ЖАПОНИЯ ЖӘНЕ ҚЫТАЙДЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕЛЕРІ

Жаңа ғасырда Орталық Азияның халықара- лық саясатта алатын орны күннен күнге өсуде. Ол ірі державалардың бәсекелестігі мен мүдделерінің қақтығысуының аймағына айналып отыр. Орталық Азияның жалпы геосаяси жағ- дайы халықаралық аренада ірі және аймақтық державалардың қайшылығының өсуінен, сон- дай-ақ Орталық Азиядағы табиғи ресурстар үшін жетекші елдердің геосаяси күресімен ай- қындалады. Қарастырылып отырған аймақтың орталы- ғында мемлекетіміз — Қазақстан орналасқан. Аймақтағы жағдайды талдай келе, мемлеке- тіміздің елбасшысы Н.А.Назарбаев былай атап өткен болатын: «Кейінгі 500 жылдан бері еліміз тәуелсіздігін алғалы алғашқы рет біздің аймақ әлемдік экономикада экономикалық маңызы бар елге айналды. Біз өзіміздің транзиттік мүмкін- діктерімізді күшейту үстіндеміз, әлемдік нарық- қа мүнай, газ, руда және ауылшаруашылық өнімдері сияқты құнды тауарларды жеткізіп жатырмыз. Ежелгі «Жібек Жолының» бағыты- мен салынып жатқан XXI ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырлары, авто және темір жолдары көрінуде… Қазір біздің алдымызда таңдау тұр: әлемдік экономикада мәңгі шикізат көзі болып қала беру және келесі империяның келуін күту немесе Орталық Азия аймағының маңызды интеграциясына бару» [1]. Бүгінгі күні Жапония мен Қытайдың сыртқы экономикалық бағытында бұл аймаққа үлкен көңіл бөлініп отыр. Жапония мен Қытайдың шикізат ресурстарына қажеттіліктері күннен күнге өсуіне байланысты олар Орталық Азияда орналасқан республикаларға үлкен қызығу- шылық танытып жатыр. XXI ғасырдың басынан бері Жапония мен Қытайдың мүдделері Орта- лық Азия аймағында да түйісе бастады. Міне, сондықтан да екі алпауыт мемлекеттің Орталық Азиядағы экономикалық және саяси мүдделері және оларды салыстыру өзекті тақырып болып табылады. Бұл мақалада Жапония мен Қытай- дың аталған аймақтағы, оның ішінде, әсіресе Қазақстандағы мүдделеріне ерекше көңіл бөлі- ніп, салыстырмалы талдау жасалынады. Жапония мен Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясатында ұқсас ортақ жері белгілі, олар үшін Орталық Азияның Азия Тынық мұхит аймағының «проекциясына» айналуы өте ма- ңызды болып табылады. Олар Азия Тынық- мұхиты аймағын (АТА) кеңейтуді Орталық Азия елдерін тарту арқылы жүзеге асырмақ. Яғни, бұл аймақ АТА үшін табиғи резерв ретінде қабылданады. Бұл жаңа серіктестер, жаңа шикізат көздерін, аймақтық дамудың жаңа резервтерін иеленуге байланысты болып табы- лады. Азия Тынықмұхит аймағының кеңейту саясатын жүргізу үшін халықаралық ұйымдар, әсіресе, Азиялық даму банкі қолданылуда. Қы- тай белсенді түрде ШЫҰ арқылы жүзеге асы- рылып жатқан «энергетикалық клуб» және «еркін сауда аймағы» жобаларын пайдалануда [2, 343]. 