Заманақыр және космогония

Қалпы нобайында айтқанда, ілкі тұрмыстық халықтардың арасында ғаламның соңы, жақын не алыс болашақта илануы мүмкін болғанымен, іс жүзінде болып өткен есептеледі. Расындада, ғаламдық апаттар туралы мифтер кең таралған. Оларда дүниенің қалай қиратылғандығы, алудың сәті түскен еркек пен әйелдің бір немесе бірнеше басқа бүкіл адамзаттың қалай жойылғандығы әңгімеленеді. Оның ішінде ең жиі таралғандары — барлық танымал болып отырған (ол туралы іс жүзінде 11 кездеспейтін Африканы қоспағанда) топан су туралы миф. Топан су туралы мифтермен қатар, ғаламдық масштабтағы иі.і пар: жер сілкінулер, өрттер, таулардың қирауы, індеттер, нәтижесіндегі адамзаттың жойылуын әңгімелейтін мифтер ашаршылық. Сірә, осындай ғаламдық ақыр біржолата емес: адам ұрпағының пайда болуына алып келетін өткен заманғы адамзаттың ақыры болып шығады. Құрлықтың суға толықтай батуы немесе оның өрт нәтижесінде ойрандалуы, артынан жаңа жердің пайда болуына ұласады, хаосқа космогонияға қайтып оралуды символдайды. Көптеген мифтер топан суды, жоғарғы тіршілік иесінің и11ум» туғызған қандай да бір жоралғылық күнәмен, кейде ешбір тәңір иенің адамзатты жай ғана жоқ қылғысы келгенімен сабақтастырады. Бірақ, мифтерді тиянақты түрде барысында, негізгі себептердің бірінің адамдардың қартаюы, дүниенің азуы болғандығы туралы қорытындыға келесің. Топан су ғаламның және адамзаттың қайта төрі тілуіне жол ашады. Басқаша айтқанда, дүниенің ақыры, өткен шақта да, келер шақта да Жаңа жыл мерекесінің жоралғылық жүйесінің микроскопиялық деңгейдегі ғаламат және төтенше драмалық күйге қаныққан проекциясы болып табылады. Бірақ, бүл жолы әңгіме дүниенің «табиғи ақыры» (жылдың ақырына сәйкес келетін, ғаламдық циклдің құрамдас бөлігі болғандықтан ғана табиғи) жөнінде болып отырған жоқ, құдайы күштердің тудырған реалды апат жөнінде болып отыр. Топан су мен ғаламның жыл сайынғы жаңаруының арасындағы параллельдік барынша сирек жағдайларда кездесіп отырады (Қосөзен, иудаизм, мандан) . Әдетте, топан туралы мифтер жаңа жылдық мерекелердің жоралғылық, мифтік сценарийлерінен тәуелсіз болады. Оны, ғаламның жаңғыртылуына қатысты қайталанбалы мерекелер, көне дүниені қиратуды емес, символдық түрде космогонияны, яғни, құдайлардың шығармашылық белсенділігін актуалдауына қарап (Көне дүние, оны «басталудан» ажыратып тұрған ара­қашықтықтың өзінің шырқау шегіне жетуіне байланысты ғана «табиғи жолмен» жоқ болады) оңай түсіндіруге болады. Өткен шақта болған дүниенің ақыры туралы баян ететін мифтермен салыстырғанда, болашақта болатын дүние ақыры жөнінде әңгімелейтін мифтер, ілкі тұрмыстық халықтарда таң қаларлықтай аз таралған. Ф.Р.Лееманның атап көрсеткеніндей, бұл, сірә, этнологтардың оз зерттеулерінде осы сауалдың күн тәртібіне қоймағандығының нәтижесінде болса керек . Кейде, мифті болашақ пен өткен шақтың апатының қайсысына телудің өзі қиынға соғады.

