ЖАПОН ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕР

БҰҰ-ның халық санағы бойынша, дүниежүзі халық санының 49,7 пайызын (3 132 342 000 әйелдер саны, 3 169 122 000 ерлер саны) әйелдер құрайды. Адам құқығын алға қоятын және әділетті әлеуметтік қатынасқа ұмтылатын әр бір демократиялық қауымдастық үшін теңдік маңызды мәселе болып табылады. Бірақта осы негізге ұмтылыс жолында әр бір елдің өзінің жеке себеп- салдары болуы ықтимал, сонымен қатар әйел адамға деген дискриминациялық қатынас, қазіргі таңда жалғасын тауып жатқан құбылыстардың бірі. Отбасы және қоғамдық қатынаста әйел адамның ролін төмендететін себептердің бірі, ол ерте заманнан сақталған дәстүрлі, мәдени, діни наным сенімдердің кейбір тармақтары. Қоғамдық қатынастар заман талабына сай дамысада, әйел адамның өміріне әлі күнге дейін ықпалын тигізуде. Қазіргі таңда маңызды мәселелердің бірі — әлем саясатындағы шығыс әйелдерінің ролі. «Ресайкэмбо» — «Жақсы әйел және даналы ана» атты ұғым Жапонияда «Мэйдзи» (1868-1912) кезеңінде қалыптасты. Бұл ұғым ерте кезеңдегі жапон әйел бейнесін суреттейді /1/. «Ресайкэмбо» ұғымы әр бір жапон әйелдерінің санасында қалыптасқан, дәстүрлі мұра болып сақталып келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Бірақта қазіргі таңда қоғамдық – әлеуметтік қатынастардың дамуына, қоғамдық талаптардың өзгеріске ұшырауына байланысты әйелдердің бейнесі де бірте-бірте өзгерістерге ұшырауда. Мэйдзи кезеңінде ерлер мен әйелдерге тең дәрежеде білім беру жүйесі қалыптасты. Орта ғасыр әйелдеріне үй шаруасымен шебер айналысу және баланы дүниеге әкелу міндеттері қойылса, Мэйдзи кезенінен бастап әйелдерге балаларына білім беру міндеті қосылды. Сонымен қатар әйелдер оқытушы қызметке де жарамды, әрі лайық болып есептелді /2/. Эдо кезеңінде әйелдер күйеулеріне толығымен тәуелді болып, қатаң шектеулерде өмір сүрсе, Мэйдзи кезеңінен бастап әйелдер күйеулерінің өмірдегі сапалы, әрі саналы кеңес беруші тірегіне айналды. Мэйдзи кезеңінен бастап Жапон қоғамында білімді әрі мәдениетті ағартушылардың ортасынан әйелдерді де кездестіруге болады. Шетел ғалымдарының айтуы бойынша жапон әйелдерінің Мэйдзи кезеңінен бастап терең дәрежеде білім алуы, әрі білімді қоғам тәрбиелей алуы, Жапонияның осындай дәрежеге жетіп, дамуының негізгі факторы болып табылады деп пайымдайды. «Ресайкэмбо» дәстүрі — қазіргі заман әйелдердің қызметте өсуіне кедергі болатын алғышарттардың бірі. Қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты, жапон әйелдерінің де қоғамдағы, отбасындағы жағдайы өзгерістерге ұшырады. Тұрмыстық талаптары да күшейді. Қазіргі таңда баласын бала- бақшаға апарып, қызметін жалғастырып жатқан немесе мансабын отбасы құрудан да маңызды деп ойлайтын, отбасылық өмірді қызмет пен қатар алып жүруді қиын деп ойлайтын әйелдер саны жылдан жылға көбеюде. Жапон әйелдерінің жағдайы туралы қарастыратын болсақ, жапон әйелдері «ерлер билік етіп басқаратын» қоғамда өмір сүруде /3/. Қоғамдық, саяси, мәдени, отбасы қатынасында ерлердің билік етіп басқаруы, әр бір шығыс еліне тән құбылыстардың бірі, сондай-ақ ерлердің басқаруы жапон қоғамында көне заманнан қалыптасып кеткен құбылыстардың бірі. Бірақта жапон әйелдерінің ажарлы, сыпайы, шыдамдылық, қарапайымдылық қасиеті, қандай жағдай туындамасын ризашылыққа ұмтылуы, рухани тепе-теңдігі сияқты қасиеттері