ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

Қазақ – намысшыл көшпелі халық,оның тарихы Орталық Азиямен және байтақ Қытайдан Еуропаға дейін жазылып жатқан көлемді елмен өте тығыз байланысты, көшпелі және отырықшы халықтың бірі болып келетін, осы аймақта бірнеше жүз мыңжылдықтардың бойысында орналасқан отырықшы,көшпелі халық.Қазақ халқы бүгінде 10 миллионнан асатын ұлттардың қатарында. Бұл санның үштен бірін Қазақстаннан сырт алыс, жақын шетелдерде тұратын қазақтар құрайды.Демографиялық үрдістерге объективтілік түрде талдау жасамайынша Қазақстанның сан қилы күрделі тарихын қайта жазып шығу мүмкін емес.Сол себептен тарихқа үнілместен бұрың, диаспора деген сөздің негізгі түпкі мағынасына айта кетсек, диспоралогия ғылымы жас ғылым болғанына қарамастан, «диаспора» сөзі б.з.д.586 жылдан бері белгілі. Диаспора бір халықтың тарихи отанынан басқа жерде тұратын өкілдерінің тобы болып келеді. Ал Қытайдағы қазақ диаспорасына мұндай мағына беру қате деп санаймын. Өйткені, Қазақстандағы қазақтар үшін олар шетелдегі қазақ диаспорасы болып есептелсе, ал тарихи-жағырапиялық тұрғыдан оларды өздерінің байырғы ата қонысында жасаушы қазақ ұлтының қомақты бір бөлігі деп түсінген жөн. Бұл пікірмен кейінгі кездері Қытайдағы қазақ диаспорасын тереңірек зерттеп жүрген ғалымдар да келіседі. Мысалы, белгілі шығыстанушы К.Л.Сыроежкин өзінің Қытай қазақтары туралы зерттеу еңбегінде: «Сөз тек мемлекеттік шекара арқылы бөлініп тұрған этникалық қауым туралы болып отыр» — десе, шетелдердегі қазақтардың тарихи тағдыры туралы арнайы зерттеу еңбектің авторы Г.М.Меңдіқұлова Қытай қазақтарын «қазақ диаспорасы» емес, қазақ ирреденті» (бөліндісі) деп есептейді. Қазіргі таңда Қытай шегінде 1 миллион 500 мыңнан аса қазақ жасайды.Қазақстанда әрбір қазақ Қытайдағы қандастарымыздан жеріп, оларды «оралмандар», «қашқындар» деп атой салып жатады. Оларды олай атауымыз қате деп ойлаймын, өйткені оған бірнеше себептер келтіруге болады: 1. Олар жасап жатқан аймақ геотарихи тұрғыдан алғанда байырғы Қазақ даласының бір бөлігі.Олар қоныстанып отырған жерлер қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болған байырғы үйсін, ғұн, түрік, түркеш, қарлұқ ұлыстарының тарихи Отаны. 2. Қытай қазақтарының тілі, тұрмыс- салты, діни танымы,ұлттық өнері, ән- биі, фольклоры түгелдей Қазақстанда жасаушы қазақтармен бірдей.Атап айтқанда, торқалы той, топырақты өлім, ас-мереке, ақындар айтысы т.б. бұқаралық қимылдар қазақтың байырғы салт-дәстүріне сай өткізіліп келеді. Сондай-ақ көптеген өнер қайраткерлері, әдебиетшілер өсіп жетілуде. 3. Қытай қазақтары негізінен Қытайдың Қазақстан және Моңғол Халық Республикасымен шекаралас Синьцзян ұйғыр автономиялы өлкесіне орналасқан. Бүгінде Қытай шегінде отырған қазақтардың автономиялы облысы, үш автономиялы ауданы бар. Іле Қазақ автономиялы облысы Қытайдағы ең үлкен облыс. Бұған себеп оның қарамғында бұрындары кілең қазақтар қоныстанған үш аймақтан тұратын 25 аудан мен қаланың болуы.