Жаңа әлемдік тәртіп проблема

XX ғ. соңғы онжылдығының басында вильсоншылдық салтанатты шеру үстінде секілді. Коммунистік, идеологиялық және кеңестік геосаяси қыр көрсету бір мезгілде еңсерілген болып шықты. Үстіміздегі ғасыр бойында АҚШ өз құндылықтарын бүкіл дүниежүзілік кеңістікте қолданып, өзінің жаңа әлемдік тәртіп құрғысы келетіндігін үшінші рет жариялап отыр. Үшінші рет те ол барлық халықаралық аренадан асқақ тұрғандай көрінеді. 1918 жылы Вильсон Америкаға мейлінше тәуелді болғандықтан одақтастар қатты дауыс шығара алмайтын Париж бейбіт конференциясын өз көлеңкесімен қалқалады. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына таман Франклин Делано Рузвельт пен Гарри Трумэннің бүкіл глобусты американдық модель бойынша қайта пішуіне мүмкіндіктері болғандай еді. Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы дүние жүзін американдық үлгі мен бейне бойынша қайыра өзгертуге одан сайын еліктірді. Вильсонды ішкі саясаттағы изоляционизм шектесе, Трумэн сталиндік экспансионизммен бетпе­бет келді. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін дүниеде Құрама Штаттар жер шарының кез­келген бөлігінде килігу мүмкіндігі бар бірден­бір астам держава болып қалды. Алайда оның құдіреттілігі аз сезіле бастады, ал әскери күшпен шешілетін мәселелер ғайып болды. Қырғи қабақ соғыстағы жеңіс АҚШ­ ты XVIII және XIX ғ.ғ. еуропалық мемлекеттер жүйесімен және американдық мемлекет қайраткерлері һәм ойшылдары, ұдайы күдік келтіретін тәжірибемен ұқсастықтары көп әлемге тaп қылды. Идеологиялық та, стратегиялық та жаппай қатердің жоқтығы елдерге бір сәттегі ұлттық мүдделерге барған сайын жоғары дәрежеде негізделген сыртқы саясат жүргізу еркіндігін береді. Бес немесе алты ұлы держава және көптеген шағын мемлекеттер кіретін халықаралық жүйеде тәртіп негізінен, өткен ғасырлардағы сияқты, бәсекелес ұлттық мүдделердің татуласу және тепе­тең болу базасында пайда болуға тиіс. Буш та, Клинтон да жаңа әлемдік тәртіп туралы, ол бейне біp таяқ тастам жерде тұрғандай, айтатын. Іс жүзінде ол әлі пісіп­жетілу кезеңінен өтуде, оның ақтық пошымдары тек келеci ғасыр аясында ғана анық болар. Жаңа әлемдік тәртіп ішінара өткеннің жалғасы, ішінара үлгісіз болатындықтан,орнына келген дүние секілді, үш сұраққа жауап ретінде пайда болуы тиіс. Әлемдік тәртіптің іргелі құрамдастары қандай? Олардың ықпалдастығының тәсілдері қандай?

Мұндай ықпалдастық жасалатын мақсаттар қандай? Жаңа әлемдік тәртіптің пайда болуына байланысты дүрбелеңдер ішінара бері салғанда мемлекеттердің өздерін «ұлттар» деп атайтын, бірақ ұлт­мемлекеттің тарихи атрибуттары тым аз үш тұрпатының ықпалдастық фактысынан туындайды бір жағынан, бұл Югославия немесе Кеңес Одағы тұрпаттас ыдырап кеткен империялардың жарықшақтары секілді мұрагер мемлекеттер. Тарихи реніштер мен ғасырлар бойы өзін­өзі орнықтыруға жанталаса ұмтылысқа бой алдырған олар ең алдымен ежелгі этностық бәсекелестікте басым түскісі келеді. Халықаралық тәртіптің мақсаттары олардың мүдделерінен, одан да жиі ­ олардың қиялы шегінен шығып кетеді. Отыз жылдық соғыс балалатқан ұсақ мемлекеттер секциялар қаралық ­ саяси тәртіптің неғұрлым космополиттік пайым ­пиғылдарын қаперге алмай, төл тәуелсіздігін қорғап, төл қуатын ұлғайтуға тырысады. Отаршылдық дәуірінен кейінгі ұлттардың кейбіреулері де тағы бір қызықты феноменнің үлгісі болып табылады. Олардың талайының қазіргі шекаралары империалистік державаларға қолайлы болу үшін дүниеге келтірілген әкімшілік туындылар ғой. Ұзыннан­ұзақ жағалау сызығы бар Француз Африкасы әкімшілік бірлікке бөлінген еді, бүгінде олардың әрқайсысы жеке мемлекет. Сол кезде Конго, ал қазір Заир деп аталатын Бельгия Африкасының теңізге шығатын өте тар өткелі бар­тын, сондықтан ол Батыс Еуропаға тең аумақты алып жатса да, тұтас біртұтас бүтін ретінде басқарылды. Мұндай жағдайларда әдетте әскер мемлекеттегі бірден­бір ұлттық институтқа өте жиі айналады. Мұндай талап өз бейнесін таппаған кезде, оның салдары көбіне азамат соғысы болып шығады. Егер мұндай ұлттарға XIX ғасырдың мемлекеттілік стандарттарын немесе Вильсонның өзін­өзі басқару принциптерін қолдансақ, онда шекараларды радикалды және болжауға болмайтындай етіп өзгертуден қашып құтыла алмаймыз. Олардың аумақтық статус­кво мен бітпейтін аяусыз азаматтық жанжалдың арасында таңдау жасауына тура келеді.

Ақыр соңында, континенттік тұрпаттағы мемлекеттер бар, бәлкім, жаңа әлемдік тәртіптің негізгі ұялары солар болар. Британияның отаршылдық басқаруы тұсында пайда болған Үндістан ұлты көп тілді һәм көп дінді. Бұл шындап келгенде ­ толып жатқан ұлттар. Ол көрші мемлекеттердегі идеологиялық және діни ағымдарға XIX ғасырдағы еуропалық ұлттардан гөрі неғұрлым сезімтал болғандықтан, оның сыртқы және ішкі саясатының арасындағы болу сызығы біршама өзге және бұлыңғырлау. Тиісінше, Қытай әрқилы тілдердің конгломераты, оларды жазудың ортақтығы, мәдениеттің ортақтығы және ортақ тарих біріктіреді. Егер XVII ғ. діни соғыстар болмаса, Еуропа да сондай болар еді, және, егер Еуропа Одағы өз жақтастарының армандарын ақтай алса, әлі сондай бола алады. Тиісінше қырғи қабақ соғыс кезіндегі екі астам держава да ешқашан еуропалық мағынадағы ұлт­мемлекет болған емес. АҚШ ұлттық көп тілділік базасында анық ерекшеленетін айқын ұлттық мәдениет жасауда көп табыстарға жетті; Кеңес Одағы толып жатқан ұлттарды қамтитын империя болатын. Оның мұрагерлері әсіресе осы кітап жазылар сәттегі Ресей Федерациясы, кезінде дәл Габсбургтер империясы және XIX ғасырдағы Осман империясы секілді бөліну мен империядан арылу арасында бейберекет күйге ұшырап отыр. Мұның бәрі халықаралық қатынастардың мазмұнын, әдістемесін және, бәрінен маңыздысы, ауқымын түбегейлі өзгертеді. Осы кезеңге дейін әрқилы континенттер негізінен бір­бірінен оқшау қимылдады. Мысалға, Франция мен Қытайдың қуатын салғастыру мүмкін емес еді, өйткені осы екі eл өзара ықпалдастық құралдары болмады. Бірақ технологиялық шекаралар кеңейген бойда басқа континенттердің болашағы еуропалық елдердің «концертімен» анықтала бастады. Бұған дейінгі халықаралық тәртіптердің ешқайсысына да бүкіл жер шарында орналастырылған ірі күш орталықтары болған емес. Сондай­ақ ешқашан мемлекет қайраткерлері олардың елдеріндегі көшбасшылар да, қоғамдар да оқиғаларды заматта және бір мезгілде қабылдайтын кезде диломатиялық қызметпен айналысуға міндетті емес­ті. Мемлекеттер саны көбейіп, олардың арасындағы ықпалдастық мүмкіндігі өсе түскендіктен, жаңа әлемдік тәртіп қандай принциптерге негізделіп ұйымдастырылуы мүмкін? Жаңа халықаралық жүйенің күрделілігін ескерсек, «демократияны кеңейту» секілді Вильсон тұжырымдамалары американ сыртқы саясаты үшін темірқазық, сондай­ақ қырғи қабақ соғыс кезіндегі тежеу стратегиясын алмастырушы қызметін атқара ала ма? Бұл тұжырымдамалардың сөзсіз табыс да, сөзсіз сәтсіз де болмағаны айқын. XX ғ. дипломатиясының ең нәзік жетістіктерінің кейбірі ­ «Маршалл жоспары», коммунизмді тежеу жөніндегі жанқиярлық міндеттеме, Батыс Еуропаның бостандығын қорғау және тіпті бағы ашылмаған Ұлттар лигасы, сондай­ақ оның кейінгі жалғасы БҰҰ ­ өзінің тамырын Вудро Вильсонның идеализмінен алады.