бүкіл әлемге танымал /4/. Азия және шығыс елдерімен салыстыратын болсақ, шын мәнісінде жапон әйелдерінің құқығы басым болып келген. Жапон әйелдеріне баланың тәрбиесі, білімі, жалпы тағдырын шешу әйел адамның мойнына жүктелген. Сонымен қатар күйеуінің табысын басқару, қандай шығынды қай кезде жасау әйел адамға табысталған. Қазіргі таңда жапон әйелдері нық өз аяғымен тұрып, қоғамдық істерге белсене қатысуда. Европа әйелдерімен салыстырғанда, жапон әйелдері күйеулерімен дипломатиялық қарым-қатынас құру арқылы және нақты сезімдерін жасыра алу шеберліктері арқылы күйеулерімен қарым-қатынаста көптеген жетістіктерге жетуде. Жапон қоғамында жаханданудың терең тамыр жайғаны, қоғамның тез қарқынмен дамуы әйел адамдарды тәуелсіз, білімді, тәкәппар жандарға айналдырғанымен, жапон әйелдері әлі күнге дейін йіліп күйеуін шығарып салу, қарсалу дәстүрін жалғастырып келуде. Жапон әйелдерінің қазіргі таңдағы жағдайы туралы қарастыратын болсақ, қазіргі таңда жапон әйелдері туралы ерекше көз қарастар қалыптасқан. Өткен заманның әйелдері үнемі күйеуінің айтқанына көнетін, айтқанын бұлжытпай орындайтын, нәзік, әрі өте әлсіз жандар болатын. Қоғамның даму талабына сай, жапон әйелдерін де осы заманның әйелдерімен салыстыруға мүлдем болмайды /5/. Жаңа конституция бойынша әйел адам және ер адам теңдігі жарияланған. Әсіресе теңдік білім жүйесінде айқындалды, өйткені қабылданған жаңа заңнамалардың нәтиже- сінде әйел адам және ер адам тең дәрежеде білім алуға құқылы болды. Жапон әйел бейнесінің өзгеруі, жалпы өткен заман құндылығының өзгеріске ұшырауы, сонымен қатар тұрмыс тіршілігінің өзгеруі, жапон қоғамына, саясатына, әрі бюджетіне қатты ықпал ете бастады. Әсіресе, қазіргі таңда әйел адамның ұстанымы үлкен әсерін тигізуде. Өткен заман дәстүрі бойынша ер адам қоғамды басқарушы, жалғыз лидер болып есептелді, сондықтан да саясаттың, әрі қаржының тізгінін тек ер адамдар басқарды. Қазіргі таңда осындай маңызды салаларға әйел адамдар да араласа бастады. Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша, кейінгі 30 жылдың ішінді жапон қоғамында, баяу қарқынды болса да «әйелдер революциясы» өтті /6/. Бірақ ерлер бұл революцияның болғанын аңғармай да қалды. Бұл революцияның нәтижесінде елде туу саны азайды, туудың азайуы қазіргі таңда жапон қоғамының дамуына, сонымен қатар экономикалық жағдайына әсер етуде. Әлемнің дамуы, әр бір қоғамның дамуына ықпал етуде. Өйткені дәстүрлі қатынасты алға қоятын шығыс әлемінің дамуы да өзгеріске ұшырады /7/. Әр бір заман өтпелі кезеңдерден тұратындықтан, жапон әйелдері де әр бір заманның даму талабына сай өзгеруде. Қазіргі таңда жапон әйелдері тәуелсіз, өз тұрмыс тіршілігіне өздері жауапты. Қызмет, мансап немесе жұмыс туралы айтатын болсақ, қазіргі таңда жапон әйелдері жұмыста ерлермен қатар немесе тіпті ерлерден де белсенді жұмыс етуге ұмтылуда. Сонымен қатар мансабын жалғастыруды, немесе мансабы, қызметі бойынша көтерілуді мақсат етіп жатқан әйелдер саны жылдан жылға өсуде. Кейбір әйелдер тұрмыстың оңай жолдарын іздеуде. Кейбір әйелдер оқуын жалғастырмай ерте тұрмыс құруда. Кейбір әйелдер бала тауып мансабын жалғастыруда, ал кейбіреулері мансабын жалғастыруда бала кедергі болып табылады деген ойларынан айрылмауда. Қазіргі таңда балалы болған әйелдердің әр түрлі мүмкіншіліктері мен жолдары бар. Балаларын