ЗАМАНАУИ ӘЛЕМДІК САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ ІЛІМДЕРІ

Әлемдік процестер бірдей сценариде дами алмайды. Әлемдік саясат пен әлемдік экономика замандағы көкейті бағыттарға қарап дамиды. Клерикалық биліктің идеялары ортағасырлық дәуірде, ал қайта жаңғыру дәуірінде гумманизм идеясы танымал болды. Тек жақында әлем Кеңес Одағы келбетінде коммунистік билік мегатрендісінің ықпалымен өмір сүріп келді. Қазіргі жағдайда әлемдік-саяси өмірде одан басқа құндылықтар мен бағыттар көкейкесті. Бұл бағыттар уақыт талабына сай саяси истеблишменттің, саяси құндылықтардың, саяси идеялардың келіп кетуімен өзгеріп отырады. Алайда халықтың елдің экономикалық тұрақтылығы мен гүлденуін, амандылығын тілеуі ешқашанда тоқтамайды. Бір-біріне ұқсас идеялар жыл сайын дамып отырады, олардың тек мазмұны мен формалары ауысады. Ал біз оларды ерекше жаңа құбылыс ретінде қабылдаудан жалықпаймз. Бұның бәріне себеп – уақыт. Егер бұрын урбанизация түсінігі ойға кіріп- шықпайтын жайт болса, бүгін ол объективті процесс. Әлемдік процестердегі аталған бағыттар тарихқа, саясатқа олардың сипатын анықтай отырып зор ықпалын тигізеді. Өкінішке орай, мегатрендтер жаһандық мәселелермен тығыз байланысты. Өйткені әлемдік процестің көкейкесті бағыттары кейбір жағымсыз жайттардың туындауына әкеп соғады. Терроризм, әлеуметтік декрадация, саяси абсентеизм және т.б. сияқты көптеген мәселелер. Кез келген жаһандық трендтің түбінде көптеген мамандардың кең ауқымды қызметтері жатыр: мысалы халықаралық қатынастар саласында, саясатшылар, дипломаттар, экономистер, мұғалімдер және т.б. Сонымен мегатренд дегеніміз не? Қазіргі әлемдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық процестерді дамытудағы негізгі басты бағыттар десеңіз қателеспейсіз. Саясаттағы мегатрендтерді талдауға кірісейік. Қоғамның саяси жүйесі екі негізгі қосалқы жүйеден тұрады: Ішкі саясат және халықаралық қатынастар. Әрқайсысында даму процесі жүреді. Әлем мемлекеттерінің ішкі саясатында көбіне демократия және әлеуметтік әділдік идеялары көкейкесті болып табылады. Ал халықаралық өмірде жаһандану және әлемдік үкімет трендтері танымалды болып келеді. Бейбітшілік сақтау және ядролықсыз әлемде өмір сүру идеясы әлемнің кейбір мемлекеттерінде ядролық қаруды сақтауына қарамастан жалпыға танымал. Әлем шаруашылығының интеграциясы трансұлттық идеяда дамыды. Жиырмасыншы ғасырдын басынан интеграциялық процестер тиімді және тез дамып, Халықаралық ұйымдар сияқты жаңа халықаралық акторлардың пайда болуына алып келді. Олардың пайда болуы әлем мемлекеттерінің экономикалық интеграциясының кеңеюімен байланысты болды. Өйткені бірнеше мемлекеттермен сауда жүргізуден гөрі бүкіл әлеммен жасау тиімдірек болып, ТҰК мен ХЭҚ мегатрендісінің дамуына серпініс берді. Олар өз кезегінде бүкіл әлемге кеңейіп сауда жасауға, сонымен қатар әлемдік шаруашылық қызметінің күшеюінің 108 нәтижесінде пайда болған халықаралық мәселелерді шешті. Қазіргі таңда ТҰК мен ХЭҚ халықаралық экономикалық саудада негізгі мегатрендтердің бірі. Олар әлемдік шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін күшейтудің салдарынан прогрестің ары қарай өрлеуіне алып келді. Технологияның өндірісте, тұрмыста және білімде дамуына себеп болды. Қазіргі әлеуметтік өмірде мегатренд- қоғам интернетизациясы жаһандық масштабқа ие болды. Интернет кеңістігі қол жетімді болды. Әлемдік ақпараттық желісі жаңа технологиялар, жаңа компьютерлік бағдарламаларының дамуының арқасында қолданысқа ие болды. Компьютеризация және интернетизация дамыған және дамушы мемлекеттердің қоғамдық өмірдің барлық сфераларын