ӨЗБЕК-ХАН БИЛІГІ КЕЗІНДЕГІ АЛТЫН ОРДАНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Өзбек-хан Алтын Орда тарихында оның ат- қарған қызметі орасан зор, тіпті оның билік ет- кен кезеңін Жошы ұлысының «алтын ғасыры» деп атауға болады. Ол, ең алдымен, исламды мемлекет дін ретінде бекітті және экономика- лық саясат нәтижесінде ақша реформаларын жүргізіп, ірі экономикалық маңызы бар қала орталықтарын дамытты. Сондай-ақ, Еуропа мен Таяу Шығыста сыртқы саясатын аса тиімді жүр- гізе отырып, Алтын Орданың Батыс пен Шы- ғыстағы саяси-дипломатиялық байланыстарын нығайта түсті. Зерттеушілер бір ауыздан Өзбек- хан билігі кезінде Алтын Орда мемлекетінің күш-қуаты артып, дамуының шарықтау шегіне жеткенін мойындайды /1, 88/. Тақырыпқа қарастыру үшін ең алдымен Өзбек-ханның Алтын Орда билігіне келуі жө- нінде біршама қарастырғанымыз дұрыс. 1281 ж. дүниеге келген Өзбек, Мөңке-Темірдің неме- ресі, ал оның жолы болмаған ұлы Тоғырұлдың ұлы еді. Тоғырұл алғашқы кезде Төле-Бұға хан- ның және Алғуйдың «кіші» тең билеуші болған, бірақ, кейіннен ол Ноғай мен Тоқта-хан жасаған саяси қастандығы нәтижесінде қаза болған еді. Тоғырұлдың қазасынан кейін он жастағы Өзбек, Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме» дерегіне сәйкес, анасы Келін-Байалын әрекеті нәтиже- сінде Солтүстік Кавказға (Шеркес уәлаяты) аттандырылып, билік үшін ішкі саяси талас- тартыстар біршама бәсеңдегенше сол аймақта паналаған. Ол жөнінде «Шыңғыс-намеде» бы- лайша сипатталған: «Ол [Тоқтаға хан] өзі өлгеннен кейін оның ұлымен [әл-Басармен] хандық үшін таласады деп, өзінің туған-туыстары мен үрім-бүтағын түгел қырып тастайды. Тіпті өзі- нің інісі Тоғрұлды да өлтірген делінеді. Кейбі- реулер Тоғрұл ауырып қайтыс болды дейді. Тоғрұлдың Келін-Байалын атты әйелі болады. Ол өте көрікті болады. Тоғрұл қайтыс болған кезде оның ұлы қалады. Ол Тоқтаға хан ұлы үшін барлық туыстарын қырып жатқанын көрді. Бірнеше кісімен бірге баласын Шеркес уәлая- тына асырып жібереді. Атақты Өзбек хан — Алла оған жар болсын — осы бала еді» — дейді /2, 172/. Біршама уақыт өтіп, билік үшін талас-тар- тыстар тынышталған кезеңде Тоқта-хан өзінің немере інісіне қайтып келуге рұхсат етіп, оны таққа отыратын «Алтын әулеттің» ұрпағы ретін- де қараған. Ол жөнінде де Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме» дерегінде кеңінен сипатталған. Сондай-ақ, Хафиз-и Абрудың «Жылнамалар жинағы» мәліметіне сәйкес, Тоқта-хан өлерінің алдында өзінің немере інісі Өзбекті әскер басшылығына қойғаны сипатталған /3, 277/. Тоқта-хан ұлының көзі тірісінде қайтыс болып, оның артынан таққа отыратын мұрагерінің болмағанын араб авторларының (ан-Нувайри, ал-Бирзали. аз-Захаби, Ибн Халдун) мәліметтері де растайды /4, 132, 143-144, 166, 274/. Өзбектің Алтын Ордада беделді болуының арқасында оның көптеген жақтастары болды. Олардың қатарында аса ықпалды Хорезмдегі ханның билеуші өкілі Құтлұқ-Темір өзінің бауырлары Сарай-Темір және Мұхаммед-қожа, шейх-уль-ислам Имад ад-Дин ал-Маскири сияқ- ты тұлғалар болған еді. Темір-Құтлұқтың қолдау көрсетуінің бір себебі, Өзбектің онымен шеше жағынан да бөле ретінде туыстық байланыстығы бар еді. Ал Хорезмдік шейх-уль- исламның қолдауына діни іскерлігі нәтижесі де байланысты еді, Өзбек жастайынан мұсылман дәстүрінде тәрбиеленгендіктен болар, Алтын Ордалық мұсылмандар оның билікке келуінен үлкен нәтиже күтті /1, 90/. Сондықтан, Өзбек таққа отыру алдында мұсылман жақтастарына Алтын Орданы