Читайте также:  Библиялық мифтердің және әлемдік мифологияның ұқсастығы

Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы толып жатқан байқаушылар «бір полюсті» немесе «бір астам державалық» әлем деп атаған ахуалды жасады. Бірақ Құрама Штаттар жаһанды халықаралық қызметті бір жақты билеп­төстейтіндей іс жүзінде соншалықты тамаша жағдайда емес. Ол бұдан он жыл бұрынғыдан көбірек артықшылыққа қол жеткізді, бірақ тағдырдың тәлкегімен оның қуаты неғұрлым шашыраңқы орналасты. Осылайша, қалған әлемнің әлпетін өзгерту үшін елдің сол қуатты пайдалану қабілеті іс жүзінде кеміп кетті. XXI ғасыр жақындаған сайын жаһандық ғаламат күштер бұрынғыдан да табандылықпен еңбек етуде, демек уақыт озған сайын АҚШ өзінің бірегейлігінің бір бөлігінен айрылады. Көз жетер болашақта американ әскери қуатының бақталасы бұрынғыша болмайды. Дегенмен осы қуат ­ құдіретті алдағы онжылдықтарда дүние жүзі куә болатын қисапсыз титімдей жанжалдарға (Босния, Сомали және Гаити сияқты) бағыттау ұмтылысы американ сыртқы саясаты үшін өзекті тұжырымдамалық қыр көрсету болады. Құрама Штаттар, бәрінен ықтималы, келер ғасырда да дүние жүзіндегі ең қуатты экономикасын сақтап қалады. Әйтсе де әл­ауқат, сол әл­ауқатты қамтамасыз ететін технология секілді, әлдеқайда кеңірек таралады. Сөйтіп АҚШ қырғи қабақ соғыс кезеңінде байқалмаған экономикалық бәсекемен бетпе­бет келетін болады. Америка ұлы да құдіретті ұлт бола береді, бірақ онымен теңесетіндер табылатын ұлт бола береді; «теңдестер арасындағы бірінші» бола береді, бірақ өзі секілділердің бірі ғана болады. Вильсон сыртқы саясатының етене іргетасы болған американдық бірегейлік өзінің мәнінен алдағы ғасырда едәуір шамада айрылады. Бірақ американдықтар мұны қорлық немесе ұлттық құлдырау нышаны деп қарастырмауы керек. Өз тарихының айтарлықтай бөлігінде Құрама Штаттар іс жүзінде абсолюттік астам держава емес, көп ұлттардың бірі ғана болып келді. Басқа күш орталықтарының ­ Батыс Еуропаның, Жапонияның және Қытайдың ­ өрлеуі американдарды алаңдатпауы керек. Сайып келгенде, дүниежүзілік ресурстарды бірігіп пайдалану және басқа қоғамдар мен экономикаларды дамыту сонау «Маршалл жоспары» заманынан ­ ақ әдеттегі американдық міндет болып келген­ді. Бірақ вильсоншылдық барған сайын заманға сәйкес болудан қалып бара жатқандықтан, вильсондық сыртқы саясаттың міндетті принциптері: ұжымдық қауіпсіздік, бәсекелестерді өзіне жақтас ету және американдық өмір салтымен қауыштыру, дау­дамайларды заңгерлік жолмен шешудің халықаралық жүйесі және этностық өзін­өзі басқаруды шексіз қолдау практикада барған сайын кем дәрежеде іске асуда.

