Зерттеу және оның перформативтіліктегі заңдастырылуы

Ғылымға қайтып оралайық та, алдымен зерттеудің прагматикасын қарастырайық. Ол қазір өзінің мәнді реттеулерінде екі маңызды түрде әрекет етеді: аргументацияны байыту, дәйектерді басқаруды күрделендіру нұсқаларында. Денотативты құндылығы бар тұжырымның қалай адресат келісіміне ие болатын ережелерді анықтауға өзгелер қатарында Аристотел, Декарт, Стюарт Милль өз кезегінде тырысты. Ғылыми зерттеу өзінің қандай тәсіл қолданатынына есеп бере бермейді. Ол әйгілену қасиеттері классиктерінің парасатына қарсы шығатын тілдерді қолдануы мүмкін және қолданады да. Олардың тізімін Башляр берген, бірақ ол қазір толық емес. Алайда, бұл тілдердің пайдаланылуы кездейсоқ емес. Ол прагматикалық деп аталатын шартқа бағынады: өзінің өз ережелерін тұжырымдап, адресатынан оларды қабылдауды талап ететін шартқа. Осы шарттарға сәйкес болғандықтан, ұсынылған тілде пайдаланатын символдарды анықтайтын, қабылдану үшін осы тілдің әйгіленуін мойындайтын форманы қалыптастыратын аксиоматиканы және бұл тұжырымдарға рұқсат етілген операцияларды және өзінің өз мағынасындағы аксиоманы анықтайтын нәрсені анықтайды. Бірақ аксиоматикаға толы нәрсенің қандай болуы тиіс екенін қалай білуге болады? Біз әзірде ғана атаған шарттардың өзі шартты. Белгілі тілдің аксиоматиканың формалды шарттарына сәйкестігін анықтайтын метатіл болуға тиіс: ол метатіл логиканың тілі. Бұл арада біз бір ескертпе айта кетуге тиіспіз. Мәселені оның түрлі аксиоматикасын анықтаудан бастау логикалық емес, эмпирикалық альтернативаны қалыптастырады. Әрине, зерттеуші немесе философ үшін оның мәні өте зор, бірақ тұжырымдарды заңдастыру мәселесі қалай болғанда да қала береді. Легитимация үшін одан мәндірек сауал мынадай: қандай критерийлер арқылы логик аксиоматикаға сай қасиеттерді анықтайды? Ғылыми тілдің нұсқасы бар ма екен? Ол жалғыз ба? Ол танымға жата ма? Шартты жүйенің синтаксисынан төмендегідей қасиеттер талап етіледі: ол орнықтылық (мысалы, жоққа шығаруға қатысты орнықсыз жүйе өзіне пропозицияны да және оның қарсы нұсқасында жібере берер еді), синтаксикалық толықтық (система егер оған аксиоманы қосса, орнықтылығын жоғалтады), шешілуге мүмкінділігі (белгілі пропозиция жүйеге жата ма, жатпай ма, соны шеше алатын эффективты тәсіл бар) және аксиомалардың бір­біріне тәуелсіздігі. Мысалы, Гегель өте сенімді түрде арифметикалық жүйеде оны дәлелдеуге де, жоққа шығаруға да болмайтын пропозиция бар екенін анықтады. Демек, арифметикалық жүйе толықтық шартына сәйкес емес. Егер бұл қасиетті жалпыласақ, формализмнің ішкі шектеулері бар екенін мойындауымыз керек. Демек, логик үшін жасанды(аксиоматикалық) тілді суреттеу үшін пайдаланылған мета тіл, ол «табиғи», немесе, «күнбе­күнгі» тіл; ол әмбебап тіл, өйткені өзге тілдердің бәрі осыған аударылады; бірақ, ол жоққа шығарудан қашқақтайды: ол парадокстардың пайда болуын мүмкін етеді. Осы дәйектен білімнің легитимациясы жөніндегі мәселе өзгеше қойылады.

