ЖЕР БЕДЕРІ ТУРАЛЫ РЕФЕРАТ

Опубликовано Август 1, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қарастырылып отырған территория бір­біріне қарама­қарсы алты структуралық­морфологиялық аудандарға бөлінеді, олар: Таулы Маңғышлақ, Солтүстік Маңғышлақ ойпаты (Бозащы түбегі), Шығыс Маңғышлақ, Оңтүстік Маңғышлақ қыраты, Үстірт және Оңтүстік Ембі жазығы. Таулы Маңғышлақ – Маңғышлақ түбегінің орталық бөлігін алып жатыр, оған Кішіқаратау, Батыс және Шығыс Қаратау, Қасқыржол, Оңтүстік және Солтүстік Ақтаудың қырқалы жоталары кіреді. Ақтаудың қырқаларынан Қаратаудың орталық жоталары күрделі құрылысты рельефті төмен түсуімен бөлініп жатыр, оны 1915 жылы Н. И. Андрусов Қаратау бойының аңғарлары деп атап, содан бері геологиялық әдебиеттерге мықтап енген. Кішіқаратау – ені 6­7 км, ұзыны 8,5 километрге созылып жатқан күмбез тәрізді ұсақ шоқылар. Шоқылардың абсолют биіктігі 180­220 м аралығында. Қырқада ежелгі денудация және тектоникалық жылжымалардың іздері айқын сақталып қалған. Оның әсіресе Құмақайы шатқалы арқылы Каспий теңізіне қарай ашылатын аңғар түсе берісінің батыс жақ шеті көлденең жыраларға тілкемделген. Кішіқаратау қырқасы шығысқа қарай көлденеңінен төмендей отырып, Батыс Каратаумен жалғасып кетеді. Батыс және Шығыс Қаратау ретіне қарай көлденеңі 6­10 км және ұзындығы 42­45 километрге созылып, қоршап жатқан Қаратау бойының аңғарларынан кертпештермен жиектеле отырып 430­460м көтеріледі, сондықтан бұларды аласа таулар тобына жатқызуға болады. Морфологиялық құрылысы жағынан олар біркелкі, ең биік дегендері Отпан – 532 м (Батыс Қаратау) және Бесшоқы – 556 м (Шығыс Қаратау). Бұл қырқалар Шетпе станциясы маңында өзара бір­бірінен бөлініп жатыр. Батыс және Шығыс Қаратаудың орташа 300­420 м биіктегі төбесінің беті денудациялық процестермен тегістелген. Массивтердің орталық бөлімдеріндегі денудадиялық беті онша биік емес жондарға, ал шеткі жақтары массивтерге 5­6 км мөлшеріне дейін бойлай сұғынып кететін сансыз тік беткейлі, көбінесе тар шатқалдарға айналып кеткен. Мұнда эрозиядан пайда болған бойлай және көлденең орналасқан қолтықтар жүйесі көп, олардың ені мен тереңдігі әр түрлі, түбі малта­қиыршық тастардан құралған. Қаратау бойы аңғарлары бірқатар төмендеулерден құралып, мөлшері әр түрлі жондарға және бор «тауларының» қалдықтарына ұласады, олар Қаратау жоталарының Солтүстік және Оңтүстік беткейлерін бойлай созылып жатады. Олар өздерін құрайтын төменгі бор және сеноман шөгінділерінің денудациялық процестеріне нашар төзгіштігінен пайда болған. Олардың Батысын, Солтүстігін және Оңтүстігін Ақтау қырқалары шектеп жатыр, қырларды «Қапылар» терең аңғарлар тіліп өтеді де, солар арқылы Солтүстік және Оңтүстік Маңғышлақ жазықтығына қарай ашылады. Ені 6 км, ұзындығы 28 километрге дейін созылып жататын Құйбышев сайы (Жыңғылдысай) ­ ең кең және аккумулятивтігі өте төмен жазықтық. Оның абсолют тереңдігі 95­100 м аралығында немесе Ақтау қыратынан батысы 100­ 105 м және шығысы 140­145 м төмен орналасқан. Сай шығыс бағыты бойынша 2 километрге дейін тарылады. Жазықтықты жыралар тіліп өтеді, олардың біреуі Тұщыбек поселкесінің маңында Ақтау күзетін бұзып өтіп, Сартаған мекені жаққа қарай Сулықапы шатқалы болып ашылады. Батыс және Шығыс Қаратау жоталарының аралығында Шетпе сайы орналасқан, оның солтүстіктегі абсолют тереңдігі 200 м, Оңтүстігінде 150 метрге дейін жетеді. Шақырған мекенінде сайды шатқал қапы Қарақия ойпаты жағына қарай ашады. Шығыс Қаратау жотасының солтүстік беткейіндегі солтүстік Қаратау бойы аңғарлары едәуір тілкемденген, онда терең сайлар да көп. Ол Шығыс Қаратау жотасын бойлай бес аңғарлы бұзбалар – Қаптармен дренаждалады, олардың ең ірісі Қамыстықапы Жармыш поселкесінен Қара­Кешу сорына дейінгі аралықта созылып жатады. Ойылған жерлерінің тереңдігі 25­30 м, ал кейбір жерлерінде 100 метрге дейін жетеді, түбінің абсолюттік тереңдігі 100­120 м. Қалғандарының – Қауыртақапы, Безымянная, Шиліқапы, Құрқапы – ұзындығы да, тереңдігі де төмен болып келеді. Олардың түбінің ең төменгі белгілері ретіне қарай 160 және 175 м. Ақтау қырқасының Құртұрмас мекеніндегі учаскені Тиген мекеніне қарай ашылатын үш қолтық жеке­жеке бойлай бұзып өтеді. Бұлардың ішінде ені жалпақ ең тереңі орталық қолтық, оның су айрықтағы түбінің белгісі 135 метрге тең. Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарын Қаратау бойы аңғарлары жан­ жағынан шектеп жатады және жалаңашталған орнықты тау жыныстарынан құралады. Олардың барлық жерлерінде де солтүстіктен Оңтүстікке сәл еңіс куэсті­қырқалар созылған. Ең айқын білініп жатқан Солтүстік Ақтау қырқалары батыстағы Қошақ шығанағынан шығыстағы Қасқыржол жотасына дейін 85 километрге созылып жатады. Олардың жер бетінен биіктігі 220­дан 300 метрге дейін келеді де, батыстан шығысқа қарай біртіндеп қыраттанатындығы байқалады. Солтүстік Ақтау жотасын сегіз аңғарлы бұзбалар – қапылар тіліп өтеді, олардың төртеуін Қаратау бойы аңғарларының әртүрлі сайлары кесіп өтеді. «Қапы» беткейі 40­45° тіп­тік болады, ол 10­нан 35 километрге дейін созылып жатады. Құрғақ арналарының ені 2­10 м, диаметрі 1­ден 10 сантиметрге дейінгі сынықтары ірі материалдардан (қиыршық тас, малта тас) құралған. Оңтүстік Ақтау жотасын солтүстігінен Оңтүстік Маңғышлақ үстірті шектеп жатады. Қырдың батыс бөлігі айтарлықтай тіп­тік, ал Шығыс Қаратау ауданындағы Шетпе сайынан шығысқа қарай Оңтүстігінен Қаратау бойы аңғарларын шектей, жер бедері айқын білінбейтін көлбеу беткейге алмасады. Оңтүстік Ақтау ауданында аңғарлар сирек кездеседі. Сонда да Оңтүстікте СССР­дегі ең үлкен, өте терең, Қарақия ойпаты болуы өз әсерін тигізіп, екі үлкен «Қапа»Шақырған және Сулықапа мен Құйлыс мекенінде ойысатын кейбір шағын жыралар пайда болған. Таулы Маңғышлақ өте ерте дәуірде құрлық ретінде пайда болған, оның гипсометрлік қатысы барынша жоғары. Тіпті түбек толық түзілгеннен кейін де жер асты суларының қалыптасуы, жиналуы және қозғалысында шешуші роль атқарды және қазір де су қорларының қалыптасуында маңызды роль атқаруда. Бұл жайында кейінірек толық баяндалады. Солтүстік Маңғышлақ ойпаты Бозащы түбегінің кең жазығын қамтиды. Оның Оңтүстік бөлігінде Солтүстік Ақтау жотасының етегі орналасқан, ол ені тар алқапта батыстан шығысқа қарай созылып жатқан, өте жырымдалып, толып жатқан жыра мен сайларға тілгіленген жонды­қырқалы, көлбеу жазықтық. Оның Ақшумақ ayданындағы Түлкілі төрткөлдегі ені (20­24 км) онша үлкен емес және осыдан бастап батыс пен шығысқа қарай ені біртіндеп тарыла береді. Жазықтық солтүстікке 3­4° бұрыш жасап көлбеуленген, оның беттік белгісі Оңтүстікте 100­110 метрден, солтүстікте 65­50 метрге дейін аласарады. Жазықтықты тік беткейлі терең аңғарлар мен.с шатқалдар бөліп­бөліп өтеді, олардың ойпаттағы терең.0 дігі 20­30 м, ал басталар жағындағы тереңдігі 60­70 м, л кейде одан да тереңірек. Ойпаттың солтүстік бөлігінде аккумулятивті теңіз жазықтығы орналасқан, оны кертпештер ертехвалинскілікі1 (0­ден + 50 метрге дейінгі белгі) және кенженхвалинскілік (­22­ден 0­ғе дейінгі белгі) ойпаттарға бөледі, сондай­ақ теңіз жағалығы мен Үстірт жотасын бойлай созылған алқап – Жаңакаспий ойпаты бөліп жатады. Бұл жазықтықтардың беті процестер әсерінен әр түрлі дәрежеде күрделілене түскен. Төрттік кезеңде теңіздің бірнеше рет басып (трансгрессия), шегінуінен (регрессия) жер бедерінде баспалдақ тәрізді кертпештер пайда болып, теңіздік террасалар жасалған. Бозащы түбегінің территориясында құмды массивтер көп таралған, олар теңіз шөгінділерінің бұзылуы және қайта ауысуы нәтижесінде пайда болған. Жылымшық, Қоңырұрпа, Жанұзак, Уаққұм және Шулышағылқұмның жарым­ жартысы құм массивтерінен, ұсақ төбешікті құмдардан құралады. Бұл массивтер төмпешіктерінің биіктігі шамамен 3­6 м болатын 5­10 км2 ауданды алып жатқан, шопандар бригадасы мен аздаған ірі қараны суғаруға арналған жер асты сулары. Қызылқұм мен Шулышағылқұмның бөлігі орташа төмпешікті құмдарға жатады және 40­50 шаршы километрден астам жерді алып жатады. Осьтік бөлігінде шағылдар мен үрлеме қазан­шұңқырлар көп. Жеке төмпешіктердің биіктігі мен қазаншұңқырлардың тереңдігі 5­10 метрге дейін жетеді. Бұл жерде жер асты тұщы және саумал су қоры едәуір. Шығыс Маңғышлақ антиклиналь және синклиналь құрылымды жер бедеріне айналған аймақты қамтиды. Ол 240 километрге жуық жерге созылып жатыр, көлденеңі 40­80 км. Тектоникалы құрылымдар жер бедерін жасауды бақылаушы факторлар болып табылады, мұның өзінде жер бедерінің дұрыс формалары әдеттегідей ойлы құрылымға тура келіп, дұрыс құрылымды элементтерге ұштасады. Аймақтың Оңтүстік­шығысында ең ірі ойпаты – Қарынжарық орналасқан, ол Таулы Маңғышлақтың шығыс шетінен басталатын аңғар тәрізді саймен тұйықталады. Қарынжарық солтүстіктен (Қарамая, Қарашық таулары ендігі) Оңтүстікке (Шағаласор ойпаты) қарай 120­150 км созылып жатады, көлденеңі 6­50 км. Оның шығысы Үстірт жоталарымен, ал Оңтүстігі мен батысы денудациялық жазықтықтың жайпақ кертпештерімен шектеліп жатады. Бұл сай түбінің ең аз белгісі – 66 м, ол ойпаттың шығыс бөлігінде 2­10 км жазықтықты алып жатқан (ендірлісор сортаңымен жалғасады. Батыс бөлігі құмды массив болып келеді. Массив нашар іріктелген сазды құмнан құралған, оның үстін түгелге дерлік өсімдіктер қаптап кеткен. Шығыс Маңғышлақтың орталық бөлігінде золды құм массивтері дамыған. Басқұдық – Сауысқан – Бостан­құм құмды массивтерінің бірқатарының көлденеңі 5­тен 10 километрге дейін, олар Оңтүстік­шығысқа қарай 65 км­ге созылып жатады. Олардың солтүстік­шығысына қарай Тышқанқұм және Сеңгірқұм массивтері, ал Оңтүстік­шығысына таман Түйесу құмды массивтері 15­тен 37 километрге дейін созылып жатады, көлденеңі 4­10 километрге дейін болады. Мұндағы жер бедері шағылды­қырқалы­ойпатты, қырқалы­шағылды­ ойпатты және төмпешікті­ойпатты келеді. Төмпешіктер мен қырқалардың салыстырмалы биіктігі 5­10 метрден 20­25 метрге дейін. Олардың аралығының мөлшері 5­тен 150 метрге дейін жететін, диаметрі мен тереңдігі 6 м шамасында үрлеме қазаншұңқырлар пайда болған. Оңтүстік Маңғышлақ үстірті – Оңтүстік Маңғышлақ үстіртінен (оның шығыс бөлігін Кендірлі­қаясан деп те атайды) және жер бедері жағынан ұқсас Түпқараған түбегінен құралады. Оңтүстік Маңғышлақ үстіртінің жер беті неогеннің қатып қалған әктасынан құралып, солтүстіктен Оңтүстікке қарай ылдиланған. Оның белгісі Таулы Маңғышлақ маңында 300 метрден Кендірлі­қаясан үстіртінің Оңтүстік бөлігіне қарай 60 метрге дейін біртіндеп төмендейді. Үстірттің орталық бөлігі жер бедері мен тереңдігі әр түрлі мөлшердегі су ақпайтын ойпаттан құралған. Олар Таулы Маңғышлаққа параллель солтүстік­ батыстан Оңтүстік­шығысқа қарай бағытталған екі қатарлы тізбекпен созылып жатады. Солтүстіктегі қатарының ойпаты онша терең болмайды, оларға Түнқарақшы, Өзен, Қарамандыбас, Асар ойпаты жатады, ал Оңтүстік қатары едәуір терең болады, олар: Қарақия, Қауынды, Бесқұрлы – Жезқұрлы және Шағала сор ойпаттары. Түбі едәуір шұңғыл учаскелерді қоқыс басқан. Ең ірісі Қарақия ойпаты. Оның тереңдігі де едәуір – 132 м. Оның жыралы өңірінің биіктігі 1902­30 метрге жетеді, ені 4 метрге дейін болатын жылжымалы террас көп мөлшерде ұшырасады. Оның солтүстік жағынан Торты аңғары қосылады, ол Шетпе сайынан басталып, Куйбышев және Ащы сайлары жағына қарай созылып жатады. Оңтүстік Ембі жазығы – Ембі өзені алабы мен оның Оңтүстігі, Оңтүстік­ шығысынан бастап, Үстіртке дейінгі территорияны қамтиды, оған Өліқолтық сортаңы мен Қарақұм құмды массиві енеді. Жазықтың шығыс және солтүстік­шығыс бөлігінде бор шөгінділері көбірек. Бұл жердің абсолюттік белгісі 50­100 м. Жазықтың бетін жапқан аңғарлар мен Доңызтау, Желтау және басқа да толып жатқан тау жұрнақтары жиі ұшырасатын суы жоқ сайлар тіліп өтеді. Тұзды күмбездері көп орталық және солтүстік бөліктерде көтеріңкі қанаттардағы «орын теуіп» жалаңаш қалған шөгінділердің созындысын бойлай симметриясы жоқ беткейлері айқын білінетін куэст тізбектер жасалады. Осыған байланысты мұнда куэсті­тізбекті жер бедері басым. Жазықта көбінесе сор болып келетін суы жоқ ойпаттар кездеседі, оларға көктемде еріген қар суы толады. Өзен аңғарлары мен салаларында жайылма және екі­үш жайылмалық террастар пайда болады. Ембі өзенінің аңғарлары мен салаларында құм массивтер бар. Олар аңғарлардың биік террасалары мен минералдық құрамы аллювиальдық құм құрамына сәйкес келетін биіктікте орналасқан.

Оставить комментарий