Жануарларды қолға үйрету және ритуалды аңшылық

Сонымен, егер сізге сенсек, ритуалдан, яғни, құтқарушы құрбандықтан туындамайтын адамзат институты жоқ. «Зорлық пен киелілікте» сіз мейрамдар, ауыспалы ритуалдар сияқты институттардың тек бір схеманың түрленуі екенін және біздің демалыс және оқу жөніндегі барлық идеяларымыздың ритуалдан туындауы тиіс екенін көрсетуге тырыстыңыз. Нәтижесінде, бұл құтқарушы құрбандық механизмін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Дюркгеймнің бағдарламасы. Сіз қазір әңгімені жалғастырып, өзіңіз әлі әңгіме қылмаған мәдени формалар туралы айтсаңыз қайтеді? Р.Ж.: Біз мұны жануарларды қолға үйрету немесе асырау (доместикация) мысалында зерделеп көрейік. Барлығы доместикация себебі деп экономикалық пайда табу ниетін айтады. Іс жүзінде бұл қағида шындыққа жанаспайды. Тіпті егер доместикация одетте эволюция талап ететін мерзімге қатысты тым тез өтсе де, пайда қуу ұстанымы бұл процессті бастағандарда басты маңызға ие болу үшін оған өте көп уақыт өтуге тиіс. Біздің бастапқы нүкте деп қарастырған нәрсеміздің тек нәтиже боп қалуы да ғажап емес. Жануарларды қолға үйрету үшін адам оларды өз алдына қою керек және олармен тағы жануарлардай емес, оларда адаммен көршілес болуға ниеті бар тірі жандар ретінде қатынас жасау керек. Жануарларға қатысты мұндай қатынас жасаудың ішкі ниеті қандай болуы мүмкін. Бір сәтте де адамдар: «Біз сиыр немесе жылқының бабаларымен олар үйретіліп болғандай және біздің ұрпақтарымыз бұлдыр болашақта осы үйретуден пайда тапсын!» — демеген болу керек. Жануарлармен олардың болашақ үйретілуін орнату үшін қатынас жасаудың заматта туатын құдіретті және үздіксіз ой иірімі болуға тиіс. Ондай ой иірімін тек құрбандық шалу қамтамасыз ете алады. Құтқарушы құрбандыққа телінетін құбыжық сипаттар адамдардың оның орынбасарын жануарлардың арасында да, адамдардың арасында іздеуі мүмкін екенін мегзегендей. Бұл алапат қоғамдастық және киелілік арасындағы, ішкі және сыртқы нәрселер арасындағы дәнекерші. Діншіл сана әлеуметтік өмірдің зиянды қырларын тиімді шептендіру үшін аманат қоғамдастық мүшелерін болумен қатар, оларды біріктіруге тиіс. Демек, бұл аманаттың адамдар арасында өмір сүргені жон, сонда ғана ол олардың әдеттері мен өмір сүру дағдысын қабылдайды. Міне, көптеген ритуалды рәсімдерде аманат таңдалған сәтімен оның құрбандыққа шалыну сәті арасында кейінге шегеруі болатыны сондықтан. Бұл шегерудің, бізге оны патшаның мысалы айғақтағандай, адамзаттың мәдени дамуында зор маңызы бар. Үй жануарлары өзінің тірлігімен саяси билік деп аталатын билікке қалай борышты болса, әлге кейінге шегеруге де сонша борышты. Үй жануарларының барлық түрлері киелі құрбан ретінде қызмет еткен және әлдеде қызмет етеді. Хайуандардың адамдармен тірліктес болуы, көптеген буындарға созылып, құрбандық шалынған нұсқалар өлімге дайын болған барлық жағдайларда барған сайын қолға үйренер еді. Құрбандық рәсім нәтижелерінің маңызды болғаны сонша, олар оларға жеткендердің бәрін еш алдын ала жоспарсыз өзгерткен. Осы адам сияқты құрбанды жаннан олар экономикалық мақұлық жасаған. Доместикацияны соңғы іздердің ғайып болуын күту керек. Өйткені, қоғамның өзі этнология дамыған бағытта дамуда. Дәстүрлі діншілдік барған сайын өшірілуде. Нәтижесінде, тез арада кәрі этнологтардың олардың этноцентристтік және колониалистік соқыр ұстанымдарын күлкіге айналдыруға ниеттенген өтірік бөсуші информаторларға өздерін алдап кетуге мүмкіндік бергені жөніндегі түсінігін қиял деп санауға болады. Дәл осылай сынды күшейтіп сылтауы нәтижесінде қосарланған аңғалдыққа ұрынады және этнологиялық білім баюдың орнына кедейленеді. Этнологиялық теорияның эволюциясы одан бұрынғы зердеуи формаларды — ритуалдарды, үлгі ретіндегі дінді, философияны — қайталауға және аяқтауға тырысады. Дюркгейм мен Фрейдке шейін тек діншілдік қана зерттеулерге дем берген және оларды бағыттаған; бүтіндері дін проблема болудан қалды. Барлық өзге аймақтардан қуылғасын ол салмақты және кенеттен жаңа түзілім — этнологияға — оралды, бірақ онда да ол біртіндеп немқұрайлыққа ұшырауда және қуылуда. D. Жануарларды қолға үйрету және ритуалды аңшылық Ж.