ЖАПОН САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Соңғы жүз жылда Жапония, Күншығыс елінің «түсініксіз» даму жолының «жұмбағын» шешуге тырысқан барлық шетел бақылаушылары мен зерттеушілерінің назарын өзіне аударуда. Өткен ғасырдың басындағы негізгі қызықтырған мәселе — қалайша, осыншама кішкентай және, ic жүзінде, нашар дамыған арал-мемлекет, басқа азиялық мемлекеттердің барлығына жуығы көрген қиыншылықтардан аман өтті? Кейіннен, қалайша ол, тарихи тұрғыдан алғанда, өте аз уақыт ішіндe, экономика мен қоғамды модернизациялау ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп және әлемнің ең мықты елдері қатарынан орын алып, әлемді тағы бip рет бөлісуге тырысып, әлемнің алдынғы қатардағы державалары- на қарсы шықты? Жапонияға деген қызығушылықтың одан сайын артуына, оның Екінші дүниежүзілік соғыста күйрей жеңілгеннен кейін, қайтадан «таңғаларлық» қалпына келіп, нәтижесінде, XXI ғасырдың басында әлемнің көшбасшыларының бірінe, әлем экономикасының локомотивына айналуы әсер eтті /1, 18/. Жапонияның саяси тарихы бip бағытта жүріп отырды деп айтуға болмайды, ол бірде тоқырауға ұшырап, бірде мүлде тоқтап, кейде тіпті артқа шегініп отырды және демократиялық институттардың, оның қағидалары мен нормаларының, демократиялық тәжірибенің жинақталуы- мен сипатталып отырды. Жапониядағы соғыстан кейінгі демократияның елу жылдам астам тарихын негізгі төрт кезеңге бөлуге болады — ерте «Дайындық» кезеңі, одан соң «Өркендеу», «Жетілген» кезеңдері және ең ақырында, «Коалициялар» кезеңі /2/. Кішкене үзілістерді санамағанда, либералды- демократиялық партиялар басқарған үкіметтер Жапонияның соғыстан кейінгі кезеңін толықтай басқарып келді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі онжылдықта елдің ішіндe және одан тыс болып жатқан қиын-қыстау кезең жапон саясаткерлерін қатты алаңдатып отырды. Дәл осы «Дайындық» кезеңінде, басты саяси тұлғалар барлық саяси жүйе арқылы, Жапониядағы демократияның тарауымен, оның дамуымен бipгe орын алған қиын және ауыр тиген өзгертулерден арылуға бар күшін салды. 1955 жылдың 15-шi қарашасында «Консервативті одақ» (hoshu godo) Либералды-демократиялық партияның құрылуына алып келді. Осы маңызды оқиғадан кейін мемлекет өз дамуындағы тамаша «Өркендеу» кезеңіне аяқ басты. Сол сәттен бастап, бipiн бipi алмастырып келе жатқан ЛДП үкіметтері тарихи тұрғыдан алғанда тендесі жоқ, ел ішінде экономикалық дамудың жоғары дәреже- сіне және өмip сүру деңгейін жақсартуға, Жапонияның халықаралық қауымдастық-тың маңызды мүшесіне айналуына жауапты болды. Жапонияның соғыстан кейінгі тарихын түсіну, ондағы ЛДП-ның ойнаған ролін ескермей, өте қиынға соғады /2/. Өсудің жоғары қарқынын жалғас-тырып келе жатқан экономикаға қарағанда, жапон саясаты 1960-шы жылдардың басында ғана пісіп-жетіле бастады. 1964 жылғы Токиода өткізілген Олимпиада Ойындары, 1979 жылы алғаш рет Эзра Вогел айтқан «Жапония — бipiншi нөмip» түciнігi, әлемдік қауымдастықтың назарын Жапонияға аударды /3, 45/. Бipaқ, 1992 жылға қарай Жапония аспанында бұлт үйіріле бастады, ceбeбi «сабын көпіршігi экономикасы» күйреуінің тepic әcepлepi бірте-бірте айқындала бастады. Осымен бip уақытта, саяси өміp де қайғылы өзгеріске душар болды. 