Жәндіктер туралы слайд

Слайд тақырыбы Жәндіктер туралы. Слайд барлығы 10 беттен тұрады. Бұл слайд жалпы Жәндіктер туралы, Жәндіктердің түрлері, олардың пайдасы мен зияны сонымен қатар тағыда басқа бөлімдерден тұрады. Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: біріншісі қанатсыз жәндіктер сонымен қатар қанатты жәндіктер. Мемлекетімізде 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-ден аса тұқымдасы бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы – трихограмма – 0,2 мм) – 33 см-ге дейін болады. Жәндіктердің ең басты ерекшелігі – денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек,біркүндіктер).

batton

Читайте также:  Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар туралы слайд

Оставить комментарий