Қызылорда облысындағы еңбек көші-қонының ерекшеліктері

Көші-қон үдерістері – адамзат даму тарихының барлық кезеңдерінде тұрақты түрде қалыптасқан құбылыс. Көші-қон қозғалыстары тұрғындардың өмірлік жағдайларды сезінуін, қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерді дəл жəне айқын сипаттай алатын əдістердің бірі. Бүгінгі күні əлемнің көптеген елдерінде көшіқон саясаты үлкен мəселеге айналып келеді. Макроэкономикалық деңгейде көші-қон – еңбек нарығының қызмет етуінің қажеттішарттарының бірі. Оның ауқымы мен бағыттары кəсіпорындар мен салалардың сандық тұрғыдағы еңбекке жарамдылығымен ғана емес, сонымен бірге жеке қызметкердің еңбек əлеуетінің сапасымен де байланысты. Экономикалық əдебиеттерде көші-қонға тұрғындардың аумақтық орын ауыстыруы деген сипаттағы жалпылама түсінік беріледі. Өзінің алғашқы мағынасында «көші-қон» термині ағылшынның «жаяу саяхаттау, ел аралау» деген етістігімен байланысты. 1958 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы арқылы жарық көрген «Демографиялық көптілдік сөздікте»: «Көшіқон – халық қозғалысының демографиялық тұрғыдағы аса маңызды аспектілерінің бірі» деп баса айтылған [1,102 б.]. Халықаралық көші-қон нəтижелерін талдауда «шығарушы» жəне «қабылдаушы» аймақтар үшін көші-қонның экономикалық тиімділігін А.П. Киреев жасақтаған [2,325 б.]. Жұмыс күшінің аумақаралық қозғалысына əсер ететін көптеген факторларды саралай отырып, ол: «жұмыс күшінің аймақаралық қозғалысының басты жəне жалғыз ғана себебі – түрлі елдердегі нақты орташа жалақы деңгейі» деген тоқтамға келеді. Экономикалық тұрғыдан алғанда, тұрғындар көші-қонының басты функциясы – елдің түрлі аймақтарындағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың арасындағы сандық жəне сапалық сəйкестікті қамтамасыз ету. Көші-қон үдерістерін зерттеп-тануда оның факторларын анықтаудың орны зор. Біздің көзқарасымыз бойынша, тұрғындар көші-қонының негізгі факторлары көші-қон теориясы мен тəжірибелік ұсыныстарды жасақтауға бағытталған қолданбалы зерттеулер арасын байланыстырушы буын болып табылады, себебі көші-қон факторлары бұл – нақты өмір сүріп тұрған шынайы, объективті құбылыстар. Сондықтан да көші-қон факторлары оның себептері арқылы нақтыланады деген тұжырым жасай аламыз. Облыста, жалпыреспублика аумағындағыдай, 90-жылдардың басынан бастап еңбек көші-қоны қарқынды түрде белең ала бастады. Оның негізгі себептері ретінде келесілерді атап көрсетуге болады: түбегейлі өзгерген экономикалық қатынастар, бюджеттік мекемелердің төменгі жалақысы, шекаралардың ашылуы, яғни елге кіріп-шығу шарттарының жеңілдетілуі жəне т.б. Осы кезеңнен бастап, нарықтық қатынастар мен мемлекеттік шекаралардан еркін қозғалу шарттарының жүзеге асуына байланысты уақытша еңбек көші-қоны қалыптаса бастады. 32 Қызылорда облысындағы еңбек көшіқонының ерекшеліктері ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (93). 2012 Бүгінгі күні бұл ең үлкен жəне қарқынды көшіқон ағыны болып саналады. Тұрғындар көші-қоны халық саны мен аумақтық орналасуының өзгеру факторлары болып табылады. Көші-қондық ағымдардың қарқындылығыəлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық факторларға тəуелді өзгеріп отырады. Осы факторлар қазіргі кезеңдегі Қызылорда облысында қалыптасқан демографиялық ахуалды да анықтап отыр. Облыстағы халық саны 2012 жылдың 1 қыркүйегіне ағымдағы деректер бойынша 722,4 мың адамды құрады, оның ішінде 38,2 мың адам Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес салмағында. Туылғандар санының артуы əсерінен халық саны 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,9 %-ға артты. 2012 жылдың қаңтар-маусымындағы облысқа келгендер саны 2011 жылғы қаңтармаусыммен салыстырғанда 1,3%-ға, ал кеткендер саны 10,9%-ға азайды. Облыстағы негізгі көші-қон алмасуы басқа облыстардың есебінен болуда. Басқа облыстан келгендердің жəне сол облысқа кеткендердің үлесі тиісінше 41,0 жəне 49,1 пайызды құрады [3, 9 б.]