Жұмыс жоспары деген не?

Програмды жергілікті жағдайға жанастырып, комплексті тақырыптары белгілеп, ол тақырыптарға кіретін деректерді (материалдар) толығырақ, дәлірек көрсетіп, уақытқа мөлшерлеп алуды, жұмыс жоспары (производственный план) деп атайды. Бұл айтқанға қарағанда жұмыс жоспарының програмнан пәлендей айырмасы жоқ болды: тақырыптарды белгілеу, оларды уақытқа шамалау, материалдарын көрсету програмдарда да бар. Жалғыз­ақ програмды жер­жердің жағдайына жанастыру болмаса, олай болса, жұмыс жоспары деп әр жердегі мектептің өзіне лайықтап жасаған програмын айтады екен. Тек жоспарда оқытатын нәрселер анығырақ, толығырақ, дәлірек көрсетіледі. Сүйтіп программ да – программ, жоспар да – программ боп шықты. С ұ р а у : 1. Өткен сабақта програмды жергілікті жұмысқа жанастыру жағын сөйледік пе? – Сөйледік. Түркістан елдерінің мектептеріне үйлеспейтін жерлерін көрсеттік. 2. Бір жылда жұмыстайтын тақырыптарды белгіледік пе? Белгіледік. 3. Тақырыптарды уақытқа шамаладық па? – Шамаладық. 4. Ендеше, жұмыс жоспарын жасауға кіріскен бе екенбіз? – Кіріскен екенбіз. 5. Жұмыс жоспарының енді несі қалды? – Енді тақырыптардың материалын көрсету қалады. Біз мұғалімдерге тегінде алдағы істің планын жасап үйрету керек дейміз. Үйткені, әдіс бюросы болсын, мұғалімдер жиналысы болсын, кенесі болсын сондағы адамдарды мұғалімдерден болмақ, ер мұғалім өз бетімен еш нәрсе жасауға орайы жоқ болса, жиылғанда, кеңескенде несін айтады, не ақыл қоса алады. Ол бір. Тегінде әр мектептің тұрмыс жағдайын өз мұғалімі жақсы біледі: әр мұғалім өзі есептеп, не керек екенін айтып отырып, жасаспаса, көлденеңнен, төбесінен отырып, әлде біреудің жасап берген жоспары оның мектебіне шақ келе бермейді. «Жетектеген ит аңға жарамайды» дегендей, біз мұғалім атаулыны қолмен тұрғызып қойған жанды қуыршақ қыла бергенді қойып, оларды ой жұмысына баулу, төселдіру, шынықтыруымыз керек. «Басы ауырсын, миы шатассын, шеке тамыры зырқылдасын, қыл бұрау салғандай тырсылдасын», әйтеуір түбірлеп, қоймай отырып, бірдеңенің басын құрастыратын болсын. Үнемі «жоғарыдан жасап береді» деп даяр астың иесі бола бермесін. Бұл екі, алдағы істің не боларын күн шамалай білмей, келешекті «құдайдан күту» бір нәрсенің басын бастап, аяғын тастау, көрінгеннің бәрін «о, қойшы соңы» деп менсінбеу қолдан келместен жирену, өзі түк білмей отырып біреуге сын тағу… сияқты іске жүйесіздік, табансыздық, енжарлық, жалқаулық, қау көкіректік, бос жұбаныш, құрғақ үміт сияқты мінездер бізге жөргектен біткен, ісімізді онға, алға бастырмайтын қырсықтың қара басы осында. Біз өзгенің жақсысына әлі еліктей білмейміз: талабымыз жетпейді, табанымыз тұрмайды, сырғып кейін шегінеміз. Алдағы істі пландап үйрену, келешектің қамын жеу. Толғаусыз, онсыз, «құдайға тапсырып» жылы бүркеніп жата бермеу – көптен­көп кімге керек десеңіз – көптің көкірегіне сәуле жағатын, бұлақтың көзін ашатын, ісімен, күшімен, мінезімен үлгі болатын мұғалімге керек. Мұғалім бала оқытсын, бірдеңе білдірсін десек, білдірмеген реттесін, жүйелесін десек, жұмыс жоспарын жасай білегін қылуымыз керек. Өзі етік піше, қалып шаба білмеген етікші өмірі жақсы етікші бола алмайды.

Читайте также:  ОСОБЕННОСТИ ПРИНЦИПА ЕДИНСТВА ТРЕБОВАНИЙ В СЕМЬЕ

Оставить комментарий