Жазу мен айтылым арасындағы алшақтық

Орфография жүйесіздіктерінің жіктемесімен айналысу тым жалықтырып жіберер еді. Мұндай жүйесіздіктердің ең ауыры — бір дыбысты бірнеше таңбамен белгілеу. Айталық, француз тілінде ᴣ дыбысы j, g, ge (joili, geler, geai) таңбаларымен; z дыбысы — z және s таңбаларымен; s дыбысы — s, с, ç, t (nation), ss (chasser), sç (acquiescer), sç (acquiesçant), x (dix) таңбаларымен; к дыбысы — с, qu, k, ch, cc, cqu (acquérir) таңбаларымен белгіленеді. Және керісінше, бірнеше дыбыстық мағыналар бір таңбамен бейнеленеді: айталық, t таңбасы t және s дыбыстарын; g таңбасы g және з дыбыстарын бейнелей алады.

Бұған қоса, «жанама жазуларды» да атап көрсетуге болады. Немістің Zettel «жапырақ», Teller «тәрелке» және т.б. сөздерінде қосарлы дауыссыздар болмаса да, бәрібір алдыңғы дауыстының қысқа және ашық екенін көрсету мақсатымен tt, ll жазылады. Осы тектес жаңылысулардан ағылшындар сөз соңына алдыңғы дауыстының созылуын белгілеу үшін, мылқау е­ні қосып жазады: салыс. made (meid болып дыбысталады) «жасады» және mad (mӕd болып дыбысталады) «есі ауысқан». Бұл е көзге екінші буынды елестетіп тұр.

Аталған қисынсыз жазулар тілдегі қандай да бір нәрсеге сәйкес келеді, бірақ ешқандай қисынға сай келмейтін жазулар да кездеседі. Mourrai «өлем», courrai «жүгірем» келер шағының көне тұлғаларынан басқа француз тілінде қосарлы дауыссыздар кездеспейді, дегенмен де француз орфографиясында bourru «күңкілдек», sottise «ақымақтық», souffrir «қиналу» және т.с.с. тәрізді қисынсыз қосарланулар жетіп артылады.

Орфографияның әлі тұрақталмаған, жаңа ережелерді іздеу үстіндегі қалыпқа келмеген жағдайы да болады; нәтижесінде әртүрлі дәуірлерде дыбыстарды әртүрлі бейнелейтін тұрақсыз жазулар пайда болады. Айталық, мысалы жоғарғы көне неміс тіліндегі ertha, erdha, erda thrí, dhrí, drí сөздеріндегі th, dh, d графикалық белгілерінің бір ғана дыбыстық элемент бейнелеп тұрғаны даусыз. Бірақ ол нақты қай дыбыс? Жазуды негізге ала отырып, оны анықтау мүмкін болмайды. Осыдан барып бір тұлғаның әртүрлі жазылуынан туындайтын қиыншылыққа тап боламыз: бір форма екі түрлі болып жазылғандықтан, біз екі түрлі айтылымды ажырата алмаймыз. Екі көршілес диалектінің жазба ескерткіштері бір сөзді әртүрлі бейнелейді: бір диалекті asca деп жазса, басқасы ascha деп жазады. Егер бұлар бірдей дыбыстар болса, біз бұл жерде тұрақсыз орфографияны аңғарамыз, басқаша болса, бұл айырмашылықтың paízō, paízdō, paíddō грек формаларындағы сияқты фонологиялық және диалектілік сипатына жолығамыз. Тап осындай жағдай жапсарлас дәуірлерде де байқалады: ағылшын ескерткіштерінде әуелі hwat, hweel және т.с.с., кейін what, wheel және т.с.с. кездеседі. Бұл не — орфографияның алмасуы ма, әлде фонетикалық өзгеріс пе?

Читайте также:  Демократия жағдайындағы саяси партия әлеуметтануы

Осы айтылғандар жазудың тілді сырт көзден жасырып тұратыны туралы қорытындыны жасамауға болмайды: бірақ ол оны киіндірмейді, тек қана әшекейлендіреді. Бұл француздың oiseau «құс» сөзінің орфографиясынан жақсы көрініп тұр: оның бірде бір дыбысы (wazo) өзіне сай таңбамен бейнеленбейді — осылай жазғанда, нақтылы тілдік бейнеден ештеңе де қалмайды. Басқа бір қорытынды, жазу — тірі ауызекі сөйлеуді бейнелеудегі өз қызметін неғұрлым нашар орындаса, соғұрлым оған арқа сүйеу үрдісі күшейе түседі дегенге саяды; грамматикаларды құрастырушылар сөйлеудің жазба тәртібіне назар аудару үшін, барын салады. Психологиялық тұрғыдан мұның бәрін түсіндіру қиын емес, дегенмен де оның салдарлары өте ауыр болады. «Айту», «айтылым» сөздерін жиі қолдану осындай адасушылыққа жол ашып, жазу мен тілдің арасындағы заңды және нақтылы қатынасты қате көрсетеді. Белгілі бір әріптің айтылуы былай болуы тиіс дегенде, көз бейне түп нұсқа ретінде қабылданады. Оі әрпінің wa деп айтылуы үшін, оі­дің өзі бар болуы қажет; бірақ шын мәнінде хатта оі арқылы белгіленетін тек wa ғана бар. Осы қызықты жайтты түсіндіру үшін, о және і әріптерінің айтылуы ережеден тыс деген пікір алға тартылады; бірақ мұндай уәждің өзі қате, өйткені тілдің жазуға тәуелділігі мойындалады. Оі әрпі wa болып дыбысталса, графикалық таңба норма болып саналатын жазу заңдары бұзылады деген ойға қалуға болады.