Читайте также:  Айтылған тарих ғылыми­-зерттеу бағыты ретінде

Алдағы жүзжылдықта Америка өзінің сыртқы саясатын қандай принциптерге негіздеуі керек? Тарих қандай да бір жол сілтеу былай тұрсын, тіпті азды­көпті қанағаттандыра алатын ұқсас үлгіні де ұсынбайды. Дегенмен тарих өз мысалдарының пәрменімен үйретеді, ал Құрама Штаттар жүзуге картаға түсірілмеген сулармен аттанатындықтан, ол келешек онжылдықтарға арналатын тиісті жол табу үшін Вудро Вильсонның пайда болуының алдындағы дәуір мен «американ і асырын» салыстырғаны абзал болар еді. Ришельенің raison d’etat турасындағы тұжырымдамасы, басқаша айтқанда, аталмыш мемлекеттің өз мүдделерін қамтамасыз ету үшін пайдаланатын құралдарын сол мүдделермен ақтау принципі, американдарға әрқашан жиіркенішті болатын. Әңгіме американдар ешқашан raison d’etat принципін қолданбады дегендікте емес: республика тіршілігінің алғашқы онжылдықтарында еуропалық державалар жөнінде қатаң да парықты саясат жүргізілген «негіз қалаушы аталар» заманынан бастап «жазмышты көріністер» ұранымен жүргізілген батыс экспансиясын мақсатты қамтамасыз етуге дейін көптеген мысалдар бар. Бірақ американдар өздерінде эгоистік мүдделердің бар екендігін мойындаған кезде, өздерін ылғи да ыңғайсыз сезінетін. Дүниежүзілік соғыстарда шайқастарға немесе жергілікті жанжалдарға қатыса отырып, американ басшылары әрқашан өздерінің төл мүдделері үшін емес, принцип үшін шайқасамыз деп мәлімдейтін. Еуропа тарихын зерттейтін кез­келген адам үшін күштер тепе­тендігі тұжырымдамасы өзінен­өзі белгілі нәрсе сияқты көрінеді. Күштер тепе­теңдігі ұғымын, айтпақшы, мемлекеттің ең жоғары мүдделері ұғымы секілді, күнделікті қолдануға Францияның экспансиялық пиғылдарын тізгіндегісі келген ағылшын королі III Вильгельм енгізген болатын. Демек, неғұрлым күшті мемлекетке қарсы тұру үшін бірігетін неғұрлым әлсіз мемлекеттер коалициясы тұжырымдамасы тым өрескел бірдеңе емес. Дегенмен, күштер тепе­ теңдігін қолдап, назарды талап етеді. Келер ғасырда америка басшыларының жұртшылық алдында ұлттық мүдделер тұжырымдамасын тұжырып беруіне және ұлттық мүдделерді ­Еуропа мен Азияда ­ қамтамасыз ету күштер тепе ­ теңдігін қолдап отыруға қалай қызмет ететінін түсіндіріп беруіне тура келеді. Тепе­теңдікті сақтау ісінде Америкаға әлемнің бірқатар аймақтарында әріптестер қажет болады, және бұл әріптестерді ылғи да тек моральдық ниет тұрғысынан таңдаудың сәті түсе бермейді.

Сондықтан ұлттық мүдделерді жіті анықтау американ саясатын елеулі түрде бағыттап отыру үшін керек болады[…]. Демократияның өсе түсуі АҚШ­тың басты армандарының бірі болып қалып отыр, алайда нақ философиялық салтанат секілді көрінетін сәтте пайда болатын кедергілерді де анық бажайлау қажет. Орталық үкіметтің билігін қысқарту батыстың саяси теоретиктерінің басты шаруасы болды, ал көптеген басқа қоғамдарда саяси теория мемлекеттің беделін нығайтуға бағытталып отырды. Басқа еш жерде жеке бостандықтарды кеңейту жөнінде соншалықты өзекті талап қойылған жоқ. Батыс демократиясының эволюциясы ұзақ мерзімді ортақ тарихы бар гомогенді қоғам құруға алып келді (тіпті өзінің көп тілді халқы бар Америка да аса қуатты мәдени бірлік құрды). Қоғам және, белгілі бір мағынада, ұлт ­мемлекетке дейін­ақ тіршілік етті әрі оның өздерін құруына мәжбүр болған жоқ. Мұндай көмкеру тұсында саяси партиялар түу бастағы консенсустың нұсқалары болып табылады; бүгінгі азшылық ­ ертеңгі ықтимал көпшілік. Дүниенің көптеген басқа бөліктерінде мемлекет ұлттан бұрын өмірге келді; ол ұлтты қалыптастыратын ең басты элемент болды және көбіне болып қала береді. Саяси партиялар, олар бар жерде, қатаң, әдетте қауымдық бірлесуді бейнелейді; азшылыққа немесе көпшілікке тиесілілік әдетте тұрақты сипатта болады. Бұл тектес қоғамдарда саяси процесс билік басында болудың алмасып отыруына емес, үстемдік мәселесіне саяды, ал биліктің алмасуы, егер ол орын алған күнде де, антиконституциялық төңкерістер жолымен жүзеге асады. Лоялды оппозиция тұжырымдамасы ­ осы заманғы демократияның мәнісі ­сирек орын алады. Оппзиция әлдеқайда жиі ұлттық бірлікке қатер деп қарастырылады, опасыздыққа теңестіріліп, аяусыз басып жанышталады. Батыстық стильдегі демократия құндылықтар жөнінде консенсус болуын көздейді, мұның өзі партиялық идеологияларға шек қояды. Егер бостандық идеясының әмбебап қолданыла алатындығын табандап талап етпесе, Американың өзі де бола алмас еді. АҚШ­тың жазалағыш үкіметтермен салыстырғанда демократиялық үкіметтерді артық көруге және өзінің моральдық сеніміне белгілі бір құн төлеуге дайын тұруға міндетті екені талас тудырмайды. Іс жүзінде демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын бейнелейтін үкіметтер мен институттардың пайдасына жасалатын қарекеттерді қорғауға тиіс белгілі бір құпиялылық дәрежесі бар екендігі де айқын.

