Жаңа дүниежүзілік тәртіп

Әрбір ғасырда, табиғаттың әлде бір заңына бағынатындай, халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесін өз құндылықтарына сәйкестендіруге құдірет — қуаты, ырқы, сондай-ақ интеллектуалдық және моральдық стимулдары бар бір ел пайда болып отыратын секілді. XVII ғасырда кардинал Ришельенің тұсында Франция халықаралық қатынастар мәселесіне сол кез үшін жаңа көзқарас ұсынды, ол ұлт — мемлекет принциптеріне негізделген және ақтық мақсат ретінде ұлттық мүдделерді жариялаған көзқарас болатын. XVIII ғасырда Ұлыбритания содан кейінгі 200 жыл бойы еуропалық дипломатияда үстемдік еткен күштер тепе-теңдігі тұжырымдамасын талдап әзірледі. XIX ғасырда Меттернихтің Австриясы «еуропалық концертті» қалпына келтірді, ал Бисмарктың Германиясы оны бөлшектеп, еуропалық дипломатияны күш саясатының салқынқанды ойынына айналдырды. XX ғасырда халықаралық қатынастарға ешбір ел АҚШ секілді соншалықты үзілді-кесілді және бір мезгілде соншалықты екіұшты ықпал еткен жоқ. Бірде-бір қоғам басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға болмайтындығын соншалықты табанды жақтаған және өз құндылықтарын пайдаланудың әмбебаптығын соншалықты жалынды қорғаған емес. Бірде-бір ұлт күнделікті дипломатиялық қызметте одан неғұрлым прагматик немесе өзінің тарихи қалыптасқан моральдық нормаларын сақтауға тырысуда одан неғұрлым идеологияландырылған болған емес. Бірде-бір ел Биті одақтарға кіре тұрып және өзіне кеңдігі мен көлемі жағынан теңдесі жоқ міндеттер ала отырып, шетелдегі істерге өзінің араласуы туралы мәселелерде одан асқан ұстамды болған емес. Құрама Штаттар өзінің тарихи даму барысында ие болған өзіндік ерекше белгілер сыртқы саясат мәселелеріне бір — біріне қарсы екі көзқарас туындатты. Олардың біріншісінің мәнісі: демократияны өз үйінде жетілдіре отырып, Америка өз құндылықтарын барынша жақсы орнықтырады, және сондықтан ол адамзаттың қалған бөлігі үшін шамшырақ қызметін атқарады; екіншісінің мәнісі мынаған саяды: құндылықтардың өзі АҚШ-ты олардың дүниежүзілік ауқымда орнығуы үшін күресуге міндеттейді. Патриархатық өткенді аңсау мен мінсіз болашаққа жалынды ұмтылыс арасында әрі-сәрі болған американдық ақыл-ой изоляционизм мен халықаралық істерге тартылу арасында аласұрды, дегенмен екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған уақыттан былай өзара тәуелділік факторлары басым мәнге ие бола түсті. Ойлау жүйесінің АҚШ-ты тиісінше не шамшырақ ретінде, не крест таққан күрескер ретінде тәпсірлейтін екі бағыты да қалыпты жағдай ретінде демократияға, сауда бостандығына және халықаралық құқыққа негізделген жаһандық халықаралық тәртіпті көздейді. Мұндай жүйе өмірде ешқашан болмағандықтан, оны құруға шақыру өзге қоғамдарға көбіне-көп аңғырт демесек те, утопиялық нәрсе болып көрінеді. Дегенмен, шетелден жайылған скептицизм Вудро Вилсонның, Франклин Рузвельттің немесе Рональд Рейганның және, шындап келгенде XX ғ. барлық басқа американ президенттерінің идеализміне көлеңке түсіре алған жоқ. Қалай десек те, ол тек американдардың тарих барысын бұрып жіберуге болатынына және егер әлем шын мәнінде бейбітшілікті аңсаса, онда ол мораль тұрғысында американ рецепттерін пайдалануы керектігіне сенімін қуаттай түсті. Ойлау жүйесінің екі бағыты да американдық тәжірибенің жемісі болып табылады. Басқа республикалар да болғанына және әлі де бар екендігіне қарамастан, олардың бірде-бірі бостандық идеясын орнықтырып, қорғау мақсатында саналы түрде құрылған емес. Ешқашан ешқандай басқа елдің халқы бостандық үшін және баршаның шешек атуы үшін жаңа континентті игеру мен оның тусырып жатқан кеңістіктерін бағындыруды өзінің міндеті етіп таңдаған емес. Осылайша, изоляционистік және миссионерлік екі көзқарас та, сырттай соншалықты қарама-қайшы көзқарастар, Құрама Штаттар дүние жүзіндегі ең үздік басқару жүйесіне ие және басқа барлық адамзат дәстүрлі дипломатиядан бас тартып, елге тән халықаралық құқық пен демократияға құрмет қатынасын қабылдау арқылы бейбітшілік пен гүлденуге жете алады деген сол көзқарастардың негізінде жатқан ортақ сенімді бейнелейді. Американың халықаралық саясатқа енуі практикадан сенімнің салтанат құруына айналды. Ол 1917 жылы әлемдік саяси аренаға шыққан сәттен бастап, оның өз күшіне және өз мұратының әділдігіне сенімінің нық болғандығы соншалықты, біздің ғасырымыздағы ең басты халықаралық келісімдер — Ұлттар лигасы мен Бриан — Келлог пактысынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы мен Хельсинкидегі мәжілістің Қорытынды актысына дейін — американдық құндылықтардың жүзеге асқандығы болып шықты. Кеңестік