Денотативты сипаттағы тұжырым ақиқатты дегенде, оның аксиоматикалық жүйесі тұжырымдалған, сұхбаттасушыларға мәлім және олар оны ең қанағатты ретінде қабылдаған деп саналады. Дәл осы рухта мысалы Бурбаки тобының математикасы дамыды. Бірақ, осыған ұқсас ескертпелер өзге ғылымдар үшін де айтыла алады: олар өзінің статусымен тілдің бар болуына тәуелді, бірақ оның қызмет ету ережелері дәлелдене алмайды, олар сарапшылардың консенсусынан туындаған. Бұл ережелердің кейбірі — талаптар. Талап ол қабылдаудың бір түрі. Сөйтіп, ғылыми тұжырымдарды қабылдау үшін талап етілетін аргументация аргументацияның құралдарын орнықтыратын ережелердің алғашқы қабылдануына тәуелді. Осыдан бұл білімнің екі көрнекті қасиеті: оның құралдарының ыңғайлылығы, яғни, оның тілдерінің көпнұсқалылығы; оның прагматикалық ойын сипаты, онда жасалған «атылыстардың» жағымдылығы (жаңа пропозицияларды енгізу), мұның бәрі партнерлар арасында жасалған келісімге байланысты. Білім «прогрессінің» екі нұсқасының айырмашылығы да осыдан: бірі жаңа атылысқа тән, орныққан ережелер шеңберіндегі жаңа аргументация, өзгесі — жаңа ережелерді ашу, және, демек, ойынды өзгерту. Бұл жаңа диспозицияға көпе­көрінеу түрде парасат идеясындағы үлкен өзгеріс сай. Әмбебап метатіл қағидасы формалды және аксиоматикалық жүйелердің көпшелену қағидасына ауыстырылған, олар денотативты тұжырымдарды растауға қабілетті, ал бұл жүйелер әмбебап метатілде суреттелсе де, орнықсыз. Классикалық және қазіргі білім жүйесінде парадокс немесе тіпті паралогизм саналған нәрсе бұл жүйелердің біреуінде жаңа дәлелділік күшіне ие болуы және сарапшылар қоғамдастығы тарапынан мойындалуы мүмкін. Біз осында ұстанып отырған тіл ойындары тәсілі өзін кішіпейіл ғана ойдың осы ағымына жатқызады. Зерттеудегі дәлелдер беруге қатысты маңызды аспект мүлде езге бағытқа жетелейді. Ол негізінде жаңа тұжырымды куәлік ретінде немесе сот риторикасы аймағындағы заттық айғақ ретінде қабылдауға мәжбүр ететін аргументацияның бөлігі. Бірақ, ол айырықша мәселені көтереді: дәл соған байланысты ғалымдардың пікірталастарында референт («шынайылық») шақырылады және аталады. Біз дәлелдеу жөніндегі сауал проблема тудырады дедік: өйткені, дәлелді дәлелдеу керек. Ең кемінде, дәлелдеу құралдарын жария етуге болады, онда өзге ғалымдар оған әкелген процессті қайталап, нәтижелеріне сене алатын еді. Әйтсе де, дәлелдерді беру дегеніміз дәйекті келтіру. Бірақ, келтіру дегеніміз не? Дәйекті көз, құлақ, сезіну мүшелері арқылы регистрациялау ма? Сезімдер алдады және олар өлшемдерге де, шешім беру қабілеттерінде шектеулі. Бұл арада техникалар кіріседі. О баста олар дәйектерді қабылдайтын, немесе контекстке қарай қимылдайтын мүшелердің немесе адамдағы физиологиялық жүйелердің протездері. Олар перформацияларды оптимизациялау қағидасына бағынады: шығарылымды көбейту (көзделген ақпарат не,месе модификация), кірер жерді кішірейту (жұмсалған күш­қуат).

