Жаңа заманның мифтері

Кейде мифологиялық жүріс­тұрыс көз алдымызда тіріле бастайды. Сөз бұл жерде ілкі бастаулық ділдің (менталитет) «сарқыншақтары» жөнінде болып отырған жоқ. Мифологиялық ой-машығының кейбір аспекттері мен функциялары адам ғұмырының (пенденің) аса маңызды құраушы бөлігін қалыптастырады. Біз кейбір «қазіргі заманның мифтер» туралы басқа жағдайларда айтып өттік. Бұл мазмұнын тұтас кітаптың бірнеше бетінде баяндап бере алмайтын өте күрделі және қызықты мәселе. Тек «қазіргі заманғы мифологияның» кейбір аспекттері жөнін әңгіме қылумен шектелмекпіз. Біз ілкі қауымдық қоғамдарда сан алуан жол арқылы жүзеге асырылған «бастауларға қайтып оралудың» ойнайтын рөлін көрдік. Қазіргі заманғы европалық қоғамдарда осындай «қайта оралуға» деген қызығушылық әлі күнге шейін байқалып отыр. Әрбір дерлік инновация бұл жерде Тауратқа (Библияға) қайтып оралудың қандай да бір варианты ретінде түсініледі немесе қабылданады және ерте христиандықтың, ілкі христиандық қауымдардың тәжірибесін қайта тірілтуді өз алдарына қойған мақсат етіп қояды. Француз революциясының жетекшілері үшін Рим мен Спартаның қайраткерлері үлгі болған. Тарихи циклдің соңын және жеңімпаз революцияның құрушылары өздерін Тит Ливий мен атты істің қорушылары деп есептеген. Таң атар шағында «ояну» магиялық мәнге ие болды. Жақсы «қайнар көздерге» текті шығу тегіне ие болу бір­біріне пара­пар тер болып шықты. «Біз өз шежіремізді Римнен із», ­XVIII және XIX ғасырлардағы румын зиялылары осы сөздерді мақтаныш сезіммен қайталайтын. Латындықтарға барып тірелетін шежіре олар үшін Римнің ұлылығына әлдебір мистикалық қатыстылықты білдіретін.

Венгр зиялы қауымы мадиярлардың тарихи миссиясы мен :тілігінің, көнелігінің «ақтығын» Гунор мен Магор туралы мифтен және Арпада туралы сагадан табатын. XIX ғасырдың басында «асыл текті шежіремен» әуейі болуы _, орталық және оңтүстік­шығыс Европада ұлттық тарихқа, әсіресе оның бастапқы кезеңдеріне деген ынтығушылықты оятты. «Тарихы жоқ халық (яғни, тарихи құжаттары мен историографиясы жоқ халық) құдды жер бетінде өмір сүріп жатпаған сияқты». Осындай идеялар орталық және шытыс Европаның халықтарының тарихнамасында кеңінен таралды. Мұндай ынтызарлықтың Европаның осы бөлігіндегі ұлттық сана­сезімнің оянуының салдарынан болғанына дау жоқ және аз уақыт ішінде саяси күрес пен насихаттың құралына айналып шыта келді. Оңтүстік­шығыс Европадағы өз халықтарының «асыл тектілігі» мен «ежелгілігін» дәлелдеуге деген талпынысы барлық тарихнамалар (азын­аулақ зерттеулерді есепке алмағанда) ұлттық тарихпен шектелу дәрежесіне дейін жетті және ақыр соңында барып тұрған мәдени «ауылбайшылыққа» провинциализмге алып келді. «Асыл тектілікке» деген ынтызарлық, соңдай­ақ, «арийлер» әсілі мифке (әсіресе, Германияда) ауық­ауық оралудың себебін де түсіндіре алады. Бұл мифтің әлеуметтік­саяси ауаны тым жақсы таныс, біз оларға тоқталып жатпаймыз. Бізді қызықтыратыны, «арийлықтың» бір мезгілде ең алыстағы, «ілкі бастаулық» ата­баба да, жөне, 1789 және 1848 жылдардағы революциялардың нәтижесінде қалыптасқан мұрат ­ құндылықтармен келіскісі келмегендердің барлығы ұмтылған, абырой мен идеал атаулының барлығын бойына жинақтаған асыл текті «қаһарман» да болып табылатын еді. Арийлық», бір сөзбен айтқанда, атағы мәшһүр, жасампаздық татулық» уақытта бар болған нәсілдік «тазалыққа» жету, күш ­ қуатқа, қаһармандық моральге иелену жолындағы боларлық модель болып табылатын еді. Марксистік коммунизмге қатысты айтар болсақ, оның милленаристік көңіл­күйлері әлденеше мәрте анықталған болатын.

Читайте также:  Бұқар жырау - "Құлағанға ұқсайды қазақтың қамал қорғаны"

Біз бұдан бұрындары Марестің Жерортатеңіздік ­ азиялық дүниенің аса танымал эсхатологиялық мифтерінің бірі — әділетті өтеміс (искупитель) қаһарман (біздің уақытымызда бұл азап шегуі дүниенің эсхатологиялық мәртебесін өзгертуі тиіс пролетариат) туралы миф. «Расында да, маркстік тапсыз қоғам және оның нәтижесі боларлық тарихи дегбірдің (напряженность) болуы — кәдімгі, сан алуан дәстүрлерден белгілі, тарихтың бастауын да, аяқталуын да көрсететін алтын ғасыр туралы миф. Маркс осы көнеден келе жатқан мифті миссиялық христиандық идеологияның элементтерімен байытты: бір жағынан, пролетариаттың сотериологиялық Функциясы мен профетикалық рөлі, екінші жатынан, Христ пен Антихрист арасындағы апокалипсистік жанжалмен оңай шатыстыруға болатын, біріншісінің жеңісімен аяқталатын қайырымдылық пен Зұлымдықтың арасындағы соңғы және шешуші соғыс.

Оставить комментарий