Заң және пайғамбарлар

«Болмыс» және «Босу» тек басы тана. «Заңдардың» өзге кітаптарында және, әсіресе, Пайғамбарларда құтқарушы құрбанның рөліне алаңдаған pyx бұл құрбан маңызын барған сайын кезге түсіреді. Бұл талпыныс кез келген алғашқы қауымдық діннің негізін барған сайын айқын бұзумен сапарлас, мысалы, қуғындау кезеңінен бұрынғы пайғамбарлар құрбандық культіне ашық қарсы шыққан. Қалай болғанда да Библияда бұл архаикалық өкімдердің маңызы онша зор емес: пайғамбарлық шабыт барлық обсессивті өкімдерді олардың мәнісі қоғамдастықта жарасымды қатынастар сақтау тірлікте болуының нағыз хұқықтылығы пайдасына жоюға тырысады. Негізі пайғамбарлар тек бір­ақ нәрсе жөнінде айтады: заң өкімдері онша маңызды емес, әйтеуір бір біріңмен соғыспаңыздар, ағайында жауға айналмасандар болды. Дәл осы жаңа шабыт тіпті «Левит» сияқты заң кітаптарында да кейбір үзілді кесілді тұжырымдарға шейін барады, мысалы, «Сен өзіңнің жақыныңды өз­ өзіңдей сүйесің» (Левит, 19, 18). Ж.­М.У: Сонымен тиымдар, құрбандық шалу және мифтер сияқты алғашқы қауымдық діннің үш ұлы бағаналары пайғамбарлық ой арқылы күйреуге ұшырайды және бұл жаппай ойрандалу діншілдікті, құтқарушы құрбанға бірауызды зорлықты қалыптастыратын тетіктермен басқарылады. Р.Ж.: Пайғамбарлар кітаптарында мәселе енді миф пен аңыздарда емес, олар өсиетке, қорқытуға, таңдаулы халықтың келетіні жөніндегі болжамға толы. Мұнда ұсынылған гипотеза пайғамбарлық әдебиет пен Бес кітаптың ұлы мифтері үшін жалпы өлшемді ашады. Пайғамбарлық — еврейлік қоғамның шағын Израиль және Иудейлік патшалықтарға қауіп төндірген және оларды жоюға тырысқан құдыретті ассириялық және бабыл империялары күшейткен терең дағдарысына арнайы жауап, бірақ оны пайғамбарлар әрқашанда діни және мәдени дағдарыс, құрбандық жүйенің тәмамдалуы, дәстүрлі тәртіптің талас тартыста азуы ретінде пайымдаған. Бұл дағдарыстың пайғамбарлық анықтамасы біздің гипотезамызға жақын деуге болады. Өйткені ол бұл дағдарысты таңдаулы халықтың мифологиялық мұрасынан алынған тақырыптар және метафоралар арқылы суреттеу тәжірибесіне ұқсас. Егер мифтік мәтіндердің негізінде жатқан дағдарыс пайғамбарларға жақсы таныс болса, егер ол туралы діни және тіпті мәдени һәм әлеуметтік шынайылық ретінде сөйлесе, онда дағдарыстың мұндай нұсқасының шешілуі, ұжымдық трансфер құбылысы, діншілдікті туғызатын машинаның моторы әлгі таза діни еңбектерде, мүмкін, тура өз болмысында көрінетін болар? Және бәрі осылай болып шытады. Библияның алғашқы кітаптарында негізқалаушы тетік мәтіндер шаңынан әр жерде аракідік көрініс береді, кейде найзағайдай жарқ етеді, бірақ әрқашанда тез және екіұшты. Бұл тетік іс жүзінде еш жерде тақырыптанбаған. Пайғамбарлық әдебиетте керісінше, бір біріне жақын және өте айқын оқылатын бір топ ғажап мәтіндерге кездесеміз. Бұл Исайяның екінші бөліміне енгізілген саны төртке жететін «Яхве қызметкерлерінің әндері», барлық пайғамбарлық кітаптар ішіндегі, мүмкін, ең ғаламаты «Израильдің жұбану кітабы». Қазіргі тарихи сын торт Әнді бөлектеді, олардың бірлігін және өз айналасына қатысты тәуелсіздігін мойындады, әрине, олардың ерекшелігі неде екенін білмесе де. Бабылдан қайту жөнінде, Кирдің рұқсатымен кітап жұмбақ контрапункт ретінде тәуелсіздеу принципімен теңестірілген жеңімпаз Мессияның және азаптанушы Мессия, Яхве абызының қосарлы тақырыбын дамытады. Біздің гипотезамыздың абызға қатысты дұрыстығын мойындау үшін, басты үзінділерді келтірсек жеткілікті. Алдымен Абыздың пайғамбарлық дағдарыс контекстінде және оны шешу үшін келетінін атайық. Ол Құдайдың өз ерніне, барлық зорлықтың ыдысына айналады; ол өзімен қоғамдастықтың