1990 жылдың ортасы мен аяғында Қытай- дың Орталық Азияға қатысты саясатында жаңа тенденциялар байқалды. Тұрақтандыру саяса- тынан интеграциялық саясатқа өту элементтері пайда болды. Қытай сарапшыларының айтуы бойынша, аймақтағы Қытай саясаты былай сипатталды: «…Пекиннің орталық азиялық стра- тегиясы ұзақ ізденістер мен дайындықтар нәтижесінде айқындалды. ШЫҰ негізделе отырып, ол аймақтағы проблемаларды шешуге қатысуға, оның елдері арасында қатынастарды жақсартуға, тұрақтылық пен гүлденуге, соны- мен қатар, Орталық Азиядағы ресурстарды игеруге бағытталған стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады» [3, 164-165]. Жапонияны Орталық Азиядағы Қытайдың белсенділігі мен батысқа жылжуы мазалайды. Қытай экономикасының өсуі тұрақты дамуды қамтамасыз ететін табиғи ресурстарды қажет етеді, арзан ресурстар көршілес Орталық Азия елдерінде, евразиялық континенттің ішінде ор- наласқан, ал Жапония үшін осының бәрі қол жеткізуі қиын болғандықтан алаңдаушылықты тудырады. ШЫҰ – Шығыстағы жаңа күш орталығының құрылуы мен оның қызметі Жапония үшін Қытайдың жоғары көтерілуімен тең, өйткені жақын болашақта оның маңында көршілес ұсақ және орта мемлекеттер саяси жағынан тартылады деп күтілуде. Орталық Азиядағы Жапония саясатында үлкен территориялық алшақтық және тарихи серіктестік дәстүрінің жоқтығы экономикалық құралдарды пайдалануға итермелейді. Сонымен қатар, Жапонияның Қытаймен ортақ геосаяси мүддесі бар: Орталық Азия даму бағытын Азия Тынық мұхит аймағына бағыттау. АҚШ-тың Жапониямен дәстүрлі әскери саяси серіктестігі Орталық Азиядағы саясатта да жүзеге асырылып отыр, себебі Жапония америкалық жобаларды («Ұлы Жібек Жолын» салу, терроризммен күрес) экономикалық және гуманитарлық шаралармен ұштастырады. Жапо- ния батыс коалиция мүшесі және Азия Тынық мұхиты аймағының державасы ретіндегі мүдде- лері арасында үйлесімділікті іздеуде. «Ұлы Жібек Жолы» жобасы осындай үйлесімділіктің ең жақсы тәсілі болып табылады [4, 178]. Қазіргі батыс зерттеушілері Орталық Азия- дағы Жапонияның сыртқы саяси бағытын зерт- тей келе, Жапонияның белсенді түрде АҚШ пен ЕО бірлесе отырып, Ресейден тыс өтетін Ұлы Жібек жолының салуын, Орталық Азия елде- рінің Батысқа бағытталуы саясатында өте тиімді деп қорытындылайды. Орталық Азияда транс- порттық инфрақұрылым нашар дамуына байла- нысты, бұл жоба үлкен капитал салуды талап етеді. Жапонияның үлкен қаржылық мүмкін- діктеріне қарамастан, бұл жобаны жалғыз жүзе- ге асыра алмайды, бірақ басқа елдермен біріге отырып бұл жобаны аяғына жеткізуіне болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бірінші- ден Ұлы Жібек жолын қалпына келтіру идеясын жүзеге асуын талап етеді [5-8] Жапония (және негізінен ол қадағалайтын Азия даму банкісі) аймақта ірі инвестор болып табылады. Орталық Азия аймағында жүзеге асырылатын барлық транспорт жүйесін дамыту (темір жол, автокөлік, оптика волокондық және авиациялық) жобаларын тікелей не жанама қаржыландырады. «Ұлы Жібек жолы» идеясына сәйкес Азия Тынықмұхит аймағы мен Европаны байланыстыратын транспорттық магистраль құру идеясы алға қойылады. 1997 жылы Жапо- ния ОА-дағы бағытын қалыптастырып, оны «Ұлы Жібек жолы дипломатиясы» деп атады. 2004 ж. қарым-қатынастарды дамытудың жаңа жоспары ұсынылды. Оның негізгі аспектісі ретінде Орталық Азияны «бейбітшілік пен тұрақтылық коридорына» айналдыру болды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «Жапония және барлық орта Азиялық мемлекеттері» кеңестік тобы құрылды [10]. Жапонияда, аталып өткендей, ШЫҰ қызметі оның стратегиялық мүдделеріне қауіп туғыза- тын және адекватты жауапты талап ететін үндеу болып табылады. Соған қарамастан, Жапония- ның Орталық Азияда геосаяси белсенділігі «бөтен аймақтағы ойын» секілді және оны тиімді жүргізу үшін Жапонияда жеткіліксіз арнайы саяси дипломатиялық тетіктерді қажет етеді. 