М.У.: Сонымен, егер сізге сенсек, ритуалдан, яғни, құтқарушы құрбандықтан туындамайтын адамзат институты жоқ. «Зорлық пен киелілікте» сіз мейрамдар, ауыспалы ритуалдар сияқты институттардың тек бір схеманың түрленуі екенін және біздің демалыс және оқу жөніндегі барлық идеяларымыздың ритуалдан туындауы тиіс екенін көрсетуге тырыстыңыз. Нәтижесінде, бұл құтқарушы құрбандық механизмін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Дюркгеймнің бағдарламасы. Сіз қазір әңгімені жалғастырып, өзіңіз әлі әңгіме қылмаған мәдени формалар туралы айтсаңыз қайтеді? Р.Ж.: Біз мұны жануарларды қолға үйрету немесе асырау (доместикация) мысалында зерделеп көрейік. Барлығы доместикация себебі деп экономикалық пайда табу ниетін айтады. Іс жүзінде бұл қағида шындыққа жанаспайды. Тіпті егер доместикация әдетте эволюция талап ететін мерзімге қатысты тым тез өтсе де, пайда қуу ұстанымы бұл процессті бастағандарда басты маңызға ие болу үшін оған өте көп уақыт өтуге тиіс. Біздің бастапқы нүкте деп қарастырған нәрсеміздің тек нәтиже боп қалуы да ғажап емес. Жануарларды қолға үйрету үшін адам оларды өз алдына қою керек және олармен тағы жануарлардай емес, оларда адаммен көршілес болуға ниеті бар тірі жандар ретінде қатынас жасау керек. Жануарларға қатысты мұндай қатынас жасаудың ішкі ниеті қандай болуы мүмкін. Бір сәтте де адамдар: «Біз сиыр немесе жылқының бабаларымен олар үйретіліп болғандай және біздің ұрпақтарымыз бұлдыр болашақта осы үйретуден пайда тапсын!» — демеген болу керек. Жануарлармен олардың болашақ үйретілуін орнату үшін қатынас жасаудың заматта туатын құдіретті және үздіксіз ой иірімі болуға тиіс. Ондай ой иірімін тек құрбандық шалу қамтамасыз ете алады. Құтқарушы құрбандыққа телінетін құбыжық сипаттар адамдардың оның орынбасарын жануарлардың арасында да, адамдардың арасында іздеуі мүмкін екенін мегзегендей. Бұл алапат қоғамдастық және киелілік арасындағы, ішкі және сыртқы нәрселер арасындағы дәнекерші. Діншіл сана әлеуметтік өмірдің зиянды қырларын тиімді шептендіру үшін аманат қоғамдастық мүшелерін болумен катар, оларды біріктіруге тиіс. Демек, бұл аманаттың адамдар арасында өмір сүргені жон, сонда тана ол олардың әдеттері мен өмір сүру дағдысын қабылдайды. Міне, көптеген ритуалды рәсімдерде аманат таңдалған сәтімен оның құрбандыққа шалыну сәті арасында кейінге шегеруі болатыны сондықтан. Бұл шегерудің, бізге оны патшаның мысалы айғақтағандай, адамзаттың мәдени дамуында зор маңызы бар. Үй жануарлары өзінің тірлігімен саяси билік деп аталатын билікке қалай борышты болса, әлге кейінге шегеруге де сонша борышты. Үй жануарларының барлық гүрлері киелі құрбан ретінде қызмет еткен және әлдеде қызмет етеді. Хайуандардың адамдармен тірліктес болуы, көптеген буындарға созылып, құрбандық шалынған нұсқалар өлімге дайын болған барлық жағдайларда барған сайын қолға үйренер еді. Құрбандық рәсім нәтижелерінің маңызды болғаны сонша, олар оларға жеткендердің бәрін еш алдын ала жоспарсыз өзгерткен. Осы адам сияқты құрбанды жаннан олар экономикалық мақұлық жасаған. Доместикацияны экономикадан түсіндіру беймүмкін, бірақ экономика құрбандық шалу нәтижесі ретінде туындайды және ол патшалық билік жағдайындағыдай бірте бірге өзінің бастауын ең шеткі шепке шеттете береді. Институттың ритуалды емес қызметіне кедергі жасамай, құрбанды өлтіру бұл жолы талап етілген; аманатты жеу үшін оны алдымен өлтіру керек. Қазіргі зерттеушілердің ойынша, доместикация құрбанды утилизациялаудан, былайынша айтқанда, жоқ қылудан бұрын болуға тиіс; бірақ тек кері түзілім ұғынықты. Қазіргі зерттеушілер барлық жерде діншілдік маңызын түсінбейді. Г.