ислам мемлекетіне айналдыра- тына уәде берген еді. Алайда, ол уәдесін тек өзінің билігінің нығайған кезінде, яғни 1320 ж. таман ол өзінің радикалды шешімін қабылдауға толық сенімді болған кезеңде жүзеге асырды. Бірақ бірқатар зерттеушілер Өзбек-ханның таққа отырған бірден исламды мемлекеттік дінге айналдырған дейді /5, 75; 6, 331-332; 7, 202/. Алайда, шығыс деректері бойынша, оның таққа отырған соң, сегіз жылдан кейін ғана исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдаған деп сипатталған. Сонымен қатар, ан-Нувайри мәліметін сәйкес, 1314 ж. Өзбек-хан Мысыр сұлтанына жазған хатында Алтын Ордада ислам дінін ұстанбайтын топтардың бар екенін және олармен күресуге мәжбүр екендігін хабарлаған /4, 132; 5, 75/. Шамасы, бұл күрес ислам жақтас- тарының толық жеңісіне дейін бірнеше жылға созылған. Өзбек-хан, Алтын Ордадағы билігін нығайт- қан соң, мемлекеттің сыртқы саясатын белсенді- лікпен жүргізе бастады. Оның сыртқы саясаты- ның ауқымы да үлкен еді, оның негізгі бағытта- ры ретінде, Құлағулық Иран мемлекеті арасын- дағы талас-тартыс мәселесін шешу, итальяндық сауда республикалары арасындағы экономика- лық мәселелерді шешу, Берке-хан кезінде негізі қаланған Мысыр мәмлүк мемлекетімен дипло- матиялық қатынастарын жалғастыру болып табылды. Ең алдымен, Құлағулық Иранмен ұзақ уақыт бойы талас-тартыс обьектісі болған Кавказ территориясын иемденуге деген талабын қою үшін және бұл мәселені бейбіт жолмен шешу мақсатында Ұлжайтуға жаңа елшілік аттандыр- ды. Елшілік құрамында Өзбек-ханның беделді әмірлері Кек Темір Көреген, Байбаниал және Байбұқа болды /8, 73/. Байқағанымыздай, жаңа хан Алтын Орданың тағына отырған сәттен бас- тап-ақ, Құлағулық Иран билеушісіне өз талапта- рын орындатуға тырысты. Оның себебі ретінде мемлекет құрамына жаңа жерлерді қосу арқылы мемлекетте өз беделін нығайтудың алғашқы қадамы еді. Әрине, Құлағулық Иран билеуші- лері Өзбек-хан бұл қойған талабын орындаудан бас тартты. Өзбек-хан өз талабын күшпен орын- датудың қиындығы мен Ұлжайтудың Алтын Орда ханына бас имейтіндігін жақсы түсінді, осыған байланысты оған қысым көрсетудің қажетсіз екенін түсініп, онымен достық қарым- қатынас орнату мақсатында екінші елшілігін аттандырды /8, 73/. Бұл елшілікті 1314 ж. 11 мамырда Иран билеушісі жылы қарсы алды. Елшілік белгілі бір деңгейде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жандандырудың жолын қарастырды. Сонымен қатар, Ұлжайту- хан да екі мемлекет арасында достық қарым- қатынастың орнағанын қалады /8, 73/. Бірақ, Олжайту-хан Алтын Орда тарапынан шабуыл жасау қауіпінен өз әскерінің бір бөлігін Арран аймағында тұрақты түрде ұстап отырған еді. Ол кезде Арран билігі Қазан-хан кезінде қаза болған Нуриннің орнына отырған Құсайынның қолында болды. Осы оқиғадан кейін біршама уақыт өткен соң, Ұлжайту-хан 716 х.ж. рамазан айының 27-де (13 желтоқсан 1316 ж.) қайтыс болды. Құлағулық Иран тағына оның 12 жасар ұлы Абу Сайд (716/1316-736/1335 жж.) отырды /8, 75/. 1316/1317 ж. қысында Өзбек-хан Құла- ғулық Иран территориясын басып алуға асығыс- тық танытты. Вассафтың мәліметі бойынша, оның мұндай асығыстығының себебі, осы ай- мақтарда тұратын лезгиндердің Алтын Ордамен тығыз қарым-қатынастары себеп болды /9, 19/. Кеңес тарихшысы А.