2006 жылдың 28 тамызында Жапонияның сыртқы істер министрі пресс секретарының орынбасары Нориюка Шиката Орталық Азиядан өз еліне 2 000 студент қабылдайтынын мәлім етті. АҚШ және еуропалық мемлекеттер сияқты Жапония білім бағдарламалары арқылы Орта- лық Азияның белсенді жастарымен жұмыс істеуді бастады, жапон менталитетімен таныс болашақ саясаткерлер мен мансапкерлердің генерациясын құруды қолға алды. Жапония үшін бүл маңызды тәжірибе болып есептеледі [11]. Бәріне мәлім, Жапонияны Орталық Азия өзінің табиғи ресурстарымен қызықтырады. Табиғи және уран қорымен танымал Қазақстан Жапония үшін негізгі қызығушылық объектісі. Бүгінде әртүрлі бағалау бойынша, Қазақстан әлемдегі уранның 30% иеленеді. Әлемдік на- рықта уранға деген бағаның өсу тенденциясын ескере отырып, Жапонияның Қазақстанға деген қызығушылығының себебін түсінуге болады. Сонымен қатар, Жапония Қазақстан және басқа аймақтармен тығыз қатынас орнатуға тырысуда. Бүгінгі күні Қазақстан территория- сында 15 жапондық компаниялар қызмет етуде, олардың ішінен «Мицубиси», «Иточу», «Ми- цуи» т.б., мұнай өңдеу және энерготасумен ай- налысатын компанияларды көруге болады. Жапон экономикасының Таяу Шығыс елдері- нен, яғни араб мүнайынан 85% астам тәуелді екенін ескере отырып, Токионың Орталық Азия республикаларына, соның ішінде Қазақстанға қызығушылығын түсінуге болады [12]. Отандық зерттеушілерінің пікірінше, Жапо- нияның Қазақстанға қызығушылығың негізінде: әлемдік энергетикалық нарық тұрақтылығын қамтамасыз етуде аймақтың мұнай-газ әлеуетіне бақылау жасау, болашақта аймақтың транзиттік коммуникациялық мүмкіндіктерін пайдалану (Жапонияны Еуропамен байланыстыратын жаңа бағыт құру), халықаралық деңгейде Жапонияға саяси қолдауды қамтамасыз ету (БҰҰ Қауіп- сіздік Кеңісінде оның тұрақты мүше болуын қолдайтын мемлекеттер қатарын көбейту) жа- тыр. Сонымен, «Күншығыс елінің» сыртқы мүд- делері: ел экономикасы үшін үздіксіз мұнай тасымалын қамтамасыз ету және мұнай нарығы түрақтылығын сақтау, сыртқы нарықтағы жапон компанияларына қосымша мүмкіндіктер беру, Жапонияның халықаралық саяси ықпалын ны- ғайту және оны әлемде қаржы экономикалық мүмкіндіктеріне сәйкес деңгейге жеткізу болып табылады [13, 176]. Жалпыға мәлім, Жапония мүдделері үшін дәстүрлі сала Азия Тынықмұхиты аймағы бо- лып табылады, территорриялық жағынан алшақ Орталық Азия оның дәстүрлі қызығушылық саласына қатысты емес. Бірақ Жапония бүгінгі күні соғыстан кейінгі уақытта қалыптасқан сыртқы саяси қатынастарының жүйесін қайта қарауда. Осы орайда Орталық Азия бағыты Жа- пония сыртқы саясаты үшін болашақта тиімді бағыт болуы әбден мүмкін. Қазақстанға Қытайдың экономикалық енуі. 1990 жылдары I жартысында Қазақстанға Қытайдық экономикалық енуі тек сауда сала- сымен шектелді. 