Заң дегеніміз не?

Қоғамдық келісіммен біз Саяси организмге тіршілік пен өмір бердік; ендігі әңгіме заңдар көмегімен оны қозғалысқа келтіріп, ырық беру жөнінде. Өйткені осынау организмді құрып, біртұтас организмге айналдыратын бастапқы акт оның өзін сақтау үшін ол істеуге тиіс нәрсенің ешқайсысын әлі анықтап бермейді. Игілік деген не, реттілікке не сәйкес дегенге келсек, олар табиғаты жағынан солай және адамдар арасындағы келісімге тәуелді емес. Әділет атаулы – Құдайдан, Ол – соның бірден­бір қайнар көзі; бірақ біз әділетті Жаратқанның тікелей өзінен ала білетін болсақ, онда біз үкіметке де, заңдарға да мұқтаж болмас едік. Сөз жоқ, тек парасаттан туындайтын жалпыға бірдей әділет деген бар, бірақ біз оны қабылдау үшін ол әділет өзара болуға тиіс. Егер мәселеге адами көзбен қарайтын болсақ, жаратылыстық рұқсат болмағандықтан әділет заңдары адамдар арасында дәрменсіз; олар тек арамға игілік, адалға қасірет әкеледі, егер сол адал адам сол әділетті жұрттың бәрімен қатынаста сақтаған күнде де, онымен қатынаста оны ешкім сақтамайды. Демек, құқықтар мен міндеттерді біріктіріп, әділетті оның өз тақырыбына оралту үшін келісімдер мен заңдар қажет. Бәрі де ортақ жаратылыстық ахуалда мен ешқандай уәде бермеген адамға, ештеңе қарыз емеспін; өзіме керек емес нәрсені ғана өзгенікі деп білемін. Барлық құқықтар Заңмен белгіленген азаматтық ахуалда мүлдем басқаша.

Бірақ, сайып келгенде, заң дегеніміз не? Адамдар бұл сөзге метафизикалық ұғым беруді тоқтатпайынша, біз өзіміздің талғамдарымызда бұрынғысынша бір­бірімізді түсінбейтін боламыз; тіпті бізге табиғат заңы дегеннің не екенін түсіндіріп бергеннің өзінде, біз соның арқасында Мемлекет заңы дегеннің не екенін жақсырақ түсіне қоймаймыз. Ортақ ырық жеке нәрсе туралы пікір білдіре алмайтынын мен айтқанмын. Шынына келгенде, ол жеке нәрсе Мемлекеттің өз ішінде, не одан тысқары тұрады. Егер ол Мемлекеттен тысқары болса, онда оған өгей ырық ол үшін тіпті де ортақ бола алмайды; ал егер сол нәрсе Мемлекеттің ішінде болса, ол Мемлекеттің бір бөлігін құрайды: сонда бүтін мен бөлшектің арасында екеуін дара екі нәрсе етіп жіберетін қатынас орнайды; біреуі ­ бөлшек, екіншісі – бөлшексіз бүгін. Бірақ бүтіннен бөлшекті алып тастасақ, ол тіпті де бүтін емес; осындай қатынас орын алып тұрғанда, бүтін жоқ, тең емес екі бөлік қана бар; осыдан келіп, олардың бірінің ырқы екіншісі үшін тіпті де міндетті бола алмайды.

Читайте также:  Ұстаз туралы шығарма 4 сынып

Бірақ бүкіл халық бүкіл халыққа қатысты шешім шығарғанда, ол өзін ғана қарастырады, және егер сонда қатынас пайда болса, онда бұл – бір көзқарас тұрғысынан қаралатын бүтін нәрсенің, екінші бір көзқарас тұрғысынан қаралатын бүтін нәрсеге қатынас, мұндайда осынау бүтін ешқандай бөлініссіз қарастырылады. Міне сонда өзі турасында шешім қабылданған нәрсенің мәнісі де, сол шешімді шығарған ырық та ортақ сипатта болады. Нақ осы актты мен заң деп атаймын. Мен заңдар тақырыбы әрқашан ортақ сипатта дегенде, Заң бодандарды бүтін ретінде, қарекетті – оқшау нәрсе ретінде қарастыратындығын, бірақ адамды ешқашан индивидуум немесе жеке қылық ретінде қарастырмайтындықтан айтамын. Осылайша Заң артықшылықтар болады деп әбден белгілей алады, бірақ ол сол артықшылықтарды ешқандай нақты адамға бере алмайды; Заң азаматтардың бірнеше табын жасай алады, тіпті, сол таптардың әрқайсысына жату құқығын беретін белгілерін де белгілей алады; бірақ ол мынадай­мынадай адамдар мынадай­мынадай тапқа жатады деп көрсетіп бере алмайды; ол Корольдік басқару енгізіп, тәжді мұрагерлік ете алады; бірақ ол корольді сайлай да алмайды, қандай да бір отбасын патшалық етуші отбасы деп жариялай да алмайды – қысқасы, объектісі жеке сипаттағы кез­келген қарекет зың шығарушы өкіметке қатысты болмайды.

