Жұмыс жоспарына үлгі

Комплекс тақырыбы: «Мектептегі алғашқы күндер»… (7­10 күндік). 1. М а қ с ұ т Балаларды мектеппен, мектеп жұмысымен таныстыру, ұйымдастыра бастау, мектеп тәртібіне үйрете бастау. Мұғалім балалармен, олардың өмірімен, табиғатпен, мағлұматымен танысу. 2. Ж ұ м ы с м а з м ұ н ы , о н ы ж ұ м ы с т а у ж о л ы Балаларға жолығу. Аты­жөнін, кім қайда тұратынын, кіммен қалай ойнайтынын, аурулары бар­жоғын, үйлерінде не істейтінін білу. Күн жақсы болса, бұл әңгімелерді далада өткізу. Ондай серуенде жаратылыс жайынан әңгіме құру. Мысалы: күз суретін жаздыкімен салыстыру, табиғат өзгергенде үлкен, кіші адамдардың еңбегі де өзгеруінен жабайы мағлұмат беру… Далада балалардың көз, құлақ қуатын байқау, алыстағы дыбысқа құлақ салдырып, алыстағы нәрсені нұсқау. Көрсетіп даладағы көлдердің түсін айыртып, қарындашпен қалаған нәрсенің суретін салдыру. Класта қолдан жасалған аспаптармен көз, құлақ қуатын байқау. Балаларды бір­бірінің бойымен таныстыру. Артық­кем, жоғары­төмен деген ұғымдарды білдіру. Класта балаларды дұрыстап орналастыру: бойына, көру, есту қуатына қарай, алға, артқа отырғызып: Жолдастарын санату. Мектеп тәртібіне дағдыландыру. Өзге ілгіштеріне сызық, белгі салдыру. Жолдастарының аттарымен таныстыру. Хат танытуға кірістіру. Мектеппен таныстыру: мектеп үйі қандай, бөлмесі нешеу, әр бөлме не үшін, мектеп құралдары неге керек. Мектеп тәртібі, оның керектігі, класта тәртіп сақтау. Тазалық сақтаудың керектігі, қол жуу. Мектеп жасауларын, аспап құралдарын бүлдірмей, дұрыс ұстау. Балалардың тұңғыш жиылыстарын жасау. Жиылыстың әр жолдасқа тапсырындысы – міндеті (дежурныйлық, сабаққа керек нәрселерді басқару сияқты). Класта таза ауа сақтау (үрдіс жаңғырту, шанды дұрыстап сүрту) Класты безендіру, балалардың қалай жасалғаны, жасаулағаны, баланын үйі, қанша жан барлығы, кім не істейтіні. Жұмыс әдіс, әңгіме, сурет, жапсырма сурет, ою­сыру.

Читайте также:  ТҮРІК ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Оставить комментарий