1992-1995 ж. аралығында қы- тай тауарларының көлемі жылына 130-250 млн. долл. құрады (екіжақты тауар айналымы жыл сайын 210-450 млн. долл.). Сауда стихиялы және бақылаусыз сипатта болды. Кең тұтыну тауарларын жеткізу ҚХР Синьцзян Уйғыр автономиялық аймағы мен ҚР шекарасында 1992 жылы құрылған алты шекаралық асулар арқылы жүзеге асырылды: Хоргос, Достық (Дружба), Алашанькоу, Бахты, Джеминау, Алексеевка -Акчюп, Долаты. Қытайдың кең тұтыну тауарларын жеткізу бүгінгі күні де ерекше маңызды орын алуда. Басында, КСРО үкіметінің құлдырауынан ҚР өндірістің өңдеуші саласы қызметін тоқтатқан- дықтан, қытай тауарлары қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болды. Сонымен қатар, Қазақстан қосымша қытай тауарларының көрші елдерге Өзбекстан мен Ресейге реэкспорттан пайда ала бастады. Қытай үшін Қазақстанмен сауда экономи- калық қатынастары ҚХР Синьцзян Уйғыр авто- номиялық аймағының дамуының негізгі фак- торы болды. Жалпы алғанда, Орталық Азия елдері ішінде Қазақстан Қытайдың негізгі сырт- қы сауда серіктесі болып табылады [2, 342-366]. Қазақстан бұрынғыдай Орталық Азияда Қы- тайдың экономикалық мүдделерінің негізгі объектісі болып табылады. ҚХР-дің Қазақстанға ену көлемі посткеңестік кезеңнен бастап өсіп келеді. Алғашында, қытай экономикалық мүдде- лері транспорт коммуникациялық байланыстар- ды дамыту мен сауда саласын қамтыса, XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап, Қазақстанда Қытайдың жобалық- инвестициялық қызметі белсенді бола бастады. Негізгі бағыт мұнай-газ саласы мен оны тасымалдауға бағытталған транспорт және коммуникация болып табылды. XXI ғасырдан бастап Қазақстан экономикасы- ның түрлі салаларында қытай енуінің диверси- фикациясы байқалады және ҚР Қытайдың өз экономикасына енуі үшін өз жағынан үлесін қосуда, ал соңғы жылдары қытай мүдделерін шикізаттық емес өндірістік-инновациялық сек- торларға бағыттауға тырысады. 2009 жылдың сәуір айында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қытайға сапарында Қазақстан- ға 10 млрд. долл. көлемінде несие беру туралы кезекті келісімге қол жеткізілді (ҰК «Қазмұнай- газ» үшін 5 млрд. доллар, ал қалған 5 млрд. долл. ҚР банк жүйесін тұрақтандыру үшін). Осындай несие көлемін берудің басты мақсаты әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қазақ- стандық экономикаға қолдау көрсету болып табылады. Өз кезегінде, ҚХР Қазақстанның минералды ресуртарына, оның ішінде ТЭК салаларына еркін қол жеткізуге мүмкіндік алды. Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысты ес- керсек, Қазақстанға қытай экономикалық енуі- нің сипатын болжау қиынға түседі [14]. Қазақстандағы Жапония мен Қытайдың эко- номикалық мүдделерін салыстырып талдай ке- ле, төмендегідей қорытынды жасауға болады: Қазақстан Орталық Азия аймағында Жапо- ния мен Қытай үшін негізгі экономикалық мүдделерінің объектісі болып табылады. Кейбір зерттеушілердің әділетті саралауы бойынша [15], Азия Тынықмұхиты аймағында ортаазия- лық ойыншылар арасында «еңбек бөлінісі» пайда болды. Қытай негізгі сауда серіктесі, ал Жапония негізгі несие беруші ретінде орын алады. Жапонияның Қазақстанға қызығушылығы негізінде, біріншіден, әлемдік энергетикалық нарық тұрақтылығын қамтамасыз етуде