1993 жылдың шілде айындағы жалпыхалықтық сайлауда ЛДП алғаш рет көпшілік дауысқа ие бола алмай, Жапонияның билеуші партиясы өз позициясынан айрылды. Осыған қарамастан, Партия сайлау нәтижесін дайындықпен қабылдап, өз күшін қайта жұмылдырып, өзінің үкіметтегі позициясын, бар жоғы, қысқа он бip айдан кейін-ақ қайтарып алды. ЛДП президенті 1996 жылдың қаңтарында Премьер-министр етіп тағайындалғаннан кейін, Партия Жапонияның билеуші партиясы ретінде алдыға жаңа қадам жасады /3, 68/. Соғыстан кейінгі Жапония — жеңілу, оккупация және реконструкцияның ең бақытты мысалдарының бірі. Оны жапондықтардың өздері былайша қабылдайды: «Америкалықтарды сынға алу — тіпті америкалықтардың өздеріне берілген құқық. Бipaқ, бiз, олардың жіберген қателіктерінің iшінe Жапонияның оккупациясын қоса алмаймыз» /4/. Нәтижесінде, кейбір спецификалық мәселелердегі қарама-қайшылықтарға қарамастан, америкалық саясатты сәтті деп айтуға болады. Бұны, әcipece, оккупациялық билік ойлап тапқан — жапондық экономикалық даму моделіне қатысты айтуға болады. Осылайша, оккупация кезінде туындаған қиыншылықтарға қарамастан, жапондықтар өз еңбекқорлығы мен табандылығы арқасында жеңіске қол жеткізді. Жапониядағы соғыстан кейінгі демократияның дамуы, 1945 жылы 15-шi тамызда Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен және одақтастық окупацияның басталуымен, басталды. Соғыстың аяқталуымен және Консервативті Одақ пен 1955 жылы Либералды-демократиялық партияның құрылуына дейінгі онжылдықта, жылдам демократияландыру процессі мен оккупациялық саясаттағы өзгерістерге байланысты Жапонияның экономикалық, әлеуметтік және саяси құрылымдары қайғылы өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістермен күрес, тіпті 1951 жылы Бейбіт келісім бекітілгеннен соң да өз жалғасын тапты және оккупациялық саясаттың зардаптарынан құтылу үшін үлкен жұмыс жасалынды. Бұл «Дайындық» кезеңіне — жалпылама түрде — елдің, демократиялық ережелердің орнауымен бipгe орын алған, негізінен ауыр тиген, өзгерістермен бар күшін салып күрескен кезеңі деп сипаттама беруге болады /2/. 1945 жылдың тамыз айында Ичиро Хатояманың басшылығымен Либералды партия құрылды. Осыдан кейін, аз уақыттың ішінде, түрлі саяси негіздегі, Жапонияның Социалистік партиясы, Жапонияның Прогрессивті партиясы, Жапонияның Кооперативті партиясы және Жапонияның Коммунистік партиясы сияқты басқа да көптеген саяси партия- лар пайда болды. Одақтастар әскері Бас Штабының жүргізген саяси «тазалауы» нәтижесінде елдің саяси аренасы өте тұрақсыз болды және, оған қоса, басқа да жапон саясатынына араласулар жалғасып жатты. Сонымен қатар, сайлау нәтижелері жекелеген партиялардың жағдайына қайғылы әсер eттi. 1946 жылдың мамыр айында Жапония Кооперативтік партиясы бірнеше майда партиялармен бірігіп, Кооперативтік Демократиялық партияны құрды. Ол өз кезегінде, 1947 жылдың наурыз айында Халықтық партиямен қосылып, Халықтық Кооперативтік партияға бipiктi. Осы айда, Жапония Прогрессивті партиясы атын Жапония Демократиялық партиясы деп өзгертіп, кейіннен Халықтық Кооперативтік партиямен бipгe Халықтық Демократиялық партияны құрды. Жапония өз тәуелсіздігін қайтарғаннан сәл ерте, 1952 жылдың ақпан айында бұл партия таратылып, тез арада жаңа партия — Реформалар партиясын құрды. Ол 1954 жылдың қараша айында Жапония Демократиялық партиясы болып қайта өзгертілді. Осы уақытта, 1948 жылдың мамыр айында Жапония Либералды партиясы мен Демократиялық Клуб бірігіп, Демократиялық-либералдық партияны құрды. 