ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ЭСТАФЕТА ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайда тұлғаның әлеуметтік – психологиялық және дене қабілеті жағынан дамуы алдыңғы орында тұр. Бүгінде еліміздің білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – өз талпынысын іске асыруға және өзін көрсете білуге қабілетті шығармашыл әрі еркін тұлғаны тәрбиелеу. Осыған байланысты дене шынықтырудың оқу пәні ретіндегі мақсаты да өзгеріске ұшырап отыр. Бүгінгі таңда барлық оқушылардың жеке дене қабілеті, психикалық, жан-дүниелік және қоғамдық мүмкіндіктерін дамытып, жүзеге асыруға, дене қабілеттерін өздігінен қалыптастырып, шынықтыруға бағыт беру – дене шынықтыру пәнінің басты міндетіне айналды [1]. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 16 Жас жеткіншектердің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету әрқашанда назардан тыс қалмауы керек. Үйлесімді дамыған тұлғаның ең басты құрамдас бөлігі дене мүсінінің жетілгендігі, яғни мықты денсаулық, шымырлық, икемділік, күш, төзімділік болып табылады. Бұл қабілеттерді тәрбиелеу балалық шақтан басталуы қажет. Осыған байланысты мектеп оқушыларымен дене тәрбиесін жүргізудің өзекті мәселелерінің бірі бала ағзасының жетілуіне жағдай жасайтын, оның жұмысқа қабілетін арттыратын, оны сыртқы ортаның жағымсыз факторларына қарсы жоғары қорғаныс қабілетіне ие, төзімді әрі шымыр ететін, әдістер мен құралдарды жасап шығарып, қолдану болып табылады. Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер балалардың күн тәртібінде қозғалыс белсенділігінің қарқындылығы мен көлемін арттыру ағзаның негізгі физиологиялық жүйелерінің (жүйке, жүрек- қантамыр, тыныс алу) қызметін жетілдіруге, қимыл-қозғалыстың жүйкелік-психикалық және дене тұрғысынан дамуына жағдай жасайтындығын көрсетіп отыр [2]. Сонымен қатар, таза ауада әртүрлі формадағы дене жаттығуларын – дене тәрбиесі сабағын, спорттық жаттығуларды, жаз мезгіліндегі серуен барысындағы жаттығуларды, қозғалыс ойындары мен эстафета-ойындарды қолдануға ерекше назар аударылып отыр [3]. Бұл зерттеулердің авторларымен мектеп жасындағы балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруға бағытталған дене жаттығуларын жүргізудің мазмұны мен әдістемесін жасалып шығарылған, бала ағзасына сергіткіш таза ауа мен дене жаттығулары үйлесімділігінің жағымды әсері көрсетілген. Эстафета ойындарын жүргізу барысында балалар жоғары белсенділік, дербестік және әрекет бастамасын көрсетуге мүмкіндік алады. Эстафета ойындарының элементтерін жылдың жылы және суық мезгілдерінде ұлан-ғайыр кеңістік шарттарында бірнеше рет қайталау қозғалыс дағдыларын бекітуге және дене қабілеттерін дамытуға жағдай жасайды [4]. Эстафета ойындарын өткізу дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі – функциональды жүйелерді жетілдірудің және бала ағзасын шынықтырудың орындалуын қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесінің теориясы мен тәжірибесі жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйелерінің функциональды мүмкіндіктерін кеңейтуге, орталық жүйке жүйесінің қызметін жетілдіруге жағдай жасай отырып, ағзаның еңбекке қабілетін арттыратын және жалпы денсаулықты жақсартатын төзімділік қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулардың (жүгіру, секіру, қозғалыс ойындары, эстафеталар) ерекше маңыздылығын куәландырады. Эстафета ойындарын спорттық формада өткізу балалардың қозғалыс белсенділігі жеткілікті болған жағдайда жақсы шынықтырғыш әсер береді. Балалардың кеңістікті