аймақ- тың мұнай-газ әлеуетіне бақылау жасау, екін- шіден, болашақта аймақтың транзиттік комму- никациялық мүмкіндіктерін пайдалану, үшінші- ден, халықаралық деңгейде Жапонияға саяси қолдау көрсетуді қамтамасыз ету. ҚХР-на қатысты, энергетикалық саладағы қатынас Қазақстан мен Қытай арасындағы коо- перацияның басым саласы болып табылады, оның үстіне, ол жалпы екіжақты экономикалық қатынастардың кеңеюіне септігін тигізетін не- гізгі бастау болып табылады. Қытайдың Қазақ- станға деген экономикалық мүддесі оның энер- гетикалық саясатымен байланысты, еліміздің мұнай көздері аймақтарын қытай экономикасы үшін тұрақты және сенімді жылу көзіне айналдыру мақсатынан туады. Қазақстан-Қытай энергетикалық серіктестігінен көріп отырғаны- мыздай, Қытай Қазақстанның мұнай қорына қол жеткізіп, оны игеру құқығы мен тасымалдау құқығына иеленуге басты назар аударып отыр. Қазақстанмен ядролық-энергетикалық сала- да серіктес болуға Қытай да, Жапония да үлкен көңіл бөледі. Осы бағытта олардың мүдделері қиылысады. 2007 жылы қазақстандық ұлттық компания «Казатомпром» мен қытай мемлекеттік Гуандун атом энергетикалық корпорациясы (China Guangdong Nuclear Power Holding — CGNPC) арасында Қытай АЭС үшін ядролық сұйық отын жасау саласында және ҚХР атом энергетикасын ресурстармен қамтамасыз ету саласында «Стра- тегиялық серіктестікті нығайту мен кеңейту ту- ралы» келісім жасалды. Бүгінгі күні, «Казатом- пром» ҚХР- мен өзінің еншілес кәсіпорны арқы- лы Қытайға бериллий жеткізумен байланыста. Қазақстаннан басқа осындай өнім тек АҚШ-та өндіріледі. Жапониямен қатынас туралы айтатын бол- сақ, серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында 2008 жылдың мамыр айында Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев және Жапонияның экономика, сауда және өндіріс вице-министрі Канае Ямамо- то атом энергиясын бейбітшілік мақсатында пайдалану туралы меморандумға қол қойды. Бұл осы салада Қазақстан мен Жапония ара- сындағы серіктестіктің негізгі принциптері мен бағыттарын айқындайтын базалық құжат болып есептеледі. Энергетикалық фактор барған сайын Қазақ- станның Қытай мен Жапония қатынастарында ерекше маңызға ие болып келе жатыр. Қазақ- стандық зерттеушілердің айтуынша, ол бола- шақта Қазақстанның Қытаймен де, Жапониямен де қарым-қатынастарында негізгі мәселеге ай- налады. Сауда-экономикалық қатынастарға тоқтала- тын болсақ, Қазақстан үшін Қытаймен сауда экономикалық байланыстары ерекше маңызды болып табылады. Қазақстан мен Қытайдың ше- карасының жалпы ұзындығы 1700 км. Екі ел арасында сауда айналысы күннен күнге өсуде. Бүгінгі күні Қытай әлемдік фабрикаға айналып отырғанын ескеретін болсақ, Қазақстан үшін ол болашағы зор нарық, яғни екі елдің сауда байла- ныстары екі жаққа да тиімді. Ал енді Жапония мен Қазақстанның арасын- дағы сауда байланыстарына тоқталатын болсақ, олар әлдеқайда өзгеше, тауар айналымының деңгейі екі жақты толыққанды сауда серіктес- тері деп танудан мүлдем алыс. Сауда-экономи- калық қатынастар дамуына ең басты кедергі ретінде транспорттық проблеманы атап өттік, себебі көптеген тасымалдар транзиттік жолмен жүзеге асырылады. Қытай тауарларымен