Л.: Іс жүзінде діншілдікпен байланыста болмайтын мәдени институт жоқ. Егер біз Вольтер айтқан «қуақы және тойымсыз» абыздар тек адамзатты сорумен болды деген тезисінен аулақтасақ, онда тек Дюркгеймнің тезисі шындыққа жанасады: діншілдік барлық нәрсенің негізінде жатуға тиіс. Р.Ж.: Жануарлардың қолға үйренуінің құрбандық шалуда негізделетініне көз жеткізу үшін олардың үйренуге көнбейтін түрлерімен үй жануарлары ретінде қатынас жасаған және әлдеде жасайтын біз құрбандық рәсімдері деп атаған нәрселерді зейіндірек қарастыру керек. Мысалы, Ану тайпасындағы атышулы аю рәсімін қарастырайық. Емшектен алынған аюдың қонжығы қоғамдастықтағы адам балаларымен бірге өсірілген; ол олармен ойнайды; әйел оны өз емшегімен емізеді. Бір күні осы уақытқа дейін аса үлкен құрметке не жануар ритуалды түрде өлтіріледі де, оны тәңірі тұтқан тайпа мүшелерінің бәрі оны жейді. Бұл рәсімнің бізде бір түрлі эсер қалдыратыны, оның құрбандық малымен болатын айырмашылығыңда емес, ұқсастығында. Кейбір бақташылар қоғамдарында малды адам дәрежесінде аялайды; оны тіпті туыстық жүйеге кіргізеді, отан тағзым етіледі; ол тек құрбандыққа шалынған жағдайда желінеді, аю рәсіміне ұқсас рәсімдерде, бірақ біз оларды басқаша пайымдаймыз, өйткені біздің пікірімізде біз тіпті бұл туралы мойындамасақ та, құрбандық шалу мен доместикация теңестірілген және бір бірін өзара негіздейді. Бізді аю рәсімінде алаңдататын нәрсе, оның дәл доместикация құпиясын ашуға талпынуы, ол құрбандық шалудың адамзат мәденитіндегі креативты маңызына әсер ететін құдыретті тиымнан аттауға бізді мәжбүр етеді. Аю жағдайындағы қолға үйретудің сәтсіздігі жәй ғана бұл түрдің үйретуге көнбейтіндігінен. Демек, доместикация барлық жерде бір қосалқы эффект қана, ритуалды іс­әрекеттің қосалқы жемісі. Құрбандық шалу рәсімі өзіне адамды да кіргізетін мүлде өзге түрлерге таралады және тек қана кездейсоқ оқиға, түрдің кездейсоқтығы, табиғи жарамдылық <»ір жағдайда әрекетті сәтті қылса, өзгесінде сәтсіз қылады. Мұнда құрбандық шалудың әлемді зерттеу құралы екені көрінеді. Ол қазіргі әлемдегі ғылыми зерттеуге ұқсас. Жемісті бағытта қозғалатын сәтті біреулер бар да, ешнәрсені ойламай соқырша қозғалатын олардың көршілері бар. Көптеген мәдениеттердің тағдыры ұқсас түрлердің осындай кездейсоқтығына борышты болған. Ж.­М.У.: Сіз жаңа ғана өзіңізде аю рәсімі тудыратын өзгеше әсер туралы айттыңыз. Бұл әсер тупинамба тайпасындағы каннибализмнің ритуалды формаларына қатысты қосарланады. Мұнда таң қалдыратыны құрылымның жалқылығы емес, онан гөрі каннибализмде біз айтуға жалық мүлде әдетті құрылымның тірлік етуі. Болашақ құрбандар — әскери тұтқындар — қоғамдастыққа енгізілген; олар жұмыс істейді, үйленеді, балалы болады. Олар екі түрлі қатынастың объекті болады: тазарушылық және киелі құрбандық текесі ретіндегі. Оларды бұзықтық жасауға итермелейді; оларды қинайды және құрметтейді; оларды қорлайды және тәңірі тұтады. Ақыр аяғында оларды Айнурдың аю сияқты, немесе бақташы халықтардың малы сияқты ритуалды өлтіреді және жейді. Р.Ж.: Тупинамбаның адам жеуі құрбандық шалудың кең тараған формаларының қызықты варианты ғана. Мысалы, Орталық америкада болашақ құрбандардың өз қалауын құрбандыққа шалыну мерзімінен бөлетін уақыт алшақтығында белгілі бұзықтықтар, сексуалды немесе өзге түрдегі, жасауға артықшылығы немесе борыштылығы бар. экономикадан түсіндіру беймүмкін, бірақ экономика құрбандық шалу нәтижесі ретінде туындайды және ол патшалық билік жағдайындағыдай бірте бірге өзінің бастауын ең шеткі шепке шеттете береді. Институттың ритуалды емес қызметіне кедергі жасамай, құрбанды өлтіру бұл жолы талап етілген; аманатты жеу үшін оны алдымен өлтіру керек.

Читайте также:  РЕСЕЙДЕГІ 1905­1907 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ

Оставить комментарий