Н. Насоновтың пікірі бой- ынша, лезгиндер Алтын Орда билеушісімен құ- пия түрде одақ жасасқан, сондықтан Дербентті қорғаған Құлағулық Иран әскербасы Тарамтаз, Өзбек-хан әскерлерінің жақындағаны жөнінде хабарсыз болған /10, 87/. Сонымен қатар, XIV ғ. араб авторы Ибн Дукмак мәліметіне сәйкес, Абу Саид таққа отырғанға дейін әмір Шопан Өзбек- ханға Құлағулық Иран тағын ұсынған дейді. Ал Алтын Орда ханы өзінің белгілі мемлекет қайраткері Құтлұқ-Темірмен кеңесе отырып, одан бас тартқан дейді. Оның себебін Ибн Дук- мак былайша түсіндіреді, яғни Шопанның ұсы- нысын тыңдап болған соң Құтлұқ-Темір Өзбек- ханға егер ол ұсынысты қабыл алып, Хорасанға баратын болсаң, онда Солтүстік мемлекетке деген биілігің уысыңнан шығып кетеді және оны басқа біреу иемденеді. Көп жағдайда өзге мемлекетті басқару аса қиынға түседі, сондықтан екеуін де биілігіңді жоғалтып алуың мүмкін деп ақыл-кеңес береді /2, 243/. Осылай- ша оның Иран тағынан бас тартуының себебі, сол кезеңдегі қалыптасқан жағдайға байла- нысты Ирандағы моңғол биліктің тұрақсызды- ғына байланысты болса керек. Бұл оқиға Берке- ханның таққа отыруына дейін Борақшын- хатунның Алтын Орда тағына отыруға Құлағуға ұсыныс жасаған оқиғасын еске түсіреді. Бірақ, Шопанның Өзбек-ханды Құлағулық Иран тағы- на отыруға шақырғандығы жөніндегі мәлімет басқа деректермен сәйкес келмейді. Сондай-ақ, бұдан кейінгі тарихи оқиғалардан әмір Шопан- ның Алтын Ордаға қарсы әскери қимылдары көрініс тапты. Осы жағдайда Өзбек-ханның Құ- лағулық Иран тағына отыруға деген шақыруы тарихи оқиғалармен де қайшы келеді. Осы оқиғалардан кейін де біршама уақыт Құлағулық Иран мемлекеті ыдырау қарсаңында Өзбек хан- ның сыртқы саясатының обьектісі ретінде қа- растырған. Бірақ, Ирандағы Құлағулықтар билі- гі күйреген соң, оның территориясында пайда болған мемлекеттер Өзбек-ханның ұрпақтары- ның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болған еді. Өзбек-ханның сыртқы саясатының келесі бағыты, бұрынғы Алтын Орда хандары сияқты итальяндық сауда республикаларымен қарым- қатынасын орнатқан еді. 1320 ж. Қара теңіз аймағының венециандық көпестері Өзбек-ханға жүгініп, осы аймақтан тұрақты сауда-саттық факториясын салу үшін жер учаскесі мен сауда жеңілдіктерін беруін өтінді. Алайда, бұған қатысты ханның оң шешімін қабылдауы үшін ұзақ уақыт қажет болды. Өзбек-ханның уәзірле- рі мен заңгерлері қалыптасқан жағдайды меңге- ріп, Қара теңіз аймағында осыған дейін Иран ильхандары, Трапезунд императорлары және мемлекеттер тарапынан болған осындай келі- сімдерін талдауға 12 жыл уақыт кетті. Тек, 1332 ж. осыған сәйкес Өзбек-ханның жарлығы вене- циандық көпестерге беріп, Азакта (Азовта) өз факториялық құрылыстарын салуға құқық берді /11, 32/. Шамасы, Өзбек-хан венециандықтарға факториялар салуға иеліктер мен жеңілдіктер беруі, оның өзінің қарсыласы Құлағулық Иран- мен экономикалық күресте жеңіліске ұшыра- маудың алдын-алу еді. Өйткені, 1306 ж. Құлағу- лық Иран венециандықтарға сауда жеңілдік- терін беріп, ал 1320 ж. Құлағулық Иранның ең ірі қаласының бірі Тебризде сауда факториясын салуға рұхсат берген еді /12, 96/. Сондай-ақ, Өзбек-хан Алтын Орданың Балқан елдеріндегі Тоқта-хан кезінде әлсіреген сюзерендік бақы- лауын қайта қалпына келтіріп, күшейтуге әрекет жасап, бірқатар шаралар қолданды. 1323 ж. хан әскері византиялықтардан Адрианополдегі шай- қаста жеңіліс тапқан Болгария патшасы Георгий ІІ Тертерге көмекке барды. Бірақ, Өзбек-хан Византия императоры ІІ Андроникпен, ал кейін оның мұрагері және немересі ІІІ Андроникке қарсы соғысқан жоқ. Өйткені, Өзбек-хан олар- мен туыстық байланысы (деректерде Байалун- хатун атымен белгілі ІІ Андрониктің қызына үйленген еді) бар еді /7, 202/. 