Жалпы алғанда саясат туралы

Саясат дегеніміз адамдарды басқару немесе оларды қоғамның сақталуы мен бақуаттылығына көмектесуге мәжбүрлеу өнері. Халықтарды бақытты қылу өнері жаны жақсы адам үшін ең ізгі, пайдалы және лайықты іс екендігіне күмәндануға болмайды; ол әрқашан философтардың, өз парызын жақсы түсінген парасатты азаматтар мен тақсырлардың толғамдарының пәні болды. Біз саясатқа мемлекетті басқару мен оның қажеттерін айқындау кезінде басшылыққа алынатын тәжірибе деген анықтама бере аламыз. Жеке өмірінде азамат өз міндеттерін орындап, өзінің бақытын қамтамасыз ету жолында еңбек ету үшін тек өзін­өзі күтіп ұстап, өзінің мінез­құлқын реттеп отыруға тиіс; ал тағдырдың пәрменімен мемлекет.

басына қойылған адамдар өздерінің мінез­құлқы жалпы алғанда қоғамға едәуір ықпал ететінін ескеріп, өзін­өзі қадағалап отыруға да, сондай­ақ көбіне­көп тәжірибесі мен парасаты жеткіліксіз көптеген адамдардың әртүрлі мүдделерін, қарама­қайшы нәпсілерін тежеу немесе бағыттау жағын қадағалап отыруға да тіс; ақыр соңында, олар халықтар мен тақсырлардың көзін жеткізу көмегімен, ол жеткіліксіз болса – күш көмегімен басқара отырып, олардың мүдделерін біріктіруге ұмтылуға тиіс. Нақты бір қоғамның мүшелерін жұмыла қимылдауға мәжбүрлеу шеберлігінен қиын ештеңе де жоқ. Көптеген адамдардың қарама­қайшы нәпсілерін бір мақсатқа және олар ылғи да бұрылып кететін ортақ орталыққа бағыттау өнерінен басқа ештеңе де соншалық алғырлықты, көрегендікті және ерік күшін талап етпейтін секілді. Адам ырқының барлық жеке пиғылдарын адамдардың бейіміне, жеке мүдделері мен соқыр сенімдеріне жиі қайшы келетін ортақ жоспардың жүзеге асырылуына жәрдемдесуге мәжбүр ету қабілеті, оларды заңмен анықталатын қоғамдық ырыққа бағындыра білу шеберлігі – өмір тәжірибесі үйреткен немесе философиямен қанаттанған кемеңгерліктің шын мәнінде ең жоғары көрінісі. Тек ең мінсіз кемеңгерлік қана мемлекеттік механизмнің әртүрлі серіппелеріне олар төзе алатын кернеу дәрежесін қамтамасыз етуге қабілетті; тек ең терең парасат қана, ескі серіппелер белгілі жағдайлардың салдарынан тиімді қимылдай алмайтын болған кезде, оларды алмастыратын жаңа серіппелерді ойлап таба алады.

Читайте также:  ЖАПОН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Саясаттың міндеттері осындай. Бірақ бәрі емес. Қоғамның ішкі жағдайын бақылаумен қанағаттанбай, саясат оның шегінен тыс жерлерге де көз жүгіртуге мәжбүр болады; ол көрші халықтардың қарекеттері мен олардың мүдделерінің бағытын қалт жібермей қадағалап отыруға, олардың қаскүнемдіктерін тоқтатуға, олардың нәпсісінің билік құмарлығы мен ашқарақтығының зардаптарының алдын алуға, олардың қоғамға табиғи жағдайлар немесе азаматтардың еңбекқорлығы қамтамасыз ететін артықшылықтарға көз алартуына мүмкіндік бермеуге тиіс; ақыр соңында, басқа тәуелсіз қоғамдарды өз жоспарларының орындалуына жәрдемдесуге ынталандыруы тиіс.

Оставить комментарий