санамен бағдарлауы қозғалыс қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және бұл қабілетсіз қозғалыс пен қимылдар нық, дәл, мақсатқа сай болмайды. Балалардың бағдарлау дағдысы берік болып дамуы үшін ең жақсы шарт ретінде эстафета ойындары мен қозғалыс ойындарының маңызы зор. Кеңістікті бағдарлау тапсырмалары ерекше қарастырылатын арнайы эстафета ойындары да бар. Негізгі қимыл-қозғалыстарды жетілдіру үрдісінде бала қозғалыс машықтарын және бірқатар білімді игереді. Оқушыда ойын және өмір жағдайында оларды дербес қолдануц мүмкіндігі пайда болады. Оқушының қол жеткізген қозғалыс машықтарының деңгейін есепке алу жасқа сай қол жетімді жарыс элементтерін одан сайын жетілдіру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, оқушылардың шығармашылық белсенділігін көтермелеп, қозғалыс ойындарындағы алғашқы шығармашылық ізденістерін бағыттауға мүмкіндік пайда болады. Дұрыс жетіліп, даму үшін жеткіншектер үнемі қозғалыста болулары қажет екендігі бұрыннан белгілі. Қозғалыс көтеріңкі көңіл-күйге жағдай жасап, бала ағзасын шынықтырады, баланың жалпы дене жағдайына оң әсерін тигізеді. Қозғалысты дамытуда ойын ең басты және зор маңызға ие болады. Ойын оқушылардың әрекетінің жетекші түрі болып табылады. Эстафета ойындары арқылы дене күш-қуатын дамыту бойынша көптеген зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар, ойын арқылы дене қабілетіән арттыру бойынша әртүрлі әдістемелік нұсқаулар, жетік зерттеулер бар. Бірақ олар қазіргі заманғы қозғалыс қабілетінің деңгейі басқаша болғандықтан, біршама ескірді десе де болады. Бұған қоса, жасқа сай эстафета ойындарын қарастыратын әдебиеттер жоқтың қасы. Сол себепті жас ерекшеліктері бойынша эстафета ойындары жинақталған, заман ағымына сай жетілдірілген жаңа еңбектердің жетіспеушілігіне саятын мәселе туындап отыр. Жаттығулар мен ойынды оқушылардың жас мөлшерін ескере отырып және дене шынықтыру сабақтарының оқу бағдарламасының материалдарына сәйкес: қозғалыс ойындарын, спорт ойындарының элементтерін, шағын спорт құралдарын қолданып таңдау қажет. Жылдам қозғалысты, секіру элементтері бар ойындарды жүргізуге көп көңіл бөлінеді. Дене мүмкіндіктерінің артуына байланысты қысқа мерзімді күштік кернеулі ойындарды қолдануға болады. № 1 (86) 2012 17 Мұндай ойындарда күш кернеуі қысқа мерзімді, оқытушы қарсыласудың дұрыс тәсілдерін, барлық қозғалыстарын бақылап тұрады. Оқушылардың жылдамдығы мен төзімділігін дамыту үшін олар үнемі қозғалыста болатын ойындар таңдалып алынады. Мұндай ойындарды оқушыларды шаршатпау үшін 15 минуттан артық жүргізбеу керек. Командалық ойындарда рольдерді бөліп беруге болады. Айналып жүгіру элементтері бар эстафета. Дайындық. Мәренің ортақ сызығында 2-3 команда сап түзейді, ойыншылар колоннада бір-бірден орналасады. Мәре сызығынан 15-20 м қашықтықта әрбір колоннаға қарама-қарсы доптар қойылады. Сипаттамасы. Жетекшінің белгісі бойынша әрбір команданың бағыттаушылары өз доптарына жүгіреді де, оған қолмен сүйеніп, допты 2-3 рет айналып, қайта оралады. Өз колоннасының ойыншыларын артынан жүгіріп өтіп, кезекті ойыншығ келгенде, оған қол тигізеді. Бұл кезекті ойыншының жүгіруіне белгі болып табылады, келесі ойыншы да дәл сол қимылдарды қайталайды. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңімпаз атанады. Ереже: 1) ойын жетекшінің белгісі бойынша басталады; 2) ойыншылар қатаң кезектілікті сақтауы қажет. Секіргішпен эстафета. Дайындық. Әр топтың ойыншылары, ортақ мәре сызығына бір тізбекке орналасады. Әр топқа қарама-қарсы бұрылмалы тұрақ қойылады. Сипаттамасы. Ойын жүргізушінің белгісімен, топтың бағыттаушысы мәре сызығынан асып, секіргішпен секіріп, алға қарай жүгіреді. Бұрылмалы тұраққа жеткенде секіргішті екіге бүктеп бір қолына алады да, оны көлденеңінен аяқ астында өткізіп, орынаекі аяқпен секіріп оралады. Орынға жеткеннен кейін секіргішті келесі ойыншыға береді де, өзі тізбектің соңында тұрады. Ереже: эстафетаны дәл және тез аяқтаған топ жеңіске жетеді. Допты ауыстыру арқылы қарама-қарсы эстафета. Дайындық. Ойыншылар екі топқа бөлініп, бір-біріне бетпе-бет колоннаға тұрады. Тізбектің бағыттаушыларының доптары: біреулерінде – үрленген, екіншілерінде – баскетболға арналған болуы керек. Сипаттамасы. Жетекшінің белгісі бойынша олар алға жүгіріп шығады да, кездесіп, доптарымен ауысып, қайтадан орындарына барады. Өз тізбегінен айналып жүгіріп өтіп, допты келесі ойыншыға береді де, тізбектің соңына келіп тұрады. Допты алған ойыншы алдыңғы ойыншының жасағанын қайталайды. Тапсырманы бірінші орындап болған топ жеңеді. Ойыншылар допты кез-келген дистанция нүктесінде ауысады, бірақ ауысу міндетті түрде жүргізілу керек. Ереже: допты лақтыруға рұқсат жоқ. Оны қолдан-қолға беру керек. «Жауынқұрт» эстафетасы Дайындық. Әр топтың ойыншылары екі топқа бөлінеді және алаңның қарама-қарсы сызығының артына кезекті эстафетаға тұрғандай тізіліп тұрады. Әрбір топтың алғашқы топтағы ойыншылары құрт қалпына енеді — ойыншы сол жақ қолын алдында тұрған ойыншының сол жақ иығына қояды, ал оң қолымен оның тізеден бүгулі тұрған оң аяғын тобығынан көтеріп ұстайды. Сипаттамасы. Жетекшінің белгісі бойынша бір аяқпен секіру арқылы тепе-теңдікті сақтай отырып алға жылжиды. Соңында келе жатқан ойыншы қарсы сызықтан өткен кезде ойынды келесі ойыншылар жалғастырады. Олар дәл солай алға жылжиды. Ереже: құрт кейпін сақтай отырып, старт сызығына соңғы ойыншысы жылдамырақ жеткен топ жеңіске жетеді. Ұзындыққа секіру эстафетасы Дайындық. Залдың бір жағында мәре сызығы жүргізіледі. Одан 6-8 м қашықтықта екі сызықпен ені 1 м болатын жолақ салынады, ал жолақтан 1-3 м қашықтықта 3 шеңбер сызылады. Әрбір шеңберге жалау немесе таяқша қойылады. Ойыншылар 3 командаға бөлініп, 3 қабырғаның бойына «П» әрпі тәрізді тізіліп, команданың бірінші номерлері мәреге тұрады. Сипаттамасы. Жетекшінің белгісі бойынша ойыншылар мәре сызығынан алға жүгіреді, бөгеттер жолағынан асып, өз шеңберлеріне келіп, жалауды жоғары көтереді де қайта орынына қойып, бөгеттер жолағынан асып, командаға, өз орынына қайтып келеді. Қай ойыншы жалауды бірінші көтерсе, өз командасына ұпай әпереді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Ереже: 1) мәреден тек белгі бойынша жүгіріп шығады. Ерте жүгіріп қойған ұтылды деп есептеледі; 2) ойыншы мәреден кеткенде, келесі ойыншы орынын басып отырады; 3) қайтып оралған тізбектегі өз орнына тұрады Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 18 Оқушылар спортқа, спорттық ойындарға көп қызығушылық білдіреді. Сондықтан көптеген қозғалыс ойындарына әр түрлі спорт түріне жататын сабақтарға дайындайтын элементтер де қосылады. Бағдарламада ұсынылған кейбір ойындарда жетекші өз міндетін ойынның басынан аяғына дейін орындап шығады. Осындай ойындарға белсенді, дайындығы мол оқушыларды қатыстыру керек. Оларды таңдаған кезде өз сыныптасының қабілеті қандай деңгейде екенін білетін әрі өзара сыншыл бола білетін сыныптастарының пікірін де ескеру қажет. Оқытушы жетекші ойыншыға тән қасиеттерді көрсетіп, оқушыларға сол ойыншыны таңдаттыра алады. Басқа да