1950 жылдың ақпан айында осы партия Жапония Демократиялық партиясындағы коалицияны жақтаған бip фракциямен ынтымақтастық құрып, Либералды партия болып қайта құрылды. Осы өзгерістердің нәтижесінде, ақыр аяғында, Жапонияның ішіндегі либералды және демократиялық элементтер екі негізгі топқа — Либералды партия және Демократиялық партия — біріктірілген болатын. Реформистік лагерьде, Жапония Социалистік партиясының оң және сол қанаттары арасындағы конфликт 1951 жылдың қазан айында өз шешімін тауып, бейбіт кeліciм және жапон-американ Қауіпсіздік Келісіміне байланысты партияның позициясына қатысты, екі қанат арасындағы ресми бөлінуге алып келді. Соғыс аяқталысымен-ақ, Хигашикуни мен Шидехара Кабинеттері құрылды. Олар Ешиданың біpiнші кабинеті, Катаяма Кабинеті, Ашида Кабинеті, Ешиданың екінші Кабинеті және Хатояма Кабинетімен жалғасты. 1947 жылдың шілде айынан 1948 жылдың ақпан айы аралығында, бар-жоғы сегіз айға созылған, Жапония Социалистік партиясының өкілі Тецу Катаяманың Кабинетінен басқа, либералды-демократтық партиялар кабинеттерді құрып, елді басқарып келді. Жапонияны жапон үкіметі арқылы «жанама» түрде Оккупациялық билік басқарып келсе де, одан кейінгі кабинеттер, сол кездегі елдің ic жүзіндегі жағдайына сәйкес келмейтін оккупациялық саясатты өзгертуге бар күшін салды. Бipaқ, бұл қиыншылықтарға қарамастан, либералды-демократиялық партиялар әлсіреген мемлекетті қалпына келтіруге, азық-түліктің қатаң жетіспеушілік мәселесін шешуге, тұрақсыздыққа алып келетін жұмысшылардың забастовкалары мен әлеуметтік наразылықты тоқтатуға, жаңа конституцияны қабылдауға, ауылшаруашылық және ағартушылық реформаларды енгізуге, 1 доллар 360 иенге тең тұрақты айырбастау бағамын енгізуге және өміршең қаржылық жүйені қалпына келтіруге қауқарлы болды. Осы жетістіктерге қосымша, Конституциямен бipгe: Кабинет туралы заңды, Парламент туралы заңды, Сот туралы заңды, Жергілікті билік органдары туралы заңды, қаржы актісін, қызметтік қатынастар туралы заңды, білім туралы заңның негізгі принциптері мен мектептегі білім туралы заңды және Антимонополиялық заңды қабылдағанда, осы үкіметтерге, қaзipгi Жапонияда көруге болатын, демократияның негізгі базалық құрылымын кұруды ceніп тапсыруға болатынын көрсетті /3, 72-78/. Ерте оккупацияның қарбалас кезеңінен кейін, 1948 жылдың қазан айында Демократиялық-либералды партияның Президенті Шигеру Ешиданың екінші Кабинеті құрылып және 1949 жылдың қаңтар айындағы жалпыхалықтық сайлауда осы партияның толық жеңісінен кейін, көп күттіpген тұрақты үкіметтің негізі қалыптасқан болатын. Жалпы алғанда, 1954 жылдың желтоқсан айына дейін, алты жылға созылған, келесі мерзімдердегі Ешида Кабинеттері жапон экономикасын реконструкциялауды қосқанда, көптеген тамаша жетістіктерге жетті деп саналады. Біpaқ, ең тамаша жетістік, еш күмәнсіз, 1951 жылы 8-ші қыркүйекте бeкітілген, Жапонияның егемендігін қалпына келтіріп және