Жайылымдарды суландыру

Сипатталып отырған территория шегінде ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етудің негізгі түрі жайылымдарды суландыру. Қазіргі кезде 12 млн. гектар жайылымдық жердің 5,5 млн. гектары (40 процентке жуығы) суландырылған. Жайылымдарды суландыру негізінен жер асты суларын пайдалану көзделген. Жер бетіне жақын жатқан жер асты сулары шахталы құдық арқылы шығарылады. Маңғышлақ облысының территориясында 2200­ден астам құдық бар, олардың көпшілігі революциядан бұрын қазылған. Әсіресе олар Үстіртте көп кездеседі. Қабырғалары беріктігінің арқасында (сарматтың мықты әктастарынан қаланған) олар өте ұзақ уақыт сақталады. Шахталы құдықтар әдетте бір­бірінен 10­100 м қашықтықта, топ­тобымен (10­40 дана) орналасқан. Үстірттегі құдықтардың тереңдігі 5­8­ден 50­60 метрге дейін, көбінесе 30­35 м, құмды массивтердің шегінде 2­ден 5­7 метрге дейін, далалық Маңғышлақта тереңдігі 15­ 20 метр болады.

Жайылымдарды суландыру мақсатында жер асты суларын пайдаланудың неғұрлым сенімді және экономикалық жағынан тиімді әдісі – скважиналар (түтік, труба тәрізді құдықтар) салу. Олардың тиімділігі мынада: кіші диаметрлі және шағын мөлшерде болып, тез салынады. Сулы горизонттың толық қабатын бұрғылау жер асты суы деңгейінің көп төмендеуін тудыруға, сөйтіп судың көп ағып келуіне және скважиналардың біреуінің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта тек Маңғышлақ облысының территориясында ғана әр түрлі сулы горизонттар мен комплекстердің жер асты суларын шегендейтін 500­ге жуық скважина бар. Скважиналар негізінен ЗИД­4,5 двигательді Л­100 су тартқыш шығырларымен жабдықталған. Бұл пайдалануға ыңғайлы, ұзаққа шыдайтын, өте қолайлы механизм. Шопандар оларды бар ықыласымен қолданады және оларды мұқият күтеді. Жер асты суының тереңдігіне байланысты шығырдың жұмыс өнімділігі тәулігіне 3540 текше метрден (55­70 м тереңдікте) 70­90 текше метрге (10­20 м) дейін. Қазіргі уақытта диаметрі 6 (150 мм) скважиналарда жұмыс істейтін ВШП­30, ВШП­50 шығырлары қолданыла бастады.

Төңірекшың, Жаңасу, Тересай, Опорная, Боранкөл, Прорва, Бозащы түбегі, Ұланақ, Құйылыс аңғарлары, Қарагие, Асар ойпаттары мен басқа да аудандарда көптеген скважиналар салынды. Олардың көпшілігі қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған су жинаушы құрылыстардың (Құйылыс және Өзен) әсерінен, ал кейбіреулері керексіз болғандықтан (суы ащы және т. т) істен шығып жүр. Көптеген скважиналар қажетті мөлшерде су алуды қамтамасыз ететін шүмекті реттеуші құрылғылармен жабдықталған. Жайылымдарды суландыруда уақытша жер беті су ағындарын токтатып, шағын су қоймалары – тоғандарды және апандарды пайдалануға болады.

Қазақстанда су қоймалары көп, олар ауыл шаруашылығының әртүрлі мұқтаждарына пайдаланылады. Республика территориясында тек 1964 жылы ғана 2491 гектар ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға арналған 311 тоған және 11 млн. гектар жайылымды суландыруға арналған 2752 тоған мен 1203 апан, балық өсіру шаруашылықтары үшін – 86 су қоймасы, құс өсіру шаруашылықтары үшін – 43 су қоймасы болды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай өзіне тән климаттық және жер бедері ерекшеліктері бар шөл және шөлейт аудандарда тоғандар салу жұмысы көп қаржы жұмсамастан­ақ халық шаруашылығына үлкен пайда келтіреді. Сондықтан азықтық дақылдар өсіру үшін облыстың жер­су ресурстарын барынша пайдалану мақсатында жоғарыда аталған аңғарларда неғұрлым жетілдірілген конструкциямен плотиналар салу қажет.