Читайте также:  Қазақтың сал, серілік дәстүрі

Дұрыстыға ақиқатты да, әділ де, әсем де емес, тиімді болатын ойын ережелері осындай: техникалық атылыс бір нәрсені артық қылтанда, немесе оған аз күш жұмсағанда жақсы. Техникалық компетенцияның бұл анықтамасы кешігіңкіреп қалды. Жаңалықтар көп уақыт бойы аракідік ашылды, зерттеулерді «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп бастаған жағдайларда, немесе білімнен гөрі өнерге жақын адамдар айналысқанда, мысалы, классикалық тректер білім мен техниканың арақатынасына назар аудармайды. XVI және XVII ғасырларда «перспективисттердің» жұмыстары қызығушылыққа және көркемдік инновацияға тәуелді. Бұл XVIII ғасырдың аяғына дейін жалғасады. Тіпті бүгінгі кезде де техникалық өнертапқыштықтың «жабайы» белсенділігі, кейде бриколажға туыстық түрінде ғылымдық аргументациядан тыс шекарада жалғасады. Алайда, дәлелдер келтіру мұқтаждығы ғылыми білімнің прагматикасы дәстүрлі немесе әшкереленген білімнің орнын басқан сайын өз­өзін сездіруге мәжбүр етеді. «Пайымдауларының» аяғында Декарттың өзі лабораториялар үшін кредиттерді талап етеді. Ондағы қойылған мәселе былай: дәлелдерді келтіру мақсатындағы адам денесінің перформацияларын оптимиздейтін механизмдер қосалқы шығынды талап етеді. Сөйтіп, ақшасыз дәлелдер жоқ, тұжырымдарды верификациялау жоқ, ақиқат жоқ. Ғылыми тілдің ойындары байлардың ойындарына айналады, онда ең байығанның ғана шындығы расталады. Байлық, тиімділік, ақиқат арасында белгілі теңгермешілдік орнатылады. XVIII ғасырдың аяғынан, бірінші өндірістік революция кезеңінен өзара тәуелділік ашылады: байлықсыз техника жоқ, бірақ, техникасыз байлық та жоқ. Техника механизмі құйылымды тілейді; бірақ, ол перформацияны оптимиздейтін болғасын, ол осы артық перформациядан туындайтын қосалқы бағаны да оптимиздей алады. Осы қосалқы баға жүзеге асса болды, яғни, перформацияның өнімі сатылуға тиіс. Жөне жүйені мынадай түрде жабуға болады: осы сатылған өнімнің бір бөлігі перформацияларды одан да жақсартуға бағытталған зерттеулер қорында қалады. Дәл осы нақты сәтте тылым өндіріс күшіне, яғни, капиталдың айналымының бір сәтіне айналады. Білімге құмарлықтан гөрі дәл осы баюға құмарлық техникаға перформацияны жақсарту және өнімдерді өткізу императивін жүктейді. Техниканың түсіммен бірігуі оның ғылыммен байланысын алдын алады. Техниканың қазіргі білімде маңызы артатыны жалпы перформаттылық рухына байланысты. Тіпті бүгіннің өзінде білім прогрессінің технологиялық құйылымдар прогрессіне субординациясы тікелей емес. Бірақ, капитализм зерттеулерді кредиттеу ғылыми мәселесін шешті: тікелей — өндірістегі зерттеу бөлімдерін қаржыландырып, онда перформаттылық пен рекоммерциализация императивтері қолданбалы зерттеулердің приоритетіне бағыттайды; жанама түрде — жеке, мемлекеттік, немесе аралас зерттеу қорларын ашу арқылы, олар университет факультеттерінің, зерттеу лабораторияларының немесе зерттеушілердің тәуелсіз топтарының бағдарламасына кредит береді, олардың жұмыстары нәтижелерінен тура түсім күтпей, биік рентабельді инновацияны қолдау үшін.