Осыны анықтап алғаннан кейін, заңдарды кім жасауы керек, өйткені олар ортақ ырық актылары ғой; тақсыр заңдардан жоғары тұра ма, өйткені ол Мемлекет мүшесі ғой; Заң әділетсіз бола ала ма, өйткені ешкім өзіне өзі әділетсіз бола алмайды ғой: бостан бола тұрып, қалайша заңдарға бағынуға болады, өйткені олар шындап келгенде біздің ырқымызды білдірудің жазбаша түрі ғана ғой – деген сұрақтарды қоюдың өзі орынсыз екендігін бірден түсінеміз. Бұлардан көрінетін тағы бір нәрсе мынау: Заңда ырықтың және оның тақырыбының жалпыға бірдей сипаты ұштасуға тиіс болғандықтан, әлдеқандай жеке тұлғаның, мейлі ол кім болса да, өз бетімен шығаратын өкімдері қандай түрде де заң бола алмайды. Тіпті егемен жеке мәселе жөнінде бұйыратыны да заң емес, декрет қана; және егемендік актысы емес, магистратура актысы ғана.

Читайте также:  ШЕТЕЛДІК МЕДИАБІЛІМ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ

Осылайша, мен Республика деп, оны басқару тұрпаты қандай болса да, заңмен басқарылатын кез­келген Мемлекетті атаймын; өйткені сонда ғана Мемлекетті ортақ мүдде басқарады да, ортақ игілік деген сөзде мән болады. Заң арқылы кез­келген басқару1 республикалық басқару 6 ал Басқару дегеннің не екенін мен кейінірек түсіндіремін.

Заңдар, сайып келгенде, азаматтық ассоциацияның шарттары ғана. Заңдарға бағынатын халық сол заңдарды жасаушы да болуға тиіс: ассоциацияға кіргендер ғана бірлесіп өмір сүру шарттарын белгілей алады. Бірақ олар мұны қалай белгілейді? Кенеттен келген шабытқа еріп, ортақ келісіммен бе? Саяси организмде оның ырқын білдіретін орган бар ма? Оның ырқының көріністері актыларға айналып, олардың күн ілгері жариялануы үшін қажет алды­артын шола білуді оған кім береді? Олай болмаса, оларды ол дер сәтінде қалай жариялай алады? Өзіне не керек екенін көбіне біле Пермейтін, өзіне не пайдалы екенін білмейтін көрсоқыр тобыр заңдар жүйесін жасау секілді соншалық ұлы да қиын істі қалай атқармақ? Өздігінен халық қашан да игілікті қалайды, бірақ оның неден тұратынын ол әман біле бермейді. Ортақ ырық әманда дұрыс та тура бағытталады, бірақ оған жетекшілік ететін шешімі әманда ойдағыдай бола бермейді. Оған болмысты бұрмаламай көрсету кейде оған қалай елестесе, солай көрсету керек; өзі іздеп жүрген сара жолды көрсету керек; оны осы жолдан тайдырып жіберетін жеке адамдар ырқынан қорғау керек; оған елдер мен дәуірлер арасындағы байланысты ашып көрсету керек; таяу да анық сезілетін пайданың ұнамдылығы мен қашық және жасырын қасіреттердің қауіптілігін теңдестіре алу керек. Жеке адамдар игілікті көреді, бірақ бас тартады, халық игілікті қалайды, бірақ оның неде екенінен бейхабар. Баршаға бірдей жетекші керек. Жеке адамдарды өз ырқын, өз парасатын үйлестіруге міндеттеу керек, халықты өздеріне керегін білуге үйрету керек. Сонда халықтың көзін ашудың нәтижесі парасат пен ырықтың Қоғамдық организмдегі одағы болады; бөлшектердің дәл өзара ықпалдастығы, бәрінің түйіні ретінде бүтіннің қордаланған күші осыдан шығады. Заң шығарушыға мұқтаждықты туындататын міне осы.

Читайте также:  НАСЫР ХОСРОУДЫҢ ПОЭЗИЯЛЫҚ МҰРАЛАРЫ

Оставить комментарий