Читайте также:  УСУНЬДЕР ТУРАЛЫ

Соңғы уақытта, әсіресе Маңғышлақ облысының құрылуына байланысты тоғандар салуда қыруар жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде бар су қоймаларының ішіндегі. Ең ірісі Қарасай сайындағы тоған. Ол Гурьев және Маңғышлақ облыстарының шекарасында. Плотина жергілікті материал – саздақтан жасалған, сайдың тальвегінен биіктігі 13 м. Оған жауын­шашын суы құйылады, сондықтан да ол тұщы. Қазіргі уақытта мұнда көктем­жаз және күз айларында Маңғышлақ облысының «Қара­құм» және Гурьев облысының «Коммунизм таңы» совхоздарының 50 мыңға дейін қойы күтіп бағылады. Ырғызбай сайында да осындай (сыйымдылығы 600 мыңнан 1200 мың текше метрге дейін) үш тоған салынған. Олардың бәрі де жазғы маусымда мал суаты ретінде пайдаланылады.

Жармыс тоғаны Шығыс Қаратаудың солтүстік етегіндегі «Бозащы» совхозының орталық усадьбасына жақын орналасқан. Ол 30 шаршы километр ауданнан ағып құйылатын еріген қар және жаңбыр суын жинауға арналған. Плотинаның биіктігі 7,5 м, қалыпты таяныш горизонты су қоймасының түбінен 6 метр биік. Тоғанның пайдалы сыйымдылығы 350 мың текше метрге жуық. Тоғанның белгілі деңгейінде судың артық мөлшерін ағызып жіберуге арналған канал болады. Беріктігі мықты болу үшін каналдың түбі мен төбесі, қабырғалары бетонмен қаланған. Плотинаның қыры қалыңдығы 0,3 метрге дейінгі қиыршық таспен жабылып, тегістелген және шеткі жақтарына автотранспорттың өтуіне арналып қабыршақтасты блоктар төселген. Суды жануарлардың ластамауы үшін су қоймасының айналасына арнайы белгі бойымен қоршау жасалған.

Плотинада суды өз ағынымен су қоймасынан шығарып тұруға мүмкіндік беретін су шығарушы тетік жасалған. Ол шеткі горизонт деңгейіне орнатылған, сондықтан судың барлығын тартып шығарусыз­ақ пайдалануға болады. Төменгі бьеф ауданында құнарлы топырақты және ертедегі өңдеудің белгілері бар, суландырылатын жердің едәуір бөлігі кездеседі. Жер беті тегіс, оны жоспарлауға көп қаржы жұмсалмайды, ал оның белгісі барлық жерінде су қоймасының шекті горизонтының белгісінен төмен болады, бұл – суару үшін суды өз ағынымен беруге жағдай жасайды.

Тамшалды негізінен Каспий теңізіне жақын жерде Форт­Шевченко мен Таушық поселкесінің аралығына орналасып, үнемі істеп тұрған осы аттас су көзінің суын шегендейді. Мұнда су қоймасын толтыруда жаңбыр және еріген қар сулары қосалқы роль атқарады. Су көзінің дебиті жылдың құрғақ кездерінде секундына 1,0 литр күзгі кезде 3,0 литрге дейін ауытқиды. Сөйтіп, жаңбыр суын есептемегенде қайнар суының шығыны ғана күзгі­қысқы маусымдарда су қоймасының 35 мың текше метрге дейін су жинауына мүмкіндік береді. Тоған су көзі бастауынан 1,0 км төменде, терең және тар шатқалға жасалған. Плотина маңында су қоймасының айдыны 100 метрден аспайды, орташа тереңдігі 5,0 м болғанда ұзындығы 300 м. Мұндай өлшемдер буланудың көп болуына жол бермейді және судың ұзақ уақыт сақталуына қолайлы жағдай жасайды.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГТІК БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Тоған 5,0 гектарға дейінгі овощ­бақша дақылдарын суаруға арналған. Ақмола тоғаны Жармыстан 7 км төменде Қамыстықапы аңғарынын, бастауында саздақтардан жасалған. Плотинаның биіктігі 6,0 метрге жуық, су қоймасының пайдалы сыйымдылығы 200 мың текше метр. Жаңбыр және еріген қар суын жинауға арналған. Белгілі деңгейден артық суды ағызып жіберу үшін бетонды су ағар жасалғай. Су қоймасының қазіргі кезде үштен бірі сумен толтырылған. Ақмыш және Шайыр тоғандары жоғарыда сипатталған принцип бойынша жасалған, сыйымдылығы аса үлкен емес және негізінен мал суаты ретінде, сондай­ақ әрқайсысының көлемі 2­5 гектарға дейін жететін овощ және бақша дақылдарын өсіру үшін пайдалануы мүмкін.

