Жаһандану дəуіріндегі Қазақстанның инновациялық дамуы

Опубликовано Август 19, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 5 (1 голосов)

 

Əлемдік тəжірибені зерттеу нəтижелері көрсеткендей, кəсіпорындардың бəсекелестік қабілеттілігіне əсер ететін экономикалық факторларды халықаралық деңгейде реттеудің актуалдылығын заман талабы дəлелдеп берді. Мұның ақиқаты ретінде Еуроодақтың тауар өндірушілерге оңтайлы жағдай жасауы мен бəсекелестікті реттеуі жəне компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудегі тиімді жұмысын атауға болады. Қазіргі кезде əр мемлекет жеке дара инновациясын, жаңа технологиясың дамытуы мүмкін емес, сондықтан экономикалық интеграция болуы шарт. Соңғы жылдары бəсекелестікті жəне ғылыми-техникалық қарым-қатынасты реттеу саясаты қоғамдық бірыңғай қызмет нарығының сферасын, оның ішінде қаржы, көлік, байланыс жəне телекоммуникация, сондай-ақ бірыңғай энергия нарығын қалыптастыруға кеңінен араласа бастады. Қазақстанға жер көлеміне байланыста, əрі негізі бар болғандықтан ғарыштық технологияны дамыту тиімді. Еліміз негізгі халықаралық теңіз сауда жолдарынан тыс орналасқан. Шектелген ішкі нарыққа байланысты сыртқы нарықтарға қолжетімділік пен экспортты ұлғайту Қазақстан Республикасында индустриялық даму үшін аса маңызды. Экспортты дамыту шетелдік порт жəне жол инфрақұрылымына қолжетімділікке байланысты [1]. Қазақстан экономикасының келешек дамуы инновациялық экономиканың қалыптасуымен байланысты. Бүгінгі таңда инновациялық экономика түсінігі кең тарауына қарамастан, осы уақытқа дейін оның құрылымы əзірше көп зерттеле қойған жоқ. Қазақстан соңғы жылдары экономикалық түрлену барысында айтарлықтай жетістіктерге жетті, бірақ экономиканың қарқынды дамуына инновациялық фактордың қатысы төмен екенің жəне БҰҰ-ның тізімінде, біздің еліміз алғашқы жиырмаға еңбегендігі белгілі. Инновациялықəлеуеттіңиндексібойынша Қазақстанның жайғасымдары қойылған межеден төмен. Бұған инновация жағдайы, ғылыми зерттеу институттарының сапасы, компаниялардың шығындары, университеттер мен бизнестің байланысы, прогрессивті технологияларды өндіріске енгізу, ғалымдар мен инженерлердің озық технологияларды өндірісте пайдалануы жəне потенттер жатады деген ой қосуға болады. Энергия тиімділігі деңгейі бойынша Қазақстан Республикасының экономикасы əлемде соңғы орындардың бірін алады, ал еліміздің өңдеуші өнеркəсібінде дəстүрлі энергия жəне ресурс сыйымдылығы жоғары сала: металлургия мен химия өнеркəсібі алда тұр. Ресурстардың маңыздылығы мен шикізат секторының үлесін арттырудың жаһандық трендін ескере отырып, Қазақстан экономикасында өңдеу өнеркəсібін дамыту үшін ресурс тиімділігін дамытуға бағытталған шаралар, «жасыл экономикаға» көшу жəне ресурстық салалардан экономикалық пайданы арттыру қажет. Дегенмен Қазақстанда соңғы жылдары осы салада қалыптасып келген жағдайлар мен инновациялық экономиканы талаптар деңгейінде дамытуға мүмкіншіліктер жасалуда. Соңғы 20 жыл ішінде негізінен қаржыландырудың сұранысты толық көлемде жаба алмауына қарамастан, ғылым деңгейі қарыштап дамуда. Қазақстан Республикасының статистика агенттігіне сілтеме жасай отыра, өндірістік инновациялық белсенділіктің 2012 жылғы негізгі көрсеткіштері келесідей. «Шетелдікинвесторлардыңеліміздіңшикізат қорын қолдануы үшін, жаңа технологиялы кəсіпорындар салуы тиіс» – делінген Елбасының 2050 стратегисында, дəл осындай тəжірибені Қытай мемлекеті ойын ережесін жиі өзгерту арқылы, өте тиімді қолдануда. Халықаралық ғылыми-техникалық серіктестіктің əр ел үшін инновацияны дамытуда перспективасы мен маңыздылығы зор. Мысалы Тəуелсіз Елдер Достастығына мүше елдердің бірлесе қимылəрекет