Е.Г. Меннің куәлік етуінше, андамандықтар, ғаламның ақырынан кейін ауру­сырқау да, қартаю да, өлім де болмайтын ұжмақтың өмірінің рахатына батар жаңа адамзат дүниеге келеді деп есептейді. Өлгендер апаттан соң қайта тіріледі. Бірақ, А. Редклиф Браунның пікірінше, Мен, сірә, әр түрлі дереккөзден алынған бірнеше версияны біріктіріп жіберген. Шынуайтында, Редклиф Браун түзетуіне қарағанда, соз, миф болашаққа емес, тек өткен шаққа ғана қатысты Дүние жөнінде айтылып отырған миф жөнінде болып отыр. Лееманның айтуына қарағанда, андамандықтардың келер шақ деген жоқ , сондықтан, бұл жерде менің болашақтағы ма, әлде өткен шақтағы ма, оқиға болып отырғандығын анықтау оңай болмайды. Малакка түбегіндегі нетрита тайпасының сенім ­ пайымдарын жору қиын. Олар, күндердің күнінде Корей, самдардың оның берген ережелерін орындамағандықтан, имамды құртып жіберетіндігіне кәміл сенеді. Сондықтан і.і, күн күркіреу кезінде аборигендер апаттың алдын алмақ болып, қанды ақталушы құрбандықтар шалады . Апат шыға көпке, шапағатшыларға да, күнәһарларға да ортақ, осы апаттан кейін жаңа жарату болмайтын сияқты. Сондықтан да, нетрита аборигендері Корейді «жаман» деп атаса, пле ­ сакай тайпасының өкілдері оның бейнесінен «өздерің ұжмағын ұрлап кеткен» жауды көреді . Мато Гроссо провинциясында (Бразилия) мекендейтін гуарани тайпасының үлгісі таң қалдырады. Жердің өрт пен су арқылы қирайтындығын біле тұра, олар мұхиттың арғы бетінде орналасқан, жердегі ұжмаққа ұқсас «Иманды елді» (Праведная страна) іздеуге аттанады. Ұзаққа созылған, жетекшілері мен шабыт берушілері бақсылар болған бүл саяхат XIX ғасырда басталып 1912 жылға дейін созылған. Кейбір тайпаларда, апаттан соң ғаламның жаңаруы және өлгендердің тірілуі болады деген түсінік болған. Басқа тайпалар ақыр заманды күтіп қана қоймай, оның болуын тілеп те отырған . Курт Нимуендай 1912 жылы былай деп жазған болатын: «Тек гуарани тайпасы ғана емес, күллі табиғат та қартайып, өмір сүруден жалықты. Бақсылар, түсінде Нандерувуды көрген сайын, жердің: «Мен тым көп мүрдені жұттым, мен тойдым және шаршадым. Әке, бұған ақыр бер» деген дұға айтып жатқандығын естіп отырған». Өз кезегінде, су да, ағаштар да… және күллі табиғат та, Жасампаздан оған тыныштық беруін сұрап жалбарынған» . Ғаламдық шаршап ­ жалығудың, шексіз тыныштық пен өлімді тілеудің бұдан артық тебірентер көрінісін табу қиын болар. Әңгіме ұзаққа созылған және нәтижесін біткен миссианистік экзальтациядан кейінгі болмай қоймайтын түңілу туралы болып отыр.

Читайте также:  Мәдениетті семиотикалық зерттеудің тезистері

Гуаранидың би селкілдеткен жер ұжмағын іздегеніне, міне, бір ғасыр өтті, олар милленаристік мифологиядағы заман ақыры туралы мифті қалпына келтірді және жорыды Америкалық үндістердің ақыр заман туралы мифтерінің басым көпшілігі не циклдік теорияны (антиктердегі сияқты), не апаттан соң жаңа жарату болады деген сенім, не (Солтүстік Американың кейбір аудандарында) апатсыз ­ ақ жаппай жаңару туралы сенімді (бұл жағдайда тек күнәһарлар ғана құриды) ойластырады. Антиктердің сенім­нанымдары бойынша, ғалам үш немесе төрт рет қирап үлгерген, Сол шақта ол төртінші (немесе бесінші) рет қирайды. рулар аралығындағы дүниелердің әрқайсысын Күн қысқарады, оның құлауы немесе жоғалуы ақырды білдіреді. Оңтүстік және Солтүстік Америкалардың ақыр заманға к атысты барлық маңызды мифтерін осы жерде тізіп шығу мүмкін емес. Кейбір мифтер жаңа дүниені мекендейтін халықтарға бастау болатын жұбайлар қосағы туралы әңгімелейді. Мәселен, чокгау тайпасы дүние өрттен ойран болған соң жандар қайтып оралады, сүйектерге тән өсіп шығады, және қайта тірілген адамдар тағы да өздерінің бұрынғы тұрған жерлерінде түратын болып шығады деп ‘ си ген95. Осыған ұқсас мифті эскимостардан да кездестіруге болады: адамдар, өз сүйектерінен өмір алып анды тайпаларға сенім­наным, қайта тіріледі. Апат дүниенің «қартаюы» азуының болмай қоймайтын салдары деген сенім, сірә, барынша кең таралған сияқты. Чероки тайпасының сенім ­ нанымдары бойынша, «дүние біржолата қартайып болғанда, адамдар өледі, жіптер үзіледі, жер Мұхитқа батып кетеді» жер аспан төбесіне төрт жіп арқылы ілініп қойылған арал түрінде деп есептелінген). Майду тайпасының мифінде Жерді Жаратушы, өзі жасаған жасақты (жұпты) былайша сендіреді: «бұл дүние ескірген де, мен оны түбегейлі түрде қайта жасаймын, және, мен мим қайта жасағанда, сендер жаңадан дүниеге келетін тайпасының мифі боласыңдар». Кано халқының, атапаск тайпасының негізгі космогониялық мифтерінің біреуі ескі, қирауы болмай қоймайтын аспанды алмастыратын жаңа аспанды жасаудан басталады . Тынық Мұхит жағалауының космогониялық мифтеріне қатысты Александрдың ескертпелеріне көңіл бөлер болсақ, «жарату жөніндегі әңгімелердің көпшілігі, сірә, шынуайтында, ұлы апаттан кейінгі жерді қайта туғызу аңыздарында барып тірелетін сияқты; кейбір мифтер, дегенмен, ғаламды ең алғаш рет жарату және оны қайтадан түлету жөнінде әңгімелейді» .

Қысқаша айтқанда, Көпті ­ азды болса да жаңа жаһанның қайта өрілуін алдын ала ойластыратын Заманның ақыры туралы осындай мифтер ежелгі және өте кең таралған Ғаламның ұлғайғанның үстіне ұлғайып бара жатқан «азғындауы», нәтижесінде уақыт сайын қиратын, қайта төрісуді талап ететіндігі жөніндегі идеяны көрсетеді. Нақ осы, ақыр соңындағы апат туралы, сонымен бір мезгілде болмай қоймайтын ғалам жаңаруының алдын­ала хабаршысы болған мифтердің қойнауынан біздің заманымыздағы, ілкі қауымдық қоғамдардың пайғамбарлық және милленаристік тенденциялары өсіп шығып, дамыды. Милленаризм мәселелеріне, біз, бұлар, марксистік хилиазммен бірге, Заманның ақыры туралы мифтің позитивті қазіргі заманғы жалғыз ілікті қайта бағамдауы болып табылатындықтан, кейінірек оралатын боламыз. Ең алдымен бізге барынша күрделі діндердегі Заман ақырдың алар орны жөнінде қысқаша хабардар ету қажет. Шығыс діндердегі ақыр заман Ғаламның қиратылуы жөніндегі ілімі сірә, ведалық заманнан бері белгілі болған (Atharva Veda, X, 8, 40) сияқты. Артынан ғаламның жаңадан жаратылуы тіпті жаппай ойран болу жөніндегі миф герман мифологиясының компоненті болып табылады. Осының барлығы, үнді европалық мәдениетке Ғалам ақыры туралы мифтің белгілі болғандығын көрсетеді. Жақында Стиг Искандер, өзінің егжей­тегжейінде