. Қызылорда облысында қалыптасқан көшіқон ахуалын талдау еңбек көші-қонының өзіндік ерекшеліктері бар екендігін дəлелдейді. Ішкі еңбек көші-қоны. Мұнда көші-қон ағындарының бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады. Көші-қон ағындарының ең ірісі – «ауылқала» еңбек көші қоны. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі кез келген жұмыс түрін табу мақсатында Қызылорда қаласына келеді. Көбінесе олар құрылыстарда, кеңінен тұтынылатын тауарлар өндірісінде жұмысшы ретінде орналасады, сондай-ақ саудамен, қызмет түрлерін көрсетумен, коммуналдық қызмет түрлерін көрсетумен айналысады. Олардың негізгі бөлігін жергілікті ұлттың жастары құрайды. Екінші ағын – облысаралық немесе өңіраралық еңбек көші-қоны. Оған қатысушылар негізінен облыс аумағынан Алматы жəне Астана қалаларына жəне Атырау облысына жұмыс іздеп кететін 20-35 жастағы қазақ ұлтының өкілдері. Көші-қонның бұл түрі көп жағдайда қайтарымсыз сипатқа ие. Үшінші ағын – облыс аумағындағы мұнай өндіруші компанияларда келісім шарт бойынша жұмыс жасайтын басқа облыстардан келген еңбек мигранттары. Олардың əлеуметтік-демографиялық сипатын төмендегідей бейнелеуге болады: 30-40 жас аралығындағы түрлі ұлт өкілдері, дегенмен мұнда да қазақтардың үлесі басым, білімі жоғары жəне орта арнаулы, негізінен вахталық əдіспен еңбек етушілер. Бұл көші-қон ағыны маятниктік сипатта деп айтуға болады. Еңбек мигранттарының Қызылорда облысының аумағына келуі келесі факторларға байланысты: облыстың геосаяси орналасуына, көрші мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, мигранттардың шығу аймақтарындағы артық жұмыс күшінің сипатынан жəне т.б. Біз Қызылорда облысына келуші шетелдік жұмыс күші ағындарын бірнеше топтарға бөліп қарастырдық. Алғашқы топ – коммерциялық мигранттар немесе жоғарыда айтылғандай «челноктар». Олардың басым бөлігі Қырғызстаннан келгендер (негізінен, Ош, Джалалабад сияқты оңтүстік облыстарынан). Əлеуметтік-демографиялық сипаттама берер болсақ: орта жəне жоғары білімді, отбасылы, 20-40 жас аралығындағы қырғыз ұлтының əйелдері, көбіне балаларымен бірге келіп, сауда жасайды. Көші-қонның бұл түрі – маятниктік жəне қайтарымды сипатқа ие, сонымен бірге, жартылай заңсыз деп айтуға болады, яғни облыс аумағына заңды негізде келгенімен, ұзақ уақыт жұмыс жасауы заң талаптарына сай болмауы мүмкін. Бұл көші-қонның ерекшелігі – олардың коммерциялық мигранттар ретінде келіп, жылдың бірнеше айына тұрақты орнығып, сауда жасайтындығында. Келесі топ – құрылысшы-мигранттар. Олардың басым бөлігі Өзбекстан өкілдеріжəне аз ғана мөлшерде Тəжікстанның өкілдері де кездеседі. Негізінен арнайы білімі жоқ, бірақ қомақты істəжірибелері бар, 17-60 жас аралығындағы ер адамдар. Жеке тұлғалардың шаруашылық баспаналарын, саяжай жəне тұрғын үйлерінің құрылысына жалданады. Мұндай құрылыстарда еңбек бөлінісі жоқ жəне мигранттар өздеріне тапсырылған объектілерде ғана қызмет етеді. Əдетте құрылыс орындарында вагондар мен салынып бітпеген баспаналарда тұрады, 5-8 адам бірігіп, бригада құрып, жұмыс жасайды. Өзбекстан өкілдеріне ел арасында тəжірибелі құрылысшылар ретінде көзқарас қалыптасқан. Сонымен қатар облыс орталығында қызмет ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №5 (93). 2012 М.