Үйлену (некелесу) салтындағы «айналу жоралғысы»

Дәл осындай ырым қазақтың (басқа да түркі, моңғол халықтарының) үйлену (қыз ұзату) ғұрпында да бар. «Қалыңдықтың, күйеудің еліне аттанар алдында, басынан ас­тамақтың қандай да бір түрін айналдырып алып қалу жоралғысы, сірә, отбасыдан, ауылдан кетіп бара жатқан адамның әлдебір жақсы бастауын көшіріп алып, ұстап қалу идеясына ие. Көне, XIX ғасырдағы деректердің бірінде семейлік қазақтардағы осындай ғұрып көрсетіліпті: «Қалындықты аттандырар күні, отбасы мүшелерінің бірі «үйдің бақыты қызбен бірге кетіп қалмасы үшін», түйіншекке оралған етті немесе басқа бір тағамды қалыңдықтың басынан екі­үш рет айналдырып алып қалады». Осындай деректі келтіріп отырған зерттеуші «үй бақыты, ырзығы» дегеннің кейінгі түсінік екендігін, бұл жерде, осы жоралғының идеялық негізін «өмірлік күш», «өмір әлеуеті (потенция)» сияқты архаикалық мән­мағына құрағандығын топшылайды. «По­видимому, круг идей, связанных у казахов с представлением о «счастье дома «, которое может унести с собой умерший или уходящая в другой род невеста, также соотносится с семантическим комплексом идеологем «плодородие «, «изобилие «, «размножение » и т.д, который широко известен у тюркских (құт) и иранских (фарн) народов» 1212 . Осы жоралғыны да алдыңғы мысалдағыдай кескіндеп көрсетуге болады. Бұл жағдайда да, кетіп бара жатқан қыздан алып қалынатын «отбасылық бақ­ырзық» кіндік нүктемен байланысты болып шығады; осы нүктені айналу барысында, шеңбер бойындағы межелік («М») нүктенің делдалдығы арқылы кіндік нүктеден, яғни абыройдан, принциптен, құттан, нұрдан сыбаға­үлес алынады.

Читайте также:  ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҮРЛЕРІ

Оставить комментарий