ҚЫТАЙДАҒЫ ОРЫС ДІНИ МИССИЯСЫ ЖӘНЕ МИССИОНЕРЛІК ҚЫЗМЕТ

Орыс православие шіркеуінің тарихы қазіргі уақытта қоғамның, тарихшылардың және дін ілімін зерттеушілердің назарын өзіне аударып отыр. Қазіргі тарих ғылымында дін мен шіркеу туралы жаңа түсініктердің қалыптасып және орнығуы, бұрын жетекші болып келген қара- пайым тұжырымдар мен әрқилы стереотип- терден бас тарту жүріп жатыр. Баспасөз бетте- рінде діннің әлеуметтік статусының қалыптасқан және әдеттегі бағасы жөнінде таластар көбейіп, дін мен шіркеудің тарихтағы, қоғамдық өмірдегі, рухани мәдениет жүйесіндегі орны туралы, сондай-ақ оның халықтардың ұлттық санасының дамуындағы, жалпыадамзаттық құн- дылықтарды қорғаудағы орны жөнінде де кең пікірталастар барынша қанат жаюда. Зерттеулердің дербес және нәтижелі бағыт- тарының бірі Орыс православие шіркеуінің миссионерлік қызметін зерделеу болып отыр, оның көптеген беттері кеңестік тарих ғылы- мында сөз болмаған еді. Миссиялар үкіметтің ішкі және сыртқы саяси міндеттеріне сәйкес қызмет етті. Миссионерлік қызмет мемлекеттің айрықша бақылауында болды, мемлекеттік сая- сат дәрежесіне көтерілді, онымен Ресей мүдде- лері сәйкестендірілді. Миссия әрекетінің үкімет тарапынан реттелуі, олардың мемлекеттік қар- жыландырылуы мен қолдауы христиандан- дырудың әдеттегі сипаты еді. Орыс православие миссиялары жанқияр- лықпен әлемнің көптеген жерлерінде қызмет етті: Иерусалимде (1847), Урмияда (Персия, 1898), Жапонияда (1871) және Сеулде (Корея, 1897). Өзінің ашылуы жағынан ең алғашқысы болған Қытайдағы Орыс діни миссиясын зерт- теу аса қызығушылық туғызады. Ол XVIII-ХХ ғасырдың басы аралығында қызмет жасады. Бұл шетелдегі бірегей орыс мекемесі болды, ол тек Қытайда тек Орыс православие шіркеуі ғана емес, сонымен бірге орыс мемлекетінің де өкі- леттілігін білдірді. Миссия орыс-қытай қатынас- тарының орнауында маңызды рөл атқарып, Қытайды ғылыми зерттеудің орталығы, алғаш- қы орыс қытайтанушыларын дайындайтын мек- теп болды. Пекин миссиясының ерекшелігі, сонымен қатар оның тарихы мен ғылымға қос- қан үлесінің бірқатар ғылыми жарияланымдарда көрсетілуінде. Діни миссияның қызметі тарихи әдебиетте әртүрлі бағаланады: оның үлкен же- тістігін мойындаудан бастап оның нәтиже- лерінің мардымсыз екендігін дәлелдеуге дейін. Бағалаулардың біркелкі болмауы православие дінінің өзге әлемдік діндермен әрекеттесуінің күрделі үдерісінен, Орыс православие шіркеуі- нің миссионерлік тәжірибесінің католик және протестанттық миссионерліктен өзгешелігінен туындады. Азаматтық және шіркеулік тарих өзара тығыз байланысқан. Шіркеу тарихын зерттеу тарих ғылымының қазіргі заманғы талаптарына сай болуы тиіс. Бұл жерде басты назар Пекиндегі Орыс діни миссиясының жаңа кезеңдегі орыс-қытай қаты- настарындағы рөліне, оның Ресей мен Қытай мемлекеттеріндегі сыртқы саяси және мемлеке- таралық жүйелеріндегі орнына аударылады. Өз қызметінің шамалы көлеміне қарамастан, Пра- вославиелік миссия Қытайда тек ресми діни сипаты бойынша ғана емес, сонымен бірге орыс миссионерлерінің ішінде көбінесе кәсіби болма- са да қабілетті дипломаттардың, сондай-ақ ірі