елді халықаралық қауымдастыққа қайта кіргізген Сан-Франциско бейбіт келісімі және елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатты көмектескен жапон-американ Қауіпсіздік Келісімі болды /5, 89/. Корей соғысының басталуы мен Шығыс-Батыс қырғи-қабақ соғысының нашарлай түсуіне байланысты Коммунистік партия, Социалистік партияның сол қанаты және көптеген солшыл академиктер, барлық мемлекеттермен бейбіт келісімге қол қойылған, сондықтан да одан бөлек тағы бip ерекше қауіпсіздік келісіміне қол қоюға қажеттілік жоқ деп мәлімдеді /6, 65/. Бipaқ, Премьер-министр Ешида өз көзқарасында қалып, коммунистік емес мемлекеттермен бейбітшілік сақтап, басты назарын жапон-американ Қауіпсіздік Келісіміне аударды. Тарих тұрғысынан қарасақ, саясаттың осы екі бағыты Жапонияның қауіпсіздігінде, еркіндігінде және тамаша экономикалық дамуында үлкен роль ойнағанын түсінуге болады және шын мәнінде, Премьер-министр Ешиданың ғана емес, елдің либералды-демократиялық партияларының да тарихи жетістігі деп есептеледі. Жапония егемендігін алғаннан кейін, Ешида Кабинеті бірнеше «тәуелсіздік үшін жаңа саяси ұстанымдар» қабылдады, оның негізгі мақсаттары: Ерікті мемлекеттермен ынтымақтастық; Ұлттық қабілеттіктерді нығайту, халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыру, біртіндеп қорғанысты күшейту; Жылжымайтын мүлікті дамыту, өндірісті күшейту және сауданы өркендету арқылы экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу /5, 90/. Осы және басқа да шаралар, ұлттық тәуелсіздікті құру, әлеуметтік тұрақтылықты арттыру және экономиканы қалпына келтіру мақсатымен, аса жоғары табандылықпен жүзеге асырылған еді. 1951-1952 жылдары қабылданған маңызды заң құжаттары: «Зиянкестіктің алдын алу ic-шаралары туралы заң», «Міндетті білім беруге мемлекеттің шығыны туралы заң», «Электроэнергияның дамуына көмек көрсету туралы заң», «Полиция туралы жаңа заң», «Қорғаныс агенттігі және өзін- өзі қорғау күштерін құру туралы заң», «Міндетті жалпыға білім беру мектептеріне саяси араласпауға кепілдік беру туралы уақытша арнайы ic-шаралар туралы заң», «Kөмip-шахта өнеркәсіптері мен электроэнергия кәсіпорындарында жұмысшылардың забастовка өткізу шаралары мен жолдарын реттеу туралы заң», «Пенсияны сақтандыру туралы заң», «Мектептердегі түскі ас туралы заң» және «Аммоний сульфатына сұраныс пен ұсынысты тұрақтандыру туралы заң» /2/. Өкінішке орай, жапон-американ Қауіпсіздік Келісімін бекіту және 1952 жылдың сәуір айында Жапония егемендігін қалпына келтіргеннен кейін, ұзақ өмір сүрген Ешида үкіметіне қоғамдық қолдау төмендей бастады. Жапония саясаты тағы бip мәрте тұрақсыздық кезеңіне кіргендіктен, саяси күштер, үкіметте өзгepic жасау үшін, тез арада «консервативті одақ» құруға шаралар қабылдай бастады. Осыған жауап ретінде Ешида, 1954 жылдың қараша айында, Либералды партияның басшыларына ресми хат жолдап, өз үкіметі туралы Партия қандай шешім қабылдайтынын сұрады. Либералды партиядан Жапонияның Либералды партиясы бөлініп шығып, 7-ші желтоқсанда Жапония Либералды партиясы және Реформалар партиясы бірігіп, Жапония Демократиялық партиясын құрды. Осы оқиғадан кейін Ешида Кабинеті толығымен өз орындарын босатты. Артынша-ақ, 10-шы желтоқсанда, Жапония