Мұнда жер асты суларының орналасу жағдайлары, кеңістікте таралуы, өнімділігі, суының минералдануы мен химиялық құрамы сипатталады, сондайақ су қоры мен оны халық шаруашылығында пайдалану жолдарына баға беріледі. Кен орындары барлану дәрежесі ретімен сипатталады – су қорын анықтай отырып барлау жөнінде айтылады.
Басқұдық құмды массиві. Жер көлемі 150 км 2 Басқұдық құмды массиві Беке Басқұдық солтүстік қанатын алып жатыр. Мұның барлық жері сулы болып келмейді, тек солтүстігінде ойпаттары ғана сулы болады. Массивтің беті негізінен ашық та, жылжымалы шағыл қырқалар мен қырқа аралық қазаншұңқырлар құрайды, оның шеткі бөліктерінде ғана өсімдіктер өседі. Андасанда борпылдақ құмдақ қабатшалары бар сарғышсұр түсті ұсақ түйіршікті, кейбір жерлерде шаң тәрізді құм суды жақсы жинайды. Оның құрамында үлкендігі 0,5 0,10 мм құм көбірек. Сулы құмдардың қалыңдығы тұрақсыз, оның ең жоғарғы биіктігі 33 м. Батыс пен солтүстік бағытта 18ден 12 метрге дейін біртіндеп аласарады. Тәжірибе және лаборатория жұмыстарының мәліметтері бойынша, су тұрақтайтын құмның сүзу коэффициенті тәулігіне 4,6 метрге дейін ауытқиды, су шығымдылығының орташа коэффициенті тәулігіне 0,11, ал өткізгіштік коэффициенті 3,6710 м2.
Құмды массивтің су төзімділігі мен жер бедері бірдей емес. Сондайақ оның орнықтылығының әр түрлі дәрежеде болуынан жер асты суының орын тебу тереңдігі көбірек ауытқиды, шағыл етегінде, қырат аралық сайларда және Мурзаир соры жағасында су қабаттары қалың болады. Климат жағдайларының жиынтығына – ылғалдылыққа, атмосфералық қысымға, булану дәрежесіне, температураның өзгеруіне байланысты жер асты суының деңгейі табиғи ауытқиды. Бақылау мәліметтері бойынша су деңгейінің көтерілуі қыстажаздыгүні байқалады да, майдың аяғынан декабрые дейінгі мезгілде құлдырай береді. Шағыл етегіндегі су деңгейінің ауытқу амплитудасы 19661968 жылдарда 0,190,36 м, ал шағылды құм аймағында ауытқу 0,080,11 м болады.
Жер асты суының минералдануы литріне 0,24тен 7,9 грамға дейін өзгереді. Минералдығы литріне 1,0 грамға дейінгі тұщы су құмның орталық бөлігіне тура келеді және оның негізгі бөлігін алып жатады. Су таралатын солтүстікке қарай судың минералдануы шұғыл артады, негізгі аймақта су тұзды келеді. Массивтің солтүстік шетіндегі судың минералдануы құм құрамындағы және грунт ішінде қарқынды буланатын таяз орын тепкен жер асты суында сазды фракцияның көбеюі нәтижесінде артады. Тұзды және тұщы су шегіне жақын жерде су өте минералданады, сондайақ суды төккенде қабырғаларынан тұзды су сорылады. Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін тұщы суды пайдаланғанда мамандардың айтқанын орындау керек. Судың минералдануынан хлор мен натрий иондары көбейіп, гидрокарбонаттар кемиді. Бұл кезде судың химиялық құрамы сульфаттыгидрокарбонатты кальцийлі натрийлі құрамнан, хлорлынатрийлі құрамға дейін өзгереді. Жер асты суы жауыншашын суының сүзіліп өтуінен және ішінара құмды массив астындағы альбсеноман шөгіндісінде ашық жер деп аталатын саңылаудан ағу арқылы көбейеді. Мурзаир соры ойпатындағы судың таралуы табиғи жолмен өтеді, грунт ішінен булану және құмды массивтің солтүстік жиегінен булану, сондайақ өсімдіктер арқылы, яғни фреатофит жолдары арқылы болады.
Сауысқан құмды массиві. Сауысқан – Бостанқұм құмды массиві Басқұдық құмының шығысына қарай орналасқан. Ол эллипс тәрізді және солтүстікбатыстан Оңтүстік батысқа қарай 4тен 12 км ендікте 45 километрге созылып жатыр. Массив төсеніш жыныстың қайта ауысуы кезінде пайда болған ұсақ түйіршікті құмнан тұрады. Төсеніш құмдар барлық жерде дерлік суға төзімді олигоцен және эоцен мергельді саздардан тұрады. Құмның қалыңдығы 310 метрден 25 метрге дейін, кейде 30 метрге дейін жетеді. Суға төзімді қолаттың жабын жер бедері мен құм қалыңдығының өзгергіштігі нәтижесінде оны кездейсоқ пайда болған су басады. Мәселен, су өткізбейтін қабаты көтеріңкі және жұқа кұм қабатты шығыс бөлігі мүлде сусыз десе де болады. Бұл жерлерде тек сирек кездесетін су өткізбейтін төмен түскен шағын қабаттардан ғана тұзды су шыққан. Аумақтағы ұзақ тұрған сулы горизонт құмды массивтің батыс жақ жартысын алып жатады, сондайақ мұнда грунт суының астынан шығып тұратын су өткізбейтін жыныстар сілемі де байқалып қалады, олар Сауысқанқұмның орталық бөлігін бойлай тізбектеліп, кен орнын солтүстік және Оңтүстік учаскелерге бөліп тастайды. Мұндағы су өткізбейтін қабат жер бедері солтүстікке қарай жаймалана көлбеген, жер асты суы 0,0045 көлбеулікпен сол бағытқа қарай ағады. Сулы горизонттың көлденеңі 45 км, ұзындығы 29 километрге созылып жатады. Су тұратын шөгінділер ұсақ түйіршікті кварц құмдары басым, негізінен қиыршықтымалта тасты механикалық біртекті болып келеді. Сулы горизонттың жалпы қалыңдығы 0,421,5 метрге дейін өзгереді, құм массивінің солтүстік және Оңтүстігіндегі ең көбі 1021,5 м. Орташа қалыңдығы солтүстік учаскеде 9,5, Оңтүстігінде 7 м болады. Түйіршіктерінің орташа диаметрі 0,50,6 мм.
Құмды массивтегі жер бедерінің гипсомехриялық қалпы мен су өткізбейтін қолатқа байланысты жер асты суы жататын тереңдік 1,524,4 метр деңгейінде ауытқи отырып, массивтің шетінен орта бөлігіне қарай арта түседі. Жер асты су режиміне жасалған тұрақты бақылау нәтижесі скважиналардағы тұрақты су деңгейі марттың алғашқы он күндігі соңынан майдың алғашқы он күндігіне дейінгі аралықта біртіндеп жоғарылайтындығын көрсетті, бұл қардың еруі мен жауыншашынның нәтижесінде жүзеге асады. Бұдан былай су деңгейінің төмен түсуі білінеді, ол августсентябрьдің аяғында, кейде октябрьде байқалады. Мұның соңынан декабрьдің алғашқы жартысына дейін су деңгейі көтеріледі. 19641973 жылдардағы су деңгейінің ауытқу амплитудасы шағыл құмды аудандарда 0,08ден шағыл етегі жолағында 0,45 метрге дейін болады. Тәжірибе және лабораториялық жұмыстардың мәліметтері бойынша сүзілу коэффициенті тәулігіне 5,0 метр болған кезде 2ден 6,9 метрге дейін ауытқиды, су шығымдылығының коэффициенті тәулігіне 5,0 метр болған кезде 2ден 6,9 метрге дейін ауытқиды, су шығымдылығының коэффициенті тәулігіне 0,14, ал деңгейлік көрсеткіш коэффициенті 10 м 2 болады.
Онша қалың емес сулы горизонттың жоғарғы бөлігін ашатын құдықтан шығатын су мөлшерінің деңгейі секундына 0,10,44 метрден төмен түскен кезде 0,020,1ден 0,5 литрге дейін өзгереді. Құмды массивтің көп бөлігіндегі су тұщы және саумал сулы болып келеді. Сулы минералдануы литріне 0,30,6 грамнан аспайды. Су ағыны солтүстікке қарай аққан сайын біртіндеп, ең алғашқыда сәл ғана байқалатын, кейінірек құм жиегіндегі 2,0 км жолақта судың минералдануы шұғыл артып литріне 510 грамға дейін жетеді. Мұның өзі грунт суы деңгейінің жер бетіне 1,50,5 м және одан да жақындауына байланысты ол күшті буланады. Су таралатын аймақтағы су өте тұзды болады. Тұщы судың химиялық құрамы гидрокарбонатты магнийлікальцийлі, гидрокарбонаттысульфатты, натрийлі магнийлі болып келеді. Су минералдығы жалпы артқанда хлорлынатрийлі құрам басымырақ келеді. Судағы зиянды микроқосындылар мен басқа қоспалар пайдалану нормасынан жоғары болмайды. Жер асты суы жауыншашын суы есебінен көбейеді, ол сорлар мен сортаңдарға, сондайақ өсімдіктердің, транспирациялануы арқылы таралады. Сауысқан кен орны 1964 жылдан бастап Жаңа Өзен қаласын, Өзен және Теңге поселкелерін сумен қамтамасыз етуге пайдаланылып келеді.
Жер асты сулардың табиғи тұщы және саумал су қоры жалпы алғанда 177 млн. м 3 болады. Алайда режимі мен балансына ондаған жыл бойы жасалған бақылаулардың нәтижесі жер асты суы қорының модулін анықтады. Ол жылмажыл толықтырылу есебінен немесе табиғи қоры 1 м2 аумақты секундына 0,5тен 1,5 литрінде қоректендіретін гравитациялық су көлемін сипаттайды. Модульдің орташа шамасын секундына 1,0 л км2 және Сауысқан кұмды массивінің қоректену аумағын 150 км2 деп алып, яғни барлық аумақтың тең жартысы десе де болады, есептеу кезінде ескерілмеген кен орнының қоры секундына 100150 литр болатындығына көз жеткізу оңай. Бұл цифрлардың нақтылы екендігін басқа да аналитикалық есептеулер мен линзаметриялық қондырғылы тәжірибелер көрсеткіштері растап отыр, линзаметриялық қондырғылы тәжірибелер 1965 жылдың соңынан бастап үздіксіз жұмыс істеуде. Жер асты суының табиғи толығуын кен орындарын пайдалану тәжірибелері де көрсетті. 1964 жылмен 1974 жыл аралығындағы мерзімде суды қарқынды іріктеу аймағындағы су деңгейінің төмендеуі (су қорының жарамсыздығы) толықтыруды ескермеген есептеу бойынша 57 метрдің орнына бар болғаны 1,5 м шамасында ғана болды. Жоғарыда келтірілгендерден Сауысқан кен орнының мүмкіндігі көп екендігін байқауға болады, сондықтан оны су іріктеу мөлшерін секундына 180200 литр шамасына дейін (15,018,0 мың м3 тәулігіне) жеткізе отырып қажетке пайдалануға толық болады.
Түйесу құмды массиві. Түйесу құмды массивінің жер асты тұщы су кен орыны 19651966 жылдары барланған. Оңтүстік Маңғышлақ мұнай өнеркәсібін сумен қамтамасыз ету үшін су қорын СССР Министрлер Советінің пайдалы қазбалар жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы бекітіп, оны 1971 жылдан бастап пайдалануда. Түйесу құмды массивінің орталық бөлігін алып жатыр және көлденеңі 1015 км болатын массив субтропиктік ендік бағытына қарай 28 километрге созылады. Оның жалпы ауданы 180190 км2. Құмды массив ежелгі құмдысазды сеноман шөгіндісінде ашылған золды (желді) процестің кайта өңделуі нәтижесінде пайда болған және оның беткі учаскелері тұтасымен ойысқан. Массивтің орталық және Оңтүстікбатыс бөліктері (50 процент шамасында) мүлде өсімдіксіз немесе өсімдіктер әр жерлерде кездеседі. Мұндағы кұм сусымалы, биіктігі 10 15 м болатын шағылды құм төбелер мен аумағы 100 м 2 және одан да молырақ жерді үрлейтін қазаншұңқырлармен ауысып жатады. Қиыр шетіне, әсіресе батыс, солтүстік батыс жақ бөлігіне қарай оны қалың шөптесін өсімдіктер басқан, олар тамаша қыстық жайылым. Барлық жері су өткізбейтін сазды құм кейде саздақ сеноман жынысынан тұрады, бұл жер бедеріне қарай таралған жерлердің барлығы да сулы бола бермейді.