ғалым-шығыстанушылардың болуының арқа- сында орнығып қалды. Осы себептердің арқа- сында орыс православиелік миссионерлері Цин империясының сарай төрелері арасында да, қарапайым тұрғындар арасында да елеулі бедел- ге ие болды. Прагматизмге жақын Қытай қоға- мында қандай да бір сыртқы діни форманың кең етек жая қоюы өте күрделі үдеріс, сондай болса да орыс православие Шіркеуінің қытайлықтар арасында православие дінін уағыздауға талпы- ныстары ерекше болды. Пекин діни миссиясының қызметін қарас- тыру барысында төмендегі бірқатар мәселелерді қарастырған жөн: а) Орыс діни миссиясының өмір сүруінің құқықтық негіздерін және оның қызметінің ұйымдастырушылық принциптерін қарастыру; б) діни миссияның миссионерлік қызметін, Қытайдың христиандалу мүмкіндігін және осыған сәйкес православие таратудың әдісін, сипаты мен тәсілдерін сараптау; в) Орыс діни миссиясының Ресейдің Қытай- дағы дипломатиялық өкілдігі ретіндегі қызметін зерттеу; г) миссионерлердің Қытайды және онымен көрші елдерді зерттеудегі үлесін, мисияның мәдени-ағартушылық жұмысын көрсету; д) миссия басшыларының Пекин діни миссия- сы тарихындағы орнын және олардың екі мемлекет арасындағы дипломатиялық және мә- дени қатынастарының дамуындағы рөлін айқындау. Сібір мен Қиыр Шығысты алғашқы орыс ашушылары 1665 жылы шекаралық Албазин бекінісін тұрғызды. Албазин казактары жергі- лікті халықтан ясак-алым жинап, оны Нерчинск арқылы Мәскеуге жіберіп отырды. Орыс қоныстанушыларының Амурдың сол жағалауына орналасқаны көп кешікпей-ақ манч- журлық Цин империясының билеушісіне мәлім болды. Бірден орыстарды Амур жағалауынан қуып шығуға шаралар жасалына бастады. Импе- ратор Кансидің бұйрығымен манчжурлар 1685 жылы Албазинді басып алды. Оның тұрғын- дарын тұтқындап Пекинге алып кетті. Тұтқын- далғандардың ішінде священник Максим Леонтьев те болды. Ол 1712 жылы Петр І бұй- рығымен ресми түрде Қытайдағы Орыс діни Миссиясы ашылғанға дейін дінбасы қызметін атқарды. Император Кансидің рұқсатымен Пекиннің солтүстік-шығыс бөлігіндегі ламаис- тік ғибадатхана орыс тұтқындары үшін қайта жөнделді, ал орыстар болса әскери сословиедегі қытайлық бодандықты қабылдады. Кішкентай шіркеу Қасиетті және Керемет жасаушы Нико- лайдың құрметіне атады. Сол кезден бастап қасиетті Николай Аспанасты еліндегі барлық православие дінін ұстанушылардың құрметіне бөленді. Миссияның тарихы өнегелік болды: ғасыр- лар бойы қытай және манчжурлармен араласып кеткен албазин казактарының ұрпақтары ара- сында провославиелік сенімді сақтап қана қой- май, сонымен бірге дипломатия және ғылымда үлкен із қалдырды. Солардың арқасында ресей- лік шығыстанудың негізі қаланды, олардың нәтижелі еңбектерінің нәтижесінде Ресей мен Қытай бірде-бір рет соғыспады. Миссияның алғашқы архиерейі болып 1721 жылы Иннокен- тий (Иркутский) әкей тағайындалды. Бірақ ол Кяхтаға келгенімен шекарадан өте алмады. Қытай сарайында ықпалы бар католик миссио- нерлерінің белгілі православие епископының мұнда келуін қаламағаны анық болды. Солар- дың айтуымен митрополит Иннокентийдің Қытайға келуіне император рұқсат бермеді. Кейіннен