тәрбиелеп, үйреншікті жұмысын жалғастырып жатқан әйелдер бар. Баласы болғандықтан бұрынғы жұмысын жалғастыра алмай, сағат бойынша төлейтін жұмыстар істеп жатқан әйелдер де бар. Тек үй шаруасымен айналысып жатқан әйелдер де бар. Нәтижесінде осы құбылыстарды анықтайтын кілтті сөздер: түрлілік және таңдау мүмкіншілігінің кеңдігі. Әйел адамдардың, ер адамдармен салыстырғанда, өмір жолын тандау мүмкіншіліктері мол. Атадан балаға тарап келе жатқан салт-дәстүрдің ықпалы нәтижесінде, ер адамдар өмірлік жолын қалауы бойынша өмір сүруі мүмкін емес, таңдауы шектелген. Жоғарғы оқу орынды бітірген ер адамды жұмыссыз қалады немесе жұмыссыз болады деп елестете алмайсыз, өйткені бұл адамды қоғам ауру деп ұғынуы мүмкін. Ал, әйел адам оқуын бітіріп, тұрмысқа шығып, жұмыссыз қалса, таңқаларлық құбылыс болып есептелмейді. Сондықтан да өмірде әйел адамдардың, ер адамдарға қарағанда мүмкіншіліктірі мол, сондықтанда өмір жолында әр түрлі жолды тандай алады /8/. Үйлену, білім алу секілді, адам өміріндегі маңызды жайттардың кеш болуы, сапалы жоғары білім алу, әрі кеш некелердің қалыптасуына әкелді. Сонымен қатар, қазіргі таңда ұзақ өмір сүру, қарттардың көбеюі секілді құбылыстар орын ала бастады. Жапонияда міндетті білім алу жүйесі орта мектеп пен аяқталады. Жаңа статистика бойынша жоғары мектепті бітіргендердің 97 пайызын ерлер, ал 96 пайызын әйелдер құрайды. Екі жылдық жоғарғы оқу орынды бітіретіндердің 14 пайызын әйелдер, ал 2 пайызын ерлер құрайды. Кредиттік технология бойынша 4 жылдық бакалавр программасын бітіргендердің 48 пайызын ерлер құраса, 34 пайызын әйелдер құрайды. Магистратураға түскендердің 13 пайызын ерлер құраса, 6 пайызын әйелдер құрайды. Жоғары, толық білім алудың нәтижесінде, екі жақтың да жасының ұлғаюына әкеп соғады. Жоғарғы оқу орында әйелдер көбінесе гуматнитарлық ғылым саласы бойынша бітірсе, ал ер адамдар көбінесе нақты ғылымдармен айналысады. Екі жақтың да тұрмыс құру статистикасын қарастыратын болсақ, 2007 жылы 28 жастан бастап тұрмыс құратын, орташа есеппен санағандағы көрсеткіш 2008 жылы 29 жасты құрады. Ал егерде Токио сияқты ірі қалаларды қарастыратын болсақ, ірі қалаларда көбінесе 30 жасты құрайды. Осы статистикаға мысал ретінде, болашақ ханзаданың жұбайы Масако Овада ханым 29 жасында тұрмысқа шықты. Тұрмыс құрмаған әйелдердің статистикасын қарастыратын болсақ 1975 жылы 20-29 жастағы тұрмыс құрмағандардың пайызы 20 пайызды құраса, 80 пайызы тұрмыста болса, 2000 жылы тұрмыс құрмаған әйелдердің пайызы 54 пайызға өсті, осы көрсеткіштер арқылы, 20-29 жасты құраған әйелдердің шамамен жартысы тұрмыс құрмаған болып шықты. Әйелдердің орташа жас мөлшерінің статистикасын қарастыратын болсақ, 1975 жылы 78 жасты құрады, ал қзіргі таңда жаңа статистика бойынша 85,7 құрайды, болжам бойынша 2010 жылы жапон әйелдерінің орташа жасы 90 жасты құрайды деп болжауда. Өткен заман әйелдері уақытының барлығын үй шаруасына, күйеуіне ақыл кеңес берумен, жалпы отбасы мәселесімен ғана айналысса, қазіргі таңда жапон әйелдері белсенді түрде қоғамдық істерге қатысуда. Мансабын құруды мақсат ететін, әрі жұмыс істейтін әйелдердің саны жылдан жылға өсуде. Қазіргі таңда әйелдердің 50 пайызы дерлік жұмыс атқаруда. Әйел адамдардың жұмыс орны жайлы қарастыратын болсақ, біршама өзгерістердің пайда болғанын көруге болады. Өткен заман әйелдері көбінесе