнін көрсетеді. Мұның өзі әр халықтың тұрмыс-тіршілігі, менталитетінің тілдегі бейнеленуін көрсетеді. Біздің елімізде қытай тілін оқыту мерзімі бас-аяғы 15 жылдай уақытты қамтиды. Осы уақыт ішінде тілді меңгеру жүйесі толық бір қалыпқа келтірілді деп айту қиын. Бүгінде қытай тілін оқу барысында шетел оқулықтарына, әсіресе ең алдымен орыс синология ғылымына көбірек сүйенеміз. Сондықтан бұл нәрсе қазақша қаралып, зерттелуді қажет етіп отыр. Сол себепті де қытай тілін жан- Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №1 (46). 2009 61 жақты зерттеп, оның қыр-сырын ашу біз үшін әрдайым маңызды болмақ. Ал, тақырыбымызды одан ары қарай тереңдету алдағы уақыт еншісінде.

Читайте также:  Ақтайлақтың көрегендік

Оставить комментарий