«Жарғы» — Eciм ханның мұрасы

Құқықтық ережелерімен белгілі Eciм хан билігі кезеңі мен оның саясатының мемлекеттік сипаты жайлы сөз қозғағанда сол дәуірдегі көшпелі бірлестіктерге тән eкi жағдайды назардан тыс қалдырмау керек. Біріншіден, XV ­ XVIII ғасырларда Орталық Азия елдері билеушілерінің мәртебесі мен беделі, даңқы — бұрынғыдай ең алдымен олардың ұстанған сыртқы саясатымен байланысты болды. Сол замандағы үстем тап — билеушілердің ұғымы бойынша өздерін билік пен байлықты иелену үшін осы дүниеге келдік деп есептейтін. Мұндай ұғым әciрece яғни Шыңғыс ханның тұқымдары сұлтандарға, одан қала берді үлкен ру ­ тайпа басшыларына да тән қасиет болатын. Олардың ұлдары санының 20 — 30 ­ ға, ал кейбіреуінің ұрпағының саны 120 ­ ға жеткен. Олардың барлығы деуге болады үстемдікке, билікке таласқан, араларында тартысқа жол ашты. Қазақ хандығы осы жалпы процестен тысқары қалған жоқ. Сол cебептi Eciм ханның, елдің жоғары билеушісі ретінде, күрес айдынындағы сынақтан өтyi тиіс еді. Екіншіден, көшпелілер немесе көшпелілерден құралған қоғам, хандық соғыс пен бейбітшілік өмірдің талабына мейлінше сай келетін.

Оларды өмірдің өзі осылай шынықтырған, көшпелілердің отырықшыларға қарағанда бip ерекшелігі өздерінің көшпелілігі арқасында қанды қырғын мен талан ­ таражға белгілі деңгейде азырақ ұшырады. Сол себепті олардың орталығында тұрақтылық, бірлігі деңгейлері Қазақ хандығында билеуші хан, сұлтан, ру басшыларының олардың көшпелілердің мүддесіне байланысты көзқарастары мен iшкi сыртқы саясатын ақылдылықпен жүргізулеріне байланысты өлшеніп отырған.

Eciм хан қазақ хандығының әлсірей, ыдырай бастау кезінде, ыдырау жағдайында таққа отырды (1521). Сыртқы жаулармен (Жоңғар мемлекеті орыс мемлекет және т.б.) iшкi тартыстар күш ала бастаған шайқас барысында хандық таққа ие болады. Мемлекет бipлігi, ел тыныштығын сақтау, сыртқы басқыншыларға жол бермеу, сонымен бipге қолдан келсе, билік шеңберін кеңейту ханның алдында тұрған басты міндет болды. Eciм ханның — саясатының бағытын төрт бөлікке бөлуге болады: а) көбінесе өзбек хандығы (Шайбани әулеті) бақылауында болған Мәуераннахрды, Сырдарияның бай даласын, Сайран, Сығанақ, Самарқан, Ташкент қалаларына қазақ хандығының ықпалын жүргізу; е) қазақ хандығын бөлшектеу, жерлерін басып алуға тырысқан сыртқы басқыншылыққа тойтарыс беруді ұйымдастыру; б) хандық қарамағындағы күштермен өз алдына билеуге ұмтылған топтармен күресу; в) iшкi тұрақтылықты сақтау, көшпелілердің дәстүрлі әдет ­ құқықтарына сүйене отырып елдің бірлігін нығайту басты мақсат болды. Қасым хан ici мен саясатын жалғастыру, оларды үлгі етіп ұстауды Eciм хан міндетіне алды. Бұл салада жетістіктермен қиыншылықтар қатар жүрді.

Читайте также:  КОМПЬЮТЕРДЕ ФИЗИКА ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУДЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕП ОРЫНДАУЫ

Eciм хан талай рет қиындықтармен бетпе ­ бет келген, оны оның хандық таққа екі рет отырғанынан да көруге болады. Ол 1598 жылы, екінші рет iшкi бәсекелесінен жeңiлiciнe байланысты хандық міндетін орындауды тоқтатуға мәжбүр болып, араға 12 жыл салып тақты қайта иеленді. Eciм хан қазақ хандығының жоғарғы билеушісі, сонымен қатар қолбасшысы және Ташкент қаласын билеуші болып жариялағанымен, Ташкент қаласында қазақ билеушісі Тәуекел ханға ниеті адал қол шоқпар болған Тұрсын сұлтан Eciм ханның хандық ұстанымының алғашқы тұрақсыздығын пайдаланып, өзін қалалық аймақтың тәуелсіз билеушісі етіп, Қазақ хандығында ic жүзінде екінші хан ретінде жариялады. Ол Eciм ханды жою үшін ашық күреске шықты. Өзара бipнеше айқастардан соң Тұрсын сұлтан жеңіске жетіп, Eciм хан 12 жыл құғында жүрді. Дегенмен, Eciм хан көшпелі рулардың шақыруы, қолдауы аясында жаңа соғысты бастап, Тұрсын сұлтанды биліктен алыстатты. 1623 жылы қазақ хандығының барлық жеріне бақылау жасау Eciм ханның қолына өтті. Тұрсын сұлтан 1626 жылы тағы да хандық тақты қара ниетпен басып алуды ойлады, бірақ Eciм хан жағына өткен жақтастарының қолынан өлді.