қамтыды. Қазір интернет технологияларының қол жетімділігі, компьютерлік технологияларының бағасының төмендеуі, микротехнологияларды қолдануы, қайталама шикізаттың арқасында одан да арзан технологиялар жаңа компьютерлік техника үлгілерін адамдарға орташа жалақысымен алуға қолжетімді етті. Қазіргі күні жер шарының барлық жері интернет желісімен оралған. Көзге көрінбейтін сымсыз жалғанған желілер қаптаған торға ұқсайды. Интернет жер шарының түпкір түпкірінен адамдарды жақындастырып, құрлықтарды бір бірімен қосты. Алайда солмен бірге әлеуметтік проблемалар азаймады да. Соңғы кездері интернет хакерство деген ұғым белең алып, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп туғызады. Адамзат баласы Y- деген жаңа ұрпақ фазасына өтіп жатыр, яғни барлық бос уақыттарын ақпарат, жаңалықтар іздеумен немесе ойын ойнаумен интернет кеңістігінде өткізетін ұрпақтар. Ол өз кезегінде интернет тәуелділігіне, интернетсіз өмір сүре алмайтын, интернетті өшіре алмайтын халге алып келу мүмкін. Ол әлеуметтік деградацияға ұшырап, психикалық бұзылуға және әлеуметтік шындықтан арылуға алып келеді. Қоғамның компьютаризациясы мен интернетизация мегатрендісі бүгінгі таңда қоғам дамуының көрсеткіші және постиндустриалды мемлекеттердің модернизациясын көрсетеді. Жоғарыда айтылғандай экономикалық процестердің бүгінгі таңдағы бағыты интеграцияны кеңейту процестері болып табылады. Бұл өз кезегінде Халықаралық экономикалық ұйымдар және Трансұлттық корпорациялар (компаниялар) сияқты жаңа халықаралық экономикалық акторлардың пайда болуына алып келді. Қазіргі уақытта дүниежүзілік экономикалық мегатрендтердің даму өзектілігі сонша, дүниежүзілік экономиканы Еркін сауда аймағынсыз немесе ТҰК-сыз елестетуге болмайды. ТҰК мемлекеттік емес халықаралық қатынастардың қатысушысы ретінде ғаламдық нарықты ғаламдық өндіріске айналдырып дүниежүзілік шаруашылықта революция енгізді. Біз білетіндей, трансұлттық компания (multinationals) – бұл дүниежүзіндегі бірнеше мемлекеттерде бірқатар өндірістері бар компаниялар. Басқаша сөзбен айтқанда, көлемі 25 -30 % шамасында болатын шетел активтері бар компаниялар. Бүгінгі таңғы ТҰК өзіндік динамизммен және өлшенген экономикалық саясатпен ерекшелінеді. Мысалға алып қарасақ, Mango фирмасының киімдері Испанияда сатылса да, оның киімдері осы ТҰК-ның Камбоджа немесе Въетнам елдерінің филиалдарында өндіріліп шығарылуы мүмкін және де өте төмен бағада. Сонымен қоса, Германия тұрғындары отандық техника Bosh фирмасының өндірушісі Оңтүстік Кореядан сатып алғанды қалайды, өйткені онда техника анағұрлым арзан болып келеді. Дамушы елдерге инвестиция ағымы азайды. Егер олар 1970ж. 25 % шамасын құраған болса, қазіргі уақытта ол 20% ғана құрайды. Біз ТҰК-ның халықаралық саудада ғаламдық тренд болатынын үлкен сенімділікпен мәлімдей аламыз. Себебі, статистика бойынша 1939 жылы дүниежүзінде шамамен 30 ТҰК қызмет етті, ал 2004 жылы олардың саны 64 мыңға өсті. ТҰК дүниежүзінде тек дүниежүзілік сауданы емес, сонымен қоса, халықаралық өндірісті дамытты. Бүгінгі уақытта ТҰК-ге шамамен 2/3 дүниежүзілік сауда және ½ дүниежүзілік өндіріс келеді. ТҰК шындығында жаңа халықаралық актор болды. Ішкі өндірісті халықаралық өндіріске трансформациялау арқылы, ол дамушы елдерге өркениеттің 109 игіліктерін пайдалануға мүмкіндік берді. Қанша қарама-қайшы болса да, ТҰК-тің бірінші тегі америкалық болды, ал қазіргі уақытта ТҰК-тің жартысында ғана – батыс, батыс- европалық тегі сақталып отыр. ТҰК-тің қалған жартысы Жапондық, Қытайлық, Оңтүстік- Кореялық, Тайвандық. Financial Times және Fortun журналдарының мәліметтері