ауыл – шаруашылық және сауда – өндіріс салаларымен айналысса, қазіргі таңда әйел адамдардың 80 пайызы дерлік қызмет көрсетумен айналысуда. Сонымен қатар, қазіргі таңда ауыл – шаруашылығының жағдайы нашар болғандықтан, ауыл – шаруашылық министрлігі әйел адамдардың ролін қолдауда. Қазіргі таңда ерлі зайыптылардың, екеуі де жұмыс істейтін отбасылардың саны өсуде. Балалары кішкентай болса да әйелінің жұмыс істегенін қалайтын ерлердің саны көбеюде. Бала тууна байланысты, әйел адамдардың 70 пайызы, жұмысын тастауға мәжбүр. Қазіргі таңда әйелдердің 30 пайызы ғана бала туса да жұмысын жалғастыруда. Бірақта заң бойынша әйел адам да, ер адам да, балалы болғанға байланысты, балаларын қарау үшін (отпуск) демалыс алуға құқылы. Бірақта қазіргі таңға дейін, бұндай демалыс құқығымен тек әйелдер ғана пайдаланып келді, Демалыс алуда әйелдер 64 пайызды құраса, ерлер тек 0,4 пайызды құрайды /9/. Енбекақы мәселесін қарастыратын болсақ, еңбекақының 100 пайызын тек ерлер ғана алады. Бұл жапон қоғамында әйелдердің наразылығын тудыруда. Бұдан неге деген сұрақ туындайды? Жапон өкіметінің осы мәселеге байланысты жауаптарының бірі, ер адамдар отбасы шығыны үшін, жалпы отбасы шығынын ер адам төлеу керек деген пайымдаулар бар, ал әйел адам өзінң психологиялық және экономикалық мүддесін өтеу үшін ғана жұмыс істейді делінген. Сонымен қатар, қазіргі таңда, жапон қоғамында туу санының азаюын байқауға болады. Жапон қоғамы біртіндеп қарттар қоғамына айналуда. Қазіргі таңда қоғамда қарттар санының көбеюімен, туудың азаюы Жапон мемлекетінің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені бұл мәселелер Жапон өкіметінің болашағымен тығыз байланысты. Туу санының азаюы, қоғамның дамуына, тұрмыс тіршілігіне, экономикалық және мәдени өміріне де із қалдырмай қоймайды. Сонымен қатар, туудың азаюы, қоғамда қарттардың көбеюіне, жұмыс күшінің жетіспеуіне, жұмыс күшіне пайдалану үшін шетелдіктердің көбеюіне, сауда айналымның төмендеуіне әкеп соғады. Мысалы қазіргі таңда балаларға арналған кітапханалардың, дүкендердің жағдайлары төмендеуде, сонымен қатар жоғары оқу орындар да жабылуда. Қазіргі таңда жапон қоғамының қиыншылықтарының бірі – әлеуметтік сақтандыру жүйесі. Жастар санының азаюы, қарттар санының көбеюі жапон өкіметіне экономикалық жағынан ауыртпашылықтар туғызуда. Сондықтан да, жапон өкіметінің саясаты қарттар мәселесіне байланысты реформаларға өзгертулерді енгізуді көздеп отыр. ХХІ ғасыр әлем қоғамның дамуы тез қарқынды болатыны жайлы көптеген ғалымдар болжам жасаған. Әйелдердің тәуелсіздікке ұмтылуы, еңбек нарық саясатымен шұғылдануы, кәсіпкерлікпен айналысуы осы болжамға дәлел болып табылады. Әйелдердің кәсіпкерлікпен айналысуын зерттейтін американың ұлы зерттеушілерінің бірі Р.Петерсон және К.Вермейер бұл феноменді «бүкіл әлем көлемінде өтіп жатқан тыныш революция» деп атады. Шыныменде қысқа тарихи мерзімнің ішінде әйелдер жоғары, сапалы квалификация алып, жалдамалы жұмыс- шылардың қатарын толтырып, қызмет көрсететін жеке кәсіпорындарын ашып, өзінің дәстүрлі отбасы ролінен ауытқып, үйлерінен тыс жұмыс атқара бастады. Жаһанданудың арқасында әйелдер ғасырлар бойы қалыптасып кеткен дәстүрлі тұрмыс тіршілігін өзгертуге кең мүмкіншіліктер ие болды. Қазіргі таңдағы әйелдердің өндіріс кешендеріндегі ролін қарастырған американың зерттеушілерінің бірі