салыс- тырғанда жапондық тауарлардың технология- лық деңгейі жоғары болуына байланысты олар- дың құны да біршама қымбат [17]. Өндірістік мақстаттағы тауарлардың экс- портын қолдау ретінде жапон үкіметінің мемле- кеттік сақтандыру кепілдігі саясатын атап өтуге болады, ол жапон жағының экономикалық көмек көрсетудің жалпы бағдарламасына енгі- зілген. Кезінде Жапонияның өнеркәсіп және сыртқы сауда министрлігі Қазақстанға экспорт- ты ұлғайту мақсатымен 300 млн. долл. Көле- мінде сауда сақтандыру жүйесін ашқан болатын [13, 184-185]. ҚР индустрия және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша, 2008 жылдың бірінші кварталының қорытындысы бойынша, екіжақты тауар айналымы алдыңғы жылдың осы уақыт- тағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 5,5 % өсті және 151,3 млн. долл. құрады, оның ішінде 114,9 млн. долл. қазақстандық экспорт ( 37 % өсті), Жапониядан импорт 36,4 млн. долл. құрады ( 38,8 % төмендеді) [17]. Сонымен, Қазақстан үшін Қытай Халық Республикасы Жапониямен салыстырғанда ма- ңызды сауда серіктесі болып табылады. Қытай экономикасының тез өсуі мен Қазақстанның ұзақ экономикалық дағдарысы оларды әр түрлі деңгейге қоюы мүмкін және Қазақстан Қытай үшін тек шикізат базасы ғана болып қала беру қаупі бар. Сондықтан да болашақта Қазақстан- ның сыртқы экономикалық бағытында осы жағ- дайларды қатаң ескеру керек. Инвестициялық серіктестікті талдай келе, жылдан жылға Қазақстан экономикасына инвес- тициялық салымдар Жапония жағынан да, Қытай жағынан да жылдан жылға артып келе жатқанын ескере кеткен жөн. Қытай компанияларының жобалық-инвести- циялық белсенділігі көлемінің ұлғаюымен қа- тар, ҚХР қызығушылығының басты объектісі ретінде Қазақстанның мұнай газ саласы болып отыр, қытай компанияларының бұл салаға енуі шетел активтерін (негізінен батыстық) сатып алу саясатына негізделеді. Себебі 2001 жылға дейін Қазақстанның негізгі мұнайгаз кен орын- дарын іс жүзінде батыстық және ресейлік энер- гетикалық компаниялар бөліп алған еді. Ал 2003 жылдан бастап, көптеген батыс компаниялары (негізінде британдық, канадалық, америкалық) активтерін сата бастады да, оларды бірінші болып Қытай сатып ала бастады. Сонымен бірге, Пекиннің және қытай бизнесінің қазақ- стан экономикасының басқа да салаларында қатысу белсенділігі арта бастады. Нәтижесінде 2003 жылдан бастап ҚХР-дың Қазақстан эконо- микасына енуі тереңдей бастады, ал қытай ком- панияларының жобалық-инвестициялық қызме- ті мұнайгаз саласынан басқа Қазақстан эконо- микасының басқа да салаларын кеңінен қамты- ды. Сонымен қатар, Қытай белсенді несиелік саясатын жүргізе бастады. Және бұл несиелер- дің негізгі бөлігі қытай компанияларымен игері- летін жобаларды қаржыландыруға бағытталды. 2008 жылдың соңына қарай бірлескен қытай қазақстандық кәсіпорындардың саны 480 асты (шекаралық сауда мен мұнайгаз саласын қам- тыған), ал Қазақстанға қытайлық инвестициялар мен несиелер көлемі 8,5 млрд. доллардан жоға- ры болды. Ал 2010 ж. қытай несиелері тағы 10 млрд. долларға өсті, оның ішінде 2009 жылдың сәуір айында ҚР президентінің ҚХР-ға сапары кезінде келісімге келген «Қазмұнайгаз» Ұлттық Компаниясына арналған 5 млрд. долларды қоса есептегенде [14]. Жапонияның Қазақстандағы инвестициялық саясатына тоқталатын болсақ, ол да жылдан жылға артып келеді, бастапқыда бұрынғы бар- лық КСРО мемлекеттеріне жалпы қаржы- экономикалық көмегі шеңберінен тыс шыққан емес. Әдетте, бұл көмек жапондық үкіметтік ұйымдар арқылы жүзеге асырылады – халы- қаралық серіктестік Агенттігі (JICA) және шетелдермен экономикалық серіктестік Қоры (OECF). Жапон үкіметінің бадарламалары негі- зінде экономикалық серіктестік Қоры арқылы қазақстандық бірнеше жобалар жүзеге асыры- луда. Сонымен қатар Жапон үкіметі Қазақстанға Жапон халықаралық серіктестігі агенттігі (JICA) және Жапонияның сыртқы істер минис- трлігінің бағытымен қайтарымсыз көмек көрсе- туде. Бүгінгі күні Жапония Қазақстан үшін қар- жылай және техникалық көмек саласында ір донор мемлекеті болып саналады. Қазақстан Орта Азия мен Закавказье аймақтарында жапон- дық Дамуға ресми көмегі көлемінен алдыңғы орында. Жапон үкіметінің Дамуға ресми көмек бағдарламасы Жапония мен Қазақстан арасында экономикалық қатынастарының негізгі құралы болып табылады. Қорытындылай келе, Жапония мен Қытай- дың Орталық Азияда және Қазақстандағы саяса- тында ұқсастық бар екенін көруге болады. Екі жағдайда да экономикалық әсер ету басым, барған сайын серіктестік салалары кеңеюімен ерекшеленеді. Аймақты тұрақтандыру саясаты- нан қол жеткізілген экономикалық серіктестік негізінде біртіндеп интеграциялық институттар құруға көшуде. Көпжақты серіктестіктің әртүрлі институционалды құрылымдары белсенді түрде қолданылуда. Қазақстан өзінің тарапынан нық қадамын жасауда, оған ел басы Н.Ә. Назарбаев- тың сөзі дәлел болады. Қазақстан халқына кезекті «Әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына Қазақстанның қосылу стратегиясы» жолдауында Қазақстан Президенті былай деп жариялаған еді: «Жаһандық экономикаға интег- рациялануға септігін тигізетін және біздің қолайлы экономикалық географиялық жағдайы- мыз бен бар ресурстарымызға сүйенетін көп- жақты халықаралық экономикалық жобаларға Қазақстан қатысуы керек және қатыса алады да» [18, 40]. Қазақстан үшін Қытаймен де, Жапониямен де белсенді қатынас орнатуы, бұл екі алпауыт мемлекеттің Азия Тынықмұхит аймағындағы және әлемдегі саяси және экономикалық беделі мен мүмкіндіктерін ескерсек, болашақта ірі саяси және экономикалық дивидендтер беруі мүмкін. Сонымен қатар жапон және қытай ин- вестициялары Қазақстанның мұнайгаз саласы- ның дамуына және жалпы ҚР экономикасының көтерілуіне септігін тигізетіні сөзсіз. Бірақ бола- шақта Қазақстан өзінің минералды ресурстары- на бақылауынан айрылып қалып, Қытай немесе Жапонияға тәуелділік қаупі туындауы да мүмкін. Сондықтан Қытай мен Жапония Қазақ- станның тек шикізат саласын игеріп, ал оның кешенді өнеркәсіптік-инновациялық дамуына көмегін тигізеді ме, жоқ па? Бұл сұрақ ашық. Болашақ, бүкіл әлем, соның ішінде Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысынан қалай шығады, сонымен қатар, Қытай мен Жапония Орталық Азияда жүргізетін саясатында қандай өзгерістер енгізеді, соған байланысты.

Читайте также:  Қиыр Шығыс өнеріндегі пейзаж

Оставить комментарий