жасағаны орынды себебі инновациялық даму деңгейі шамалас. Осы саланы шет елдермен салыстырғанда 2012 жылы Қазақстанның инновациялық белсенділік деңгейі 5,7% болса, АҚШ-та 50%, Түркияда – 33%, Венгрияда – 47%, Эстонияда – 36%, Ресейде 9,1%-ға тен. Инновация жоқ жерден бірден өздігінен пайда бола алмайды, олардың пайда болуы мен кенінен тарауы үшін инновацияның сыртқы ортасын құрайтын тиімді жағдай мен белгілі бір факторлардың жиынтығы қажет, əрі инновация деп əлемде аналогы жоқ жаңалықтарды ғана айта алмаймыз деген сөзбен келіспеске болмайды. Инновациялық процестердің жуық арада табыс əкеле қоймайтыны белгілі, осыған байланысты бүкіл əлем тəжірибесінде алғашқы инновацияларға үкімет тарапынан аса үлкен қаржылай, заңнамалы т.б. тұрғыдан көмек көрсетілген. Ірі инновациялық жобаларды тікелей қаржыландыружолыменжəне салықтық, несиелік преференциялар мен амортизациялық саясат арқылы жанама ынталандыру тəсілдерін қолдану қажет. Экономиканың бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін факторы ретіндегі инновациялардың маңыздылығы күмəнсіз. Ұлттық экономиканың бəсекелестікке қабілеттілігінің стратегиясын құрастыру жəне оның болашақ қызмет етуі инновацияларды кеңінен пайдалану жəне инвестицияларды адами капиталға, ғылымға, білім беруге, денсаулық сақтауға бағыттау тұрғысынан қарастырылған [2]. Экономика өсімінің ырғағы бойынша, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейімен, азаматтардың нақты табыстарын деңгейімен жəне т.б. бойынша ұлттық экономиканың рөлін сипаттайтын макродеңгейдегі бəсекелестікке қабілеттілігінің көзқарасын ғылыми жəне тəжірибелік ынтасын көрсетеді. Мұнда дəстүрлі факторларға емес, жаңа технологияларға берілген инвестициялардың көлеміне, ғылымның жəне кəсіби білім берудің даму деңгейіне акцент қойылады. Жаһандану үрдістерін ескере отырып, салалық ерекшелік қалыптастыру мен кластерлердің жаһандық деңгейде бəсекеге қабілеттілігін құру маңыздылығы дамыған жəне дамушы елдерді салалық басымдықтарды таңдауға одан сайын итермелейді. Бұл жағдайда қолдаудың жалпы жүйелік шаралары бəсекелестікті ынталандыру, қаржылық ресурстарға қол жетімділікті арттыру, технологиялық даму мен инновациялық белсенділікті қолдау сияқты салаларда өнеркəсіпті жалпы қолдауға бағытталған. Индустриялық даму шеңберінде Қазақстан Республикасында басым секторларды дамыту мен барлық өнеркəсіп үшін қызмет жағдайларын жақсарту арасындағы теңгерімділікті қамтамасыз ету қажет. Ғылым мен техниканың қарыштап дамып, өнеркəсіптік өндірістің маңызы артып отырған ХХI ғасырда əр мемлекет өз шамасы келгенше нарықтан орын алуға ұмтылады жəне заман ағымына сай даму стратегияларын жасайды. Əлемдік экономиканы, оның ішінде еліміздің де экономикасын дамытуға да үлес қосатын маңызды салалардың бірі екендігіне көз жеткіземіз. Себебі, əлемдік ЖІӨ-нің 16%-ы өнеркəсіптік өндірістің үлесінде [3]. Жаһандану мен инновациялық технологиялар заманауи қауым бет-бейнесін едəуір өзгертті. Инновациялық үдеріс жаһанға жайылып, жаңа технологиялар мен инновацияларды қолданысқа еңгізіп игеруге ұмтылған мемлекеттер саны көбейуде. Қытай, Индия, Бразилия осы салада үлкен тəжірибеден өтті, олар ірі ұлтаралық компаниялардың инновациялы-технологиялық орталықтарын дамушы нарықтарға орналастырудағы ұмтылыстарын дұрыс қолдана білді [4]. Көптеген трансұлттық компаниялар жоғарыда айтылған мемлекеттерде инновациялық орталықтарын ашқан. Бұл өз кезегінде технологияларды трансферлеуге, əрі жаңа технологиялық алаңқайлар құруға көмегін тигізді. Нəтижесінде əлемдік жаңа технологиялар нарығында бəсекелестіктері артты. Инновация дегеніміз – ол технология трансфері. Сурет 2. Ал технология трансфері – бізге беймəлім технологияларға бейімделу, соны үйрену, пайдалану жəне соның пайдасын көру. Бəсекелестік заманында бір-бірінен озық тұру үшін арнайы халықаралық сараптамалық институттар болуы ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №2 (102). 