Демократиялық партиясының президенті Ичиро Хатояма Премьер- министр болып тағайындалып, бірінші Хатояма Кабинетін құрды. Хатояма Кабинеті, 1955 жылдың қаңтар айындағы жалпыхалықтық сайлау үшін жүргізген кампаниясында, төмендегі мәселелер бойынша жұмыс icтеугe уәде беретін саяси бағыт ұстанды: Баспана мәселесін шешу; Шағын және орта бизнеске қолдауды күшейту; Жұмыссыздықпен күрес; Салық жүйесін реформалау; Экспортты қолдау /7, 129-134/Бірақ, сайлау нәтижесінде, Демократиялық партия 185 орынға, Либе- ралды партия 112 орынға, Социалистік партияның сол қанаты 89 орынға, оның оң қанаты 67 орынға және қалған партиялар 14 орынға ие болғандықтан, саяси күштердің балансы бірнеше майда партия- лардан тұратын болды /8/. Екінші Хатояма Кабинеті құрылғаннан кейін де саяси тұрақсыздық сақталғаннан соң, Демократиялық және Либералды партиялар арасында коалиция құрылсын деген қысымдар күшее бастады. Ceбeбi, осы екі партияның коалициясы саясаттағы тұрақтылыққа алып келеді деп түсіндірілді. Нәтижесінде, Жапонияның соғыстан кейінгі демократиялық дамуының «Дайындық» кезеңі аяқталып, ел жаңа «Өркендеу» кезеңіне аяқ басты. Дәл осы, Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен басталған онжылдық кезінде, жапондықтар, орын алған қиыншылықтар мен ел ішіндегі және сыртындағы маңызды өзгерістерге байланысты, ел тәуелсіздігін тұрақтандыруға бар күшін салды. Сонымен қатар, либералды-демократиялық лагерьдегі саясат та, реформистік лагердегі саясат та өте тұрақсыз қалпында қала берді. Осы бұрқырап жатқан саяси ортада, саяси қайраткерлер де, қарапайым азаматтар да бір нәрсені түciніп, бip ортақ шешімге келді. Ол — бip жағынан, ортақ мақсатқа біріккен либералды- демократиялық партиядан, және екінші жағынан, социалистік партиядан тұратын белсенді екіпартиялық жүйені дамытқанда ғана, мықты парламенттік демократияның тұрақты негізін қалауға, саясатты тұрақтандыруға және жалпыхалықтық жетістік жүйесі мен мықты ұлттық экономиканы құруға болатынын түсіну еді /8/. Қоғамдағы және либералды демократиялық лагердің өз ішіндегі көзқарастар нәтижесінде, 1953 жылдан бастап «консервативтік одаққа» қарай ілгері жылжу байқалды. Кейінірек, 1954 жылдың қараша айында, Реформалар партиясы мен Жапония Либералды партиясы қосылып, Жапония Демократиялық партиясын құрды. 1955 жылдың мамыр айында болған Либералды және Демократиялық партиялар атқарушы мүшелерінің кездесуі және сол жылдың маусым айындағы Демократиялық партия басшысы Хатояма мен Либералды партияның лидері Огата арасындағы кездесу, либералды-демократтық күштердің ресми бірігyiнe одан сайын ceрпіліc берді. Хатояма мен Огатаның кездесуі ерекше тарихи маңызы бар оқиға болды, ceбeбi екі басшы «консервативті күштерді біpiктipyгe және саясатты тұрақтандыруға» келісті. Кезінде осылайша басталған әрекет, тез арада өз жалғасын таба бастады. Екі партия мүшелері арасынан тағайындалған Саяси Комитет болашақ партияның, оның «платформасының», «ерекшеліктерінің» және «миссиясының» жобасын құруға өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, Жаңа партияның құрылымы туралы, Комитет жаңа партияның қабылдайтын негізгі ұйымдастыру формасы туралы зерттеу жүргізді. Осы зерттеу нәтижесі, халық