жетекшіні таңдау әдістері қолданылуы мүмкін. Ойынды түсіндіру барысында міндетті түрде ойын ережелеріне назар аудару қажет. Ойынды түсіндіруде бейнелілік емес, сюжеттілікті сақтау қажет. Оқушылар бейнеге еліктегеннен гөрі таныс ұғымдарды жақсы көрсетеді, олардың шығармашылық ой өрісі барлық нәрсенің шартты екендігін түсінумен үйлеседі. Қозғалыс ойындарының арасында топтық ойындар ерекше орын алады. Сондықтан оқушыларды күш жағынан тең топқа бөлінуге үйрету керек. Осыған орай, көпшілік жағдайда оқушылар эстафета кезінде, жарыс барысында шыдамсыздық танытатындықтан, оларды бір топта он адамнан көп болмайтындай етіп бөлу қажет. Кейбір ойындарға баскетбол белгілеріне ұқсас допты меңгеретін техника элементтері енгізіледі. Олардың орындалуына көңіл аудару қажет, орныққан стеротипті қайта құрастыру қиын болғандықтан, алғашқы кезден бастап дұрыс дағдыға үйрету керек. Әрекеттегі үйлесімділікті тәрбиелеу үшін оқушыларды үнемі ойнатып отыру қажет, себебі, олар ойын үстінде серіктесінің әрекеттерімен санаса отырып, қарсыласының ойын үстіндегі ой жоспарын болжап шешуге мүмкіндік алады. Эстафета ойындарын өткізудің әдістемесі мен ұйымдастырылуы маңызды мәнге ие. Сондай-ақ, дене қабілетін көрсетуге итермелеу үшін, қимылдың орындалу жылдамдығы мен жоғары сапасына қол жеткізу үшін жарыстардың да маңызы зор. Оқушыларды жүгіруге, лақтыруға, доппен жүргізілетін әртүрлі жаттығуларға үйрету барысында шығармашылық қарым-қатынасын орнату үшін жарыс элементтері бар ойындар мен жаттығулардың белгілі бір реттілігін, кезеңділігін, қалыптастырудың шарттары мен тәсілдерін сақтау қажет. Эстафета ойындарындағы шығармашылық мақсаттылық, жауапкершілік, ойлау сыншылдығы, қиындықты жеңудегі табандылық, әуесқойлық, байқампаздық, құмарлық, т.с.с. қалыптастыру факторы болып табылады. Осылайша, эстафета ойындарын оқушыларды қимыл-қозғалыс машықтарына үйретудегі және дене қабілеттерін қалыптастырудағы спорттың ерекше түрі ретінде қарастыру қажет. Жеңіл атлетика элементтері бар эстафета ойындары оқушыларда дене қабілетін дамытып қана қоймай, коммуникативті құзырлылық пен дербес тұлғалық жетілу құзырлылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойын барысындағы табиғи қозғалыстардың (жүгіру, жүру, секіру, лақтыру) көмегімен жүретін, ерік-жігер жұмсауды қажет ететін жарыс оқушының психикалық, физиологиялық және қимыл-қозғалыс қызметтеріне жан-жақты әсер етеді. Әртүрлі бағытта, жылдамдықта, кернеуде көп мөлшердегі жаттығуларды орындау оқушы ағзасының ішкі жүйелері мен мүшелеріне жағымды әсерін тигізеді. Ойын барысындағы жағдайдың үнемі өзгеруі оқушының талдау әрекетін және шешім қабылдау қажеттілігін шарттайды. Оқушының ой өрісіне үнемі жоғары талаптар қойылады. Сонымен қатар, ойын үрдісінде оқушы жоғары сезімдік жүктеме алып, қуаныш пен қанағат сезімін басынан кешіреді. Осылайша, жеңіл атлетика элементтері бар эстафета ойындары жүргізілетін дене шынықтыру сабақтары сабаққа деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтына ынталандырып, өзін- өзі кемелдендіруге ұмтылдырады. Мұндай сабақтар барысында дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық әрекетке құзырлық пайда болады, жаттығулар мен ойындарды ұжымдық формада өткізгенде шығармашылық бірлестік дағдылары игеріледі, жаңа қозғалыс әрекеттерін меңгеру арқылы қимыл тәжірибесі кеңейеді, тұлғаның дұрыс өзін-өзі бағалауы, адамгершілік санасы, дүниетанымы, ұйымшылдығы қалыптасады, мақсатқа ұмтылу, сенімділік, өзін-өзі ұстау, байсалдылық дамиды.

Оставить комментарий