Тұщыбек учаскесінде санаторий ауданында топырақтан екі сатылы тоған құрылысы жүргізілуде. Деңгейдің абсолюттік белгісі +102 м бірінші сатысы су қоймасынан 300­500 м батысқа қарай орналасқан, қазіргі питомник­бақты суаруға арналған. Деңгей белгісі +95 м екіншісі одан шығысқа қарай, өсіруге белгіленген мал азықтық шөптерді суаруға арналған. Су қоймасы бұлақ суы және жаңбыр суы есебінен толтырылады. Тұщыбек су көзінің шығыны жылдың аз­көп сулылығына байланысты секундына 3,0 литрден 67 литрге дейін және одан да көп ауытқиды. Осыған орай, бірінші сатысына үнемі дерлік су ағыны келіп тұрады, ал екіншісі күз­қыс маусымында жаңбыр суынсыз­ақ толады.

Қарақұдық сайы Шетпе поселкесіне таяу орналасқан. Ол су жинаушы бассейні бар құрғақ аңғарлар мен сайлардың көп тармақталған желісі, көлемі 90 шаршы километрге жуық. Барлық уақытта су ағындары Шетпеден 7 км шығыста бір арнаға қосылады, бұл жерде аңғар жыл сайын тасқынды ағыс түрінде жүздеген мың текше метр суды өткізеді. Бұл аңғарда бұрынырақ су ағынын тосуға арналып жасалған топырақ дамбаларының бұзылған үйінділері мен суландыру жүйелерінің орындары сақталған. Топырақ плотинасын жасау үшін аңғардың ені 300 метрден болатын және төменгі бьеф жағынан суландыруға едәуір ашық массив ашылатын учаске таңдалып алынған. Плотинаның биіктігі 10 метрге жуық, су қоймасынын пайдалы сыйымдылығы 960 мың текше метр. Су қоймасынан суландыру массивіне судың берілуі плотинаға шекті горизонт деңгейіне орнатылған реттеуіш құрылғы арқылы өз ағысымен реттеледі. Есептеулер көрсетіп отырғанындай су қоймасы 25­30 мм мөлшерде түсетін Жауын­ шашыннан кейін немесе ең алғашқы мол жаңбырдан кейін суға толуы тиіс. Бұл учаскенің жер­су ресурстары 100 гектарға дейінгі жерлерді суландыруда және жоңышқа егісінен бір қалыпты өнім алып отыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Құйылыс сайы Қаратаудағы көлемді ауданнан басталып Шақырған арқылы Қарагие ойпатындағы Батыр көліне құятын және жаңбырдан кейінгі тасқын су келетін учаске болып саналады. Мұнда сармат әктастарынан шығып жатқан су көзі бар. Бұл жерге ағып келіп құйылатын судың көптігі сонша, осы жылға тасқынды өзенге айналады. Тасқынның күші туралы мынадан білуге болады: шығып жатқан су көзімен немесе жер асты қабат аралығынан сыздықтап шығып жатуымен сай келетін оның құлап ағатын жеріндегі мықты әктастарға тереңдігі 6­8 метрге дейін шұңқыр жасалған. Ені 2­5 метр болғанда, оның ұзындығы жартылай шеңбер бойынша 15­20 метрге жетеді. Оған әруақытта су толып тұрады, өйткені тереңдетілген шұңқырлары су көзі шығатын жерден төмен жатады. Плотина жергілікті құмайтты­саздақты материалдардан ені 150­метрге жуық тар учаскеде ағу бағытына перпендикуляр түрде салынады. Ағыстың зор бұзушы күшін ескере отырып плотина жоғарғы бьеф жағынан темірбетонды плиталармен көмкеріледі. Темірбетоннан сондай­ақ су ағарда жасалады.