тиісті үнділік және ирандық аңыздарға төтенше ұқсас болып келетін патологиялық шайқас жөніндегі герман мифінің дамығандығын ашты. Үндістанда, Брахмандардан бастап, әсіресе Пураналарда төрт Юга, яғни, төрт «ғалам» туралы идея дами бастаған . Бұл теориялардың мәнісі — ғаламды уақыт па уақыт (циклді түрде) қирату мен жасау, және бастаудың кәмілдігіне деген сенім. Буддистер чем джайнистер де осы идеяны ұстанады, сондықтан, жаһанды мәңгі жарату және қирату туралы ілімнің үнді европалық болып табылатындығын тұспалдауға болады. Бұл жөнінде біз «Мәңгі қайта оралу туралы миф» деген еңбегімізде қарастырып өткендіктен қайталанып жатпаймыз. Сан мыңдаған махаюгадан» тұратын, барынша толық түрінде (ұлы ыдырау) циклдің соңында қайталатын толық цикл ыдыраумен аяқталатындығын» еске саламыз . Махабхарата мен Пураналар бойынша, көкжиек жалындап, аспан төбесінде жеті немесе он екі күн пайда болады, олар теңіздерді құрғатып, жерді кернейді. Самвартака (ғаламдық өрттің оты) бүкіл жаһанды қиратады. Сосын, 12 жыл бойына тоқтаусыз нөсер жауып, кер су астына кетеді, ал, бүкіл адамзат құриды (Visnu, 24, 25). Мұхиттың бетінде, ұйқысы келген ғаламдық жылан Чешаға мініп, ұйықтап отырады (Visnu, 4, 1­ II).

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МИГРАНТТАР ҚЫЛМЫСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Содан кейін барлығы да, басынан бастап қайта пайда болады, осылай шексіздікке дейін жалғаса береді. «Ілкі бастаулық уақыттардың кәмілдігі» туралы мифке қатысты айтар болсақ, оны Критаюга деп аталатын бірінші ұрпаққа» тән, пәктіктен, ақылдан, шырғалаңнан (блаженство) және адамдардың ұзақ ғұмыр кешетіндігін көруге болады. Келесі югалардың өне бойына адами ақыл мен мораль ұлғаймалы ­ асқынған деградацияға ұшырап, адамның дене тұрқы мөлшері мен өмір сүру жасының азайып отырады. Джайнизм бастаулардың кәмілдігі мен одан кейінді дағдарыстарды асқынған көрсеткіштер арқылы көрсетеді. Гемакандрдың пікірі бойынша, бастапқыда адамның бойы 6 миль болып, оның ғұмыры 100 000 пурвасқа (бір пурвас 840000 жылға тең) созылған. Бірақ циклдің соңында оның бойы әрең дегенде жеті шын тайқа, өмір сүру ұзақтығы 100 жылға әрең жететін болған (Жакоби, Эра, I, 202). Буддистер де адамның өмір сүру жасының ерекше азаюын қолдайды: о баста — 80 000 және одан көп, циклдің соңында 10 жыл. Индустардың «ұрпақтар» туралы ілімі — Жаһанның мәңгі жаратылуы, дағдаруы, қиратылуы және қайта төрітілуі — қандай да бір мөлшерде, бірақ маңызды айырмашылықтарымен, ғаламның жыл сайынғы жаңаруы туралы ілкі қауымдық тұжырымдаманы еске салады. Индустер теориясы бойынша, дүниенің қайталанбалы қайта төрітілуі кезіңде адам ешқандай рол атқармайды; іс жүзінде, адам мұндай мәңгі қайта төрі тілуді қаламайды, ол осы ғаламдық циклге қатысуға талпынбайды . Бұл ма, құдайлардың өздері де, сірә, кәміл жаратушы бола алмайды, олар, бар болғаны, ғаламдық процестің жүзеге асырылуының құралдары ғана. Индустер үшін ғаламның біржолата ақыры деген жоқ, тек бір жаһанның қиратылуы мен екіншісінің пайда болуының арасындағы көпті ­азды ұзақтыққа созылатын интервалдар ғана бар. Тек адамның өмірінің аяқталуы бар, еріксіз түрде осы қозғалысқа тартылған ол оны тоқтата алады. «Ілкі бастаулық уақыттың» кәмілдігі туралы миф Қосөзенде, Израильде және гректерде де кездеседі. Бабылдың тұрғындарының аңызы бойынша, топан су алдындағы 8 не 10 патшаның билік құрған уақыты 10800 жылдан 72000 жылға дейін созылған. Топан судан кейінгі патшалар әулетінің бірінші әулетінің ұзақтығы 1200 жылдан аспаған . Бабылдың тұрғындарына ілкі бастаулық ұжмақ туралы миф белгілі болған және олардың адам ұрпағының бірнеше өкілі құрып кетуі және қайта пайда болуы туралы естелікті жадында сақтаған (мұндай циклдер саны, сірә, жетеу.

