ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК

Жаһандану заманында әлем үшін басты мақсат – бейбіт өмір мен тұрақты дамудың тұғыры – қоғамдық келісім мен төзімділік мәдениеті екендігі күмәнсіз. Заманауи әлем қазіргі таңда экономикалық дағдарыс, қаржылық тұрақсыздық, әлеуметтік күйзеліс, саяси кеудемсоқтық текетіресі, лаңкестік, діни экстремизм, ксенофобия сынды сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Дін және діни құндылықтар әлемдік саясатта мемлекеттер мен өркениеттерді диалогқа жетелеуші қайнар көз ретінде қарастырылуда. Еліміз әлемдік және дәстүрлі діндердің бейбітшілік пен гуманизмді ұлықтаушы әлеуетіне сенім артып дін көшбасшыларын Астана шаһарына жинап жаһандық мәселелерді діни төзімділік және бейбіт жолмен шешуге шақырады. Зайырлы мемлекетімізде дін мен қоғам арақатынасын, діни құндылықтардың қоғамдық өмір мен санадағы орнын зерделеу әрқашан да өзекті болмақ. Дін күрделі қоғамдық сананың формасы және әлеуметтік институт ретінде адамзат тарихымен бірге жасауда. Себебі дін адам мен азаматтың бостандығымен, құқығымен, дүниетанымымен және ұлттың мәдениетімен, құндылықтық ұстанымыммен байланысты. Дін әлеуметтік институт ретінде қоғам мен адам өмірінде нақты қызмет атқарады. Дін – әлеуметтік құбылыс ретінде адамдардың санасы мен мінез-құлықтарына ықпал етуші объективті фактор. Зайырлы қоғамда дін дүниетанымдық, реттеуші, ұйыстырушы, мәдени- шығармашылық, рухани-адамгершілік, т.б. қызмет атқарады. Сондықтан да зайырлы қоғамда әлемдік және дәстүрлі діндердің құндылықтарын ғылыми және зайырлы тұрғыдан зерделеу мен танып білу маңызды. Қоғам мен адамның қауіпсіздігі қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі басты мәселе болып отыр. Қауіпсіздік ұғымы қоғам, мемлекет, табиғат және адам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Атап айтсақ, ақпараттық, интеллектуалды, саяси, әскери, экономикалық, қоғамдық, экологиялық, т.б. қауіпсіздік түрлері елдегі нақты ішкі және сыртқы жағдаймен айқындалады. Қазіргі уақытта адам мен қоғам өміріндегі ақпараттық және интеллектуалды үдерістерде діни сенім мен сананың рөлі едәуір өсіп отыр. Мемлекеттік атеизм тұсында діни сана мен дін – надандық пен артта қалушылықтың қайнар көзі деп қарастырылды. КСРО-да атеистік идеология үстемдік еткен жетпіс жылдан астам уақыт ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК 30 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №2 (2). 2015 Жаһандық сын-қатерлер және рухани қауіпсіздік ішінде дін мен діндарлық деңгейіне өркениеттік тұрғыда зерттеулердің жүргізілмеу себебі қоғам мен ғылым өркендеген кезде дін өздігінен қоғамдық өмірден аластатылады деген сенімге сүйенді. Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдарынан кейінгі идеологиялық вакуум салдарынан қоғамда сан түрлі жат діни ағымдар, әсіресе жастар арасында жылдам тарай бастады. Мұның себебі – діни сауатсыздық, жастық албырт- тық және максимализм, «батыр» болып атын шығару, өмірлік тәжірибенің аздығы, өмірден өз орнын таппау, әлеуметтенудің қалыпты үрдісінің бұзылуы, әлеуметтік сатылық жолының әлсіреуі, әлеуметтік жағдайлар (жұмыссыздық, әлеуметтік әділетсіздік, жемқорлық, кәсіби біліктіліктің төмендігі), рухани әлемнің жұтаңдығы, торығу, жалғыздық, арманның іске аспауы, үмітсіздік, рухани тірек іздеу, ақпараттық материалдардың тасқыны (шетелдік діни әдебиеттер, интернет жүйесі, әлеуметтік желілер), еліктеушілік, постатеистік қоғам өміріндегі көрініс берген маргиналды құбылыстар және постмодернистік ұстанымдар. Әлеуметтік құбылыс ретінде діннің қоғаммен өзара әрекеттестігін талдауда өркениеттік ұстанымды басшылыққа алу керек. Қоғам дегеніміз топтар мен топ мүшелері арасындағы түрлі әлеуметтік қатынастардың жиынтығын көрсетеді. Мұнда діннің экономикамен, отбасымен, мәдениетпен өзара әрекеттестігін талдау керек. Сонымен қатар дін мен қоғамның өзара қарым- қатынасы мәселесі жеке адамның дүниетанымы және мінез-құлқының діни негіздерін, адамның діни мүдделері мен ұстанымдарын, әлемдік діндердің адам және қоғам туралы ілімдерін зерделеуде маңызды. Дін адамзатпен байланысты әлеуметтік құбылыс болғандықтан, адамзат мәдениеті ұғымымен байланысты. Әлеуметтік-мәдени байланыстарды және дүниетанымдық ұстанымдарды айқындайтындықтан, қазіргі әлемдегі дінтанулық және әлеуметтанулық теорияларда дін қоғамның тұрақтылығына ықпалдастық беруші фактор ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда қоғамдық өмірде дінге деген қызығушылық артып тұрған уақытта діннің қоғам өміріндегі орнын зерделеу үшін дінтанулық негізде аналитикалық талдаулар жүргізу қажет. Дін адам өмірінде құндылықтық ұғым ретінде оның өмір мәндік ұстанымына ықпал етеді. Дін ұжымдық бірегейлену ретінде индивид, ұлт пен қоғамға ықпал етуші фактор болып табылады. Қазіргі дінтанулық ғылымда дінді талдау нақты тарихи ішкі және сыртқы жағдайды есепке ала жүргізілеуі қажет. Заманауи секулярлы қоғамда, қоғамның түрлі салаларына, қоғамдық және жеке адам санасына, әлеуметтік қатынастар мен институттардың қызметіне діннің ықпал етуі төмендеген. Дегенмен, қазіргі жаһандану заманында діни бірегейлік саяси, азаматтық, ұлттық бірегейленуге қарағанда басым болып отыр. 2015 жылы халықаралық Gallup International агенттігінің жүргізген сауалнамасы бойынша жер тұрғындарының 63% дінге сенетіндіктерін көрсеткен. Зайырлы ұстаным – адам мен азаматтың діни сенімін құрметтейді. Зайырлылық қағидаты мемлекет пен қоғам өміріндегі діннің қызмет ету саласын айқындап және реттейді. Зайырлылық бұл дінге қарсылық немесе дінсіздік емес. Зайырлылық мемлекет пен дін қатынасын өркениеттік және азаматтық негізде үйлесімді арнада өрбіту. «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің мемлекетіміздің зайырлы келбеті – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты. Мұны Қазақстанның қазіргі және болашақ саясаткерлері, барлық қазақстандықтар айқын түсінуге тиіс», – деп атап көрсетілген. Зайырлы қоғамда діннің қоғамдағы орны мен қызметін секуляризация ұғымы арқылы түсіну қалыптасқан. Бүгінгі постиндустриалды қоғамда дін адамдарды біріктіруші және қоғамдағы тұрақтылықтың, өзара түсіністік пен татулықтың қызметін атқаруы тиіс. Әлемдік және дәстүрлі діндердің мәдени құндылықтарының негізінде бейбітшілік, әділеттілік, сүйіспеншілік, сабырлылық, төзімділік сынды әмбебап ұғымдар жатыр. Қазіргі дінтану ғылымы үшін діннің қоғамға ықпалы мен әлеуметтік-саяси факторлардың діни мінез-құлыққа әсерін зерделеу маңызды болып отыр. Жаһандану заманында геосаяси мүдделердің діни негізде бүркемеленуі және діннің саясилануының күшеюі, алпауыт елдердің әлемдік саясат пен нарықтағы бәсекелестігі мен мүдделер қайшылығында діни факторды әлемдік және аймақтық қатынастардың өзекті құбылысына айналдырып отыр. Әлемдік экономикадағы дағдарыстардың шешілмеуі және әлеуметтік мәселелердің күрделі сипат алуы батыс елдерінде ксенофобиялық әрекеттердің туындауына түрткі болып отыр. Қоғамдық пікірді өзге арнаға бұру үшін ақпарақтық шайқас алаңына әлеуметтік желілер және ғаламтор желілері тартылуда. Бұл үшін түрлі жобалар дайындалып адам санасы мен психикасына, әрекетіне ықпал жасаушы тетіктер механизмі жетілдірілуде. Діни экстре- ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №2 (2). 2015 31 Бейсенов Б.Қ., Игисенова А. мизм мен фанатизм, әсіре діншілдік жаһандық сипат алуда. Діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұратын сыни көзқарас, азаматтық позиция қалыптастыру осы дінтану пәнінің міндеті болып табылады. Елімізде 1999 жылы «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», 2005 жылы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары қабылданды. 2011 жылы желтоқсан және 2014 жылы қарашада ҚР кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңы қабылданды. Діни экстремизм мен лаңкестік адам мен қоғам өміріне, мемлекет негізіне қауіпті індет екендігі жастарға байыпты және ғылыми тұрғыда түсіндірілуі қажет. 2013-2017 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға байланысты қабылданған мемлекеттік бағдарламада нақты көрсетілген. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында республикалық және өңірлік денгейде ақпараттық-насихаттық топтар құрылды. ХІХ ғасырдың ортасында дінтану ғылымында дін социологиясы қалыптасты. Дін әлеуметтануында діннің қоғамдық негіздері, діннің құрылымы мен қызметі, қоғамдық жүйедегі діннің рөлі қарастырылады. Бүгінгі өркениетті қоғамда тұлғаны қалыптастыру рухани-адамгершілік кемелдену және білім мен тәрбие беру арқылы іске асады. Тәрбиелеу процесінде ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды үйлесімді үйлестіру және зайырлылық қағидаты негізінде жастардың діни санасы мен рухани әлемін қалыптастыру үшін исламның дәстүрлі құндылықтарын қоғамның әлеуметтік-мәдени жағдайына, елдік діл мен ұлттық дүниетанымға сай байыппен, байсалды түрде тиімді қолдану керек. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың партияның XVI съезінде сөйлеген сөзінде «Біздің елімізде 17 конфессияның өкілдері бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті тұрып жатыр. Олардың ішіндегі аса ірілері – ислам, православие және протестанттық. Қазақстан аумағында тарихи қалыптасқан Ханафит исламы ұстамдылығымен және төзімділігімен, ислам құндылықтарын парасатты түсіндіруімен ерекшеленеді» – деп атап көрсетті [1]. Қазіргі заманда дінтану ғылымында дін мен саясаттың аражігін анықтау – маңызды мәселе. Әлемде мемлекет пен діннің арақатынасын шешудің бірнеше тәсілдері бар. Дінтанулық ғылымда мемлекет пен дін қатынастарының негізгі модельдері төмендегідей: 1) теократиялық басқару формасындағы елдер; 2) нақты конфессионалды идеологияны ұстанатын зайырлы мемлекеттер; 3) ресми атеистік идеологияны ұстанатын зайырлы мемлекеттер; 4) зайырлы, көпконфессионалды мемлекеттер. Мұсылман елдерін екі топқа бөліп қарастыруға болады: мұсылмандар басым болатын діни басқарудағы елдер, мұсылмандар басым тұратын зайырлы елдер. Кейбір еуропалық және мұсылман елдерде діни-саяси партияларға рұқсат етілген. Араб елдерінің әлеуметтік құрылымы түрлі ру-тайпалық, кландық, этникалық, діни, конфессиональды топтардан құралған. Таяу Шығыс және Солтүстік Африкада мемлекеттік шекараларды батыс отаршылары Ұлыбритания, Франция, Италия, Испания белгіледі. Атап айтсақ, Ирак, Сирия, Иемен, Судан, Ливия, Алжир. Батыс отаршылдарының бөліп ал да билей бер ұстанымы мемлекеттегі экономиканың нақты бір секторын немесе нақты бір өнімді шығару мен өндіруді, пайдалы қазба байлықты бір тайпаға не бір кланға, болмаса бір діни топқа бөліп берген. «Өкінішке орай, батыста ислам әлемін батыс либерализмі мен неолиберализмі тұрғысында трансформациялауды қалайтын империалистік ұстаным әлі де күшті» [2]. Бұл қоғамдарда мемлекеттік бірегейлік емес ру-тайпалық, діни-конфессиональды, ұлттық, кландық бірегейлік басым: сүннит, шиит, друзд, христиан, араб, курд және т.б. Ру-тайпалық және конфессиональды бірегейлік – араб қоғамының түп негізі. Сондықтан бұл аймақтағы қоғамдардың ішкі құрылымы ыдыраңқы және ортақ мақсат жолында жұмылуына ұлттық, тайпалық, діни, кландық ерекшеліктер кедергі келтіреді. Бұл елдердегі саяси-әлеуметтік үдерістер мен экономикалық ахуалды зерделеу үшін қоғамның әлеуметтік құрылымына назар аударған жөн. Аймақ елдеріндегі саяси және экономикалық үрдістер қоғамның әлеуметтік өмірінің салдары ғана болып отыр. 2010 жылы Тунистен басталған араб көктемі Мысыр, Ливия, Сирия, Иемен, Алжир, Бахрейн елдерін шарпыды. Экономикалық әлеуеті зор мұнайға бай Сауд Арабиясы, Бахрейн, Кувейт, Катар туындаған мәселелерді ақшамен басып отыр. Араб дүниесінде болып жатқан саяси-әлеуметтік және діни үдерістер әлем назарын аударуда. Араб қоғамындағы азаматтық қоғам институтарының әлсіздігі және сыртқы күштердің ықпалына қарсы тұра алмауы қазіргі жағдайдың ушығуына себеп болуда. Қазіргі өркениетті әлем бетпе-бет келіп отырған лаңкестік пен діни экстремизм, ксенофобия дерті адамзат болашағына қауіп төндіруде. Елбасы дамуымызға қауіп төндіретін 5 жа­ 32 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №2 (2). 2015 Жаһандық сын-қатерлер және рухани қауіпсіздік ңа сыртқы сын-қатерлер туралы «Бұл – әлемдік тәртіптің дағдарысы мен ортақ белгісіздіктің өрістей түсуі. Қауіпсіздіктің әлемдік жүйесінің беріктігі жаңа сипаттағы жанжалдармен сыналуда. Әлемдік аренада экстремизм мен зорлық-зомбылықты пайдаланатын жаңа жүйесіз ойыншылар пайда болуда», – деп көрсетті [3]. Жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қауіп төндірушілер арасында ИШИМ, Боко Харам, Джабхат ан-Нусра, әл-Каида, Талибан лаңкестік ұйымдары белсенді әрекет етуде. 2006 жылы Иракта моджахедтер кеңесі және 11 әсіре діншіл топтардың бірігуі нәтижесінде Ирак ислам мемлекеті құрылды. 2013 жыл сәуірде Ирак және Шам ислам мемлекеті құрылғаны жарияланды. 