Жаңа програмның үш тірегі: жаратылыс, қоғам, еңбек

Сұраулар: 1) Тірліктен, өмір сүруден түпкілікті мақсұт не? Тұқым қалдыру. 2) Ол үшін адамға не істеу керек? Алдымен тамақ табу керек. 3) Тамақты адам қайдан алады, табады? Жаратылыстан алады. 4) Жаратылыстан қайткенде көбірек пайдаланар еді? Жаратылыстың сырын, тілін жақсы білгенде. 5) Жаратылыс сырын қандай жұрт көбірек біледі? Мәдениетті жұрт. 6) Жабайы адамдар жаратылыстан қалай пайдаланған? Аң аулаған, жеміс терген. 7) Жеке жүргенде ме, біріккенде ме, тамақты көп тапқан? Біріккенде. 8) Бірігуді қалай үйренген? Аң аулап жүріп. Біріксе күшті болатынын байқаған. Жеке жүргенде соғып ала алмайтын аңын біріккенде оңай соғын алатын болған. 9) Ендеше, бірігу, қоғам болу қай заманда шыққан екен? Жабайы күннен бері қарай қоғам бола бастаған екен. 10) Сонымен тірлік етуге не керек екен? Тамақ, жаратылыс керек. 11) Еңбексіз жаратылыстан пайда (тамақ) алар ма еді? Жоқ. 12) Тамақ табу үшін алдымен не істеу керек екен? Еңбек қылу керек. 13) Еңбек нені туғызған екен? Қоғамды. Ендеше, адамға тіршілік етуде еңбек, жаратылыс, қоғам керек екен, бұл үшеуінсіз адамның күні жоқ. Еңбек жаратылыс байлығын, күшін пайдалануда, бір сөзбен, жаратылыста жұмсалады, бағытталады, еңбек қыла жүріп, адам біріккен, қоғам болған, сызықпен көрсетсек былай: жаратылыс → еңбек → қоғам Тіршілікке керегі де осы еді болғандықтан, жаңа программ осы үшін тіреу қылып, өзгесін осылардан тараулады. 1. Жаратылыс барлық байлығымен, адамымен қабат. 2. Жаратылыс байлығымен, адам күшін пайдаландыратын еңбек. 3. Адамның еңбек қызметінен пайда болған қоғам тұрмысы бұл. Бұл үшеуін бірінен­бірін бөліп алуға болмайды, бірімен­бірі астасулы, айқасулы, қайнасулы, ендеше жаңа программ бірегей екен.

Читайте также:  Жимилость синяя

Оставить комментарий