Жер асты суы сеноман бетінің ең ойпат бөлігіне тура келеді, ол учаскелер құмды массивтің Оңтүстік жартысы мен солтүстікбатыс бөлігі. Олар табиғатта өзара жұқа сулы қабаттармен су айырықтарда біріккен біртұтас болып келеді, алайда ұзақ та қауырт пайдаланғанда және жер асты суының қоры жарамсыз болғанда бұл қабат құрғап қалады да, қабаттар бірбірінен ажырасады. Сондықтан бұдан былай «негізгі линза» және «Солтүстікбатыс линзасы» деген сөз тіркестері кездесетін болады, бұлар Оңтүстік және солтүстікбатыс учаскелерінің шартты атаулары. Су өткізбейтін жыныстар жоғары гипсометрлі қалыпта массивтің батыс және солтүстік бөліктерінің аудандарындағы құмда су болмайды. Кен орны батыстан шығысқа қарай 2224 км созылып жатады, оның көлденеңі 1,56,8 км. Минералдануы 1 г шамасына дейінгі жер асты суы көп орнының жалпы ауданы 82 м2, оның ішінде негізгі линза – 65 км2, солтүстікбатыс линза – 17 км 2 , ал егер минералдануы литріне 1ден 3 грамға дейін болса, онда 30 км2 мөлшерінен де асады. Су тұратын жыныстардың басым көпшілігі ұсақ түйіршікті, кейде түйіршіктерінің көпшілігі 0,50,25 мм құмдар болады. Құмды массив бетіндегі жер бедері мен су өткізгіштігіне байланысты жер асты суы орналасатын тереңдік шет жағында 35 м, массивтің орталық бөлігінде 41 метрге дейін ауытқиды. Негізгі линза шегінде оның орташа мөлшері 1625 м, солтүстікбатыс линзаға 1420 м тән.
Грунт суының жалпы көлбеулігі батыстан шығысқа қарай бағытталған, тұтасымен алғанда кен орнына қарай 0,0018ден 0,0044ке дейін ылди, бұл кезде төсеніш жыныс жер бедерінің күрделіленуі мен жиегіндегі жабындарының учаскелері едәуір ауытқиды. Су өткізбейтін жабын қалыңдығының шамасы негізгі линза бойынша 5060 м, солтүстік батыс линзасы бойынша 100 м. Жер асты суының тұрақты деңгейінің абсолют белгісі ретіне орай 28 м және 74 м деңгейлік айырымда болады. Тәжірибе үшін су шығару және лабораториялық анализ бойынша сүзу коэффициенті ретіне қарай тәулігіне 0,78ден 8,41 метр және 0,9дан 9,9 метрге дейін өзгереді. Әдетте құмды массивтің жиегінен өтетін, ең нашар гидрогеологиялық жағдаймен сипатталатын құдықтар өнімі жүз бөліктен секундына 0,5 литрге дейін өзгеріп, тереңдігі арта түседі. Су деңгейі 1,17ден 14,5 метрге дейін төмендеген кезде скважиналар өнімі секундына 1,0нан 5,84 литрге дейін болады. Негізгі өнімділігі секундына 0,31,56, орташа өнімділігі 0,54 литр.
Ал негізгі линзаның батыс жартысындағы құмның (Сенек поселкесі маңында) суы мол болады. Жер асты суының минералдануы линза шегінде айтарлықтай жоғары емес, ол литріне 0,180,97 грамм. Ол массивтің Оңтүстік және шығыс жиегінде жоғары, онда минералдығы литріне 2,57,3 г болатын су 0,251,5 км жолақпен тұщы судың негізгі линзасын қоршап жатады. Бұл жерде жер асты суы таралады да, соның нәтижесінде сортаң пайда болады. Жер асты cyы жерге сіңген жауыншашын суы және салқын кездегі судың булануынан көбейеді. Сам құмды массиві. Сам құмды массиві Үстірттің солтүстік жартысында орналасқан, ол Сам ойпатының орталық бөлігін алып жатыр. Массивтің жалпы ауданы 2320 км2, көлденеңі 3040 км, ұзындығы 7080 километрге созылады.
Құмды массивтің жер бедері төбешікті қыратты болып келеді. Құмның көпшілік бөлігінде есімдіктер бар, кей учаскелері қайта ауысатын құмдармен жабылған. Мұнда өзара бірбірінен көлемі едәуір үрлеме қазаншұңқырлармен бөлініп жататын шағыл құм төбелер көп болады, ол жауған көптеген қарды көктемде еритін мезгілге дейін бөгеп қалады.
Оставить комментарий