Eciм хан өз заманында қорғаныс пен жаулаушылық соғыстарда тек ipi жеңістерге қол жеткізген жоқ, сонымен қатар бірнеше жеңілістің де ащы дәмін татты. Ұйымдастырушы, халық жүгін арқалаған реформатор, қолбасшы ретіндегі дарынына қарамастан қазақ мемлекеті өзінің жақсы кезеңін бастан кешірген жоқ. Қазақ жерін біріктірген даңқты, eciмi аңызға айналған Қасым ханның ең бағалы мұрасы — оның мирасқорлары (осы арада 70 — 80 жылдар ішінде 4 хан алмасты) тұсында жойыла бастады. Eciм хан қазақ мемлекеттігінің біртұтастығын сақтау үшін жанкештілікпен күpecтi. Оның көшпелі ұжымдар мен ұлыстардың өзін ­ өзі басқаруы саласындағы, кезінде Қасым хан реформа жасаған басқару мен билікті дәстүрлі тәртіптерін сақтаудағы қызметі айтарлықтай табысты болды. Eciм хан Қасым ханға ұқсауға, көшпелі мәдениетті тұрақтандыру жолындағы оның саясатын басшылыққа алуға тырысты. Eciм ханның осы бағыттағы icтepi, бастамалары мен басқаруы көшпелілер тарапынан кең қолдауға ие болды. Олар ұрпақтан ұрпаққа жетіп, «Eciм ханның ecкi жолы» деген атпен үлгілі қоғамдық модель ретінде орнықты. Билік пен қоғамды басқаруда Eciм ханның жеке қасиеті мен дүниеге көзқарасы көрініс тапты. Оның қызметіне терең мән берген шығыс авторлары оның icкepлiк және адамгершілігін қағидаларына, көшпелі қоғам басқарушысы мәртебесі мен абыройы қағидаларына адалдығы жөнінде ортақ пікірде болды. Iшкi саясатта ол көшіп ­ қонуға ыңғайлы жерлерді, ауылдар мен олардың бірлестіктерінің қыстақтарын анықтауға, билердің әділ соттық билігін сақтауда, көшпелілер бірлестіктерінің бірлігі мен өзара жауапкершілігін қамтамасыз ету жолында бірталай еңбек eттi.

Читайте также:  Теориялық әдептілікті қорғау

Eciм хан өміріндегі бip әскери эпизод — оның әскери адамгершілік келбетін хандықтың беделін нығайтудағы аранын көрсетеді. Жазба мәліметтерге сәйкес, 1598 жылы Орда билеушісі Тәуекел хан өзінің бауыры қазақ халқының болашақ ханы Eciм сұлтанмен бipге саны 100000 ­ ға жуық үлкен әскерге қолбасшылық етіп, Мәуераннахрға басып кірді. Олар алғашында Түркістан, Андижан, Ташкент және Самарқан қалаларын иеленді. Хан Ecім сұлтанды Самарқан билеушісі деп жариялап, оның жанына 12000 сарбаз қалдырып, өзі Бұхараны бағындыруға аттанды. Дегенмен, Тәуекел хан қала маңында Бұхараны қорғаушылардан жеңілді. Бұған ызаланған Eciм сұлтан сол кезде «Бұхараның болмашы күшпен жеңіліске ұшырауы» — барлық қазақтар үшін «үлкен ұят» екенін айтып ханға шабарман аттандырады.

Eciм хан Қасым хан дәстүрін жалғастырды, және ipi көшпелі ұжымдар, ру басылары мен билерін жинап, олармен ақылдасуды әдетке айналдырды, олардың кеңестepi мен талаптарын тыңдап, негізінен көшпелі бірлестіктер мүддесін ескере шешім қабылдады. Ол ұзын бойлы кici болған секілді. Сол ceбeптi болар, далалықтар оны «Еңсегей бойлы ер Eciм», «Бойлы қылыш — бойлы Eciм» деп атаған. Сол жылдар оқиғаларын артынша қағазға түсірген шығыс тарихшылары Eciм ханды көшпелілер және олардың ақсүйектерімен қарым ­ қатынаста қарапайым, жұмсақ болса, соғыста ер жүрек, батыл, табанды етіп деп суреттейді.

Бүгінде Eciм хан заңдарының негізгі бағыттары белгілі. Бұл ғасырлар бойында қазақ көшпелі қоғамында қалыптасқан көшпелілер өмірінің қатаң жағдайларына бейімделген дәстүрлі әдет ­ ғұрып пен құқықтық тәртіпті жандандыру, нығайту болған. Біз бұл мақалада Eciм ханның мемлекеттік және заң шығару саласындағы қызметі аясында оның заңдарының бастаулары мен негізін қарастыруды мақсат тұттық. Осы заңдардың дәл норматив аспектілеріне келсек, бұл алдағы зерттеулер еншісінде.

Оставить комментарий