ҚЫТАЙДЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ҮРДІСІ

Қытайдың экономикалық даму үрдісі қазіргі кезеңде кең көлемде зерттеу объектісіне айналды. Себебі, Қытай Халық Республикасының экономикасы соңғы 30 жылда қарқынды өсіп келеді. Қытайдың өткізу рыногы ұлғаюда, әлемде қытайлық тауарлар үлесі жыл сайын артуда, ішкі және сыртқы инвистициялар көлемі өсуде. Қытай 2010 жылы әлемде номиналды жалпы ішкі өнім бойынша АҚШ-нан кейінгі 2 орынды иемдеді. 2009 жылы ЖІӨ $5,02 трлн.-ға тең болса, 2010 жылғы көрсеткіштер бойынша сәуір-маусым айларында Қытай Жапониядан басып озды [1]. Бүгінгі таңда Қытай – ХХІ ғасырдың басындағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі бойынша әлемдегі бірінші индустриалдық держава, сонымен қатар ғарыштық және ядролық держава – ол көмір, темір, марганец, мырыш, вольфрам рудаларын өндіру бойынша лидерлік позиция ұстануда. Сонымен қатар, ҚХР-ның территориясында мұнай, газ, аз кездесетін металдар (молибден, ванадий, сүрме) және уран үлкен маштабта өндірілуде. Қытай өндірістік продукция – кокс, чугун, алюмений, цинк, никель, телевизор, радиоқабылдағыштар, ұялы телефондар, кіржуғыш және тігін машиналары, велосипед, мотоцикл, сағат, фотоаппарат, тыңайтқыштар, мақта және жібек маталар, цемент, аяқ- киім, ет, астық, күріш, картоп, алма, табак, көкөністер бойынша әлемдегі ең үлкен өндіруші ел болып табылады; қой, шошқа, құс, жылқы және ешкі саны бойынша, сонымен қатар балық аулаудан әлемде бірінші орынды иемденеді. Қытай – әлемдегі ең үлкен машина өндіруші ел болып табылады (2010 жылы – 18 млн.) [2]. Қытай шығаратын жыл сайынға автомобиль мөлшері бұрынғы лидерлер – АҚШ пен Жапонияның шығаратын автомобильдар санынын (қоса есептеп салыстырғанда) артық болып келеді. Қытай экономикасының қарқынды дамуы (1992 жылы — 14,2%; 1998 жылы — 7,8% ) — экстенсивті сипатқа ие.1995 жылы басқарушылар Қытай экономикасының өсу мөлшерін 8-9 %-дай ұстап тұруға шешім қабылдады. Бірақ өндірістің интенсификациясы көптеген кері әсерін тигізеді: бүгінгі таңда Қытайдағы ауылдық мекендердегі жұмыссыздық деңгейі шын мәнінде ресми көрсеткіштерден 2 есе артық болып келеді (4,6 %); Қытай эмиграцияны қолдайды; Қытайдағы кедейшілік деңгейі өте жоғары – 128 000 000 адам [3]. Құрылымдық өзгерістерге бейімделу және өз экономикасын тұрақты ұстап тұру үшін Қытай өзінің білім жүйесін дамытып, студенттерді шетелде, әсіресе АҚШ пен Жапонияда оқытуды қамтамасыз етуде, технологияның импортын қолдайды. Бүгінгі 202 таңда Қытайда 384 млн.-нан астам адам ғаламторды және 487,3 млн. адам ұялы телефондарды қолдануда. Қытайдың көптеген қалаларында ұлттық индустриалды- технолоиялық саябақтар бар. 2003 жылдан бастап Қытай әлемдегі үшінші ғарыштық державаға айналды. 2010 жылы Ресейден кейінгі 2 орынға шықты (АҚШ-ты озып). Қытай қарулардың барлық түрлерін өндіреді – ядролық, термоядролық, су асты қайықтар, баллистикалық ракеталар және т.б.. Қытай экономикасының өсуінің тағы бір айқын дәлелі елдің мұнайды пайдалануы. 