А. Умирзакова 33 көрсету саласында шағын бизнеспен айналысатын еңбек мигранттары да бар. Олар негізінен Өзбекстан азаматтары, 20-45 жас аралығындағы өзбек ұлтының ер адамдары, нан пісіріп сатумен жəне көлік құралдарын сатумен айналысады. Мұндай мигранттардың саны көп емес. Мигранттардыңбіртобыноблыс аумағындағы мұнай кеніштерінде жəне компанияларында еңбек ететін қытайлықтар («ПетроКазахстан», «CNPC (Ай-ДанМұнай»), үндістер («Монтажспецстрой»), немістер («Казгермұнай»), поляктар, канадалықтар («ПетроКазахстан»), америкалықтар («ҚуатАмлонмұнай») құрайды. Олардың қызмет етуі осы компаниялардың шетелдік инвесторларға тиесілі болуымен байланысты. Қызметтері заңды, қызмет етуге рұқсат беретін арнайы лицензиялары бар. Еңбек мигранттарының келесі бір шағын тобын Түркиядан келген, білім саласында жұмыс жасайтын адамдар құрайды. Олардың облыс аумағында еңбек етуі – заңды негізде. Негізгі қызмет орындары: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жəне қазақ-түрік ер жəне қыз балалар лицейлері. əлеуметтік-демографиялық сипаттама: жоғары білімді (негізінен гуманитарлық мамандықтар бойынша), отбасымен бірге келетін, 25-50 жас аралығындағы ер адамдар. Қызылорда облысы аумағындағы еңбек иммигранттарының ең көп санын құрайтындар – Өзбекстан азаматтары. Осыған орай біз, облыс аумағындағы өзбекстандық еңбек мигранттарының Қазақстанда еңбек етуінің əлеуметтік-экономикалық негіздерін, еліміздің еңбек көші-қоны саласындағы заңнама мен оның іс-жүзінде орындалуын білу мақсатында бірнеше топтар, атап айтқанда: Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары, жергілікті тұрғындар, өзбек жұмысшыларына жұмыс берушілер жəне көшіқон саласының қызметкерлері арасында арнайы сауалнама жүргіздік. Сауалнама нəтижесі бойынша 300 сұхбат жүргізілді: оның 180-і өзбекстандық еңбек мигранттарымен, 90-ы – жергілікті тұрғындармен жəне 7-і жұмыс берушілермен, 10-ы – көшіқон саласының қызметкерлерімен жəне 13 сауалнаманың жауабы жарамсыз деп танылып, ескерілмеді. Сауалнама нəтижесі бойынша, мигранттардың Өзбекстаннан Қазақстанға келуінің негізгі себебі ретінде: 55%-ы өз отандарындажұмыстың жоқтығы деп жауап берсе, 45%-ы жалақының төмендігі деген жауап берген. «Қазақстанға жұмыс іздеп, əсіресе маусымдық жұмыстарға, келуіңіздің басты себебі неде?» – деген сауалға: респонденттердің 90%-ы молырақ табыс тауып, өз отбасын асырау мақсатында келсе, 2%-ы балаларын оқытуға немесе медициналық қызметке деген қаржы тапшылығы салдарынан, 4%-ы той жасауға немесе қажеттілігін өтеу үшін бір нəрсені сатып алуға, 3%-ы өз ісін ашу үшін бастапқы капитал қажет болғандықтан, 1%-ы басқа жаққа көшу үшін қаржы жинау керек болды деп жауап қайырған; сауалнама жүргізу кезінде респонденттердің 61,2%-ы Қазақстанға осымен кемінде 2 рет жұмыс іздеп келгендігін көрсетсе, 6 %-ы – басқа елдерге де жұмыс іздеп барғандықтарын, 8,9%-ы – өткен жылдары Ресейде жұмыс жасағандықтарын, ал қалғандары ел аумағына алғаш рет келгендіктерін айтқан. Іс жүзінде, Өзбекстан азаматтары үшін Қазақстанда еңбек ету Ресейде жұмыс ісетегенге қарағанда тиімдірек, өйткені екі елде де мигранттардың орташа табысы деңгейінде үлкен айырмашылық жоқ жəне де Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне келіп-кету жеңіл əрі арзанға түседі, сондай-ақ бір ғана мемлекеттік шекарадан өту қажеттілігі қиындықтар туғызбайды; гендерлік тұрғыдан алғанда, сауалнама жүргізілгендердің 89,2%-ын ер адамдар құраса, олардың негізгі қызмет ету орны – құрылыс, 10,8%-ын əйелдер, басым бөлігі қала базарларында сауда жасайтын мигранттар құраған; еңбек мигранттарының орташа жасы ерлер арасында 34 жасты, əйелдер арасында 41 жасты құрады. Əйелдердің жас шамасының үлкендігі негізінен, олардың балалары өсіп, ер жеткеннен кейін ғана басқа жаққа бару мүмкіндігінің пайда болуына байланысты деп ойлаймыз; білім деңгейі бойынша: əйелдерде – 2,51 (яғни колледж немесе бұрынғы орта арнаулы оқу орындары – 3 жыл, орта мектеп – 2 жыл деген есеппен алынды); ерлерде – 2,38 жыл білімі бар; географиялық жəне этникалық шығу тегі жағынан Қызылорда облысына келетіндер – Ферғана жəне Хорезм облысынан, 87%-ға жуық. сұралғандардың 71,1%-ы өз таныстары мен туыстары арқылы, солармен бірге жұмыс тауып келгендіктерін мойындаған. 