1330 ж. Өзбек-хан әскері Балқанның шеткі аймақтағы билігі үшін күреске қатынасты: 3000 Алтын Ордалық жауынгер біріккен Валахиялық әскербасы І Басараб пен византиялықтарға жақтасып, сербиялық ІІІ Стефанға қарсы шық- ты. Алайда, сербиялық билеуші испан және неміс жалдамалы әскерлерін жалдап, нәтижесін- де одақтастар әскерін Вельбуджде талқандап, Өзбек-ханның Балқандағы бұрынғы бақылауын қалпына келтіруге деген үмітін сөндірді /7, 202- 203/. Өзбек-хан өз тарапынан әлденеше рет өз әскерін Литва мен Польшаға жортуылға аттан- дырды. 1324 және 1337 жж. Алтын Ордалық жасақтар ханның бұйрығымен Литваға шабуыл- дар жасап, көптеген адамдарын тұтқынға алды, бірақ бұл әрекеті Киев пен Волынь толық босата алмады. 1337 ж. Польшаға жасаған жорығы Батыс Русь жерлерін қорғау мақсатында емес, Рим папасының Алтын Ордаға қарсы крест жо- рығына жауап ретінде жасалған еді. Сонымен қатар, Алтын Орда мен Батыс Еуропа арасын- дағы Өзбек ханның кезінде біршама диплома- тиялық қарым-қатынастар жүзеге асты. Тіпті Өзбек ханның мұсылмандықты мемлекеттік дін ретінде жариялауының өзі де, католиктік Еуро- памен қарым-қатынастарына әсер еткен жоқ. 1338 жылы 13 шілдедегі папа ХХІІ Иоанның жазған хатында Өзбек ханға католик миссия- сына құрметпен қарағанына өз ризашылығын білдіреді. 1339 жылы Өзбек хан папа ХІІ Бене- дикттің елшісі францискандық Жан де Маринь- олиді қабылдады. Ол Шағатай мемлекеті және Пекин сапарына шықпас бұрын арнайы келіп, керемет сәйгүлікті Өзбек ханға сыйлық ретінде берді /13, 153/. Алтын Орданың сыртқы саясатының келесі бағыты ретінде Мысыр мемлекеті арасында байланыстар Өзбек-хан билігі кезінде белсенді- лікпен жүргізілген. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың қарқынды болғаны сонша- лықты, тіпті Алтын Орданың барлық мешітте- рінде сұлтан ал-Малик ан-Насирдің есімін Өзбек-ханнан кейін атап, оған құрмет жасаған. Ұзақ жылғы Алтын Орда мен Мысыр арасын- дағы қарым-қатынас ақыр соңында туыстық байланыстың орнауына алып келді. Жалпы, Өзбек-хан өзге мемлекет билеушілерімен дип- ломатиялық некелік қатынастар арқылы туыс- тық одақтасу саясатын ұстанған. Ибн Батту- таның мәліметі бойынша, Өзбек-хан әйелдері- нің бірі «Константинополь билеушісінің» қызы болған /4, 294/. Сонымен қатар, Өзбек-ханның өз қарындастарының бірін орыс княздарының бірі — Мәскеу князі Юрий Даниловичке қалың- дыққа бергені белгілі /14, 88/. Туыстық байла- нысты орнату жөніндегі ұсыныс жоғарыда айтылғандай, Алтын Орда тарапынан болып, Өзбек-хан билігінің бастапқы жылдарында Құт- лұқ-Темірдің бастамасымен болғаны белгілі, яғни 1314 ж. Алтын Орда елшісі Мангуш осын- дай дипломатиялық миссиясын сәтті орындаған. әл-Айни мәліметтері бойынша, елші Өзбек-хан мен Құтлұқ-Темірдің хатын сұлтан ал-Малик ан-Насирге бере отырып, «он лично объяснился с султаном о том, что Кутлуг-Тимур указал ему [Мангушу] по части брака и союза» деген. Сұлтан келешектегі мұндай туыстық одақтасуға ризашылықпен құптаған /4, 516; 167/. Осының нәтижесінде екі мемлекет арасында туыстық байланыстар орнаған. Қорытындылай келсек, Өзбек-хан кезінде Алтын Орда мемлекеті өзінің дамуының шарық- тау шегіне жетті. ХІІІ ғ. 20-30 жж. Жошы ұрпақ- тары халықаралық аренда орасан зор беделге ие болып, оның вассалдары ханға тікелей тәуелді болып, оның дұшпандары шекаралық аймақ- тарда қауіп төндіре алмады.

Читайте также:  Семиотикалық жүйенің динамикалы моделі

Оставить комментарий