Сондықтан әкімшілік-дәрежесіне қарай ол Қытайдағы бірден-бір орынбасар өлке дәрежелі облыс. Ал басқа автономиялы облыстар әкімшілік мәртебесі жағынан қатардағы аймақ дәрежесінде ғана. Қытай қазақтары 47 ауданға қоныс тепкен. Осыншама халық жер 225 бетіндегі қазақтардың жалпы санымен салыстырғанда өздерін азшылық санап отырған жоқ. Ал оларды 1 миллиардтан астам қытай ұлтымен салыстырғанда теңіздің тамшысындай-ақ болатынын айтпасақ та түсінікті. Қазақстанның байырғы халқы — қазақтардың демографиялық өсуі, кейбір зерттеушілердің пайымдауындай әлеуметтік-экономикалық артта қалғандығының салдарынан емес, бірқатар тарихи-саяси жағдайлардың қолайсыздығынан тікелей жапа шекті. Екі ғасырға созылған отарлық қысымшылықтан кейін, қазақтар алғашқылардың бірі болып сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің алғашқы құрбаны болды. Әсіресе өте ауыр тиген зұлматты, тым рақымсыз голощекиндік геноцидтен көшпенді қазақтар қатты күйзелді. ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша, шамамен екі жарым ғасыр бойы қазақ халқының өз жеріндегі жағдайы өте жайсыз болды. Ұжымдастыру кезіндегі асыра сілтеушіліктің салдарынан болған қатты ашаршылық, саяси репрессиялар және тағы басқасы жергілікті халықтың шекаралас басқа республикалар мен шетелдерге көшіп кетуі, қазақ халқының демографиялық жағдайының өзгеріске ұшырауына әкеледі. Қазіргі кезде Қытайдың территориясында тұрып жатқан қазақтардың әлеуметтік және мәдени жай-күйі жайлы айта кетсек. Қазіргі замандағы мәдениеттің дамуы оқу- ағарту ісінің алға басуымен тығыз байланысты.ҚХР-ның білім беру бағдарламасы «Бас бағдарламада» көрсетілген.Онда «Қытай Халық Республикасының мәдениет,білім беру істері жаңа демократиялық бағытта болады. Яғни ұлттық, ғылыми және халықтық мәдени білім беру болып табылады» деп белгіленген. ҚХР үкіметі құрылғаннан кейін Қытайдың Гоминьдан кезіндегі білім беру саласына толығымен мемлекеттік басқару түзімін орнатты. Осыған орай Шынжаңдағы қазақтардың оқу-ағарту ісі де мемлекеттік басқаруға өтті.ҚХР құрылған алғашқы жылдары бұрынғы ескі мектептерді пайдаланумен қатар, жаңа мектептер ашылып, оқу жасына толған балалар жаппай мектепке тартылды. Сонымен қатар ересектерге сауатсыздықты жою қозғалысын жүргізіп, қазақтардың сауаттануына, білім алуына жақсы жағдай жасалды. Білім алуға құштар халқымыз сауат ашуға ұмтылып, балаларын мектепке беруге белсенді болды. Оның үстіне Қытайдағы қазақ жастарының білім алуы бұрынғы негізде жүргізілді. яғии өз ана тілінде, төте жазуда, Қазақстанда басылған оқулықтар бойынша білім берілді, олар тіл-жазу қолдануда ешқандай қиыншылықтарға ұшырамады. 1958 жылға дейін қазақтар коныстанған аудан, ауылдардың барлығында мектептер салынып, оқу жасындағы балалардың 90%-ы мектептерге барды. Орта мектеп бітірген қазақ жастары мемлекеттік және өлкелік жоғары оқу орындарына жіберілді.1961 жылғы толық емес сандық мәліметке сүйенсек, «тек Үрімжідегі төрт жоғары оқу орнында — 642 студент, орта дәрежелі педучилищелерде 788 бала оқыған, ол 1949 жылғыдан 13.3 есе артқан; әр түрлі орта техникумдардағы қазақ жастарының саны 231 адамға жетіп, 1949 жылғыдан 55 есеге көбейген» көрінеді. 1978 жылдан бастап Қытайдың коғамдық-саяси жағдайының оңала бастауына байланысты білім, ғылым, техника саласы тез қарқынмен дами бастады. Сонымен, Қытайдағы қазақтардың да білім беру ісі жүйеге келтіріліп, бала-бақша тәрбиесінен бастауыш, орта мектеп, орта техникум және жоғары оқу орындарына дейінгі білім берудің қазақша жүйесі қалыптасты. 1982 жылдан бастап малшылардың балаларына арналған интернат-мектептер салынып, қазақ балаларынын білім алуына қолайлы жағдай жасалды. Соның нәтижесінде «қазақ жан басынан әр он мың адамның 1733-і — бастауышта, 487-сі — орталауда, 190-ы — толық ортада, 23-І жоғары оқу орнында оқыды».Педагог зерттеуші ғалымдардың есебінше, қазақтардың әр түрлі мектептер мен жоғары, орта оқу орындарында білім алушыларының он мың адамдық салыстырмасы бүкіл Шынжаңнын он мың адамдык салыстырмасынан жоғары тұрады екен. Бұл сөздің де жаны бар, өйткені Шынжанда қазақ тілінде сабақ беруді негіз еткен үш педагогикалық училище және бір пединститут жұмыс жүргізеді. Бұл орындарда оқитын қазақ жастарының үлес салмағы 40 %-дан жоғары тұрады. 226 Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік жағдайы негізінен ҚХР-ның аграрлық экономика өндірісімен тығыз байланыста болды. ҚХР 1950 жылдан бастап Қытайдың саяси-әкімшілік құрылымдарын қайта құруына байланысты, экономикалық жоспар мен өндіріс құрылымдарын да социалистік бағытқа бейімдеп қайта құра бастады. Алдымен ауылды кооперативтендіріп, одан соң оларды коммуналдандарды. Алғашқы жылдары экономиканы қалпына келтіру мақсатында дихандар мен шаруаларға қаржылай және техникалық көмек көрсетіп, елдің еңсесін біршама көтерді де, соңынан ауыл тұрғындарының мал-мүліктерінің Халық коммунасының меншігіне өткізіп алды. Сонымен ел қатарлы Коммунаға енген қазақтар өздері еңбек ететін егін немесе мал шаруашылық отрядтарының жылдық табысы бойынша жыл соңында бір рет ақы алуға мәжбүр болды. Анықтап айтқанда, Халық Коммунасындағы еңбекшілер әрбір өндіріс отрядтарында еңбек істейді. Бір күндік еңбектің толық бағасы 10 балл бойынша есептеледі, әр күні бригадир еңбекшілердің книжкасына сол күннің еңбек бағасын қойып отырады. Жыл соңында бухгалтер әрбір еңбекшінің бір жыл ішінде еңбекке қатысқан күнін және алған еңбек баллын есептеп, оның сол жылда отрядтан алған азық-түлігін, несие алған ақшасын есептеп, оны сол адамның отрядтан алатын еңбек ақысынан баланс жасайды. Сонда ол еңбекші отрядтан алашақ болып шамалы ақы алатын болады, не болмаса өзінің жылдық істеген еңбек ақысы отрядтан алғанына жетпей қарыз болып шығады да, ол қарызын келесі жылға еңбегімен жабуға міндетті болады. 1963-1965 жылдары бүкіл мемлекет көлемінде «Социалистік тәрбие қозғалысы» жүргізілді. Оған Маоның «Таптық күрес жүргізілсе барлық іс алға басады» деген нұсқауы басшылыққа алынды. Нәтижеде бұл қозғалыс «Солшылдық қателіктерге ұрындырды». Сондай ақ ол «Мәдени революциясын» жүргізуге идеологиялық негіз қалады. «Мәдениет» дегенді мүлде түсінбейтін ауылдықтар, не үшін және кім үшін «мәдени революциясын» жүргізіп жатқандықтарын өздері де ойлаған жоқ, әйтеуір