Загрузка…

Жанғыш газдардың негізгі қасиеттері

Қолданылатын газдардың басты қасиеттеріне олардың тығыздығы, тұтану температурасы, жану жылулығы, жануға қажетті ауа мөлшері, зияндылығы және т.б. жатады. Газдың қасиеттерін қалыпты физикалық шартқа келтіреді. Қалыпты физикалық шарт деп газдың 0°С температурадағы және 0,1013 МПа қысымындағы күйін айтады. Тұтыну температурасы мен тұтану шегі. Газды жағу дегеніміз оны ауадағы оттегі арқылы тотықтандыру. Жану барысында жылу бөлініп, тотығу реакциясы дамый түседі. Қоспаның температурасы өздігінше тұтану мөлшерінен асқан кезде, газ сырттан жылу келмесе де жана береді. Өздігінше тұтану температурасы әрбір газдарда әртүрлі болады. Мысалы: метан 654°С- та, пропан 466°С-та және бутан 490°С-та тұтанады. Сонымен қатар, тұтанудың төменгі деңгейіне газдың ең аз мөлшерінде жылу бермей- ақ өздігінен жануы жатады. Жоғарғы деңгей деп қоспадағы газдың тұтандырмай жанбайтын мөлшерін айтады. Бұл деңгейлердің болуы жану кезіндегі жоғалатын жылуға байланысты. Кейбір газдардың төменгі (алымында) және жоғарғы (бөлімінде) тұтану деңгейлері төмендегідей: метан 5/15; пропан 2/9,5, бутан 1,9/84. Жылу жылулығы дегеніміз толық жанған газдан бөлінген жылу мөлшері. Жану жылулығы жоғарғы және төменгі болып түрленеді. Жоғарғы жану жылулығының төменгіден айырмашылығы ондағы дымқыл булардың шықтану жылуымен қосып есептелуінде. Отындардың жану жылулығы 1м3 немесе 1 кг мөлшерінде көрсетіледі. (1.1-кесте). Жануға қажетті ауа мөлшері. Қандай да болмасын жанғыш газды жағу үшін оттегі қажет. Газды толық жағу үшін ауаны қажетті түрде қолдана отырып, газ-ауа қоспасын жақсылап араластыру керек. Қажетті ауаның мөлшері газ құрамына байланысты. Мысалға, жану жылулығы Qк т=35600 кДж/м3 табиғи газды жағу үшін газ көлеміне 9,5 ауа көлемі, ал 1 м 3 пропанды жағу үшін шамамен 24 м 3 ауа қажет. Газдың толық жанбауының салдарынан зиянды тек оксид пен күкірт қосындылары бөлінеді. 8 1.1-кесте Жанғыш газдардың жану жылулығы № Газ Физикалық шартты қалыптағы жану жылулығы Жоғарғы төменгі жоғарғы төменгі кДж/кг кДж/м3 1 Сутегі 141900 120080 12770 10800 2 Көміртек оксиді 10590 10090 12640 11600 3 Ацителен 50240 48570 58910 56900 4 Күкіртсутек 16540 15240 25460 23490 5 Метан 55560 50080 39860 35840 6 Этан 51920 47520 70420 63730 7 Пропан 50370 46390 101740 93370 Метан газы Шахта метаны – көмірден немесе құрамында қосындысы бар кеннен бөлініп шығатын газ. Түсі, иісі болмайды, ауамен араласқанда жарылыс қауіпті қосылғышқа айналады. Оның құрамына метанның өзінен басқа көмірқышқыл газы, азот, оттегі және т.б. элементтер енуі мүмкін. Ғалымдар әлі күнге дейін шахта метаны қалай қордаланып қалады деген пікір айналасында дауласып жүр. Біреулер органикалық заттың температура, қысым және магма компоненттері арқылы көмірге айналу процессі кезінде пайда болады десе, енді біреулері оның пайда болуын термодинамикалық түрге жатқызады. Яғни, табиғатта таза күйінде метан газы жоқ, оның тек бастапқы элементтері ғана бар (сутегі мен көміртегі), ол белгілі бір жағдайларда метанның молекулаларына айналады. Бес және оданда көп шақырым шахта тереңдігінде тектоникалық кесектер арасында өндіріске пайдалануға болатын метанның орасан қоры қордаланып жатады. Әйтсе де, ғалымдар жер асты жұмыстары кезінде жер қабаттарының табиғи ерекшеліктері заңдылықтарының сақталмауынан метанның өлшеусіз қордаланып қалатындығын айтады. Мәселен, жер қойнауынан көмір алынғанда оның үстіндегі жер қыртысы бос кеңістікке күш түсіріп, оның арасынан саңылау пайда болады да, сол арқылы шахта кеңістігіне газ таралады екен. Ал бөлінетін газдың мөлшері көмір өндіру тәсіліне, газ бөлінетін кеннің ара қашықтығына, жер қыртыстарының геологиялық және физикалық ерекшеліктеріне байланысты дейді. Бір қырсығы, бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ жер қыртысынан әр жағдайда әртүрлі көлемде газ бөлінуі мүмкін. Осы белгісіздіктің кесірінен шахта кеңістігіне жайылып кететін газ мөлшерін болжап білу мүмкін емес.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar