ЖАПОН ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

Адамдар белгілі бір қоғамның, мемлекеттің, этностың, ұжымның мүшесі ретінде тығыз бай- ланыста өмір сүреді. Өзара алуан түрлі қарым- қатынас жасайды. Адамдардың қоғамның өзге мүшелерімен қарым-қатынасы белгілі бір этикет нормалары арқылы іске асады. Этикет- адам- дардың белгілі бір ортада қалыптасқан тәртіпке, ұлттық әлеуметтік ерекшелікке сәйкес бір-бірі- мен қарым-қатынас жасау мәдениеті жөніндегі ережелер жиынтығы. Этикеттің тіл арқылы жү- зеге асатын түрі тіл білімінде сөз этикеті деп аталады. Сөйлеу этикасы — әр түрлі қарым-қатынас жағдайларындағы сөйлеу тәртібінің ережесі және этикалық нормалардың жиынтығы. Сөй- леу этикасы риторикалық этикалық этика деп айтылады. Сөйлеу этикасы жалпы адамзаттың этикалық құндылықтарын, ұлттық этикалық Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(55). 2011 63 алғышарттарын, жеке тұлға этикасының байлы- ғын өзіне тірек ете алады. Сөйлеу тәртібі ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жорал- ғылар, жеке тұлғаның тілді қолдану тәрбиесі, тұрақты тәжірибесімен тікелей байланысты. Сөйлеу этикасы адамның санасын бақылаумен реттеліп отырады, сөйлеу стилінің мәнерін безендіруде ерекше рөл атқарады. Жапон профессоры Риппей Маруяма «Сы- пайы сөйлеудегі әр түрлі сөз орамдарын, әдеп- тілікті көрсететін тұрақты сөз тіркестерін бар- лық тілдерде кездестіруге болады, алайда жапон тілі бірінші болатынына ешбір дау жоқ» — дейді. Жапон тілінде күрделі этикет формулаларын қатесіз қолдану үшін бірнеше жыл, көп тәжіри- бе керек. Шетелдік азаматтар қате қолданып жатса жапондықтар оларға кешіріммен қарауы мүмкін, алайда өз араларында «әдептілік кодексін» сақтамаған адамға өте қатал. Н.Т. Федоренко: «Сөйлеу кезінде адресат өзін төмен- детіп, адресантқа қатысты жоғарлату, ұлықтау формасында сөйлеу жапондықтардың жадында жақсы сақталған» деген екен /1/. Жапон тілінде сыпайылық стилін 丁寧語 teineigo деп атайды. Сыпайылық стилі өзінен жасы үлкен, қызметтік дәрежесі жоғары және бөтен адамдарға қатысты қолданылады. Жапон тілінде сыпайылық категориясы негізгі үш тармаққа және қосымша бір тармаққа бөлінеді. Олар: 丁寧語 teineigo- сыпайылық формасы, 尊敬語 sonkeigo-ұлықтау формасы, 謙譲語 kenjogo — кішіпейілділік формасы және қосымша тармақ 美化後 bikago- әсерлі сөздер деп бөлінеді /2/. Әр категорияға жататын сөздердің әрқайсысына тән сөздік қоры мен сөздің соңын аяқтайтын етістіктері бар. Мысалы, shimasu сыпайылық формасы, nasaimasu ұлықтау, қызметі жоғары, жақын таныс емес адамдарға қолданылса, itashimasu адре- сантқа сыпайылық көрсету мақсатымен өзін төмендетіп сөз тіркестерін қолданатын форма болып табылады. Енді осыларға толығырақ тоқ- талып өтейік. Окуяма Масуро /1/ сыпайы тілді қатаң грам- матикалық құбылыс ретінде көптеген ерекше- ліктерге орай, жіктеудің мүмкін еместігін атап өтеді. Сондықтан да жапон тілінде сыпайы- лықтың грамматикалық және лексикалық аспек- тілерін бөледі. Алайда, солай болғанымен де бөлу олардың өзара тығыз байланыстылығымен күрделенеді, сөздің семантикасы грамматика- лық формаларды пайдалануға шектеулер қойған кезде, грамматикалық категория өз кезегінде лексикалық құралдарды өзекті таңдауға ықпал етеді (*1). Мысалы, біріншіден, сыпайы гонора- тивті лексемаларды ауызекі бұйрық рай форма- сында қолдану мүмкін болмаса, екіншіден, бірқатар етістіктерді директив категориясының құрылымдарында қызметтік пайдалануға бола- ды. Соңғысында, граматикалық мағынаны білді- ру үшін лексикалық құралдардың қолданылу- ына байланысты, грамматикалық және лексика- лық элементтердің семантикалық компенса- циясы туындайды /2/. Стилистикалық ұстамды сөйлеу құрылымы үшін сыпайылықты білдірудің грамматикалық және лексикалық құралдардың үйлесуі қажет деп есептеледі. Алайда, жапон тілінде әлеумет- тік-тұлғалық қарым-қатынастарды білдіру тәсіл- дерін білу жеткіліксіз. Оларды дұрыс пайдалану үшін нақты сөйлеу жағдаятында бірқатар белгі- лер бойынша әңгімелесудің аталған жағдаятына алдын ала талдау жүргізу және жапондық сөй- леу этикетінің ерекшеліктерін есепке ала оты- рып жапон тілінде кездесетін көптеген сыпайы- лық деңгейлерінің ішінен бірін таңдау қажет. Жапон тілінде, әдетте, сыпайылылықтың екі грамматикалық категориясын бөледі. Бірі сөй- леушінің сұхбаттасушыға, екіншісі әңгіме бо- лып отырған тұлғаларға қарым-қатынасын біл- діреді (семантикалық субъект және/немесе іс- әрекет объектісі). В.М. Алпатов /3/ оларды тиісінше адрессивті және гоноративті катего- риялар ретінде айқындайды. Адрессивтің грам- матикалық категориясы адрессивті және адрессивті емес формалардан (граммемдерден) құралады. Адрессивті сөз формалары сөйлеу- шінің сұхбаттасушыға сыйластық қарым-қаты- насын көрсетеді; адрессивті емес сөз форма- лары, әдетте, мұндай ақпаратты қамтымайды. Гоноратив категориясында формалардың (грам- мемалардың) үш тобын бөлуге болады: гонора- тивті (сыйластық), депрециативті (биязы) және бейтарап. Гоноративті формалар сыйластық қарым-қатынастың мелиоративтік типіне жат- қызылады, онда коммуникативті мән берілген лексема сыйластық қарым-қатынастың объекті- сін «асқақтатады». Депрециативті формалар сыйластық қарым-қатынастың пейоративті ти- пін – сөйлеушінің өзін-өзі төмендетуін білді- реді. Бейтарап формалар гоноративті емес те, депрециативті емес те болып табылады — олар сөйлеушінің семантикалық субъектіге/сөйлеу объектісіне сыйластық қарым-қатынасы туралы ешқандай ақпаратты бермейді. Гоноративті және депрециативті формалар бір уақытта қатар келмейтіні байқалады. Жапон тілінде адрессивті және гоноративті формалардың «жоғары-тең-төмен» және «өзім- өзге» деген мәнін сипаттайтын дифферен- циалды белгілерін бөледі. Олар сөйлеушінің сұхбаттасушыға (адрессив) немесе әңгіме болып отырған тұлғаға (гоноратив) қарым-қатынасын айқындайды. Әлеуметтік-тұлғалық қарым-қаты- 64 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(55). 2011 настар мәнге ие болады, бұл ретте аталған тұлғаны «өзім» немесе «өзге» ретінде бағалауға әңгімелесу жағдаятына басқа да тұлғалардың қатысуы едәуір ықпал етуі мүмкін. Адрессивті формалар «жоғары бөтен» неме- се «тең бөтен» ретінде қарастырылатын тұлға- лармен әңгімеде міндетті түрде қолданылады. Адрессивті емес формалар, әдетте, сұхбатта- сушыларға қатысты «тең өзіміз» немесе «төмен өзіміз» ретінде пайдаланылады. Адрессивті де, адрессивті емес те формалар сөйлеушіге қатыс- ты «төмен бөтен» немесе «жоғары өзіміз» бо- лып табылатын тұлғалармен әңгімелесуде кез- деседі. Сыпайылық деңгейін таңдауды айқын- дайтын белгілер кейде өзара қарама-қайшы- лыққа ұшырайды да, жопандық, осылайша, сөй- леу тілінде үнемі олардың басымдығы туралы мәселені шешеді. Жапон ауызекі тілінде сөйлеу- ші бір ғана сұхбаттасушыға қатысты адрессивті және адрессивті емес мәндегі сөз формаларын қолданған кезде, сөйлеуде адрессивті және адрессивті емес формалар қолданылуының тұрақсыздығы адрессив категориясы формала- рының ерекшелігі болып табылады. Гоноративті (сыпайылық) формалары сыйлы тұлалардың (сөйлеушінің көзқарасы бойынша) іс-әрекеттерінің сипаттамасын беру үшін пайда- ланылады. Демек, гоноративті формалар екінші немесе үшінші тұлға – іс-әрекеттің немесе жай- күйдің семантикалық субъектісі болмайтын сөй- лемдерде қолданылмайды. Егер үшінші тұлға субъекті болып табылса, гоноративті және бейтарап формалар арасында таңдау болғанда, сөйлеушінің аталған субъектіге қарым-қатына- сы ғана емес, сонымен қатар, соңғы мен сұхбат- тасушы арасындағы қарым-қатынастар да ықпал етеді. Гоноративті формалар «тең өзіміз» ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөй- леуде пайдаланылмайды (осылайша, аталған формаларды өзі туралы («тең өзіміз») сөйлеуде қолдану мүмкін емес). Гоноратив категориясы «жоғары өзіміз» ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөйлеуде де, тіпті сұхбат- тасушы іс-әрекет субъектісі болып табылғанда да үнемі көріне бермейді. «Бөтен» субъектінің іс-әрекеттерін сипаттау кезінде гоноративті формалар «жоғары» және «тең» белгілерге, бейтарап – «төмен» белгіге сәйкес келеді. Бұрын атап өтілгендей, жапон тілінде сы- пайы сөз формаларын пайдалана отырып әңгі- мелесу үшін, басты қиындық аталған жағдаят үшін сыпайылық деңгейін таңдау болып табы- лады. Сөйлеуші жапон қоғамындағы этикеттік қарым-қатынастардың ерекшеліктері туралы білуі тиіс. Көптеген зерттеушілер /3; 4/ сыпайы- лық формалырн таңдау кезінде міндетті түрде ескерілетін факторлардың түпкілікті жинағын көрсетуге тырысады. Алайда, жалпы ережелер- мен қатар, жеке-субъективті фактор үлкен рөл атқарады және сыпайы сөз формаларын өзекті таңдау мәселелері бойынша, әдетте, ақпарат берушілер арасында бірыңғай пікір жоқ. Жұмыс беруші мен қызметші, сатушы мен сатып алушы, мұғалім мен студент, бастық пен бағынышты және т.б. арасындағы қарым-қаты- настарда, әдетте, кімнің дәрежесі жоғары, сол өзі сөйлеген кезде бейтарап не сыпайы стильді пайдаланады; сұхбаттасушы тек қана сыпайы орамдарды пайдалануы тиіс. Сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу жапондықтармен ішкі түйсігінде әлеуметтік драмалық іс-әрекет ретінде түсініледі, онда біріншісі мырзаның, екіншісі қызметшінің рөлін атқарады, бұл СА- тып алушы сатушы тарапынан сыпайылыққа толы қарата айтылған сөзге мүлде назар аудар- маған жағдаятта вербалды мәнге ие болады. Бір-бірімен таныс емес адамдардың әңгіме- лесуінде көп жағдайда сыпайы сөйлеу пайдала- нылады. Сыпайы орнықты сөйлеу танысу кезін- де, сондай-ақ жапон қоғамында әлеуметтік жағ- дайы жоғары бағаланатын адамдарға қатысты қарым-қатыныста қолданылады. Жапон