қалаларда көтерілген «Капитализм жолына жүрген билік басындағыларды жоғалтайық!» деген ұранға үн қосып, ауыл көшелерін аралап шеру тартып, алашапқынға түсті. Сонымен халық коммунасынан тартып өндіріс отрядтарының басшыларына дейінгі аталмыш билік иелерінің барлығын қара-құрық күреске тартылып, қызметтерінен шеттетілді де, қалыпты өндіріс тәртібі бұзылып, ауыл қыстақтарда астан-кестен саяси жағдай қалыптасты. Соның салдарынан бүкіл қытай бойынша өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өнімдері 1967 жылы 9,9% , 1968 жылы 14% азайды. Соған қарамастан «Мәдени революциясы» 1976 жылға дейін (Мао өлгенге дейін) жалғасты. Сол барыста Орталық үкімет ұлттық экономиканы бірнеше мәрте реттеген болды, бірақ оның нәтижесі айтарлықтай болмады. Өйткені өндіріс қатынастарының тепе-теңдігі бұзылып, экономика саласындағы қарама- қайшылықтар әбден шиеленіскен болатын. Сондықтан «Мәдени революциясы» жылдарындағы Қытай экономикасы жалпы алып айтқанда тоқырау, құлдырау процессінде болды да, Қытай халқының, оның ішінде қытайдағы қазақтардың экономикалық және мәдени өмірі құлазыған күй кешті. Дегенмен Мао дүниеден өтіп, Ден Сяопин қатарлы көрнекті саяси тұлғалар мемлекеттік билік басына қайта оралғаннан кейін, Қытайдың саяси жағдайында оң қадамдар жасала бастады. ҚКП-ның 11 шақырылымының 3 пленумі 1978 жылы желтоқсанда Пекинда ашылды. Пленум Ден Сяопиннің идеясы бойынша аса маңызды тың шешімдер қабылдады. Атап айтар болсақ, идеяны азат етіп, шындыққа бет бұру: компартиясының мемлекет қызметінің салмағы социалистік модернизацияға қою, халық шаруашылығын реттеп, ауылшаруашылығының дамуын тездету, ғылым-техника мен білім беруге назар аудару, әлеуметтік реформа жүргізу және есікті ашық ұстау сияқты тарихи маңызға ие саяси шешімдер қабылдады.1980 жылдан бастап Қытайдың ауыл шаруашылық экономикасы дамуға бет алды. Қазақ қазіргі өскелең халықтардың бірі. Оның демографиялық мүмкіндігі өте зор. Тәуелсіздік алған елімізге шет елдерден ағылған ұлы көштің алды атамекенге ат басын тіреп, тұрақтанып та жатыр. Өз отанына қайтқан репатрианттардың Қазақстанға құт- береке алып келері сөзсіз. Оларды өздерінің ата қонысына дұрыс орналастырған жөн. Өз 227 қарашаңырағына қайтқан бауырларымыздың ата кәсіпке, ұлттық дәстүрге, дін мен тілге бейімділігін орынды пайдалана білсек, Қазақстанды өздерінің қарашаңырағы ретінде құлпырта түсуге олардың да күш-жігері жеткілікті. Төрткүл дүниедегі қазақ халқының кіндік жұрты, қара шаңырақ – Қазақстанымыздың тәуелсіздік алуы ең алдымен ұлттың зиялы қауымын жер жүзіндегі барша қазақ баласының тағдырын толағай ойлап, өткен кеткенді зерделеп, болашаққа сеніммен қарауға, сол жолда бар қазақты рухани тұтастыққа шақыруға үндеп отыр. Бұл күн тәртібінен түспеуі керек. Біз айтып жүрген рухани тұтастық тіл, тарих, әдебиет пен өнер, ғылым-білім т.б. салалардан көрініс табуы керек. Ол ешқашан өзге елдердің, өзге ұлттардың мүддесіне қайшы келмеуі тиіс және қайшы келмейді де.

Читайте также:  ШИИЗМДЕГІ САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Оставить комментарий