Д. Нэсбитт бұл құбылысты «ашылған мүмкіншіліктердің жарылысы» деп қарастырды. Бүгінгі кезге дейін экономикалық әдебиеттерде, даму прогресіне орай әйелдердің тек репродуктивті функция- лары ғана қарастырылған, ал экономи- калық потенциалы қарастырылмаған. Әйел адамдардың еңбегін кездейсоқ нәрсе деген көз қарастар басымдырақ болған. Бұндай көзқарастардың туындауының себебі, әйелдердің түрлі дискриминацияға ұшырауы, капитал, билік, нарық, шығармашылық пен айналыса алмауы, жалпы барлық қарым-қатынаста ғасырлар бойы ерлерге тәуелді болуы. «Тыныш революцияның» екі кезеңін атап көрсетуге болады: 1- кезең 50-70 жылдар әйелдердің жаппай жалдамалы еңбек саласына келуімен ерекщеленеді, 2-кезең 70 жалдың ортасынан басталады, әйелдердің дербес, өз алдына кәсіпкерлікпен айналысуы. Алғашқы кезеңді анықтайтын негізгі факторлар: әйел білімінің дамуы, азаматтық еркіндікке күресі, индус- триалдық қоғамдағы ірі кәсіпорын кешендірі әйелдердің еңбек күшіне тәуелді болды. ХХІ ғасыр болашақты болжайтын «футурологтардың» айтулары бойынша әйелдердің ғасыры болып табылады. Осыдан ғасырлар бойы қоғамдық істерден, шығармашылық, әрі еңбек жұмыстарынан алшақ өмір сүрген әйелдер жаңа заманның дамуына қандай жағдайлар жасай алады деген сұрақ туындайды? Футурологтардың жасаған зерттеу жұмыстарының нәтижесі, қазіргі таңда әйел адамның кәсіпкерлік қызметі макроэкономикаға бірталай жетістіктер әкелгені жайлы дәлелдемелер бар. 1-ден ұлттық экономикалық құрылыс- тың жаңадан қалыптасып, дамуына маңызды ықпал етуде; даму үрдісін ынталандыруда, дамудың жаңа динами- калық күшінің бар екендігін алға қоюда; ұлттық өнім құндылығының нарықта қажеттілігін, сұранысын дамытуды көздеуде; әлеуметтік — экономикалық өзгерістерге орай саяси тұрақтылықты маңызды фактор деп ұсынуда. Әлемнің ақпараттық қоғамға тереңдей енуіне байланысты, америка ғалымдарының айтуы бойынша «жаңа қоғамды әйелдер қалыптарады» деген зерттеулер бар. Менеджмент саласында әйелдер белсенді- лігінің нығаюының нәтижесінде, бұл сала әйелдерге көптеген жетістіктер мен мүмкін- шіліктер алып келді. Басқару саласында маңызды шешім қабылдауда, әйелдер өздерінің ерекше білім, білік, дағды қабілеттерін көрсетуде. Қазіргі таңда менеджмент жүйесі әйелдердің басқаруымен іске асуда. 80-жылдардан бастап әйелдердің корпорациялық басқаруда маңызды қадамдар жасауы, әлемнің корпоративтік мәдениетіне елеулі өзгерістер әкелді. Жаңа заман психологтарының зерттеулері бойынша, әйел адамдар ер адамдарға қарағанда қарым-қатынасқа тез түсе алады. Әйелдерде қарсыласының немесе серіктесінің мотивациясын түсіне алатын ерекше сезім бар. Сонымен қатар әйелдер серіктестерін жоғалтпауды мақсат етіп, сенімді қарым- қатынас орнату маңызды деп есептейді. Әйел адам, ерлер сияқты тек жеңісті мақсат етпей, кәсіпкерліктің сенімді қарым-қатынас жасау арқылы дамытуды маңызды деп есептейді. Нарықтық қатынаста әйелдер жоғары маман иесіне айналу үшін білім, білік, дағдыны шамалары жеткенше меңгеруде. Ең алғашқы Токионың Кейо универси- тетіне шақырылған, Гарвардтың бизнес мектебінің түлегі, әрі құқық саласының докторы француз Рене Моридың айтуы бойынша, жапон әйелдерінің өмір сүру салты, жапон экономикасының осындай дәрежеге жетіп дамуының себебі болып табылады дейді. Ал енді әлемдегі гендерлік саясат жапонияға да әсерін тигізбей