Осындай жалғандықтарды грамматикалық ережелердің өзінде де, мысалы, француз тіліндегі һ туралы ережеде, кездестіруге болады. Бастапқы дауыстылардың алдында һ айтылмайтын француз сөздері бар, бірақ олардың латын формасы ескеріліп, бастапқысында һ жазылып жүр; айталық, латынның homo «адам» дегенімен байланысы ескеріліп, homme (бұрын — ome) деп жазылады. Алайда, һ дыбысталатын герман тектес басқа сөздер де бар: һасһе «балта», harend «майшабақ», honte «ұят» және т.б. Осы бастапқы һ айтылуда сақталып келгенге дейін, мұндай сөздер бастапқы дауыссыздардың тіркесу заңына бағынатын: deux haches тіркескендегі deux — dØ түрінде; le hareng тіркескендегі le — 1ә түрінде дыбысталған, ал deux hommes тіркесіндегі deux — dØz түрінде, l’homme тіркесіндегі le — l түрінде айтылған және мұнда екінші сөздің басында дауысты тұратын болса, кірігу ережесі (liaison) орындалып, элизиялар пайда болған. Ол кезде «Лепті һ­ның алдында кірігу және элизия болмайды» деген ереженің нақтылы мәні бар еді.

Читайте также:  ҚАЗІРГІ ТҮРІК ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Бірақ бүгінде бұл формулада ешқандай мән қалған жоқ, өйткені сөз басындағы лепті һ бүгін жоқ, тек егер дыбыс болып саналмайтынды және алдында кірігу не элизия болмайтынды лепті деп танымасақ. Сонымен, біз бұл тұста ақаулы шеңберге түсеміз, ал һ — жазудан пайда болатын жалғандық болып шығады. Сөздің айтылымын оның орфографиясы емес, тарихы анықтайды. Уақыттың әр сәтінде оның формасы дамудың белгілі бір кезеңінің көрінісі болып табылады және ол нақтылы заңдармен реттелетін дамуға ілесуге мәжбүр болады. Әр кезеңді ілкі кезең анықтай алады. Қарастырылатын, бірақ жиі ұмыт қалатын жалғыз нәрсе бар, ол — сөздің тегі, оның этимологиясы.

Аисһ қала атауының фонетикалық дыбыс таңбасы (транскрипциясы) ­ oʃ. Бұл француз орфографиясындағы сөз соңында тұрған сһ­тың ʃ дыбысын бейнелейтін жалғыз ғана мысалы. Осы сөздің соңында ғана сһ — ʃ болып дыбысталады десек, ол түсіндіруге жатпайды. Шын мәніндегі мәселе латынның Ausch қандай жолмен oʃ өзгергені туралы болмақ; бұған орфографияның еш қатысы жоқ. Gageure «кепілдік» деген сөзді қалай айтқан дұрыс: œ мен бе, әлде у мен бе? Біреулер: gaᴣœ:r деп жауап қайтарады, өйткені heure «сағат» œ:r деп дыбысталады. Басқалары бұған қарсы уәж айтады: жоқ, gaᴣy:r деп, өйткені ge ᴣ­ға бара­бар, мысалы, geôle «абақты» сөзінде. Түкке де тұрмайтын дау! Мәселенің шын мәнінде, этимологияға қатысы бар: toumure «айналым», tournur «айналдыру, айналу» тәрізді, gageure gager «кепілдік беру»­ ден шығады: бұл екеуі де сөзжасамның бір түріне жатады; демек, gaᴣy:r деп айту ғана дұрыс; gaᴣœ:r деп айтылуы, жазудың екі ұдайлығынан туындаған.

Дегенмен де әріптердің үстемдік құруы мұнымен бітпейді: ол көптеген сөйлеушілерді өзіне бағындырып, тілге де өз ықпалын жүргізіп, оны өзгерте де алады. Бұл жақсы дамыған, жазба мәтіндерге елеулі мән берілетін әдеби өңделген тілдерге ғана тән болады. Осындай жағдайда көз бейнесі жалған айтылымға жетелеуі мүмкін. Турасын айтсақ, осындай патологиялық құбылыстың мысалдары француз тілінде жиі кездеседі. Айталық, Lefѐvre деген фамилияның (лат. faber «темірші») екі түрлі жазылған: халық арасындағы және қарапайым түрі — Lefѐvre, ғылыми әрі этимологиялық түрі — Lefѐbvre. Ескі графикада v және u әріптерінің араласуынан Lefѐvre ортасында ешқашан болмаған b әрпі қосылып Lefѐbure болып оқылған, ал u әрпі бүл жерде кездейсоқ пайда болған. Қазіргі кезде бұл форма тап осылай дыбысталып жүр. Бәлкім, мұндай ауытқулар жиі кездесіп, артық әріптер де жиі айтылатын болар. Парижде қазірдің өзінде t әрпі дыбысталып sept femmes деп айтылып жүр. Дармстетер vingt сөзіндегі соңғы екі әріп те дыбысталатын күнді болжайды, ал бұл таза орфографиялық кемтарлық болып есептеледі. Мұндай дыбыстық ауытқулардың, әрине, тілге қатысы бар, бірақ олар оның табиғи қызметінен туындамайды; олардың пайда болуы тілден тыс фактормен байланысты. Осындай тератологиялық жағдайлар лингвистиканың ерекше саласында зерттелуі тиіс.

Читайте также:  Әл-Фарабидің философиялық мұрасы

Оставить комментарий