барлық мүшелерін ауыстырады. Біз қойларға ұқсас әркім өз жолымен дүние кездік. Және Яхве оған Біздің бүкіл қылмыстарымызды жүктеді. Абызға телінетін барлық сипаттар оны адамзаттың нағыз құтқарушы құрбаны болуға дайындағандай. Ол біздің алдымызда сабақтай пайда болды, Қатқан жердегі тамырдай. Сұлулықсыз және жарқылсыз (біз мұны көрдік) Және көріксіз, Адамзаттың менсінбеуінің және аластауының объекті, Ауру және азапқа бойлаған, Ол олардың алдында бетін басатындардай, Қорланды және сыйланбады (Ис., 53, 2­3) Егер бұл сипаттар оны құдайсыз ғаламның ритуалды құрбанының кейбір нұсқасына ұқсас етсе, мысалы, гректік pharmakos’Ka, және егер оның тағдыры, қарғысқа ұшырағанның тағдыры, pharmakos’TBIH тағдырына ұқсас болса, біз бәрібір ритуалды құрбан емес, билік рұқсат еткен қосарлы ұжымдық және заңды сипатқа ие кездейсоқ тарихи оқиғамен істеспіз. Ол үкім бойынша зорлап ұсталды. Оған кімнің ісі бар? Иә! Ол тірілердің жерінен бөлінді Біздің күнәларымыз үшін оны ұрып өлтірді. Оның үлесі кей пірлер арасындағы көр болды Және езінің елімізде ол жауыздар арасында болды, Ол ешбір зиян жасамаса да, Және оның ауызы өтірік айтпаса да (Ис., 53, 8­9) Сонымен, бұл оқиғаның сипаты ритуал емес, ол менің гипотезам ритуалдар мен діншілдікті шығаратын оқиғаға ұқсас. Мұндағы ең ғажап нәрсе Абыздың күнәсіздігі, оның зорлыққа еш қатысы, еш туыстығы жоқтығы. Көптеген үзінділер оның құтқарушы өлімі үшін басты жауапкершілікті адамдарға жүктейді. Және біз оны Құдай жазалаған және қорлаған деп бағаладық (Ис., 53, 4). Демек, ол ондай болмаған. Оны күйреткен Құдай емес; Құдайдың жауапкершілігі алдын ала жоққа шығарылады Барлық Ескі Өсиеттегі пайым жұмысы әдеттегі мифологиялық және мәдени динамизмге қарсы бағытта жасалады. Әйтсе де бұл жұмыс аяғына дейін жетті деп айтуға болмайды. Тіпті ең жетілген мәтіндердің өзінде, мысалы, Абыздың төртінші әнінде Яхвенің роліне қатысты екі ұштылық қалады. Егер адамзат қоғамдастығы көптеген ретте құрбанның өліміне жауапты қылып көрсетілсе, өзге кездерде Құдайдың өзі қуғындаудың басты бастаушысы ретінде көрсетілген. Яхве оны азабында күйреткеніне риза болды (53, 10). Бұл Яхвенің роліне қатысты екіұштылық Ескі Өсиеттегі тәңірлік концепциясына сай. Пайғамбарлық әдебиетте бұл концепция барған сайын алғашқы қауымды тәңірлерге тон зорлықтан тазаруға тырысады. Кекті толығынан Яхвеге телісе де көптеген үзінділер іс жүзінде бұл миметикалық және өзара зорлық жөніндегі мәселе екенін көрсетеді және ол ескі мәдени формалар құлдыраған сайын үдей береді. Әйтсе де, Ескі Өсиетте зорлыққа толығынан жат тәңірлік концепциясына бармайды. Ж.­М.У: Сонымен, сіздің ойыңызша, Ескі Өсиеттің тәмамдаусыз қалған жұмысы алғашқықауымдық діншілдіктің барлық қырларын қозғалысқа келтіруге тиіс: мифтер кері шабыт арқылы жасалынған, бірақ олар қалады. Құрбандық шалу сынға алынады, бірақ қалады, заң оңайлатылған, ол енді жақыныңды сүюге негізделген, бірақ ол қалады. Және ол барған сайын зорлыққа жоқ, барған сайын ізгі формада көрінсе де, Яхве кекшіл Құдай боп қала береді. Құдайлық қайтарым түсінігі де қалады. Р.Ж.: Өте дұрыс. Меніңше, тек евангелиялық мәтіндер Ескі Өсиет тәмамдамай қалдырған нәрселерді тәмамдайды. Сөйтіп бұл мәтіндер иудейлік Библияның жалғасы ретінде орналасады, олар иудейлік Библия аяғына дейін жеткізбеген бастаманың мінсіз формасын негіздейді. Мұның барлығының шындығы құтқарушы құрбандық арқылы оқу арқасында көрінеді және оны әлгі мәтіндер бойынша тексеруге болады. Бұл бұрынғы христиан дәстүрі білмеген нәрсе.

Читайте также:  СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЖИНАҚТАЛУЫ

Оставить комментарий