Читайте также:  Мектепте тарих пәнін оқытудың жаңа технологиясы

Мемлекет — ұлттар, әсіресе, олардың кейнсиандық кезеңінен бастап, сол ережені ұстанады: қолданбалы зерттеулер, фундаменталды зерттеулер. Олар мекемелермен алуан түрлі агентствалар арқылы қызмет етеді. Өндірісте астамшылық ететін еңбекті ұйымдастыру ережелері: иерархия, еңбекті бағалау, ұжымдарды қалыптастыру, жеке немесе ұжымдық жұмыстың тиімділігін бағалау, жүзеге асатын бағдарламаларды жасау, клиентті зерттеу және т.т. қолданбалы зерттеулер лабораторияларына енеді. «Таза» зерттеулер орталықтары ондай запа шекпейді, бірақ, кредитті де аздау алады. Ғылыми мәлімдеме адресаттарынан мақұлдама алу үшін аргументацияның тек бөлігі ғана болатын айғақтарды келтіру, сөйтіп, енді өзге тіл ойынының бақылауымен өтеді, енді оның мақсаты ақиқат емес, перформаттылық, яғни, кіру мен шығудың, беру мен алудың ең үздік арақатынасы. Мемлекет және/немесе өндіріс идеалистік немесе гуманистік легитимация әңгімелерінен бас тартады, өйткені, олар жаңа мағынаны ақтауға тиіс: бүгінгі кредит берушілердің дискурсында жалғыз кредитке қабілетті матына, ол — құдіреттілік. Ғалымдарды, техниктарды, аппараттарды сатып алғанда, ақиқатты білу үшін алмайды, құдыретін молайту үшін алады. Демек, біз құдірет туралы дискурс деген не және ол легитимацияны негіздей ала ма — осыны білуге тиіспіз. Бір қарағанда, бұған кедергі жасайтын нәрсе, дәстүр орнатқан күш пен хұқықтың, күш пен данышпандықтың ара жігі, яғни күш, әділет, ақиқат табиғаттарының ара жігі. Біз бұрын тіл ойындары теориясы терминдерінде, ақиқат пен жалғандыққа тән денотативты ойынды немесе дұрыстықты, әділдік­әділетсіздікке тән прескриптивты ойынды, критерийі тиімділік болатын техникалық ойынды ажыратып, осы өлшемсіздікке сілтеме жасаған едік. «Күш» тек осы соңғы ойынға, техника ойынына тәуелді. Сондықтан бұдан ол террор арқылы әрекет ететін жағдай шығарылып тастайды. Бұл жағдай тіл ойынынан тыс болады, өйткені онда күш тиімділігі толығынан оныкінен жақсы атылыстан емес, партнерды жою қаупінен туындайды. Тиімділік немесе тиісті межеге жету «Сөйле, немесе мынаны істе, болмаса енді сөйлемейсің» деген нәрсе билікке ие болған әрбір кезде, ол — террор аймағы, әлеуметтік байланысты жою. Алайда, перформаттылық айғақтар келтіру қабілетін жоғарылатқасын, ақиқатты болу қабілетін де жоғарылатады: ғылыми білімге кеңінен енгізілген техникалық критерий ақиқат критерийіне ықпал етпеуі беймүмкін. Әділеттілік пен перформаттылық арақатынасы да солай: белгілі тәртіптің әділетті деп бағалануы оның жүзеге асу мүмкіндігіне байланысты, ал соңғысы — өкім етушінің перформаттылығына. Мысалы, Люман постиндустриалды қоғамдардағы заңның үлгілілігінің процедуралардың перформаттылығына ауысқанын заман талабы деп санайды. «Контекст бақылауы», яғни оны негіздейтін партнерлар қатынасында жүзеге асқан перформациялардың жақсаруы легитимация түрі деп қабылдауға болар еді. Бұл іс арқылы легитимация болар еді. Бұл процедураның көкжиегі былай: «шынайылық» ғылыми аргументацияға айғақтар келтіретін және юридикалық, этикалық һәм саяси түзілімдегі өкімдер мен уәделерге нәтижелер беретін нәрсе, демек ананың да, мынаның да билеушісі болу үшін «шынайылық» билеушісіне айналу керек, міне, осыған техника мүмкіндік береді.

Читайте также:  ҚазҰУ-да журналистика бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр

Оны күшейткенде шынайылықты, демек, әділетті және ақиқатты болу мүмкіндігін күшейтеді. Және керісінше, ғылыми білімі мен шешім қабылдау билігі қаншама мол болса, соншама техниканы күшейтеді. Сөйтіп, күш­құдірет легитимациясы қалыптасады. Ол жақсы перформаттылық болумен қатар, жақсы верификация және жақсы вердикт. Ол ғылым мен хұқықты олардың тиімділігімен заңдастырады, ал оны әлгілердің өзімен. Ол өз перформациядан оптимиздеуге бейімделген жүйедей өз­өзін заңдастырады. Сөйтіп, жаппай ақпараттану осы контексті бақылауды қамсыздандыруға тиіс. Тұжырымның перформаттылығы, ол денотативты немесе прескриптивті болсын олардың референтіне байланысты бар ақпаратқа тура қатынаста өседі. Сөйтіп, бүгінде күш­құдіреттің өсуі және оның өз­өзін заңдастыруы ақпараттарды өндіру, есте сақтау және әрекетке енгізу арқылы жүзеге асады. Ғылым мен техниканың қатынасы орын ауыстырады. Бұл тұрғыда аргументациялардың күрделілігі қызық, әсіресе, өйткені ол дәлелдеу құралдарын күрделендіреді, және перформаттылық бұдан пайда табады. Мемлекет, мекемелер және аралас қоғамдардың зерттеу қорларын таратуы осы күш­құдыреттің осу логикасына бағынады. өзінің жанама болса да, жүйенің перформациясын оптимиздеуге үлесін дәлелдей алмайтын зерттеу секторлары кредит ағынысыз қалады да, көнере беруге кесіледі. Әкімшілік өзінің белгілі зерттеу орталығына кредит бермегенін преформаттылық критерийімен ақтайды.

Оставить комментарий