Жазба құжаттар мен ауызша дәстүрлер

Мәдениеттің арқасында, киесізденген діни миф пен мифологиясызданған мифология, үлгі мен мысалдың мәнділігін сақтай алған жалғыз өркениет — батыс европалық өркениетті нәрлендіріп отырды. Бұл жерде іс логостың мифті жеңуінен де үлкен нәрсе жөнінде болып отыр. Бұл жердегі әңгіме кітаптың ауыз екі дәстүрді жеңуі туралы, құжаттың жеңісі туралы, және, ең алдымен, жазба құжаттың, тек әдебиеттік (долитературный) ой жеткізу құралдарына ғана ие болған бастан кешірілген тәжірибеден басым түсуі жөнінде болып отыр. Көне мәтіндер мен өнер туындыларының басым көпшілігі құрып кеткен. Бірақ, олардың аман қалғанының өзі де ғажайып жерортатеңіздік өркениеттің жай­жапсарының негізгі нышандарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Мәдениеттің бей әдебиеттік формаларына қатысты айтар болсақ, Грекияда да, сондай­ақ, антикалық Европада да, олардың тағдыры мүлде басқаша болды. Жерорта теңізінің халықтық діндері мен мифологиясы жөнінде біз өте аз білеміз және сол азын ­ аулақтың өзі үшін біз ескерткіштер мен бірнеше жазба құжатқа қарыздармыз. Кейде ақпарат жетімсіздігі жетпектің (Инициация) тиянақты жорылатын құпиясымен түсіндіріледі. Мәселен, Элевсин мистерияларының ісі осындай құпиялыққа байланысты. Кейде халықтық культтер мен сенім­нанымдар туралы күтпеген сәттіліктің арқасында біле аламыз.

Егер, Павсаний өзінің жеке басының тәжірибесін Лебадеядағы (IX, 39) сәуегей (оракул) Трофонийге баяндап бермегенде, онда, Гесиодтың, Эврипидтің және Аристофанның бұлыңғыр емеуріндерін қанағат қылуға тура келер еді. Біздің басымызға осы діни орталықтың қандай маңызға ие болғандығы туралы ой да келмеген болар еді. «Классикалық» грек мифтерінің өздері­ақ әдеби шығарманың діни сенім­нанымдарды жеңуінің көрсеткіштері болып табылатын еді. Мифтер бізге әдеби және көркем құжаттардан белгілі, бірақ, біз культ ауанында сақталған бірде­бір грек мифін білмейміз. Гректердегі тірі, халықтық діни тәжірибенің барлық сферасы, осы тәжірибе жүйелі түрде жазба құжаттар мен куәліктерде тіркеліп қалмағандықтан, біз үшін жетпес дүниеге айналды. Рационалистік сынның мифтік ой ­ машықтың классикалық формаларын «абыройсыз қалдыруы» бұл ой ­ машықтың біржолата жоғалып кеткендігін білдірмейді. Мәдени элитаның өкілдері мифологияның, жаңа діни ой ­ қабылды көрсетуге және жеткізуге қабілетті жаңа формаларын тапты. Элевсиндік мистериялар діні өмір сүрді, гректік ­шығыстық мистериялары бар, императорлар дәуіріндегі Римде және провинциялар герцінен танымал болған, орфик ­ пифагорлық туыстық өмір сүрді. Бұдан басқа, нео ­пифагоркийліктер мен гностиктер жасақтаған, сотериологиялық (жалпыға ортақ құтқарылуды қажетсінетін) жүйелері бар жан мифологиясы да өмір сүрді. Осы қатарға күн культтерді мен мифологияларын жұлдыздық және жерлеу мифологияларын, сондай­ақ, кез келген текті «соқыр сенімдер» мен «қарапайым халықтық мифологияларды» да жатқызуға болады. Бұл фактілерді келтіргенде біз, Гомер тәңір иелері мен классикалық дінді демифологизациялау ісінің, еш қарсылықсыз христиандық жайлап алған Жерорта теңізі діни вакуум туғызбағанын көрсетуді мақсат еттік.

Читайте также:  ТАРИХИ ПРОЗАДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІНІҢ СОМДАЛУЫ

Шынтуайтында, христиандық бірқатар діни сенім­наныммен қақтығысып қалуға мәжбүр болған. Нағыз қарсылықтың «көкесін» аллегорияланған және эвгемерленген барлық » классикалық» емес діндер мен мифологиялар көрсетті. Олардың күші, ең алдымен, саясатқа және мәдениетке байланысты болды: грек­рим мәдениетінің қаласы, мемлекеті, империясы, беделі ауыз аштырарлықтай, адам сендірерлік болды. Бірақ, тірі дін көзқарасы тұрғысынан қарағанда, бұлардың барлығы да орнықсыз, нағыз діни тәжірибемен соқтыққанда қирап түсуге әзір тұрған дүниелер еді. Христиандыққа нағыз қарсылықты мистериялық діндер, сотериологиялық жүйелер (жеке құтылуды мақсат тұтқан, азаматтық діннің формаларымен санаспаған), және ең алдымен, Рим империясының тірі халықтық діндері мен мифологиялары корсетті. Бүл діндер жөнінде біз, грек және жерортатеңіздік халықтық діндерге қарағанда да аз білеміз. Біз Геродоттың геллеспонттық гректерден естіп­білген кейбір мәліметінің арқасында ғана беттердің Зальмоксисі жөнінде бірдеңе білеміз. Бұл мәліметтерсіз біз олар туралы фракиялық тәңір иелері — Дерзала, Бендит, Кота туралы білгенімізден артық ештеңе біле алмас едік. Егер Европаның дей ­ христиандық діндері жөнінде сәл ғана көп ақпаратқа ие болған болсақ, онда олардың күрделілігі мен байлығын түсіну мүмкін болар еді. Бірақ, бұл халықтардың мәжусилік дәуірде жазба дәстүрі болмағандықтан және кітаптарын қалдырмағандықтан, біз, шын мәнінде олардың діндері мен мифологиялары жөнінде ешқашан ештеңе біле алмаймыз.

Оставить комментарий