Осы сарындағы идеяларды израильдіктер де ойлаған: ілкі ұжмақтан айырылу, адам ғұмырының бірте ­ бірте азаюы, бірнеше таңдаулы тұлғалардан басқа бүкіл адамзатты қырған топан су. Мысырда «бастаулардың хақындағы мифтің болғандығы куәланбаған, бірақ, Гроссо әулетінің алдындағы патшалардың өмір жасының қазіргідей ұзақ болғандығы жөніндегі аңыздар бар. Грекияда біз екі түрлі, бір­бірінен өзгеше, бірақ ортақ идеяны беретін мифологиялық аңызды табамыз: 1) «ілкі бастаулық кәмілдік» идеясын бойына дарытқан шамдық дәуірлер туралы теорияны; 2) циклдер туралы ілімді. Гесиод алғашқы болып, бес дәуір бойына адамзаттың бірте­бірте дағдарысқа ұшырауын суреттеп жазған. Бірінші дәуір, Алтын ғасыр, — титан Кроностың тұсында — өзінше (бір ұжмақ болған, адамдар ұзақ өмір сүрген, ешқашан қартаймаған, және олардың ғұмыр кешу салты құдайлардың ғұмыр кешуіне ұқсас болған. Циклдер теориясы, стоиктердің Мәңгі қайта оралу туралы іліміне орасан зор ықпал еткен Гераклиттің еңбектерінде кездесе бастайды. Эмпедоклда осы мифологиялық тақырыптың, ғаламдық дәуірлер мен қайта ірітулер мен қиратылулардың үздіксіз циклі арасындағы байланыс аңғарыла бастайды. Біз Грекиядағы осы Шығыстың ықпалының нәтижесінде ие болған түрліше формаларын талқылап жатпаймыз. Тек стоиктердің Гераклиттен дүниенің оттан қирауы жөніндегі идеяны алғандығын және «Тимей» шығармасындағы балама ретінде топан сумен қиратылуын өлтірілуін ғана еске саламыз. Осы екі апат ырғақты түрде қойылды (magnus annas) бөлшектеп тұрған сияқтанады. Осындай ғаламдық апаттар туралы әңгімелерден Индустардың от пен судан опат болуы жөніндегі идеясын көре аламыз. Осы, ақыр заманға қатысты апокалипсистік бейнелердің кейбіреуін христиандықтағы эсхатологиялық нышаны ­ сәуегейліктерден (видение) де табуға болады. Бірақ, иудейлер мен христиандардың діндерінен біз айрықша жаңа мезеттерді көреміз. Ғаламның жаратылуы бір­ ақ рет болғандықтан, Ғаламның ақыры да бір рет болмақ. Апаттан кейін пайда болатын Ғалам сол баяғы, Уақыттар бастауында Құдайдың жаратқан, тек ол өзінің ілкі бастаулық мәшһүрлігіне тазартылған, қайта түлетілген (туғызылған және қалпына келтірілген) Ғаламы болып қала бермек. Осындай жерлік ұжмақ мәңгі сақталады, оның ақыры ешқашан болмайды.