арасында кең қолдауға ие, жаңа заманға лайықты саяси партияның «ұйымдастыру құрылымын» құру үшін пайдаланылды. Оған, партияның демократиялық әкімшілігіне үлес қосуға арнайы жасалған партияның басшылығы, «инструкциялары мен принциптері», «қоғаммен байланыс пен жарнама» қосылды /2/. Жаңа партияның құрылымы мен негізгі саяси бағыттарын құрастырғаннан соң, Саяси комитет пен Жаңа партияның құрылымы туралы Комитет eкеуi қазан айында бірігіп, Жаңа партияны құруға Дайындық Комитетін құрды. Осы орган, кейіннен, «инаугурациялық декларацияны», партияның платформасын, саясатын және партия президентін сайлау жүйесін аяғына дейін жеткізді. Ең соңғы шешімін таппаған мәселе — жаңа партияның аты еді. Партияның өз ішінен де, сырттан да түскен ұсыныстардан соң, ақырында «Либералды- демократиялық партия» деген ат қабылданды, ceбeбi, партияның негізгі қағидаларына осы ат ең жақсы сәйкес келеді деп есептелді.Осы дайындықтарды аяқтағаннан соң, партиялардың президенттері Ичиро Хатояма, Такетора Огата, Банбоку Охно және Букучи Мики 1955 жылдың 15- қараша айындағы ЛДП-ның ресми инаугурациясында төрағалық еттi. Токио, Кандадағы Чуо университетінің қабырғасында өткен бұл салтанатты кеште, Жапонияның соғыстан кейінгі тарихындағы біріккен, ең ipi либералды- демократиялық партияның пайда болуы аталып өтті. Сол кезде, жаңа партияда Өкілдер палатасында (Төменгі палата) 298 орын, Кеңесшілер палатасында (Жоғары палата) 115 орын болды /9/. Партияның «Kipicпe Декларациясы» былай басталады: «Саясат қоғамдық мүдделерге қызмет ету керек. Саясат — қоғамдағы тұрақтылық пен отбасындағы әл-ауқатының артуына, сыртқы саясатта мемлекеттік егемендік пен халықаралық бейбітшілікке алып келетін құрал. Осы мақсаттар мен міндеттерді толығымен түсіне отырып, біз Либералды- демократиялық партияны құруға және халықтың қалауымен демократия кағидалары мен идеалдарын ұстануға ант етеміз» /2/. Партияның философиясындағы басты саяси мақсаты — басымдылық танытатын парламенттік саясатқа қол жеткізу және саяси құрал ретінде, саяси күш көрсетуден, революция немесе диктатураның құрылуына ықпал ететін идеологиядан бас тарту. Сонымен қатар, адам құқықтары мен намысына құрмет — қоғамдық құрылымның негізі деп жариялау және диктатура немесе таптық идеологияның құрылуына қарсы тұру /2/. Оған қосымша, Партияның өзі былайша сипатталады: ұлттық партия; пацифистік партия; шын мәнінде демократиялық партия; парламенттік партия; пpoгpeccивтi партия; жалпыхалықтық жетістік мемлекетін құру тапсырылған партия. Партияның платформасы бірнеше фун- даменталды қағидалардан тұрады. Демократиялық қағидаларға сүйене жұмыс істей отырып, ЛДП мәдени, демократиялық қоғам құру үшін, ұлттық институттарды жаңаландырумен айналысады. Жалпы мойындалған бейбітшілік пен еркіндік қағидаларына ғана негізделген ЛДП, Жапонияның халықаралық қатынастарына өзгертулер енгізе және оларды реттей отырып, ұлттық егемендікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. ЛДП-ның басты міндеті — қоғамның әл- ауқатының артуымен қатар, жан-жақты экономикалық саясатты құрастыру және жүзеге асыру. Оның мақсаты — адамдардың өмір сүруіне қаражат жағынан кепілдік беру және жалпыхалықтық жетістік мемлекетін