Жеке адамның рөлі және психологиялық әдістемелер

Бұл жерде негізінен екі бөлек мәселе жатыр. Біріншісі оз тамырымен аккультурацияның механикасын зерттеуге кетеді және не донорлық, не қабылдаушы (реципиента) мәдениетке жататын жеке адамдардың рөлінен байланысты. Мысалы, Хантер қарым­қатынас агенттерін және тұлғаларын (бұл жерде мәселе ашық бағдарлар мен мінез­құлық паттерндері туралы) түсінудің маңыздылығын талқылап отыр. Турнвальд та, осыған ұқсас, аккультурация агенттерін және олардың дәлел ­ дәйегін ғана емес, оларда қарым­қатынас нәтижесінде болатын өзгерістерді де түсінудің қажеттілігін атап отыр. Америкалық ғалымдар өткізген саны жоқ зерттеулердің ішінде жекелеген адамдардың басқа мәдениеттермен қарым­қатынасқа түскендегі роліне айтарлықтай назар аударылып отыр. Әсіресе, бұл қайта қалпына келтірілген және аборигендік культтерге арналған жұмыстарда көрінеді. Тұлғаның құрылымын және оның аккультурация жағдайларындағы өзгерістерін зерттеу басқа типке жатады. Бұл бағыттағы ең ынталы және жүйелі автор, шамасы, оның жұмыстарында — жалпы психологиялық процестердің кең талдауынан бастап жүйелілік деңгейі өте жоғары проективті әдістемелер қолданылған зерттеулерге дейін бәрі көрінген А.Халлоуэл болды. Мәдениет пен оның жеке алып жүрушілер типтері арасында байланыс бар екен деген бастапқы нұсқаудан шыға отырып, зерттеулердің көбі тұлғаның мәдени қарым­ қатынас жағдайындағы ауқымы мен өзгеру жылдамдығы сондай­ақ мәдени өзгерісті қабылдау не бас тартуға арналған болды. Осы мәселеге арналған көп, бірақ түрлі әдебиет «мәдениет және тұлға» бағыттағы әдебиетпен тығыз байланысты. Бұған қоса, психологиялық мәселелер және ерекшеліктерді шығару үшін жеке құжаттарды зерттеу, аңыздар мен өлеңдерді қолданатын зерттеулер біршама қызығушылық тудырады. Әлеуметтанушылар да бұл мәселеге белгілі бір деңгейде, әсіресе, құрылымдық ­ қызметтік талдауға байланысты назар аударды. Кейбір әлеуметтанушылар (мысалы, Мертон) мен антропологтар дәлел ­ дәйектің тәуелсіз мәртебесін көп жағдайда ауыспалы психологиялық немесе тұлғалыққа жатқызды; бұл көзқарас Дюбуаның жұмысында қатты сыналған. Басқалар болса, әлеуметтік мәдени және психологиялық ауыспалы өзара байланысын 362 мәлімдеумен шектелді. Бұл мәселеге байланысты жуырдағы еңбектердің ішінде Спидлер мен Голдмидттің «Мәдени өзгерістің тәжірибелік зерттеу жобасы» атты мақаласы өте маңызды, онда авторлар әлеуметтік және психологиялық ауыспалы бөлек шығарып және олардың өзара байланыстарын зерттеудің әдісін суреттеген.

Читайте также:  Орыс халқы және социализм

Оставить комментарий