қоймады, әйелдердің эмонсипациясы, тұрмыстағы жағдайларының бірте-бірте өсуі экономи- каның болашағына және дамуына әсерін тигізеді деп мәлімдеді. Жапон қоғамында ер адамның функциясы, әйел адамның функциясы деген құрылыс, әлі күнге дейін жалғасын табуда /10/. Жапон қоғамы әйелдердің сыпайы иіліп, күлімсіреп сәлемдесу дәстүрінің алмасуын, бизнесте әйелдің ер азаматтың серіктесі болуын, елестету қиын мәселелердің бірі болып табылады. Кейбір әлеуметтік зерттеулер бойынша жапон қоғама «ерлер қоғамы» болып табылады. Жүргізген әлеуметтік сауалнамалар көрсеткіші бойынша, қазіргі таңда әйелдердің шамамен 20 пайызы үлкен жауапкершілікті талап ететін жоғары кәсіп мамандары болғысы келетіндіктері жайлы айтты. Кішігірім және орта бизнес салаларында әйелдерге «жұмыс немесе бала» деген таңдау қойылмаған. Сондықтан да осы салаларда әйелдердің белсенділігі байқалады. Жапон қоғамында, бизнесте ерлер әйел адамдардың дұрыс шешім қабылдау қабілеттеріне әлі де сенімсіздікпен қарайды. Жүргізген жаңа әлеуметтік сауална- маларда, жапон бизнесмен ерлері, қазіргі таңдағы әйелдердің дәстүрлі үрдістен біртіндеп батыстық үлгіге көшіп жатқанын жасырмайды. Өйткені қазіргі таңдағы әйелдер бұрынғы заман әйелдеріне қарағанда біршама тәуелсіз, әрі қоғамдық істерге белсене қатысуда, сонымен қатар өзінің іскерлігінде өте жауапты болып келген. Фукухара жапонияның атақты сән мекемесінің көз қарасы бойынша, әйелдер ролінің өзгеріске ұшырауын 2 кезеңге бөліп қарастыру керек дейді. 1-кезең 1973-1979 жылдар, неге бұл кезең, өйткені бұл кезеңде тұнынушылардың сұранысы өзгерді дейді. Сонымен қатар кризисқа дейін әйел басылымдары көбінесе «отбасы әйелідеріне» арналса, кризистан кейін басылымдардың көбісі жұмыс істейтін әйелдерге арналды. 2-кезең ел экономикасының бәсеңдеуінен, қоғамда әйел адамға жаңа жолдар ашыла бастады. Фукухара президентінің айтуы бойынша «жапон қоғамы, ерлер құрған мәдениеттен, әйелдер құратын мәдениетке бірте бірте ауысып жатармыз дейді». Жапон әйелдері ерлер билік етіп басқаратын қоғамдық қатынаста өмір сүруде. Ер адамның қоғамды, мәдени қатынасты, саясатты, және тағы басқа кешендерді басқаруы әр бір шығыс еліне тән құбылыстардың бірі болып табылады. Қазіргі заман жапон әйелдерінің өткен заман әйелдерінен айырмашылығы қоғамда, қызметте, отбасында, сонымен қатар саясаттағы бесенділігі. Қазіргі заман жапон әйелдері өмірдің негізгі шарты еркіндікті алға қоюда, осы еркіндіктің арқасында қоғамдағы белсенді- лігін, мүмкіншіліктерін, жалпы барлық қасиеттерін арттыруда. Жаңа заманның даму талабына орай, жапон әйелдері өзгеріске ұшырағанымен, ұлттық дәстүр әр бір жапон әйелінің сана сезімінде қалыптасқандықтан, бұл жапон әйелінің ерекшелігі болып табылады. ХХІ ғасыр көптеген шетел ғалымда- рының айтуы бойынша әйелдер ғасыры, әйелдердің белсенділігі, мүмкіншіліктері артатын кезең. Жапон қоғамы дамудың щыңына көтерілседе, дәстүрлік қатынас әлі күнге дейін сақталып келуде. Қазіргі таңда жапон әйелдерінің қоғам- да, мәдениетте, білім салаларында, отба- сында, саясатта белсенділік артсада, дәстүрлік қатынастың сақталуы, бұл белсенділікті тежеуде. Бұған қарамастан жапон әйелдері қоғамның барлық салаларында тек қана алға ұмтылуда.

Читайте также:  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕР КЛИЕНТ-СЕРВЕРЛІ БАҒДАРЛАМАСЫН ҚҰРУ

Оставить комментарий