2013 жылы ИШИМ әл-Каидамен байланысын үзді. 2014 жылы маусымда Ирак және Сирия аумағында ислам мемлекеті – халифат құрылды. Абдалла Ибрагим әл Самарий (әбу Бәкір әл-Багдади) Халиф болып сайланды. Халифаттың орталығы – Сирияның  – Ракка және Ирактың – Мосул қалалары. Ислам мемлекеті үгіт- насихат жұмыстарын «әл-Фуркан», «әл-Хаят» медиаорталықтары арқылы жүргізеді. Кейбір деректер бойынша, Ислам мемлекеті радикалды ұйымының қатарында 80-ге жуық елдерден келген еріктілер бар. Ислам мемлекеті аумағында шариаттық заң нормалары енгізілген. Басқа діни ұйымдардан ерекшелігі ислам мемлекетінің діни негізінде. Ислам мемлекеті аумағындағы шиитер мен христиан діндерін ұстанатындарға қысым көрсетіледі. Ислам мемлекетінің басшылық құрамында бұрынғы Саддам Хусейн билігіндегі әскерилер мен БААС партиясының жақтастары, Асадқа қарсы топтар бар. 2015 жылы ақпанда Ресей ФҚК директоры А.Бортников Ислам мемлекеті қатарында 1700-ге жуық ресей азаматы ұрыс қимылына қатысып жүргенін айтқан болатын. ТМД антитеррорлық орталығының басшысы А. Новиков 2000-5000 жуық ТМД елдерінің азаматтары бұл лаңкестік ұйым қатарында жүргенін айтты. Қырғызстаннан – 330, Қазақстаннан – 300, Өзбекстан мен Тәжікстаннан – 1000-2000 жуық адамдар жалған діни ұстанымға елігіп алпауыт елдердің геосаяси және геоэкономикалық мүдделер қақтығысының құрбанына айналуда. Кейбір сарапшылар пікірінше, ислам мемлекеті қатарында Францияның – 700-900, Германияның – 300, Англияның – 400, Австралияның – 150 жуық азаматтары бар. Еуропа елдерінен келгендер қатарында тегі еуропалық ұлттар және еуропалық иммигранттардың балалары мен немерелері кездеседі. Әсіре діншіл экстремистік топтар ғаламтордағы әлеуметтік желілер мен виртуальды уағызшылардың үгіт насихатымен қатарларына діни білімі таяз, дүниетанымы қалыптаспаған, көрсеқызар еліктегіш, атын шығаруды аңсаған албырт жастарды тартуда. 2015 жылы маусымда Түркия мен Сирия шекарасында ММУ студенті және 14 ресей азаматы ұсталды. Соңғы жылдары Батыс Еуропа елдерінде әсіре ислами топтар қатары өсуде. Босқындар мен мигранттар салдарынан Батыс Еуропаның этникалық-діни құрамы өзгеріске ұшырады, мәдени парадигма ауысуда. Бұл Африка және Азия елдерінен келген иммигрантардың батыс қоғамының мәдени құндылықтарын сіңіріп, социумға кірісе алмағандығын көрсетеді. 2011-12 жылдары Германияның Золинген қаласында «Миллатул Ибрахим» радикальды ұйымы әрекет етсе, Вупперталь қалашығында шариат полициясы дүкендерде спиртті ішімдіктердің сатылмауын қадағалай бастады. Германиялық радикальды топтардың 10% Сирия және Иракқа кеткен. Египеттің Александрия қаласының маңындағы Мандар ауданында неміс мұсылмандарының қауымы бар. 2013 жылы Лондон көшелерінде шариат патрульдері пайда болды. Соңғы жылдары «Аль Мухаджирун» және «Islam 4UK» ұйымдары қоғам өміріне шариат заңдарын енгізуге шақыруда. Англияда радикальды діни ілімдердің таралуын алдын алу мақсатында құрылған «Preventing violent extremism» бағдарламасы елдегі мұсылман қауымының мүшелері туралы толық ақпарат алуға құқылы. Лаңкестік ұйымдар құрамындағы этникалық еуропалық мұсылмандардың түрткілері  – неофиттік энтузиазм, авантюризм, өмір мәнін іздеу, дүниетанымдық-психологиялық күйзеліс, бірегейлікке ұмтылу, еуропалық тұтыну қоғамынан жирену, азғындаған (гомосексуализм, транссексуальдық, лесбиандық) құбылыстардан қашу. Жиһадқа қатысушылар құрлық жолымен Йордания арқылы – Иракқа, Түркия арқылы – Сирияға, ал теңіз жолымен Кипр арқылы Сирия мен Ливанға барады. Батыс Еуропа елдері Ирак пен Сириядағы соғысқа қатысқан азаматтарын азаматтықтан айыру мәселесін көтеруде. 2012 жылы Джабхат ан Нусра (Шам халқына көмек майданы) Сирия мен Ливандағы әл-Каиданың бөлімшесі құрылды. Сирия аумағындағы азаматтық соғысқа қатысушы ұйым БҰҰ және АҚШ, Түркия, Ресей, Ұлыбритания, Австралия елдерінде лаңкестік ұйымдар тізіміне енгізілген. 2002 жылы Боко-Харам (Батыс білімі харам)  – нигериялық лаңкестік ұйымының негізі қаланды. Бұл ұйым батыстық өмір салтын, мәдениет пен білім беру жүйесін және заманауи ғы­ ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №2 (2). 2015 33 Бейсенов Б.Қ., Игисенова А. лымды теріске шығарады. Басты мақсаты – нигерияға шариғат заңын енгізу. Адам ұрлау және зорлық-зомбылық, лаңкестік әрекетерімен аты шыққан ұйымды 2014 жылы БҰҰ қауіпсіздік кеңесі лаңкестік ұйымдар тізіміне қосты. 