34 Қызылорда облысындағы еңбек көшіқонының ерекшеліктері ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (93). 2012 Қазақстанда табатынтабысдеңгейіжөніндегі сұраққа берілген жауап əртүрлі. Мигранттардың жауаптары бойынша, ең көп табыс құрылысшыларда, орта есеппен айына 25000-28000 теңге (200 доллар) көлемінде; екінші орында аспазшылар – 2000-25000 теңге (180185 доллар) шамасында. Қала базарларындағы коммерциялық мигранттар орташа табыс көлемін айына 15 мың теңге (140 доллар) деп көрсеткен. Респонденттердің басқа топтары арасында жүргізілген осы сауал нəтижесі бойынша: жұмыс берушілер – мигранттардың орташа табысы 30 000 теңгені немесе 250 долларды құрайды, ең жоғарғы табыс қызмет көрсету саласында – 285 долларға дейін деп есептесе; көші-қон саласының мамандарының пікірі мигранттардың өздерінің берген жауаптарына ұқсас келеді, яғни орташа табыс 23 000 теңгені құрайды, ең жоғарғы табыс – құрылысшыларда деп санайды; жұмыс күнінің ұзақтығы аптасына 112-120 сағаттқа дейін жетеді. Мигранттардың 68,1%-ы өз елдерінде мұндай жағдайларда жұмыс істеуге келіспейтіндіктерін білдірткен жəне олар қазақстандықтардың өздерінің мұндай жағдайда жұмыс істемейтіндіктерін айтқан; жергілікті тұрғындардың 53,9%-ы өзбекстандық мигранттардың елде жұмыс жасауын қолдайдыжəнебірретболсада, олардыңқызметін пайдаланған; 20,4%-ы еңбек мигранттарының еңбек етуіне қарсы емес, бірақ өздері олардың қызметін пайдаланбаған; 25,1%-ы мигранттардың өңірде еңбек еткенін қаламайды. Жергілікті тұрғындардың 20,9%-ы Өзбекстанның арзан жұмыс күшімен қамтамасыз етуіне оң көзқарастарын білдірсе; 12,5%-ы оларды сапалы жұмыс жасайтын жұмысшылар ретінде санайды; 7,3%-ы кез келген қол жұмысты орындай алады деп есептесе, 2,1%-ы рынокта жетіспейтін мамандардың орнын толықтырады деп санайды, сондай-ақ талапты көп қоймайды жəне шиеленіске бармайды деп есептейтіндер 1%-ды құраған. Сонымен қатар 14,1% – мигранттарға аяушылықпен қарап, Қазақстан Өзбекстанға көмек көрсетуі тиіс деп санаса; 1,2%-ы Өзбекстанның Қазақстанға қатысты саясатына байланысты өзбек мигранттарын жақтырмайтындықтарын білдірген. Сауал жүргізілген жергілікті тұрғындардың 20,4%-ының ойынша, Өзбекстаннан келген еңбек мигранттары еңбек рыногында жергілікті тұрғындарға бəсекелес болып келеді. «Еңбек мигранттары құқық бұзып, қылмыс жасайды ма?» – деген сұраққа көші-қон саласындағылардың 65,4%-ы «ия, əрі жиі» деп жауап берсе, жұмыс берушілердің 51%-ы да осындай жауап берген, ал жергілікті тұрғындардың 54,6%-ы – «жоқ немесе бұзса да, сирек» деп жауап берген. «Сіздің ойыңызша, еңбек етуші мигранттардың құқығы сақтала ма?» деген сауалға көші-қон саласының мамандарының 54,6%-ы жəне жұмыс берушілердің 61%-ы «ия, сақталады» деп жауап берсе, мигранттардың 32%-ы жəне бір қызығы, жергілікті тұрғындардың 9%-ы ғана «сақталады» деп жауап қайтарған. Осы жерде біздің азаматтардың өзбекстандық мигранттардың жасап жатқан жұмысын өздері орындауға келісім бермейтіндігі байқалып қалады. Қазақстан халқы өз тəуелсіздігіне ие болып, рынок қатынастарына көшіп, дербес əлеуметтікэкономикалық саясат жүргізе бастаған кезде ел жағдайының жедел жақсаруына ең əуелі мұнай-газ секторына құйыла бастаған шетелдік инвестициялардың жағымды əсер еткені белгілі. Бұл жағдай экономиканың басқа салаларына да серпіліс туғызып, елімізде көптеген жұмыс орындарының ашылуына себепші болды. Қызылорда облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінген квотасы бойынша 800 шетел мамандарын тарту белгіленген, оның ішінде 1-2 санат бойынша 500 бірлік, 3 санат бойынша 300 бірлік. Өткен жылмен салыстырғанда квота 954 бірлікке азайды.

Читайте также:  Жұмыс жоспарын жасау жолы

Оставить комментарий