ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТКЕРІН ЫНТАЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бүгінгі күні Қазақстанда тұратын халық нарықтық экономикаға еніп, оның заңдылықтарына бағынып, қызмет етіп келеді. Әр кәсіпорын өз қызметіне жауапкершідікті және болашақ дамуға қатысты шешімдерді өзі қабылдайды. Нарықтық экономика қалыптасқан жерде пайда табу мен экономикалық қызметтің негізгі мәселелерін шешу мақсатындағы ресурстарды тиімді қолдана білген кәсіпорын өз ісін тиімді жалғастырады. Кәсіпорын өмір сүруі үшін өзге бәсекелестерді ығыстыра білуі қажет. Бәсекеге қабілетсіз кәсіпорындар қатарында кіріп кетпеу мақсатында өз қажеттілігін ұйым мақсатымен ұштастыра қызмет ететін қызметкерді іске тарту тиімді болып табылды. Осы күнге дейінгі ресурстардың ішінде шығын ең көп қажет ететін еңбек ресурсы. Өндіріс факторының қолдану тиімділігін талдау еңбекке кеткен шығындарсыз мүмкін емес. Осының әсерінен өткен ғасырда адамның еңбегіне деген көзқарастың түбегейлі өзгерді. Адам — экономикалық өсудің басты факторы. Әлемдік тәжірибедегі экономикалық даму үрдісінде адамның орны ерекше. Өйткені ол дамуымыздың негізі мен басты қозғаушы күші. Қазақстан соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Осындай өзгерістер тек саяси, экономикалық және әлеуметтік-қоғамдық құрылымдарға ғана емес, адам санасына да айтарлықтай әсерін тигізіп отырғаны байқалады. Қазақстанның дамуы өзге елдерге ұқсамайды және еліміздің жеке ерекшелігі бар екені аян. «Заманға сай жұмысшыларымыздың мотивтері мен құндылықтарын зерттеу мемлекетіміздің қаншалықты нарықтық жүйеге сіңіскенін көрсетіп, олардың кәсіби біліктілікті арттыруға қандай септігін тигізетінін де анықтауға мүмкіндік береді» [1]. Нарық заманы кез келген ұйымды өзгерістерге ұшыратты, осы өзгерістер басшы мен ұйымның, басшы мен оған бағынушылардың, ұйым ішіндегі барлық қызметкерлердің арасында болатын әртүрлі қатынастарға әсер етті. Қазіргі кезде ұйымдардың ішінде қызметкерге, ұжымға деген көзқарас өзгерді. Барлық басшылар еңбек ресурстарының жүйесі осы ұйымның басқару философиясымен, саясатымен, адамдарды дамыту үрдісімен, топқа деген бетбұрысымен сипатталатынын әлі де ескерілмей келеді. Еңбек ресурстарын тиімді басқару олардың сапалық сипаттамасын арттырады, индивидтердің дағдылану үдерісін жеңілдетеді, жеке қызметкерлердің қызығушылықтарын анықтап, қажеттіліктерін қанағаттандыру нәтижесінде ұйымдық мақсатқа жетуге, жұмыс орнында индивидтердің кәсіби дамуына жол ашады. Нарықта қалу мен болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді. Осының барлығы басшының жоспарлау қабілетіне байланысты. Еліміздің менеджерлерімен үйреншікті қағаз жүзінде жұмыс істеу нарықтық экономикада жүзеге аспайтынын ескере отырып, басшылар адам ресурстарына, олардың құндылықтары мен қызығушылықтарына, кәсіби біліктілігі мен оны арттыру жолдарына көңіл 487 № 3 (76) 2010 бөлгені жөн. Басшылық жұмысшыларды ынталдандыру қажеттілігін әрдайым түсінген, бірақ қазіргі күні тек материалдық сыйақылар алға қойған нәтижеге жеткізе бермейді. Бұл туралы ғалымдар: «Еліміздің ұйымдары заманға сай жаңа мотивациялық модельдер мен концепцияларға сүйеніп жұмыс атқаруы керек. Осыны түсініп, жұмыс орнында өз персоналына кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік берген басшы болашақта көздеген нәтижесіне жететініне ешкімнің күмәні жоқ [1],-деген пікір айтады. Заманға сай қызметкер өз жұмысының мотивациялық теориялары мен олардың тәжірибеде қолданылуы, материалдық стимулдардың тиісінше нәтиже беретіндігін көрсетеді. Сондықтан, әр қызметкерді немесе жұмысшыны өз жұмысын жоғары нәтижемен орындауға итермелейтін ынталарын анықтау алуымыз керек. Адамның жұмысқа қатыстылығын оның кәсіби біліктілігі мен мүмкіндіктерін анықтағаннан кейін ғана бейімдеу мәселесі көтеріледі. Бейімділік — нақты жағдайда адамның іс-әрекетінің бағытталғандығын, белсенділік деңгейін анықтайтын жеке күй, жұмыста және өмірдегі адамның белсенділігін көрсететін ішкі энергия. Ал бейімдеуге баулу бір нәрсені істеуге итермелейді, олар себеп немесе қажеттілік ретінде сипатталады. Бейімділік үрдіс ретінде сипатталады, ол адамның мінез-құлқын бір бағытқа бағындырады. Осы үрдістің мәнін ашу арқылы адамдар өздерінің және күнделікті қарым- қатынастағы адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне түрлі жағдайда әсер ете алады. Мотивация үрдісі нәтиже бергенде ғана аяқталады. Осының әсерінен бейімделу ұйым ішіндегі күрделі, әрі үздіксіз үдеріс болып саналады.

Читайте также:  Мифология, онтология, тарих

Оставить комментарий