Читайте также:  Идеология және утопия туралы

Қиындықтар төленуге тиіс құнның нақты мөлшерін және оның басқа едәуір маңызды американдық басымдықтармен, соның ішінде ұлттық қауіпсіздік пен баршаға ортақ геосаяси баланс мәселелерімен ара қатынасын анықтағанда туындайды. Егер жақсылықты американдық уағыздау және зұлымдықты айыптау патриоттық қызыл сөз аясынан шығып жатуға тиіс болса, онда бұл, сөз жоқ, американдық мүмкіндіктерді реалистік мақсатта түсіну үшін істелуі керек. Құрама Штаттардың, жаһандық сыртқы саясат жүргізу үшін қаржылық және әскери ресурстар қысқарған кезде, моральдық міндеттемелерін кеңейтуге сақтықпен қарауы керек. Материалдық мүмкіндіктермен және іске асыруға дайын тұрумен қуатталмаған даңғаза мәлімдемелер оның басқа мәселелер бойынша да ықпалын төмендетеді. Американ сыртқы саясатының моральдық және стратегиялық элементтерінің арасындағы дәл ара қатынас абстрактылы нұсқаулардың пәні бола алмайды. Бірақ кемеңгерліктің бастауы ­ осындай ара қатынастың қажеттігін мойындау. АҚШ қаншалықты құдіретті болса да, бірде­ бір елдің өзі ұнататын нәрсені қалған адамзатқа таңу мүмкіндігі жоқ; бірінші кезектегі нәрселерді белгілеп алу қажет. Тіпті егер саралап жіктелмеген вильсоншылдықты қамтамасыз ететін нақты ресурстар болған күннің өзінде, егер американ жұртшылығы өзінің жанжалға тартылғандығының дәрежесі мен соған ілесе жүретін міндеттемелерін анық та айқын түсінбесе, оны қолдаудың керегі жоқ. Әйтпесе вильсоншылдық жалаң үндеу тастап кетуі мүмкін, ал ондай үндеудің көмегімен қандай болсын тәуекелден жалтаруды ақтайтын ділмарсудың торына шырмалатын қиын геосаяси таңдаудан жалтару жасала алады. Және сонда американ саясаты саласында мәлімделген дәмелер мен оларды іспен қуаттауға дайын тұру арасындағы қатерлі алшақтық пайда болуы мүмкін; іс жүзінде сөзсіз болатын түңілуді халықаралық істерден толық бас тартуды ақтауға айналдыру өте оңай. Қырғи қабақ соғыс аяқталған дүниеде жаңа қиындықтардың қалың қатпарынан бұзып­ жарып шығу үшін американдық идеализмге геосаяси талдау түріндегі ашытқы керек болады. Бұл оңай болмайды. Америка ядролық монополия қолында тұрғанда, дүниеге үстемдік етуден бас тартты, және тіпті қырғи қабақ соғыс кезеңінде дипломатиясын ұлттық мүдделер өрістерін ескере отырып жүргізген кезде де, күштер тепе­теңдігі ұғымына жүрдім­бардым қарады. XXI ғасырда, алайда АҚШ­тың, басқа да елдер секілді, аяусыз қажеттілік пен таңдау икемділігі арасында, халықаралық қатынастардың бұлжымас принциптері мен мемлекет қайраткерлері құпиялап ұстайтын элементтер арасында амалдауды үйренуіне тура келеді. Ал құндылықтар мен қажеттілік арасында баланс орнатылған кезде, сыртқы саяси қызмет ел үшін маңызды мүдделер дегеннің не екендігін қандай да бір анықтаудан басталуға тиіс халықаралық жағдайдың өзгеруі кейде ұлттық қауіпсіздікті мықтап бүлдіре алатындығы соншалықты, сол өзгеріске оның сипатына немесе оның заңды сияқтылығына қарамастан қарсы қимылдау керек болады.

Оставить комментарий