2015 жылы наурызда Боко Харам өзін Ислам мемлекетінің Батыс Африка провинциясы ретінде жариялады. Боко Харам құрамында жергілікті кануби және хауси этностары басым. Сонымен қатар, бұл ұйым Камерун, Чад елдерінде әрекет етеді. Индонезияда «Джамаа исламия» радикальды әсіре діншіл ұйымы шариат негіздерін қоғамдық құрылысқа кіргізу жолында әрекет етуде. Осындай әсіре діншіл радикалды топтарға қарсы жұмыстың тиімді тәсілдері – қаржыландыру көздерін жабу, лидерлері мен мүшелеріне идеологиялық ықпал ету, психологиялық тұрғыда әлсіз тұстарына ықпал ету, діндарлардың дүниетанымдық көзқарастарының өзгеріске түсуін қадағалау, ата-ана, дос-туыстары және беделді дін ұстаздары мен ақсақалдар арқылы әсер ету. Өңірлердегі діни ахуалдардың динамикасы мен тенденцияларына ықпал етуші жағдайларды анықтау. Жастар үшін спорт үйірмелері мен түрлі мәдени ойын сауық клубтарын құру. Таяу шығыс өңіріндегі геосаяси жобалар мен геоэкономикалық мүдделер қақтығысының шиеленісуі жаһандық экономикалық дағдарыс пен әлемдік саясаттағы кеудемсоқтық пен айқынсыздық және адамзаттық құндылықтардың қайта қаралуы замананында өрши түсуде. Гео- саяси ойындар негізіне діни сипат беру арқылы діндер және діндарлар арасында өшпенділік сезімі мен дүрдараздық ұрығын себуді көздейтін жобалар тұтас мемлекеттер мен мәдениеттерді жойып жіберуді көздеп отыр. Түрлі радикальды әсіре діни-саяси идеологиялық ілімдер адамдар санасына ықпал ету үшін психологиялық манипуляция әдістерін пайдаланып, діни сезімге әсер етуші фильмдер мен бейнебаяндар, діни әндерді ғаламторға орналастырады. Әлемнің діни суреттемесін зерттеу бүгінде батыс пен шығыс өркениеттері дүниесінде болып жатқан саяси-діни ахуалдан туындаған оқиғалардың нақты суреттемесін береді. Соңғы жылдары Батыс әлемінде ислам дінің түрлі «измдер» арқылы қарастыратын исламофобиялық, ксенофобиялық көзқарастар және мұсылмандарды келемеждейтін карикатуралар мен фильмдер белең алып отыр. 1988 жылы Ұлыбританиялық жазушы Салман Рушди «Ібіліс өлеңдері» шығармасында ислам тарихы мен мәдениетін әжуалады. 2004 жылы нидерландтық кинорежиссер Тео Ван Гог «Submission» («Бағыну») фильмінде ислам әлемінде әйелге деген қатігездік жайлаған-мыс деп көрсету үшін мұсылмандық әдепті мансұқтады. 2006 жылы Данияның Jyllands-Posten газетінде антиисламдық карикатура жарияланды. 2011 жылы АҚШ-та «Innocens of muslims» (Мұсылмандардың күнәсыздығы) антиисламдық фильмі түсірілді. 2015 жылы қаңтарда Француздық «Charlie Hebdo» («Шарли Эвдо») сатиралық апталығында антиисламдық карикатура жариланды. Германия мен Францияда антиисламдық шерулер өтті. Бұл мультимәдениеттіліктің кәрі құрлықта орнықпағандығын және өзге мәдениетке деген сенімсіздіктің бар екендігін дәлелдейді. Франциның бұрынғы президенті Н.  Саркози, Англия премьер-министрі Д. Кэмерон, Германия канцлері А. Меркель мультимәдениеттілік болашағына сенбейтіндіктерін айтқан болатын. Әлемнің назарын тіккен Украинадағы жағдайға Мәскеу патриархатына қарасты орыс православ шіркеуі және 1992 жылы құрылған Киев патриархатына бағынышты украин православ шіркеулері арасындағы даулар ықпал етуі мүмкін. Украинада екі патриархат арасында ғимараттар мен мүлік үшін тайталас орын алуы мүмкін. Солтүстік Ирландиядағы протестанттар мен католиктер жанжалы, Сирия, Ирак, Ливан, Иемен, Бахрейн елдеріндегі сүнниттер мен шииттер текетіресі аймақтағы діни-саяси ахуалға әсер етіп отыр. Қазіргі исламтанушы және дінтанушы ғалымдар үшін исламның адамзатқа ортақ құндылықтарын және бейбітшілік сүйгіш мәнін ашып көрсету маңызды. Себебі, экстремистік, діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзімсіздігі ислам дініне жат. Ислам дінінің сипаты бұл ғибадат пен мінез-құлықта орта жолды ұстану. Исламның мақсаты адамдарды бұл және мәңгілік өмірде бақытты ету. Қазақ қоғамының рухани тұрғыдан жаңа- руында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Еліміздегі әлемдік діндердің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы атқаратын рөлі ерекше. Дәстүрлі діндердің жасампаз әлеуеті қоғамымызда достық, өзара құрмет және түсінушілікті нығайтуға қызмет етеді. Мультимәдени қоғамда – діни және этникалық топтар өзекті мәселелерді ортақ шаңырақтың берекесі үшін төзімділік пен әлеуметтік әріптестік негізінде шешеді. Қазақстандағы дінаралық келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін  – жалпыадамзаттық және ұлттық құнды­ 34 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №2 (2). 2015 Жаһандық сын-қатерлер және рухани қауіпсіздік лықтар негізінде зайырлы ұстанымдағы діни сана қалыптастыру маңызды. Қазіргі таңда ел аумағындағы шетелдік діни бірлестіктердің қызметіне, шетелдік діни орталықтардың елдегі діни бірлестіктер басшыларын тағайындауына уәкілетті орган келісім береді. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар өңірдегі діни жағдайды талдаумен, аталмыш заңнаманы жетілдірумен, ұсыныстар енгізумен өз құзыретіндегі мәселелерді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Дінтанулық сараптамалардан өтетін құжаттар діни білім беру бағдарламалары, діни мазмұндағы ақпараттық материалдар және діни мақсаттағы заттар болып табылады. Діни бірлестіктердің діни басылымдарына дінтанулық талдау және сараптама жүргізілуі және бұқаралық ақпарат құралдарындағы дін тақырыбында жазылған материалдардың ұқыптылығы мен дін сауаттылығына мән беру керек. Діни сенім мен сезімге салқынын тигізетін материалдар елдегі дінаралық татулық пен ұлтаралық келісім мәдениетіне зиянын тигізуі немесе діни сауатсыздық дінаралық түсінбеушілік туындауына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар заңның 7-бабында діни жоралар мен рәсімдерге, миссионерлік уағызға, білім беру ұйымдарында (діни білім беру ұйымдарын қоспағанда), күштік құрылымдарда, мемлекеттік мекемелерде жол берілмейтіндігі көрсетілген. Өйткені кейбір діни бірлестіктер құлшылықтарын, түрлі айлы-шарғымен білім беру ұйымдарында, мемлекеттік ұйымдар ғимараттарында өткізгені туралы деректер бар. Енді мұндай миссионерлік қызметті тіркеусіз іске асыруына жол берілмейді. Ел аумағындағы миссионерлердің миссионерлік визасы және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде қайта тіркеуден өтуге міндетті. Сондықтан шетелдік және жергілікті азаматтардың миссионерлік қызметі, олардың діни әдебиеті мен ақпараттық материалдары сараптамадан өтеді. Миссионерлік қызметті жүзеге асыруға діни бірлестік берген құжаты болуы керек. Діни бірлестік атауы ел заңнамасына қайшы әрекеті үшін тыйым салынған діни бірлестіктің атауы мен нышанын толықтай немесе елеулі түрде қайталамауы керек. Діни бірлестік атауы діни сенімі мен ілімдік ерекшелігін айқын көрсетуі тиіс. Еліміздің және өзге мемлекеттердің мемлекеттік рәміздерін діни бірлестіктер өз атауларында қолданбауы тиіс. Діни бірлестіктер ҚР әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Бұл уәкілетті органдардың діни бірлестіктер қызметінің заң аясында әрекет етуін реттеу мен қадағалауын оңайлатады. Діни бірлестіктер жарғысы Ел заңнамасына қайшы келмеуі тиіс. Ел аумағындағы шетелдік діни орталықтың діни басшысы лауазымына ұсынылған кандидатқа уәкілетті органның келісімі болуы керек. Бұл діни бірлестіктің шетелдік басшысының өмірбаяндық деректері мұқият тексерілетіндігін білдіреді. Діни бірлестіктердің мүліктік құқықтық қатынастары заңмен реттелген. Бұл заң жобасын дайындауда Италия, Испания, Франция, Беларусь, Литва, Дания, Армения және басқа елдердің тәжірибесі назарға алынған. Дәстүрлі және дәстүрден тыс діндерге бөлу өркениетті елдер үшін жат емес. Бельгияда мойындалған және мойындалмаған діндерге жіктеледі. Италияда діндер католиктік және католиктік емес деп бөлінеді. Португалияда діни қауымдар, діни корпорациялар, жеке корпорациялар, тіркелмеген қауымдастықтар деп жіктеу дәстүрі бар. Литвада дәстүрлі және дәстүрден тыс дін қауымдардың мәртебесі айқын нақтыланған. Латвияда дәстүрден тыс ұйымдар және діни конфессиялардың қоғамдық рухани өмірінде орны анықталған. Ресейде қоғамдық негізде дін қызметшілері (капелландар) қорғаныс министрлігінің 789 гарнизонында қызмет етуде және 420 гарнизонда ғибадатханалар бар. Капелландар жауынгерлердің моральдық-психологиялық күйіне және тәрбие жұмысына жауапты. Қазіргі уақытта елімізде діни бірлестіктерге 3312 культтік ғибадатхана тиесілі. Оның ішінде 2470-ге жуығы – мешіттер, 299-ы – православтық шіркеулер мен приходтар, 84-і – католиктік және інжілдік лютерандық – 13, методистік шіркеу – 11, жетінші күн адвентистері – 42, інжілдік христиан баптистер – 100, елушілер – 189, иудаизм – 4, буддизм – 2, мормон – 2, кришнаиттер – 8, меннониттер – 1, жаңа апостоль – 8, пресвитериан – 55, иегова куәгерлері – 59. Бүгінгі таңда елімізде діни бірлестіктер мен ұйымдардың 47 мерзімді басылымдары баспадан шығарылуда. Елімізде 500-ге жуық миссионерлер қызмет жасауда. Қазақ елі әлемдегі өзара түсіністік пен сұхбаттастықты дамытуға өзінің сүбелі үлесін қосуда. Бұған жарқын мысал 2003 жылдан өткізіліп келе жатқан әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі болып табылады. 2003 жылы өткізілген І съезге 13 елден 17 делегация, 2006 жылы өткізілген ІІ съезге әлемнің 26 елінен 29 діни делегация, ал 2009 жылы өткізілген ІІІ съезге 35 елден 77 делегация қатысқан. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №2 (2). 2015 35 Бейсенов Б.Қ., Игисенова А. ІV съезіне әлемнің 40 елінен 87 делегация келді. ІV съезде 4 секциялық отырыс жұмыс істеді, олар «Дін мен дәстүр», «Дін және жастар», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын тегеуріндер». ІV съезде әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кеңесі құрылып, бұл кеңес съездің жұмысына басшылық жасайтын болды. 2015 жылғы маусымда Астанада өткен V съезд жұмысына әлемнің 42 елінен 82 делегация қатысты. Съездің басты тақырыбы «Діни лидерлер мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуы» деп аталды. «Қазірдің өзінде съезіміздің бай тарихы қалыптасып үлгерді. Біз бетпе-бет диалог орнату жөнінде елеулі тәжірибе жинақтадық, сұхбаттасу мен өзара түсінісу дәстүрлерін орнықтырдық. Діндер мен өркениеттердің өзге де өзара ықпалдасу ұйымдарымен байланыс жолға қойылып келеді. Сондықтан мен Астанадағы осынау ғимаратта Бейбітшілік және келісім мұражайын ашуды ұсынамын. Съезіміздің тарихына деген мұндай игі көзқарас, адамзаттың даму проблемалары жөніндегі бірлескен шешімдер тәжірибесін жинақтап, қорыту діндер мен халықтардың татулығы мен өзара түсіністігін нығайту үшін аса маңызды болмақ. Бейбітшілік және келісім мұражайы сондай-ақ, діндер мен мәдениеттер диалогы тарихын зерттейтін съезд жанындағы ғылыми мекеме болады», – деді Мемлекет басшысы [4]. 1995 жылы қабылданған Ата Заңымыз қоғам мен азаматтардың мүддесі жолында қызмет етуде. Ата Заңымыздың 22-бабында: «Әркімнің ар- ұждан бостандығына құқығы бар. Ар-ұждан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе шектемеуге тиіс», – деп көрсетілген. Еліміздің Негізгі Заңы дүниежүзілік және өркениетті елдердің адам құқығы мен бостандықтарын нақтылайтын заң актілерімен үндес. Негізгі Заңның 12-бабында: «Адамның және азаматтың өз құқықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс», яғни азаматтың құқығы мен бостандығын іске асыру қоғамның басқа мүшелерінің құқықтарына нұқсан келтірмеуі және орныққан қоғамдық адамгершілік нормасына қайшы келмеуі тиіс. 77-бапта: «Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес», – деп айқындалған. Дін басшылары өзінің ішкі жан сырын ашып көрсете отырып, күнәдан тазаруға ұмтылған адамдардың сырын көпшілікке жария етуге міндетті емес. 39-бапта: «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. Ұлтаралық татулық пен діни келісім еліміздің басты байлығы мен зор жетістігі болып табылады. Ұлтаралық қарым-қатынас пен дінаралық сұхбаттастық қоғамның тұрақтылығы мен елдің бейбіт дамуының тірегі. Ата Заңды білу және оның қағидаттарын ұстану – ел азаматтарының қасиетті борышы. Ата Заңымызда мемлекеттің ең қымбат асыл қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екендігі нақты айқындалған. Ата Заңымызда адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі адам құқықтары бойынша негізгі халықаралық құжаттарда жарияланған бостандықтарды айқындап бекітті. Атап айтсақ, 1948 жылы қабылданған адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, 1966 жылы қабылданған азаматтық және саяси құқықтар туралы пакті сынды халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес Ата Заңымызда адамның құқығы деген түсінік жан-жақты айқындалған. Ата Заңымызда өркениетті демократиялық мемлекеттерде азаматқа берілетін құқықтар мен бостандықтар толық қарастырылған. Демократиялық және құқықтық мемлекетте жеке адамның құқығы мен бостандығы – ең қасиетті ұғым. Адамның діни сенім бостандығын сақтау және қорғау – өркениетті елдердің негізгі ұстанымдарының бірі. Ата Заңымыздың «Адам және азамат» бөлімінде адам өмірінің барлық кезеңдерінде берілетін құқықтары мен босатындықтары нақты және өркениеттік тұрғыдан айқындалған. Елімізде ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы – ортақ киелі шаңырағымыз – Қазақстанның қасиетті құндылығы тәуелсіздіктің арқасы. Елдегі діни құлшылық ету ғимараттарының қызмет етуі Ата Заңымызда айқындалған қоғамдық келісім және төзімділік қағидаттарының негізінде іске асып отыр деп айта аламыз. Конфессияаралық төзімділік пен келісімді сақтау мен дамыту бүгінгі таңда Мәңгілік Ел үшін өте маңызды. Дін дүниетаным және ұлттық сана-сезімнің көрінісі болып табылады. Түрлі ұлыстар мен алуан сенімдегі азаматтарды ортақ Отанымыз – Қазақстанның гүлденіп, өркендеу жолына ұйыстыруда Ата Заңымыздың және Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуетін кеңінен пайдалану арқылы елімізде әрбір тұлғаның дінін, сенімдік көзқарасын және құндылықтық ұстанымдарын толық іске асыру құқықтары іс жүзінде жүзеге асырылуда. Әрбір тұлғаның тегіне, нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне, тіліне байланысты кемсітуге Ата Заңымызда жол берілмейді. Бұл 36 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №2 (2). 