Читайте также:  ЖАЛПЫ ХАЛЫҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ БАЛАМАСЫЗ ЭЛЕМЕНТТЕР

Уақыт енді түзу және кері қайтарусыз, ол енді мәңгі қайта оралудың циклдік уақыты емес. Ол ол ма, эсхатология — Киелі Жазбаның (Священное Писание) шарықтау шектік пункті, өйткені Дүниенің ақыры адамның іс­әрекетінің діни мән­мағынасын анықтайды және адамдар өздерінің жүріс­тұрысының нәтижелері сай бағамдалатын болады. Әңгі, енді, қандай да бір қоғамның (немесе, тұтас алғанда бүкіл адамзат ұрпағының) қайта тууын қажетсінер ғалами қайта төрітілуі жөнінде болып отырған жоқ. Сөз Қорқынышты сот жөнінде болып отыр: тек таңдаулылар тана мәңгі шырғалаңда (в блаженстве) өмір сүреді. Таңдаулылар өздерінің Киелі Жазбаға деген сенімдерінің арқасында, бүл дүниенің күштері мен алдамшыларымен (искушения) күресе отырып олар аспан патшалығына деген адалдығын сақтағаны үшін құтқарылады. Ғаламдық діндерден тағы бір айырмашылығы: иудейлік ­ христиандық діндер үшін дүниенің ақыры миссиялық тылсымдықтың (таинство) бөлігі болып табылады. Иудейлер үшін миссияның келуі дүниенің ақыры және ұжмақтың орнауын хабарлайды. Христиандар үшін дүниенің ақырының алдында Христің екінші рет қайтып келуі мен Қорқынышты сот (Страшный суд, Қиямет қайым немесе Ақырет) болмақ. Бірақ, аналар үшін де, мыналар үшін де, дүниенің ақыры арқылы айғақталатын Киелі жазбаның салтанаты, қандай да бір деңгейде ұжмақтың қайта түзетілуін ойластырады. Пайғамбарлар жаһан жайдың жаңаратындығы, аспанның да, жердің де жаңа болатындығы хақында сәуегейлік етеді. Барлығы да, Эдем багындағы молшылықта болмақ. Тағы андар бір­бірімен бейбітшілікте өмір сүріп, «олар сәбидің сөзіне құлақ асатын. (Исайя, XI, 6). Ауру­сырқаулар мен жазым ­ кемтарлық жоғалады: ақсақ бұғыша секіретін болады, кереңнің құлағы ашылады; көз жасы да, жылау да болмайды. Жоғарғы жағында ұжмақ болғандықтан, Жаңа Израиль Сион тауында орнатылады. Христиандар үшін толықтай жаңаруы мен қайта қалпына келтірілуі ақырының негізгі сипаттамалары болып табылады. Осылай сөзін айтушы Иоанның көңіл ашарында» (Откровения на Богослова) былай делінеді: «мен жаңа аспанды және жерді көрдім; өйткені бұрынғы аспан мен бұрынғы жер емес еді. Және мен аспаннан қатты дауысты естідім. Және Құдай барлық жасты көзден кетірер, және де енді болмас; жылауда, күңіренуде, ауру­сырқау да болмақ емес; өйткені, бұрынғы өтті. Және тақта отырған солай, барлық жаңаны жаратамын» (Көңіл ашар, 21). Бірақ бұл жаңа жаратушылық бұрынғының қирандының үстінде пайда болады. Акырғы апаттың синдромы Жаһанның қиратуының сипаттамасын түсіреді. Қыс пен аштық жайлайды, күндер қысқа болады. Дүние ақырының таяу (дәл) қарсаңындағы дәуір антихристің патшалығы болады. Бірақ христос тағы да келіп жерді отпен тазартады. Ефрем Сириннің сөзі бойынша, «теңіз буырқанып, артынан кеуіп қалады, аспан мен жер төңкеріледі, жерді түтін мен түнек жайлайды. Қырық күн бойына құдай жерге, оны күнә мен нәпсінің жаманшылығынан тазарту үшін, от жібереді. Жаңа Өсиетте (Новый Завет), Петрдің екінші жолдауында ойрандаушы от хақында бір рет айтылып өтеді. Бірақ соның өзі сибиллалардың көріпкелдігінде де, және кейінгі христиандық әдебиетте де ұлы элемент болып шығады.

Оставить комментарий