коммунизмнің күйреуі американдық мұраттардың интеллектуалдық жеңісінің шыңы болды, бірақ бұл, тағдырдың тәлкегімен, елді оның өзі бүкіл тарихында көрмеуге ұмтылған әлеммен бетпе-бет келтірді. Туындап келе жатқан халықаралық тәртіп аясында ұлтшылдық жаңа тынысқа ие болды. Ұлттар асқақ моральдық принциптерді ұстанғаннан гөрі өз мүдделерін әлдеқайда жиі күйттейтін болды, ынтымақтастық жасаудан гөрі жиі бәсекелесетін болды. Және дүниенің өзіндей көне тәртіп моделі өзгерді, не таяудағы онжылдықтарда өзгере қалады деуге негіз шамалы. Ал туындап келе жатқан дүниежүзілік тәртіптегі шын жаңалық — АҚШ енді сол дүниеден бойын аулақ сала да алмайды, сонда үстемдік ете де алмайды. Ол тарихи даму барысында өзіне алған рөлге көзқарасын өзгерте алмайды, және оған ұмтылмауға тиіс — ті. Ел халықаралық аренаға шыққан кезде, ол жас, мықты болатын, өзінің халықаралық қатынастарға көзқарасымен әлемді келісуге мәжбүр етуге қаблетті қуатқа ие еді. 1945 жылы, екінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай, Құрама Штаттардың қуатты болғандағы соншалықты, оның маңдайына дүниені өз қалауынша қайта жасау жазылған сияқты болып көрінетін (дүниежүзілік жалпы тауар өнімінің 35 пайыздайы оның үлесіне тиесілі сот те болған). 1961 жылы Джон Кеннеди бостандық мұраттарының ойдағыдай жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін Американың кез-келген құн төлеуге, кез-келген ауыртпалыққа төзуге» күш-қуаты жеткілікті, деп нық сеніммен мәлімдеді. Отыз жылдан кейін Құрама Штаттар өзінің барлық тілектерін дәл солай дереу іске асыруды әлдеқайда кем талап ете алды. Ұлы державалар деңгейіне басқа елдер де жетілді. Енді қазір, оған осындай қыр көрсетілген кезде, өз мақсаттарына кезең-кезеңмен жетуге тура келеді, оның үстіне әрбір кезеңнің өзі американдық құндылықтар мен геосаяси қажеттіліктердің қоспасы болып табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі — қуаты салыстыруға болатын деңгейдегі бірқатар мемлекеттерді қамтитын дүние өз тәртібін күштер тепе-теңдігі тұжырымдамасының біріне, яғни, АҚШ-ты әрқашан өзін ыңғайсыз жағдайда сезіндіретін идеяға негіздеуі тиіс. 1919 жылы Париж бітім конференциясында сыртқы саясатты американша пайымдау мен еуропалық дипломатиялық дәстүрлер бетпе-бет келгенде тарихи тәжірибедегі айырмашылық қасіретті тұрғыдан айдан анық болып көрінді. Еуропалық көшбасшылар орын алып отырған жүйені дағдылы әдістермен түзеуге тырысты; ал американдық бітімгерлер болса ғаламат соғыс қандай да бір шешілмейтін геосаяси жанжалдардың салдары емес, Еуропаға тән және шын мәнісінде кеселді айла-шарғылардың салдары болып табылатынына кәміл сенді. Вильсон өзінің атақты «Он төрт тар мағында» еуропалықтарға халықаралық қатынастар жүйесі бұдан былай күштер тепе-теңдігі тұжырымдамасына емес, этностық өзін-өзі билеу принципіне құрылуға тиіс еместігін, қайта олардың қауіпсіздігі әскери одақтарға емес, ұжымдық қарекетке тәуелді екендігін және олардың дипломатиясы бұдан былай құпия болмауға, мамандардың құзырында қалмай, «ашық қол жеткен ашық келісімдерге» негізделуі тиісті екендігін айтып берді. Сөз жоқ, Вильсон соғыстың аяқталу шарттарын немесе орын алып отырған халықаралық тәртіпті қалпына келтіруді талқылаудан гөрі, үш ғасырға жуық қызмет еткен бүкіл халықаралық қатынастар жүйесін өзгертуге күш салды. Өйткені американдықтар сыртқы саясат турасында ой толғай бастаса — ақ, Еуропа бастан кешіп жатқан қиындықтардың бәрін күштер тепе-теңдігі жүйесі тудырды деген қорытындыға байырқайтын. Және Еуропа алғаш рет американдық сыртқы саясатқа ден қоя бастауға мәжбүр болған сәттен — ақ, оның көшбасшылары Америка әлемді реформалау жөнінде өзіне алған миссияға күдікпен қарай бастады. Әр тарап өзін қарсыласы дипломатиялық тәртіп әдісін қалай болса солай таңдап алғандай ұстады, бірақ олардың біреуі неғұрлым кемеңгер немесе кемірек жаугершіл болса, ол қандай да бір өзге, неғұрлым қолайлы әдісті таңдар еді. Іс жүзінде, сыртқы саясат проблемаларына американдық көзқарас та, еуропалық көзқарас та олардың төл, тіршілік етудің бірегей жағдайынан туындаған еді. Американдар жыртқыш мемлекеттерден екі ғаламат мұхит бөліп жатқан йен дерлік құрлыққа қоныстанды, және де олардың көршілері аса әлсіз елдер болды. Және де Америка күшқуаты жағынан тепе-теңдік орнату қажет болатын бірде-бір мемлекетпен қақтығыспағандықтан, тіпті оның көшбасшыларының миында Еуропаға сыртын берген халық үшін еуропалық үлгілерді көшіріп алу туралы өрескел ой пайда болса да, тепетендікті қолдау жөнінде өзіне міндет қоюы неғайбыл еді.

Читайте также:  Еуразиялық одақ туралы реферат

Оставить комментарий