2015 Жаһандық сын-қатерлер және рухани қауіпсіздік өркениетті елдердің конституциялары мен халықаралық адам құқықтары туралы құжаттарымен толық сәйкес келеді. Конституциядағы адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары өмірде жүзеге асырылып отырса, қоғам дамып, халықтың құқықтық санасы мен мәдениеті, белсенділігі артып, халық пен мемлекет бірлесе үйлесімді жұмыс істесе, халықтың әл-ауқаты артып, құқықтары мен бостандықтары кеңейіп, мемлекет өркендейді. Халқымыздың азаматтық қоғам, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудағы мақсатына жету үшін әрбір азамат Ата Заңымызда көрсетілген құқықтары мен бостандықтарын өзінің және қоғамның ортақ мүддесі үшін тиімді пайдалануы керек. Ата Заңды құрметтеу және оны өмірде ұстану – әр адамның азаматтық борышы. Отанға құрмет сезімін тәрбиелеуді отбасынан бастау қажет. Еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық – мемлекетіміздің қарқынды және тұрақты дамуының негізгі тұғыры. Қазақстан Республикасы өз егемендігін жариялаған жылдар ішінде экономикалық, саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани салада зор жетістіктерге жеткеніне әлемнің көзі жетіп отыр. Еліміздің руханият саласындағы басты ұстанымы дінаралық келісім мен төзімділік діни қатынастардың өзегіне айналды. Бұл еліміздің өркениеттік және жалпы адамзаттық құндылықтарға құрметпен қарай- тындығын дәлелдейді. Қазіргі заманғы әлемдегі және елдегі діни жағдайды ескере отырып, діни саладағы болған өзгерістерді заңдық тұрғыдан жетілдіру үшін 2011 жылы қазанда «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заң қабылданды. Заң жобасында еліміз үшін ханафиттік мазхабтың және православтық бағыттың тарихи рөлі айқындалған. Сондай-ақ діни бірлестіктердің мәртебесі (жергілікті – 50 адам, аймақтық  – 500, республикалық – 5000), миссионерлік қызмет, құлшылық ету орындары, дінтанулық сараптама, діни білім мәселесі көтерілген. Байсалды салиқалы бейбіт ұстаным негізінде еліміз қоғам өмірін демократияландыру және білім беру стандарттарын әлемдік стандарттарға сай жетілдіру, экономиканы нарықтық жүйеге көшіру жолында елеулі табыстарға жетті. Еліміздің гүлденуіне және өркениеттік жолмен дамуына негіз болатын ел ішіндегі тұрақтылық, дінаралық келісім және ұлтаралық сыйластық қағидаттары  – еліміздің сара саясатының жемісі. Еліміздің дінаралық қатынас мәдениетіне ерекше көңіл аударуы арқасында ел халқының бірлігі мен ынтымағы, ауызбіршілігі мен тұтастығы сақталып, мемлекетіміз қарқынды даму жолында. Зайырлы мемлекетте дін және діни құндылықтар дінаралық түсіністік пен келісім жолына қызмет етуі тиіс. Елбасы «Сөз бен тіл, яғни, тілдесу мен диалог – адам баласына, адамзатқа берілген құдайдың теңдессіз сыйы. Біздің парызымыз – оның бітімгершілік және жасампаз қуатын толығымен пайдалану. Бүгінгі бесінші съезде жалпыға ортақ татулық пен мейірім, әділеттілік пен рухани үйлесім дәуіріне қарай тағы бір қадам жасалды. Біз жаһанды күмән-күдік жайлаған кезеңде тек бір-бірімізбен тілдесу арқылы ғана үмітті, болашаққа деген сенімді оятуға болатынын дәлелдедік», – деді [5]. Елбасы «Рухани татулық пен келісімді дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін» атты сыйлық тағайындауды ұсынып, оны Діндарлар кеңесінің шешімі бойынша беруге, съездің жалпы отырысында тапсыру туралы айтты. Қазіргі уақытта еліміздегі дінтану пәнін оқыту үдерісі жастардың бойына зайырлылық пен зиялылық, имандылық, салауаттылық, ұлттық дәстүр мен руханилық нәрін егіп, оларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды ардақтауға үйретіп, ұлтаралық және конфессияаралық қатынас мәдениетіне, діни әдебиеттермен жұмыс істеу мәдениетіне, діни құндылықтарды танып-білуге, дүниетанымдық сұхбаттастық пен төзімділікке, діни ғимараттарда әдепті болуға үйретіп және діни экстремизм мен фанатизмге, лаңкестікке қарсы тұратын иммунитет қалыптастыруы тиіс.

Читайте также:  Медициналық сақтандыру нарығының қызмет етуінің шетелдік тəжірибесі

Оставить комментарий