Читайте также:  Общественные отношения у кочевников (казак, киргиз и туркмен)

Пайдалы сыйымдылығы 500 мың текше метрге жуық су қоймасы шығысқа қарай созылып жатқан, ауданы 35­40 гектарға дейінгі жерлерді суару үшін және мал суаты ретінде пайдаланылады. Суландыру учаскесіне судың берілуі күшпен, ал мал плотинадан төменірек салынған сүзуші құдықтардан суарылады. Күркіреуік, Керіз, Сулықапы аңғары, Аусары, Тамшалды, Саура, Үшсай учаскелерінде плотина салу жұмысы жобаланып отыр. Күркіреуік учаскесі Жармыш поселкесінен 8 км шығысқа қарай орналасқан және тереңдігі 20 метрден асатын табиғи ойпат. Оның Оңтүстік жақ бүйірінен шығымы кей жылдары секундына 5­7 литрге жететін көптеген су көздері бар. Бұдан басқа, Қаратаудың 60 шаршы километр ауданына түсетін жауын­шашын да бұл жерге жылғалармен ағып келеді. Тасқынды ағын түрінде одан ойпаттың солтүстік бүйірінде қалыптасқан ені 25­50 метрлік тар аңғар арқылы Қаратау аңғарлары мен Қамыстықапы сайына қарай ағып шығады.

Плотинаны топырақ пен темір бетон араластырып салу жобалануда. Су қоймасының сыйымдылығы 2,5­3,0 млн мың текше метр. Оның суын өздігінен ағу тәсілімен суландыруға пайдалану көзделуде. Су көзі ағыны негізінде бұл жерде бұрын жоңышқа және басқа овощ­бақша дақылдары өсірілгендігіне қарай, топырақтың сапасы едәуір ауданда суармалы егіншілікті ұйымдастыруға мүмкіндік береді деп қорытынды жасауға болады. Суландыру учаскелерін келешекте 70­100 гектарға дейін кеңейтуге болады. Сулықапы және Аусары аңғарларындағы тоғандардан өздеріне тән нәтиже алынады деп күтілуде. Бұл аңғарлар карбонатты жыныстарға (жазу боры, мергель, әктас) тереңдеп сұғына еніп жатыр. Аңғарлардың арнасы қалыңдығы 5­10 метрлік кесек жыныстардан құралған. Соңғысының сүзу коэффициенті тәулігіне бірнешеден ондаған метрге дейін жетеді. Плотина тұрғызуда бұл аңғарларда Түптік қарқынды сүзілу процесі жүреді. Мұның өзінде бүкіл сүзіліп өтетін су толық көлемінде арнаның астыңғы жағынан төмен қарай қозғалады, өйткені онда бүйірлік, сүзілу болмайды. Су қоймасынан судың сүзілуі тұрақтылығынан, арна астылық ағыс та жыл маусымдарына қарамастан үнемі қозғалыста болады. Бұл жүздеген мың гектар жайылымдарды, әсіресе бұрын тіпті сусыз болған қысқы және мал айдап баратын жерлерді суландыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Малдар тереңдігі 2­5 метрлік шахталы құдықтардан суарылады. Аңғардың арнасын құрап жатқан кесек жынысты шөгінділерге қарағанда олардың дебиті жоғары болуы және күніне 10 мыңға дейінгі қойды суаруды қамтамасыз етуі тиіс.

Оставить комментарий