бойынша қазіргі таңда ТҰК ол – бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінде дүнижүзілік монополист «Майкрософт» американдық корпорациясы немесе «Wal-Mart Stores Inc.» американдық электрондық сауда компаниясы сияқты жоғары технологиялық өндіріспен айналысатын ТҰК және екінші орында шикізат өндіруші ТҰК. Төменгі кестеде Fortune Global-2011 ж. журналының мәліметі бойынша дүниежүзінің ең ірі ТҰК-тері көрсетілген. Соған қарап біз осындай қорытынды жасай аламыз: Трансұлттық бизнестегі біріншілік АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Жапония, Голландия және Швейцария мемлекеттеріне беріледі. Еркін сауда аймағы – өндірістік тауардың халықаралық саудасы преференциялық аймағы шегінде кеден және сандық шектеулерден босатылады. Әлемдік интеграция процесінің дамуы кезінде ЕСА-ның құрылуы заңды құбылыс. ЕСА құру барысында өндірістік тауарларға кеден борыштары бірте-бірте азайтылып, кейін алып тасталынады. ЕСА құру туралы келісімі өзара мораторидың принципіне негізделген, яғни бұның негізінде кедендік борыштарға біржақты тәртіпте көтерілуіне жол берілмейді. Тек қатысушы мемлекеттер арасында ЕСА құру туралы келісім шартта көрсетілген жағдайларды қоспағанда. ЕСА құру маңыздылығына қарамастан ЕСА қызметінің тәртіп белгілеу бойынша барлық шешімдер ұлттық институттардың қатысуынсыз, тек саяси мәселелер бойынша мемлекеттің жоғары қызметіндегі тұлғалар арқылы және экономикалық мәселелер бойынша министрліктер мен ведомствалардың басшыларының (сыртқы саудалық, қаржылық және т.б.) қатысуы арқылы қабылданады. Агроөнімдеріне қатысты ырықтандыру шектелген сипатына ие және кеден номенклатурасыбойынша кейбір позицияларын ғана қамтиды. Бұндай тәсіл ЕО, НАФТА, МЕРКОСУР және т.б. ұйымдарға тән. 110 ЕСА мегатрендін дамыту мемлекеттер экономикасының ырықтандыруды дамытудың бірқалыпты жалғасы болып табылады. Соған қоса, ол көпсалалы дипломатияның даму уақытының жемісі, басқа болашақ мегатренді – Әлемдік үкіметтің дамуы болып келеді. Халықаралық ұйымдар — бүгінгі таңда халықаралық қатынастарда танымал мегатренд. Олардың саны халықаралық қатынастардың көптеген салаларын қамтып, жылдан жылға өсіп барады. Егер мемлекеттер саны дүниежүзінде шамамен 200 болса, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың саны шамамен 500, егер халықаралық үкіметтікемес ұйымдарды қарастырсақ, онда олардың саны «Жылдық халықаралық ұйымдар» есебі бойынша 10000 асады. Көптеген халықаралық ұйымдар БҰҰ қызметінің өнімі болып табылады. Сол себепті әлемде халықаралық ұйымдардың мегатренд ретінде дәріптеу басталды. Жалпы айтқанда, халықаралық ұйымдардың феномені дүниежүзілік саясаттағы келесі үрдістерді айғақтайды: – Халықарлық қатынастарды дамытуда интеграциялық үрдістерді арттыру. – Көпсалалы халықаралық саясатты дамыту. Халықаралық ұйымдар өркениетті халықаралық диалог тәсілдерінің бірі болып табылады. Олар расында әртүрлі экономикалық және саяси ұстанымдары бар мемлекеттер арасында көпір қызметіндегі рөлін атқарады. Алайда, интеграцияның жағымсыз салдары және халықаралық ұйымдардың тым көбейіп кету жағдайлары да болады. Неғұрлым әлемік саяси кеңістік интеграцияланған болса, соғұрлым дүниежүзіндегі мемлекеттердің ұлттық құрылымдары әлсіздеу және ұлттық қауіпсіздік тұрақсыз болады.. Қазіргі кезеңде ең танымал саяси режимдердің бірі демократия болып табылады. Алайда біз деморатияны – саяси режим деп айта аламыз ба? Бұл сұраққа біз бірмәнді жауап ала алмаймыз, өйткені ғалымдардың өздері демократияны қай класқа саяси режим немесе саяси процесс, әлде саяси жүйенің бір түрі деп жатқызу туралы бір