1960 жылдан бастап 40 жыл ішінде Қытайдағы мұнайды пайдалану 25 есеге артты [4]. ҚХР-дың Мемлекеттік статистикалық басқару орталығының мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 2005 жылы 300 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі таңда Қытайдағы өзіндік мұнайды өндіру жылына 170 млн. тоннаға тең. Қытайда ресуртық база жоқ, ал бұл елдің импортқа тәуелділігін арттырады. Экономикалық өсімді есептей отыра, Қытай мамандарының айтуы бойынша 2020 жылға қарай мұнайға деген қажеттілік жылына 710 млн. тоннаға тең болады. Сондықтан, Қытайдағы мұнай компаниялары , мысалы Sinopec, мұнайды ҚХР- нан басқа мемлекеттерде өндіруді көздеуде. Бұл: Ресей, Қазақстан, Африка мемлекеттері және Латын Америкасы [3]. Ал Қытайдағы табиғи газды пайдалану 2005 жылы 50 млрд.куб.м-ге сәйкес келді. Болжауларға сүйінсек, бұл көрсеткіш 2020 жылы 200 млрд. куб.м-ге дейін артады. Қытай экономикасының дамуы елдегі бос экономикалық зоналардың болуымен байланысты. Қазіргі кезде ҚХР-да 4 негізгі экономикалық зона әрекет етуде — Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоуб Сямэнь. 14 бос сауда зоналары; 53 жаңа технологиялар зонасы; шетелде оқып келген мамандар үшін 70-тен аса ғылыми-техникалық зоналар; 38-ден астам өнімді қайта өндіру зоналары бар [5]. Қытай экономикасының баста ерекшеліктерінің бірі – сыртқы рынокқа тәуелділігі. Экспорт мөлшері бойынша ҚХР дүниежүзінде 1 орында. Экспорт валюттік кірістің 80 %- ын береді. Экспорттық салаларда 20 млн. адамдай жұмыс істейді. Сыртқы рынокқа өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының өнімдерінің 20 %-ы шығарылады. Экспорттық жиынтықтың 50 мыңнан астам атаулары бар. ҚХР әлемнің 182 мемлекетімен сауда- экономикалық байланыс жүргізуде, олардың 80-імен сауда келісімдері орнатылған. Қытайдың басты сауда серіктестері капиталлистік мемлекеттер болып табылады – ең алдымен Жапония, АҚШ және Батыс Еуропа елдері, оларға сыртқы сауда айналымының 55 %-ы тиесілі. Ең басты экспортқа шығарылатын өнімдер – киім, ойыншықтар, аяқ-киім, электроника, вело-, мото- және автотехника және т.б. Қытайдың тоқыма өндірісі – әлемде 1 орында, сондықтан экспорттық өнімдердің арасынан киім және синтетикалық маталар үлкен рөл атқарады. Ең үлкен өндірістік компаниялар – Шанхай, Кантон және Харбинде орналасқан. 2012 жылы импорт пен экспорттың жалпы мөлшері 3 трлн. 866,76 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға артты. Экспорт мөлшері – 2 трлн. 48,93 млрд. доллар (7,9 %-ға өсті), импорт мөлшері – 1 трлн. 817,83 млрд. доллар (4,3 %-ға өсті) [6]. Сонымен, бүгінгі таңда ҚХР – экономикасы жылдам дамып келе жатқан ұлы держава. Бірақ Қытай мемлекетінің болашағы қандай? ҚХР-ның күшеюі әлемнің дамуына қалай әсер етеді? Бұл басқа елдер үшін мүмкіндік пе, әлде қауіп пе? Бұл сұрақтарға жауап табу үшін біз ең алдымен Қытайдың экономикалық дамуының мықты, әрі әлсіз жақтарын қарастырып, салыстыруымыз қажет. Әрине, Қытай соңғы 30 жыл аралығында тез арада дамып, бүгінгі таңда әлемнің ең мықты ұлы державасына айналды. Бірақ көріп отырғанымыздай бұл даму жолында көптеген әлсіз жақтар бар. Бүгінгі ғалымдардың пікірлері әртүрлі болып келеді. Мысалы, «Financial Times» аналитиктері, Ресей ғалымдары, Збигнев Бжезинский, Гидеон Рахман және т.б. аналитиктердің айтуы бойынша Қытай әлемде 1 – орын иемденеді, яғни жақында 203 әлемде «Қытай дәуірі» орнайды. Басқа ғалымдардың — Фарид Закария, «The Times» эксперттерінің пікірінше, Қытай өзінің дамуының шарықтау шегіне жетті, әлемде 1- орында қашан да АҚШ болады [7]. Сонымен, ең алдымен, ҚХР-ның дамуының күшті жақтарына назар аударайық. ҚХР-ның экономикасы соңғы 30 жылда қарқынды өсіп келеді. Қытай 2010 жылы әлем бойынша номиналды ЖІӨ бойынша 2 орынды иемдеді (АҚШ-тан кейін, 2009 жылы ЖІӨ $5,02 трлн.-ға тең болды;2010 жылғы көрсеткіштер бойынша сәуі-маусым айларында Қытай Жапонияны озып кетті) [1, с.3]. Экспорт мөлшері бойынша ҚХР дүниежүзінде 1 орында. ҚХР әлемнің 182 мемлекетімен сауда-экономикалық байланыс жүргізуде, олардың 80-мен сауда келісімдері орнатылған. 2012 жылы импорт пен экспорттың жалпы мөлшері 3 трлн. 866,76 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға артты. Қытай үлкен алтын резервісіне ие. Оған дәлел ретінде соңғы жаңалықтарды айтуға болады. Bloomberg хабарлағандай, 2012 жылғы қорытындылар бойынша ҚХР-ның халықаралық резервілері $3,3 трлн-ға артты. Ал бұл — Қытай қорының бағасы әлемнің бүкіл алтын қорларының бағасынан артық. Bloomberg зерттеулері бойынша Қытай қорының бағасы әлемнің бүкіл алтын қорының бағасынан 2004 жылдан бері артуда. 2004- 2012 жылдар аралығында алтын бағасы 263 %-ке артты, дәл сол уақыт аралығында Қытай резервілері 721 %-ке артты. Резервілердің мөлшері бойынша Қытай әлемде 1 орында, 2 орында- Жапония, 3 орында– Сауд Арабиясы, Ресей, Швейцария [8]. Қытай әлемде ең жылдам дамушы өндірістік сектор, оның дамуы тікелей шетелдік инвестицияны, арзан жер мен жұмыс күшімен байланысты. Бұл жағдайлар шетелдік кәсіпорындар санының ұлғаюына, яғни өздерінің өндірістік операцияларын Қытайға ауыстырып, сондай-ақ шикізат пен қорға сұраныстың «серпілісіне» ықпал етті. Шетелдік инвестиция мен өмір сапасының өсімімен елдің сектор қызметі кеңейіп және жақсаруы жалғасуда. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы еңбегінен өндіріс пен сектор қызметіне дейін, сондай-ақ ауыл мәдениетінен қалалыққа өткен құрылымдық өзгерістер болды [9]. Қытай экспорт бойынша әлемде 1 орында болғандықтан, бүгінгі таңда Қытай тауарлары көптеген елдерде таралуда. Қытай басқа елдің ішкі экономикасына өз өнімдерін енгізу арқылы сол елдің ішкі рыногын бақылау мүмкіндігіне ие. Сондықтан, басқа елдердің Қытай тауарларына тәуелділігі артуда. Оған мысал ретінде Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты қарастырайық, Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 2008 жылы 12,24 млрд. АҚШ долларын құрап, 2007 жылмен салыстырғанда ширек ұлғайған (9,2 млрд. долл. АҚШ). Қытайдан Қазақстанға импорт 2008 жылы 31% өсіп және 4,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорттың тауарлық құрылымы айтарлықтай диверсифицирленген (тауардың 58 тобы импорттың жалпы көлемінен шамамен 50% құрайды). Импортталатын өнім 99% өңделген тауарларды құрайды; 1% — шикі өнімді құрайды. Айта кететін жайт, берілген мәліметтерге сүйенсек, Қытай Қазақстаннан шикізат өнімдерін алады — Қазақстаннан Қытайға жеткізілетін өңделген өнім: 56% металдан бұйымдар (жезді сым, катодтар, цинк, феррохром, құрыш несие), 11% -жанармай, 8% — уран, 14% — тері, 2% — жүн. Ал Қытай Қазақстанға дайын тауарларды экспорттайды (Импортталатын өнім 99% өңделген тауарларды құрайды; 1% — шикі өнімді құрайды) [10]. ҚХР-ы «баға саясатын» қолайлы ұстануда. Қытай тауарларының саны көп, сапасы жақсы болғанымен қоса олардың бағасы басқа елдің өнімдеріне қарағанда арзан болып келеді. Сондықтан «Қытайда жасалған» деген белгісі бар тауарды әлемнің барлық елдерінде кездестіруге болады. Сонымен бірге, бүгінгі таңда Қытай әлемдік валюталық қордың жартысына ие. Қытай халқының саны бойынша әлемде бірінші орында (1,3 млрд санынан астам). Бұл елдің қарқынды дамуына үлкен пайдасын тигізеді, яғни елде арзан 204 жұмыс күші бар. Қытай экономикасы қарқынды даму үстінде – ЖІӨ бірінші жартыжылдықта 11%-дан астам өсті. BNews.kz. – Қытай халық республикасының жалпы ішкі өнімі осы жылдың бірінші жартыжылдығында 11,1% пайызды құрап отыр, деп мәлімдеді ҚХР мемлекеттік статистика басқармасының ресми өкілі Шэн Лайюнь. Бұл туралы «Тренд» ақпараттық агенттігі мәлімдеп отыр [11]. Жалпы ішкі өнім биылғы жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін 17,28 триллион юаньді құрап отыр. (2,55 триллион доллар). Елдің білім беру жүйесі де өте мықты дамуда. Қытай экономикасының дамуы елдегі бос экономикалық зоналардың болуымен байланысты. Қазіргі кезде ҚХР-да 4 негізгі экономикалық зона әрекет етуде — Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоуб Сямэнь. 14 бос сауда зоналары; 53 жаңа технологиялар зонасы; шетелде оқып келген мамандар үшін 70- тен аса ғылыми-техникалық зоналар; 38-ден астам өнімді қайта өндіру зоналары бар [12]. Елде тез қарқынды индустриаландыру жүруде. Сарапшылар пікірінше Қытай дамуының әлсіз жақтары да бар. «Nord FX» компаниясы сарапшыларының айтуы бойынша Қытайдағы кедейшілік деңгейі өте жоғары. Кедей саны – 128 000 000 адам [5]. Бүгінгі таңда Қытайдағы ауылдық мекендердегі жұмыссыздық деңгейі шын мәнінде ресми көрсеткіштерден 2 есе артық деген пікір бар (4,6%). Сонымен бірге, Қытай эмиграцияны қолдайды. Өзіміз білетіндей елдің ресурстық базасының болмауы Қытайдың импортқа тәуелділігін арттыра түседі. Сонымен қатар, қазіргі кезде Қытайдың мұнай, газ және т.б. шикізаттарды пайдалануы күннен-күнге артуда. Мысалы, 1960 жылдан бастап 40 жыл ішінде Қытайдағы мұнайды пайдалану 25 есеге артты, ҚХР-дың Мемлекеттік статистикалық басқару орталығының мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 2005 жылы 300 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі таңда Қытайдағы өзіндік мұнайды өндіру жылына 170 млн. тоннаға тең. Экономикалық өсімді есептей отыра, қытай мамандарының айтуы бойынша 2020 жылға қарай мұнайға деген қажеттілік жылына 710 млн. тоннаға тең болады [13]. Қытай экспорты 50%-дан астамы АҚШ пен Жапонияға тәуелді. Қытайдың АҚШ, Жапония және Батыс Еуропа мемлекеттеріне жеткізілетін экспорттық тауарлары жоғары сапасымен ерекшеленеді. Бұл тауарлар көптеген шетелдік корпорациялар шоғырланған теңіздік провинцияларда өңдіріледі. Бірақ, Қытайдың басқа елдерге жеткізілетін экспорттық тауарлардың сапасының нашар екендігі көп жазылуда. Оның себебі, Қытайда әлемдік брендтердің өнімін көшіру жолымен шығаратын өнеркәсіптер өте көп таралуы. Яғни басқа мемлекеттерге жеткізілетін Қытайдың экспорттық тауарларының бағасы мен сапасының сәйкес келмеуде. Соңғы жарияланған мәліметтерге қарағанда Қытай экономикасы 2012 жылдың соңғы ширегінде 7,8 пайыз өскен. Бұл мәлімет оның алдындағы ширекпен салыстырғанда 7,4 пайыз және соңғы 13 жылда іске асқан ең төменгі өсу мөлшері болып табылады. Яғни Қытай экономикасының өсу қарқыны баяулауда деген пікір осылай туып отыр ма дейміз [14]. «Reuters» хабарлауы бойынша 2011 жылы Қытай инфляциясы 6,5%-ға өсті. Тауар бағасының артуы 7,6%, қызмет көрсету 3,7%-ға қымбаттады. Сонымен қатар азық-түлік бағасы артты. 2010 жылмен салыстырғанда 14,8 %-ға өсті. Жалпы баға деңгейі елде 4,38%-ға артты. Профессор Фрэнк Се Тяньның айтуы бойынша Қытай экономикасы жылына тек 5-6 % ғана өседі. Ал Ларри Ланн 2011 жылы Қытай экономикасының өсімі тек 2,9%-ды құрады дегенді айтқанымен, оған толықдәлел жоқ [15]. ҚХР 1979 жылы қабылдаған «бір отбасы-бір бала» саясаты бүгінгі күні өзінің жағымсыз жақтарын көрсетуде және Қытай экономикасының дамуына өз зардабын тигізуде. Себебі Қытай әлем бойынша адам саны ең көп мемлекет болғанымен, елдегі адамдар қартаюда және еңбекке қабілетті адамдар саны азайып келеді. Бүгінгі таңда Қытайда 1,3 млрд-тан астам адамның ішінде 937 млн адамы еңбеке қабілетті. БҰҰ-ның болжауы бойынша келесі 5 жыл ішінде бұл көрсеткіш 24 млн адамға кемиді, ал 65 жас аралығындағы адамдар саны 66 млн-ға арта түседі. 2053 жылға қарай Қытайдағы қарт 205 адамдар саны бүгінгі 185 млн-нан 487 млн-ға артады. Ал бұл, «Коммерсант ҒМ» эксперттерінің айтуы бойынша, халықтың қартаюы экономиканың даму қарқынын баяулатады (бүгінгі 7-8%-дан 6%-ға дейін). Тағы қоса кететін жайт «бір отбасы-бір бала» саясатына сәйкес әр отбасында 1 баланың болуы жастар арасындағы бәсекелестікті төмендетеді, балалар эгоист болып өседі. Бұл жағдайдан қорғану үшін елде ғылыми- техникалық прогресс қажет, бірақ бұл индустриалды Қытай үшін әзірше ауыр жайт [16]. Қытай мемлекетінің жетекшілері ұзақ уақыт бойына елдің индустриялық және технологиялық негіздерін дамытумен айналысып келді. Алайда осы жақын арада ғана олар ауылдар мен алыс аймақтардың экономикасын көтеру үшін жеткілікті шаралар жасай алмағандарын көріп-біліп отыр. Ауыл тұрғындары бұл ретте мүлде артта қалған, кейбірі тіпті кедейлікті бастан кешіруде. Сол себепті де жекелеген аймақтарда тұрақсыздық белгілері өсіп барады. Қаңтар айында ғана Жейанг провинциясындағы бір ауыл тұрғындарының шерулері басты назарға іліккен болатын. Ал енді Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жариялаған деректерге қарағанда, өткен жыл бойына бүкіл ел көлемінде 87 мыңдай шерулер, наразылық акциялары, ереуілдер болған екен. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылдармен салыстырғанда 7 процентке жоғарылап кеткендігін көрсетеді [17]. Ресми «Синьхуа» агенттігі Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің аты аталмаған шенеунігіне сілтеме жасай отырып, Қытай ұзақ мерзімге жалғасатын әлеуметтік келеңсіздіктер, тұрақсыздық алдында тұр деген сөздерін келтірген. Сонымен, бүгінгі таңда ҚХР – халқы ең көп және экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ірі держава. Қытай дамуының күшті және әлсіз жақтарын талдағанымызбен, Қытай әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі екендігі сөзсіз. Менің ойымша, Қытай экономикасының болашағы өте зор, себебі 30 жыл ішінде осындай дәрежеге жету тек саясаты мықты, нақты жоспары бар мемлекетке ғана тән. Әлсіз жақтарына қарамастан болашақта Қытай АҚШ-ты озып әлем бойынша 1 орынға шығатыны сөзсіз. Қытай елінің күшеюі басқа мемлекеттер үшін әлемдік дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы болып табылады. Себебі, Қытай басқа елдер халқының қажеттіліктерін қастамасыз ете алады. Ал бұл көптеген елдер үшін, әсіресе Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік болады. Азиялық, нақтырақ айтсақ Қытай дәуірі жақында келеді және бұл әлемнің даму бағытын өзгертеді.

Читайте также:  XVIII ғасырдағы қазақ тарихы туралы

Оставить комментарий