Иннокентий әкей Иркутскідегі Возне- сенск ғибадатханасында миссионерлік мектеп ашып, мұнда моңғол және қытай тілдерін үйре- нуге үлкен маңыз берілді. Миссионерлік ылғи да Орыс Православие Шіркеуі қызметінің бағыттарының бірі болды. Және де орыс православие діндарларының Қы- тайға айрықша қызығушылығы туындады. Пра- вославие дінін уағыздау 1685 жылдан 1917 жылдар аралығында жақсы жүргенмен де, бұл аралықта афтокефальды Қытай православие Шіркеуін құруға қол жеткізілмеді. Осы тақырыпқа қатысты материалдар Қытайдағы Орыс православиелік миссиясының қызметін төмендегідей кезеңдерге бөлуге жол береді: І кезең (1713-1808) Пекинге тұрақты мис- сионерлер жіберу туралы келісімге (Кяхта келі- сімі, 1727) қол жеткізген уақыттан бастап мис- сия құрамын жасақтау және оның саяси-дип- ломатиялық және ғылыми міндеттерін белгілеу уақыты. Миссионерлер қытай және маньчжур тілдерін білетіндіктерін пайдаланып, Қытайды ғылыми зерттеуді бастайды. 1745 жылы Пекин- ге ресей сауда керуендерін кіргізбеу миссионер- лерден Цин империясының ішкі саяси жағдайы туралы шұғыл ақпараттарды алуды белсенден- дірді. ІІ кезеңде (1808-1864) миссияның басты функциялары толығымен айқындалды: право- славиелік қауымдағы жұмыс; білікті аудармашы мамандар дайындау; Цин сарайындағы тұрақты дипломатиялық өкілдік. Осы уақытта миссияда тәрбиеленген және қалыптасқан шығыстанушы мамандардың негізінде орыс қытайтануының берік негізі қаланды және оның көрнекті өкілдері пайда болды. ІІІ кезең (1864-1917) 1858 жылдан бастап бүкіл Қытайдың территориясында правосла- виелік миссионерлік қызметке рұқсат етілгенді- гімен, ал 1864 жылы миссиядан дипломатиялық міндеткерліктер алынып, оның Синодтың қара- мағына өтуімен сипатталады. Бұрынғысынша миссия үкіметке қажетті маман аудармашылар, сарапшылар, дипломатиялық қызметкерлер дайындауын жалғастыра берді. Елді ғылыми зерттеу де тоқтатылмады. Бұл кезеңді екі сатыға бөлуге болады: 1864-1898 және 1898-1917. Бі- рінші сатыда жаңа жағдайларға байланысты қа- сиетті және құдайға құлшылық кітаптарын аудару жұмысы жандандырылды, дінге кірген- дер саны өсті. Екіншісі владыка Иннокентийдің (Фигуровский) Пекин миссиясын қайта құру мен ихэтуандар көтерілісінен (1900) кейін қайта қалпына келтіру қызметімен байланысты. Бұл миссияның ең гүлденген және игіліктенген кезеңі болды. Православиелік миссионерлер Қа- зан төңкерісін (1917 ж.) қабылдай алмады. 1921 жыл Пекин миссиясы Орыс шетелдік шіркеуінің құрамына өтті. V кезең Миссияның Қытай Республикасы және Қытай Халық Республикасы құрамындағы қызметінен тұрады. Бұл кезеңде миссионерлік қызмет кейінгі орынға қойылып, басты жұмыс орыс эмигранттарына қамқорлық көрсетуге ба- ғытталды. Православиенің Қытайдың діни кешеніндегі жағдайының сөзсіз тұрақтылығын атап өтуге болады. Миссионерлік жұмысты өзінің болуы- мен атқаратын шіркеу миссиясын правосла- виелік түсіну, орыс миссионерлерінің керенау- лық тактикасын айқындады. Дегенмен бұл қа- сиет католик шіркеуінің қатал ұйымдық құры- лымы мен оның қызметіндегі айқын байқалған отаршылдыққа қарағанда қытайлықтардың ал- дында артықшылық