қоға- мында таныстық дәрежесі мен әлеуметтік қарым-қатынастардың ықпал ету факторын есепке ала отырып, Токио университетінің зерт- теушілер тобы 1981 жылы астаналық аудан- дардың бірінің шамамен бес жүз тұрғыны ара- сында толық сұрау жүргізді /5/. Респондент- терге сұхбаттасушылардың негізгі он төрт ти- піне қатысты сыпайылық деңгейін айқындау ұсынылды. Туыстық және достық қарым- қатынастар сөйлеуде сыпайылық деңгейіне едәуір ықпал ететіні көрінді, бірақ бұл ықпал ету жас ерекшелігіне байланысты болды және мұндай үрдіс барлық жас ерекшеліктеріндегі топтарда байқалды. Дегенмен, сұхбаттасушылардың әлеуметтік жағдайы, әдетте, неғұрлым маңызды болып есептеледі. «Таныстық қанша уақытқа созылса да» — деп атап көрсетеді Татэмацу Кикуко /6/: «сэнсэй сэнсэй болып қала береді… Тіпті, егер өзіңнің адамға деген қарым-қатынасыңды неме- се сырыңды ақтарғың келсе де, сыпайылылық- тың неғұрлым төмен деңгейіне өтуге болмай- ды». Әдетте, әр түрлі жастағы адамдар әңгіме- лескен кезде, сұхбаттасушылардың үлкені бей- тарап сөйлеу стилін қолданса, кішісі сыпайы сөз формаларын пайдаланады. Жоғары білім беру мектептерінің оқушылары мен университет студенттерінің арасында «үлкен (сэмпай) — кіші (ко:хай)» қарым-қатынастары жас ерекшелігі бір-екі жасты құраса да бейтарап-сыпайы сөй- леу стильдерін бөле отырып, жеткілікті түрде қатаң сақталады. Осындай қарым-қатынастар Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(55). 2011 65 жұмысқа қабылдану уақытын есепке ала оты- рып, жапон фирмаларында да сирек кездес- пейді, бұл ретте, компания ірі болған сайын, бұл қатынастар қатаң сақталады. Алайда, жақын адамдар сөйлескен кезде, құрдасына кішіге қарағанда сыпайылық аз сақталады. Мұндай жағдайда, жас ерекшелігі әңгімелесуде белгілі бір психологиялық ара қашықтықты тудырады. Әдетте, бір жынысты жапондықтар арасын- дағы сөйлеу ер адам мен әйел адам арасында- ғыдан гөрі сыпайылығы төмен болады. Жапон- дықтардың аға буынында осы ерекшелік неғұр- лым ашық көрінеді және терең тарихи тамыр- лары бар (соғысқа дейін көптеген оқу орын- дарында оқыту бөлек болған). Бұдан басқа, жалпыға мәлім болғандай, жапон әйелдері өте сыпайы сөйлейді және әйелінің еріне қарата айтқан сөзін өте сыпайы формада айту дәстүрі сақталған отбасылар осы уақытқа дейін кезде- седі. Жоғарыда сипатталған сұраудың нәтиже- лері, өз кезегінде, сөйлеушінің жынысына бай- ланысты өзгеріп отырады. Өйткені, ер адамдар сыпайылық деңгейін таңдаған кезде сұхбаттасу- шының жасына көп мән береді, ал әйел адамдар көбінесе туыстық дәрежесіне қарайды. Төменде келтірілетін басқа бір зерттеудің нәтижелері бойынша, кеңсе қызметшілерімен әңгімелесуде (бағыныштылармен кәсіби қарым-қатынаста) респонденттер көбінесе адрессивті формаларды және егер сұхбаттасушысы әйел болса, бейтарап формаларды сирек пайдаланған. Осы үрдіс иерархиялық сатының барлық деңгейлерінде байқалды: бастық (әдетте, толысқан жастағы ер адам) бағынышты ер адамға қарағанда, бағы- нышты әйел адаммен неғұрлым сыпайы сөйлес- кен. Мұндай мінез-құлықтың психологиялық уәжі — бағынышты әйел адамға қарата айтылған сөйлеуде сыпайы емес формалар сұхбаттасу- шылар арасында жақын қарым-қатынастардың