2014 С. А Каирова 207 қажет. Біздегі экономикалық құбылыстың жақсы болуы бүкіл жаһандану процестеріне байланысты. Жаһандану процесінен қалыс қалмауымыз үшін, технология трансферті тиімді. Технология трансферін оңтайлы пайдалануға жаңа технологияларды меңгеруге, құрал-жабдықтардың тілін білетін маман дайындау ісі тағы бар. Кез келген өндірісті дамыту үшін қажетті капиталдың бірі – ол мамандар. Жоғары білімді, біліктілігі асқан, жан-жақты маман өнеркəсіп дамуының басты тетіктерінің бірі. Ол үшін инновациялық инфрақұрылымды дамыту қажет. Жəне бір айта кетерлігі мемлекет жаңа білімді, жаңа технологияны ой-санасынан өткізіп, бойына сіңіріп, абсорбциялап алуы керек. Өткен жылдың басында өткен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында «Мен айтқанмын да жəне тағы айтқым келеді: инновация халық үшін қарапайым тілде – ол жаңалық, ғылымның өндіріске енгізілуі. Инновация дегеніміз еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыратын іс. Бірақ əрбір инновация қандай да бір уақытта өз шегін сарқиды. Міне сонда іске ғылым араласады», – деді президент Н. Ə. Назарбаев.  Инновация мен жаңа технологияларды дамытуда спираль үлгісіндегі үштіктің алар орны ерекше. Сурет 1. Олар университет, бизнес жəне билік. Бұл теорияны алғаш ағылшын ғалымы Генри Ицковиц қолданысқа енгізген. Шиыршықты үштік үлгісі өзара ықпалдасу арқылы инновациялық өнім өндіруде тиімділігін көрсетуде. Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізетін университеттер, терен ғылыми ізденістерді қажет ететін өндірісте аса манызды. Сол себепті билік, университет жəне бизнес арасындағы байланысты нығайту кез-келген мемлекеттің қазіргі тандағы негізгі мақсаты. Қазақстанда соңғы жылдары көптеген университеттерде ғылыми-зеттеу орталықтары құрылды, бірақ нақты ғылым мен бизнес арасындағы байланыс қанағаттандырарлық деңгейде дамымай отыр. Бизнеспенуниверситет арасындағықарысқатынас іс-əрекеті талаптар деңгейінде дамып, біріккен жаңа салаларда өзара ықпалдастық туындаған жағдайда, студенттерге өндірісте дипломалды тағлымнамадан өтуге, ғылыми зерттеу жұмыстарын нақты көрсеткіштерге сүйене отырып жазуға мүмкіндіктер туындайды. Университеттердегі ғылыми зерттеу жұмыстары бизнес тарапынан қаржыландырылып, нəтижесінде жетілдірілген инновациялық өнім өндіріп əлемдік нарыққа шығару перспективасы, тек қапсарласа еңбек ету нəтижесінде жүзеге асады. Қазіргі жаһандану жағдайында мемлекеттер емес, компаниялар арасындағы бəсекелестік белен алып тұрған кезеңде, кез-келген бизнес субъектісі мүмкіндігін пайдаланға əрекеттенуі орынды. Қорыта келгенде Қазақстан Республикасы жаңа технологиялардың маңыздылығын ескере отырып, экономиканы индустриялықинновациялық дамыту қажеттілігі туралы мəлімдеген алғашқы елдердің бірі болды. Қазақстанда заманауи өнеркəсіптік саясаттың негізідері қалыптасты, шикізаттық емес экспортты ұлғайту жəне шикізаттық емес секторға инвестиция тарту есебінен экономиканы əртараптандыру басталды. Ұлттық инновациялық жүйелердің əлеуетін біріктіретін мемлекетаралық инновациялық кеңістік, кең ауқымды ғылыми-техникалық, өндірістік жəне инновациялық бірлесу инновациялық дамудың орнықты сипат алуына, ғылыми-техникалық əзірлемелерді, идеяларды, олардың пайда болу орнына қарамастан, тиімді пайдалануға, білім-білік экономикасын құру жолындағы кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді.

Оставить комментарий