болды. Өз қызметінің ұзақ уақытында (XVIII ғасырдан бастап) Пекин діни миссиясы Ресей мен Қытай арасындағы саяси, ғылыми, мәдени және діни байланыстардың дамуына үлкен үлес қосты. Қытайлықтарды христиандандыру тал- пыныстары рухани құндылықтарды өзара алма- су үдерісінің бастауы болды, бұл өз кезегінде Орыс православие шіркеуінің миссионерлік тәжірибесін объективті өзгертуге әкелді. Ресей миссионерлерінің уағыз саласындағы жұмысы ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан жандана түсті, бұған Қытайдың бүкіл территориясында діни насихаттауды жүргізуге жол беретін халықаралық келісімдердің тиісті баптары әсерін тигізді. Ресейдің сыртқы саяси және шіркеулік орындарының шектеулеріне қарамастан, Діни миссия мүшелері миссио- нерлік қызметтің әртүрлі құрылымдарын дамы- ту бойынша қызметтерін арттыра түсті: Цин империясының көптеген аудандарында право- славиелік храмдар мен миссионерлік орталық- тар пайда болды; православиелік білім беруді ұйымдастыру бойынша жұмыстар кеңейтілді; уағыз жүргізу (қытай тілінде) және жергілікті тұрғындардан жаңа дінге кірушілерді дайын- дауға айрықша көңіл бөлінді, бұған қытай- лықтардан шыққан священниктер арнайы тар- тылды. Діни миссия мүшелерінің рухани- ождандық жұмысының айрықша түрі Қытай- дағы Ресей азаматтарының діни мұқтаждық- тарын өтеу болды. Ерекше атап өтетін оқиға, ихэтуандар көтерілісінен (1898-1900) кейін, 18- Миссияның басшысын епископ тағайындау және Қытай территориясында тиісті алғашқы православиелік епархияның құрылуы еді. Бұл Пекин діни миссиясына, біріншіден, Цин империясының аумағында қызмет ететін басқа батыстық христиандық миссиялар деңгейіне біраз жақындауға мүкіндік берді, ал екіншіден, бұл тұрғылықты халық арасында миссионерлік жұмысты жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты. Осылайша, Ресей Діни Миссиясы сыртқы саяси аренадағы тікелей қызметтен кеткеннен кейін ғана өзінің ең жоғарғы статусына қол жеткізді. Пекин Діни Миссиясы ресейлік қытайтану- дың пайда болу және қалыптасу орнына, сондай-ақ ірі орыс ғалым-шығыстанушылары қалыптасқан мектепке айналды. Миссия мүше- лерінің ғылыми қызметіне Цин империясының негізгі этникалық топтарының (қытай, маньч- жур, моңғол, тибет) тілін, Шығыс және Орталық Азияның әртүрлі халықтарының дәстүрлері мен салттарын зерттеу, шығыс тілдеріндегі әртүрлі әдебиетпен танысу (ең алдымен, жазу мәдение- тінің тарихи, діни ескерткіштерін зерттеу), осы орасан үлкен шығыс азиялық елдің география- лық, этнографиялық және басқа да ерекшелік- терімен таныс болу жатты. Осы өте үлкен ғылыми жұмысты атқарудың нәтижелері орыс шығыстануының, ең алдымен синологиясының іргетасы болды. Орыс миссионерлері жасаған еңбектердің басым бөлігі тек бір Қытайға ғана арналмаған, сонымен бірге көрші елдерге, әсіресе Орталық Азияға қатысы бар. Осының арқасында Ресей Діни Миссиясы Тибетті зерт- теудің негізін қалады, ғалым-миссионерлердің арасынан тұңғыш ресейлік маньчжуртанушылар мен моңғолтанушылар шықты.

Читайте также:  ИСЛАМ ДІНІН БҰРМАЛАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ

Оставить комментарий