Д.М. Хокарт Фиджи аралындағы патшаны таққа отырғызу рәсімінің «ғаламды жарату», «жерді жарату» немесе құрлықты жасау» деп аталатындығын атап көрсеткен . Монархтың патшалық құра бастауымен бүкіл космогония символдық түрде қайталанады. Мұндай келтірімдер жер іздеуші халықтарда жеткілікті түрде кездеседі. Жаңа заманғы жору бойынша, үнді патшасының таққа мінгізілуінің киеленуі, Ғаламды қайта торыту (воссоздание) деп есептелінеді. Жоралғының әр түрлі фазалары, расында да, монархтың бастапқы, тумақтық күйге дейін түсіп, бір жыл уақыт өткен соң, бір мезгілде Праджапатимен (Жалпы ортақ тәңірге) және Ғаламмен сәйкестендірілген Жаһан басы (Космократор) ретінде мистикалық қайта тууына дейінгі аралықты ретретімен қайталайды. Болашақ монархтың тумақтық кезеңі Ғаламның туар қарсаңындағы процесіне сәйкес келеді, бұл, сірә, о баста егістің жаңа уақытымен байланысты болса керек. Жоралғының екінші фазасы монархтың «тәңір текті» денесінің қалыптасуын аяқтайды. Үшінші фаза (раджасуйа), космологиялық символикасы мәтіндерде кеңінен келтірілген, бірқатар жоралғылардан тұрады. Патша қолын көтереді, мұнысы ғалам өсінің осьін тұрғызылуын символдайды. Жағылақ (помазание) .елінде патша тақта қолдарын көтеріп тұрады: ол Жер кіндігінде (тақ та кіндікте болып шығады) орналасқан және Аспанға тіреліп тұрған ғалам өсін тұлғалайды. Бүрку (окропление) ғалам өсін бойымен (яғни, патшаның бойымен) ағып, Жерді ұрықтандыратын аспан суларына сәйкестендіріледі . Тарихи уақыт ішінде раджасуйа культіне екі рет, алғашқыда патшаны киелендіру үшін, сосын оны шексіз жоғарғы билікке ие еткізу үшін барған. Бірақ тарихқа дейінгі уақыттарда бүл рәсім, сірә, жыл сайын өткізілген және Ғаламды жаңарту үшін мерекелейтін болған.Мысырда да нақ осындай түрде өткізілген. Жаңа перғауынға тәж кигізуді, Франкфурттың жазуынша, «қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімнің қатерлі үзілісінен кейінгі жаңа уақытты жарату (сотворение) ретінде қарастыруға болады, және бүл ситуация ғаламды жаратуға да тән. Бұл патшаның, таң алдында Раның жайратып салатын, жер асты жыланы Апоппен салыстырылған, жауларына қарғы бағытталған қарғыстары бар мәтіндерден көрінеді. Осындай салыстырудан кейін мынадай көрнекі толықтыру келтіріледі: «олар Жаңа жылдың таң атар шағындағы Апоп жыланға ұқсайтын болады». Мұндағы «Жаңа жылдың таңы» деген нақтылауды интенсификация мағынасында жоруға болады: жылан күн сайын таң ата жаратылып отырады, бірақ оның Жаңа жылдағы жаратылуы бір мезгілде күннің жаратылуы мен жаңаруы болып та, жаңа жылдық айналымның бастауы болып та атап өтілетін болады» . Бізге енді космогониялық сценарийдің тәж кигізу культіне қандай жолмен енгізілетіндігі түсінікті болып отыр: екі жоралғылық жүйе де бірдей мақсатқа жетуге — ғаламды жаңартуға ұмтылады. «Бірақ, тәж кигізуге байланысты жүзеге асырылатын мұндай жаңару, адамзаттың кейінгі тарихы үшін маңызды нәтижелі болып шықты. Бір жағынан, жаңару рәсімдері, ендігі жерде күнтізбенің қатаң ауқымымен шектеліп қалмайтын, жылжымалы болып шықса, екінші жағынан, патша бүкіл ғаламдағы тұрақтылыққа, бақ берекелілікке және ұрықтылыққа (плодоношение) жауап беруші болып шықты. Бүл, ғаламдық жаңару енді тек қана ғаламдық ырғақтарға тана емес, адамдар мен тарихи оқиғалардың ырғақтарымен де сәйкес түсе бастайды дегенді білдіреледі.