құруды сәтті аяқтау үшін, жеке адамның креативтілігі мен корпоративтік еркіндігіне қолдау көрсету /2/. Нәтижесінде; Жапонияда соғыстан кейінгі демократияның тарихи дамуына маңызды үлес қосып, ЛДП үлкен жетістікке жетті. Осыдан біp ай бұрын, Социалистік партия өзінің екі қанатын бipiктipe алды. ЛДП-ның құрылуы, Жапонияда консервативті күштер мен реформистік күштер арасындағы екіпартиялық бәсекелестіктің басталғанын хабарлады. Осы өзгеріс, саясатты толығымен жаңа арнаға бұрады деп үміттендірді. Осылайша, соғыстан кейінгі кезеңдегі Жапонияның саяси дамуының ерекшеліктері — Батыс Европадағы демократияның барлық, дамудың социал- демократиялық моделімен байланысты, басты жетістіктерінің, Жапонияда, АҚШ оккупациялық әкімшілігінің тікелей араласуымен, консервативті бағыт ұстанған саяси элитаның жүргізген маңызды реформаларының нәтижесінде пайда болды — деп шешім шығаруға болады. Демократияландыру саясатын жүзеге асыру үшін, Билік әр түрлі әлеуметтік топтар мен жұмысшылардың, шаруалардың, пацифистердің, либералдардың, социалистердің, күрт өзгерістерге ұмтылған консерваторлардың бip бөлігінің саяси күштерін кең көлемде пайдаланды. Барлық мүдделі жақтардың күш салысуының нәтижесінде, Жапонияда өкілділік немесе парламенттік демократияның жүйесі құрылған болатын.XX ғасырдың екінші жартысындағы Жапонияның саяси дамуының басты тенденциясы — оның, 40-60 жылдары құрылып, біздің уақытқа дейін сәтті қызмет етіп келе жатқан, саяси жүйесінің бірте-бірте демократияландыру процессі болды. Жапония милитаризмінің күйреуінен кейін, императорлық биліктің көптеген жартылай феодалдық институттары жойылып, мықты концерндер «дзайбацулар» таратылды, демократиялық партиялар қайтадан қалпына келтіріліп, кәсіподақтар және басқа да көпшілік ұйымдар құрыла бастады. Әр түрлі факторлар, тек қана ipi капиталдың мүдделері жүзеге аспайтындай етіп, мемлекеттік билікті peттecтіріп отырады. Қоғамның саяси ілгері бөлігінің басымдылығы шектелген және билікті жүзеге асыру тәжірибесі, негізінен, демократиялық шарттарға сәйкес орындалады. Жапонияда, саяси ядро, қоғамның өзіне ең жақын бөлігінің мүдделерін қорғай отырып, кең бұхара халықтың да әлеуметтік талаптарын ескеріп отыратын, қоғамдық-саяси орта пайда болды. Мысалға, 40 жылдан астам билік басында отырған ЛДП-ға, өз электоратының әрқашан басымдылыққа ие болуын қамтамасыз ету үшін, қоғамның түгел дерлік бөліктерінің қажеттіліктерін ескеріп отыруға тура келді /10, 71-80/. Спецификалық жапондық модификациядағы, Батыстық типтегі заманауи дамыған демократияның барлық қасиеттерін иемденген, саяси жүйе – консерваторлар мен олардың одақтастарына үлкен мүмкіндіктер берді, бipaқ мұндай мүмкіншіліктерден оппозицияда жұрдай болған жоқ. Жапониядағы саяси климаттың ерекшелігі — монополистік буржуазияның басымдылығы буржуазиялық-демократтық институттардың кең даму жағдайында жүзеге асты. Нәтижесінде, мықты, бip орталыққа бағынған және біp жүйеге келтірілген, оның функционерлері елдегі жағдайды бақылап отыратын, халық арасында беделге ие және оны өз пайдасына пайдалана білетін, эффективті жұмыс істейтін саяси билік механизмі қалыптасқан.

Читайте также:  Тарихи ойлаудың салыстырмалылығы

Оставить комментарий