бар екендігін білдіруі мүмкін және бұдан басқа, әйелдер ресми жағдаятта, әдетте, неғұрлым сыпайы формадағы жауапты тудыратындай, ер адамдарға қарағанда сыпайылау сөйлейді. Ана тілді зерттеу мемлекеттік институты 1975-1978 жылдар аралығында «Өндірістегі сыпайы сөйлеу» атты тақырыпта зерттеулер жүргізген /5/. Зерттеу объектісі ретінде жапон бизнесі үшін әдеттегі басқару құрылымы бар орташа жапон кәсіпорнында қызметшілер арасындағы қарым-қатынастар таңдап алынған болатын (төменге қарай): бөлім бастығы – сек- тор меңгерушісі-басқарушы-жоспарлаушы-кең- се қызметшісі. Жас пен жыныс бойынша бөлулер, сондай- ақ қызметтік тізім мен білім цензі ескерілді. Өзекті сөз қолдану қызметшілер арасында телефон бойынша сөйлесу жағдаяты мысалында зерттелді және сөйлеушінің «Түсіндім, қазір барамын» деген сөздері ақпарат берушілерге «бару» етістігінің формасына қарай (сыпайылық дәрежесінің өсу тәртібі бойынша) үш әр түрлі нұсқада таңдауларына ұсынылды: ику (адрес- сивті емес форма), икимасу (адрессивті форма) және маиримасу/сандзё: симасу (сол мәндегі депрециативті етістіктердің адрессивті форма- лары). Басқарушылардың ғана сөйлеуі тіркелді (сюнин – жапон кәсіпорнының иерархиясын- дағы үшінші лауазым). Сөйлеушілер (кез келген рангтегі) жоғары тұрған басшылар өздеріне қалай қарата сөйлейтініне (төмен рангтегі қыз- метшілер бұл жағдайда «неғұрлым либералды») ерекше назар аударатын сұхбаттасушылар ретінде қарастырылды. Адрессивті емес сөз формалары көбінесе бағыныштылармен әңгіме- лесуде қолданылды, дәрежесі бойынша тең бол- са – сирек және бастықпен – ешқашан. Адрес- сивті сөз формалары іс жүзінде кез келген жағдаятта, алайда дәрежесі бойынша тең болса жиі пайдаланылды. Адрессивно-депрециативті сөз формалары жоғары тұрған және (өте сирек) дәрежесі бойынша тең адаммен әңгімелескенде ғана ең сыпайы болып табылады. Жапон тілінде сыпайылық екі грамматика- лық категорияға бөлінеді. В.М. Алапатов олар- ды адрессивті және гоноративті деп көрсетеді /3/. Адрессивті грамматикалық категориялар адрессивті және адрессивті емес формалардан тұрады. Адрессивті сөз формалары сөйлеушінің тыңдаушыға құрметтеу қатынасын көрсетсе, адрессивті емес ондай ақпарат бермейді. Гоно- ратив категориясы үш топқа бөлінеді: гоноратив құрмет, депрециативтік қарапайым және бейта- рап. Жапон тіліндегі адрессив және гоноратив категорияларын сипаттайтын дифференциалдық белгілер: «жоғары және төмен», «өзім және өзге». Диалог кезінде адрессивті форманы қолдану «жоғары төмен» немесе «тең бөтен» болып қарастырылады. Адрессивті емес форма әңгімелесушіге «тең өзім» немесе «төмен өзім» қатынастарында қолданылады. Адрессивті де, адрессивті емес те формалар сөйлеушіге «төмен бөтен» немесе «жоғары өзің» арақатынасында болуы мүмкін. Гоноративті форма әдетте жұмыстағы бас- шыларға, ұстаздарға және клиенттерге қолданы- латын сыпайылық формасы. Мысалы, шашта- разда клиентке қатысты «отырыңыз» дегенді okakeni natte kudasai деп гоноратив формасында қолданады. Яғни, негізгі етістіктің басына «о» префиксінің, ал етістіктің соңына «нару» қосымшасының жалғануы арқылы жасалады.

Читайте также:  Неміс өнері ( Қайта Өркендеу дәуірі)

Оставить комментарий