келісімге әлі келген жоқ. Соған қарамастан әлемнің көптеген мемлекеттері 20ғ-дың соңынан бастап 21 ғ-дың басына дейін демократиялық дамуды ұстанды. КСРО коммунистік державаның құлдырауы посткеңестік кеңістік есіктерін демократиялық идеяларына паш еткізді. Либерализация, демократиязация, интеграция және халықаралық шындықтың көпжақтылық идеялары бір әлемдік саяси трендтің, яғни Демократия трендісінің салдары болып келеді. Билікті бөлу, көппартиялық, саяси мәдениет, бүкілхалықтық сайлау, сөз бостандығы, ата-заңының сақталуы, ұлттық азшылық құқықтарын құрметтеу сияқты демократия белгілерін әлемнің көптеген мемлекеттері ұстанады. Әлемдік саясаттағы коммунистік, авторитарлық режимдердің бар болуына қарамастан, демократиялық трендтің асып түсуі байқалады. Коммунистік пен демократиялық режимдердің бір ұқсастығы екеуі де ұжымдық шешімді бағамдайды. Айырмашылығы тек халықтың бостандығын шектеу деңгейінде және идеологиялы негізінде. Мысалы, бүгінгі коммунистік мемлекеттердің бірі Қытай үшін коммунизм идеологиясы мызғымайтын нағыз дұрыс таңдалған идеология, мұнда реттелген, белгіленген және жабық саяси сфера сақталған. Сыртқы саясаты ішкі саясатқа қарап белгіленген. Қытайға қоғамның саяси және экономикалық жүйелеріннің бөліну спецификасы тән, өйткені Қытай экономикасы либералды болып келеді. Демократиялық мемлекеттің көрінісі АҚШ-та индивидтің бостандық, сайлау құндылығы, ата-заңының құндылығы мызғымас болғандықтан , сайлауға қатыспау ұлттық масштабтағы оқиғаға айналады. 1. Жаһандану бастауын ежелгі заманнан алады. Кейбіреулері жаһанданудың басталуын Х.Колумбтың АҚШ-ты ашуымен ұштастырады. Қазіргі таңда жаһандану дамуының мәселесі өзекті және жер шарының барлық аймақтарында бірдей зерттеледі. Жаһандану дегеніміз не? Жаһандану ол – әлемнің барлық мемлекетерінің барлық жүйелерінің унификациялық процесі. Модернизация, интеграция және интернационализация сияқты құбылыстар жаһанданумен тығыз байланысты. Алайда олардың бар болуы жаһанданудың бар болуын айғақтайды ма? Әлемнін барлық мемлекеттері, барлық аймақтарымен бірдей дамып, бірдей әлемдік процестерге кіріп, тең әлемдік процесте араласып жатыр деп талдасақ дұрыс бола ма? Әрине әлем мемлекеттерінде бірдей процестер болып жатқаны рас. Бірақ процестер дейгейімен және 111 аталған процестерді ұлттармен қабылдау әртүрлілігімен ажыратылады. Демократия, модернизация, индустриализация , барлық мемлекеттерде халықаралық ұйымдардың дамуы ол әрине әлем жаһандануының процесі, бірақ олар әртүрлі дамиды. Әлемдегі жаһанданудың сыншылдығына қарамастан, интеграциялық процестерінің бар болуын жоққа шығаруға болмайды. Олар жоғарыда айтылғандай еркін сауда аймағын, халықаралық экономикалық ұйымдарды және кедендік одақты дамытуда байқалады. Әлемнің саяси жүйесінің жаһандануы ол әлемдік үкіметтің, жалпы бүкіл әлемнің демократизациясы. Демократия және әлемдік үкімет идеясының әйгілігіне қарамастан, олар жаһанды емес. Өйткені әлемнің барлық мемлекеттері бірдей демократияшыл болып келмейді және әлемдік үкімет жоқ. Әрине біз интеграциялық процестердің, экономиканың транснасционализациясы, көпвекторлы дипломатияның дамуы туралы мәлімдей аламыз, бірақ олар жеке құнды процестер. Ал жаһандану, өзінің сыншылдық пен пікірталастық сұрақтарына қарамастан, ол – әлемдік тренд. Өйткені оның құзіреттілігіне әлем экономикасының интеграциялық процестері, жоғары технологиялық өндіріс рөлінің дамуы, адам бостандығының идеясы (демократизация, либерализация), экономикалық ресурстарға күрес, жаһандық экологиялық мәселелері кіреді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar