Жер бетіндегі супраментальдық көріністер

Шри Ауробиндоның соңғы прозалық шығармалары болып табылатын «Супраментальдық Көріністер» туралы деп аталатын сегіз эссесі алғашқы рет 1949-­1950 жылдары әр тоқсан сайын жарық көретін «Дене тәрбиесі бюллетенінде» жарияланды. Олар 1952 жылы «Жер бетіндегі супраментальдық көріністер» деген атпен кітап түрінде «Шри Ауробиндо Ашрам Пресс» баспасында қайта басылып шықты. Шри Ауробиндо Лайбрери Нью­Йоркте оларды 1953 жылы «Жарықтың Ақылы» деген атпен жариялады. Жолдау Журнал мен Ассоциацияға (Ашрамиың жастар спорттық ұйымына) өзімнің құттықтауымды жіберуім үшін мен «Дене тәрбиесі хабаршысының» осы санының жарық көруін пайдаланамын. Дей тұрғанмен мен осындай Ассоциациялардың өмір сүруінің тереңірек сырына біршама тоқталғым келеді және әсіресе осыған ұқсас ұйымдар мен осы тектес спорт түрлерінің немесе осында практика жүзінде қолданылатын дене жаттығуларының кең таралуы ұлт үшін қажеттілігін айтар едім. Үстірт түрде қарағанда олар жай ойын немесе сауық құру сияқты көрінеді және оларды адамдар ермек ету ретінде немесе денелік қуаттың сыртқа шығу мүмкіндігі (қозғалыстың табиғи инстинктінің көрінісі іспетті) немесе денсаулықты дамыту мен сақтау және дененің күші ретінде қолданады; бірақ олардың қасиеттері одан да көбірек: бұл жаттығулар әлемді қалыптастыру мақсатындағы, олардың саяси және әлеуметтік белсенділігін арттырудағы, біріккен адами қызметтің көптеген салаларын өрбітудегі адамдарға жоғары деңгейде пайдалы және қажетті қасиеттерді, қабілеттерді және қырларды дамыту үшін тиімді. Бұл пәннің ұлттық қыры деген нәрсеге мен ерекше назар аударуға шақырамын. Азат Үндістанның қайта орныққан мемлекеті ұлт өмірінің барлық салаларының дамуына қызығушылық таныта бастауда. Сөйтіп, енді ол бұрын жеке бастамалардың ауқымында болып келген салалардың басшылығына алып, белсенді ролді атқара бастауы ықтимал. Мысалы, ол ұлттың денсаулығының мықты болуы мәселесімен айналысып, оның маңыздылығын жаппай мойындау қажеттігіне қол жеткізуде. Осыған байланысты спорттық Ассоциацияларды, спорттың кез келген түрін және денені жетілдірудің басқа формаларын қолдау өте пайдалы болар еді. Бірақ қандай қажетті болса да денсаулықты, күшті және дененің сергектігін сақтаудан гөрі маңыздырақ нәрсе тәртіпті және моральдық тұрғыда шыңдалған және күшті мінез­құлықты дамыту және соған көмектесетін іс­әрекеттерді өрбіту болып табылады. Осы мағынада орасан зор құндылыққа ие болатын көптеген жаттығулар бар және осы салтты балалық шақтан, жас кезден және кейінірек тарату тек қана дене жағынан мықты және қуатты адамдарды тәрбиелеуге ғана көмектесіп қана қоймай, ол сонымен қатар батылдық, қуаттылық және бастамашылдық, мықты ырықты, жылдам шешімге келушілік пен іс­қимылға барушылық, қажетті нәрсені атқару және дұрыс түсінушілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру мен дамытуға көмектеседі. Ең негізгі нәтижелердің бірі ­ ментальдық ойдың тұрғысынан ешбір нұсқаусыз ­ ақ денеге не қажетті екенін пайымдайтын денелік инстинкті ­ мәндік сананың оянуы және ол денедегі, немесе ақыл мен кенеттен болатын ырықтағы жылдам сайтқа эквивалент болып келеді. Бұған қосатын дененің қозғалысының үйлесімді дамуын, дене күштерін рационал жұмсап отыруды және қуатты қалпына келтіріп отыруды қосуға болады. Осының бәрі біріккен іс­қимылдар мен маршировка және қатармен жүру сияқты жаттығулардың нәтижелері болып табылады. Олар жаттықпаған жеке денеге тән қуатты бекер құртатын, тәртіпсіз қозғалыстардың орнына келеді. Басқа бір ерекше нәтиже ­ спорттық рухтың биіктеуі. Отан жататындар ­ ақкөңілдік, төзімділік, барлығына назар аударушылық, өзіндік бақылау, ережелерге ынтамен қараушылық, адал ойын және теріс тәсілдерді қолданудан бас тарту, жеңіске жеткендерге, сәтті қарсыластарға және төрешілердің шешімдеріне ашуланбайтын, ызаланбайтын қатынаста болу. Бұл қасиеттер өмірдің өзінде түгелдей өзіндік құндылығы бар, бірақ спорт олардың дамуына тікелей және маңызды көмек көрсетуі мүмкін. Егер олар жеке адамдардың бастарында ғана емес, бүгінгі таңда қарама­ қарсы үрдістер белсенді бола түскен ұлттық және халықаралық өмірде кеңінен тарала түссе, онда біздің қобалжулы әлеміміздегі тіршілік үйлесімді бола түсер еді және әлем өте мұқтаж болып отырған келісім мен до с көңілдіктің өрбуіне мүмкіндіктер пайда болар еді. Тәртіпке, бағынуға және біріге жұмыс істеуге деген әдет одан да маңыздырақ, өйткені бұл қасиеттерсіз табысқа жету мүмкін емес, ал енді кейбір ойындарда олар қажетті шарттар болып табылады. Өмірде, әсіресе ұлттың тіршілігінде, басқара отырып біріге іс­қимылдар жасауға бағыну қабілеттері табыстар, жеңістер немесе мақсаттарға жеткізуді алып келетін қызметтердің түрлері сан алуан. Көшбасшының, капитанның рөлі зор. Оның басшылығының күші мен өнері, өзінің ізбасарларының алдында сенімге ие болу қабілеті зор маңыздылығы бар, бірақ басқалармен біріккен біртүтас ақыл мен дене кейпіне бағына отырып іс­қимыл жасауға үйренбей бұл жолмен жүру кез келгеннің қолынан келе бермейді. Қатал жаттығулар, тәртіпке дағдылану мен бағынуға бейімделу жеке еркіндікпен сыйысушылық танытады, ол көбінесе оны дұрыс пайдаланудың қажетті шарты, ал тәртіп те онымен сәйкес келеді және ол оны дұрыс қолданудың, сақтаудың және өрбітудің негізі болып келеді. Мен бұл жерде денелік жаттығулардың маңыздылығы мен олардың кейбір қажетті қасиеттерді дамытатынына назар аударып отырмын. Оларға жоғарғы деңгейде ие болған ұлт прогреске, жеңіске, табысқа және ұлылыққа жетуде күшті бола түсері ықтимал, ол сонымен қатар біз адамзат болашағына үміттендіретін үйлесімді әлемдік тәртіп пен бірлікті орнатуға үлес қосары анық. Дененің жетілуі Дененің жетілуі ­ біздің қолымызда бар құралдармен қол жеткізген жоғарғы жетілу ­ дене мәдениетінің жоғарғы мақсаты болуы тиіс. Жетілу ­ кез келген мәдениеттің шынайы мақсаты: рухани, психикалық, ментальды және витальды салалардың, сондықтан ол денеліктің де жоғарғы мақсаты болуы керек. Егер біз тіршілік иесінің тотальды жетілуін іздесек, онда оның денелік жағы ұмытылмауы керек, өйткені дене ­ біз қолдануға тиіс материалды базис, сайман, ол ежелгі санскриттік қанатты сөздерде айтылғандай Дхарманы жүзеге асыру құралы. Ал Дхарма дегеніміз біз өзімізге елестете алатын мұрат және сонымен қатар оны жүзеге асырудың заңы. Тотальды жетілу ­ жоғарғы мақсат және оны біздің алдымызға қоямыз, өйткені біздің мұратымыз ­ бұл біздің қалыптастырғымыз келетін және Жер бетінде материалдық универсум жағдайында өзінің рухани өзгерістері өтетін Құдайлық өмір. Бірақ дегенмен ол егер дененің іс­қимылы мен тіршілігі өзіне қажетті жоғарғы деңгейдегі қабілеттілік пен жетілуге жетпесе мүмкін емес нәрсе болып табылады. Мен алдыңғы жолдауларымда ақылдың, өмірдің және дененің, сонымен қатар біздің мақсатымыздың құрамдас бөлігі болып келетін физикалық сананың салыстырмалы түрдегі жетілуі туралы айтқан болатынмын. Оның мәндік элементі ­ дененің өзінің дұрыс дамуы: алдымен денсаулық, күш, сергектік керек, бірақ денелік қалып та барынша жақсы болу керек. Біздің Ашрамда әр түрлі дене жаттығуларын қолдана отырып осы қасиеттердің оянуы мен дамуына ерекше көңіл бөле бастадық. Материалдық әлемдегі Құдайлық өмір міндетті түрде тіршіліктің екі жағының қосылуын қалайды: рухани биіктікті және материалдық жақты. Рухтың биігіне көтерілетін материядағы жан мен өмір базисі өзінің іргетасын лақтырып тастамайды, ол биіктік пен тереңдікті біріктіреді.

Читайте также:  АҚШ-ТЫҢ «ДЕ­МОК­РАТИЯ­ЛЫҚ ИДЕЯ­ЛАР­ДЫ ТАРАТУ» ПРИН­ЦИПІ

Рух өзінің барлық Жарығымен материяға қарай төмендейді, бірте­бірте Құдайлық бола түскен әлемдегі өмірді өзгертеді және толықтырады. Табиғаттың белгілі бір қасиеттеріне ие болған материя өзгерістерге барынша қарсылық көрсетеді және ол өзі де Рухтың формасы, белгілі бір сайманы бола тұрып Рухты тұсаулай түсетін кедергіге айналады. Құдайлық өмір өзгеріске қабілетті ешнәрсені жоққа шығармайды, ол материяның қуатын, оның қабілеттерін, тәсілдерін жоққа шығармайды, ал есесіне олардың жасырын мүмкіндіктерін анықтайды, асқақтатады, олардың ішкі Құдайлығын ашып береді; барлығы да жинақталады, асқақтатып, абсолютті түрде жетілген етіледі. Білімге ұмтылғанмен ақыл әзірге көр соқырлау болғандықтан ол жоғары көтерілуге тиісті және Супераментальдың Нұры мен Ақиқатына ендеуі керек және одан кейін ол сайман өз мәні бойынша Жоғарғы Ақиқаттың көрінісіне алмағанша, тіптен, оның барлық сыртқы қозғалысының өзінде біздің ойлау жүйемізді, қабылдауымызды, толтыру үшін төмен түсуі тиіс. Бұрын рухани ізденушілер денені рухани жетілудің құралы және рухани өзгерістің өрісі ретінде емес, кедергі ретінде, жеңуге тиісті нәрсе ретінде қарастырған. Оны материяның дөрекілігі үшін және өтпес қарсыласу үшін жазғырды, ал дененің шектеулілігі өзгеріссіз дүние және өзгерісті мүмкін емес ететін ретінде түсінілді. Бұның барлығы өйткені өзінің шекаралары бар өмірдің қуатымен ғана бағытталатындай және оның денелік белсенділігі қоршаған ортаның көптеген жетілмеу бүлдіріледі; дегенмен жүйке қызметі арқылы сана түбіндегі іргелі іс­қимылымен және оның жасырын қимылдағы жасушалары мен тканьдерінің көмегімен жандана түскенмен ол өзінше алғанда материяның санасыздығымен және үдеуіне тәуелді және оның оянуы жарым­жартылай ғана. Күші мен сұлулығының ең толық дамуының өзінде ол дегенмен материалдық бей саналықтың гүлі екені анық, оның өсіп­өніп шыққан топырағы оның күшінің молаюына және өзінің шеңберінен шығу әрекеттеріне көбінесе кедергі қояды. Бірақ егер Жер бетінде Құдайлық өмір мүмкін болатын болса, онда дененің қызметінің өзгеруі мен кеңеюі де мүмкін. Жеке тұлғаны тәрбиелеуге арналған спорт пен дене жаттығулары балалық шақ пен ерте бозбалалық кезеңнен оның әлеуеттік мүмкіндіктерін ашу мен толық дамытуға арналған. Дененің даралығын есепке алып отырған үйлесімді адами жетілу үшін қолданылатын құралдар мен тәсілдер ақылдың, ерік­жігердің, өмірдің және тағы басқа құралдардың өзгеруіне көмектесуге арналған. Дененің өзінде осы тәсілдермен қол жеткізуге болатын біліктіліктер ­ бұл, алдымен, табиғи қабілеттер мен қасиеттерді нығайту болса, екіншіден, ақылды, ерік­жігерді, өмірлік қуатты, импульсті және біздің нәзік денелік сипатымыздың инстинкт талап ететін қызметтер үшін оның тамаша құрал ретіндегі ашылуы адам табиғатында өте маңызды элементке айналады. Денсаулық пен күш ­ дененің табиғи жетілуінің басты шарттары; бұлшық еттердің, басқа мүшелердің күші және физикалық орнықтылығы ғана емес, сонымен қатар денедегі біздің жүйкелік пен нәзік физикалық бөліктердің қимылға ұшырататын нәзік, қозғалғыш, пластикалық, әрқилы күші. Өмірлік қуаттарға шақыратын одан да зор динамикалық күштер бар ­ ол денені әдеттегі жағдайларда қабілетті емес және бара бермейтін ұлы істерге және әдеттен тыс ерлік ­жігерге итермелейді; сонымен қатар, ақыл мен ерік­жігерді құпия билігі бар күштер қанаттандырады. Біз олардың шығу тегін білмей­ақ қолданамыз, олар бізді қолдана отырып ұстаз және дем беруші ретінде телуге болады. Біз қанаттандыратын, қызықтандырып және жаттықтыратын табиғи қасиеттердің арасынан әр түрлі іс­қимылдардың ішіндегі тұрақтылықты атауға болады: жарыстағы шапшаңдық, шайқастардағы ептілік, альпинистің жігері мен шыдамдылығы, солдатта, теңізшіден, саяхатшыдан немесе зерттеушіден талап етілетін орнықтылық сияқты адамның денелік өмірінің сан қырлы жақтары жатады. Олар өмірдің әр түрлі жағдайларында көрініс табады. Дененің барлық сынақтарға дайын болуы сияқты қасиеті кез келген адамның қол жеткізген іс­әрекетінің нәтижесі бола алмайды, бірақ ол кеңейтілген және көп қырлы дене тәрбиесінің және тәртіптің арқасында бүкіл адамзаттың жетістігі болып табылады; ол үшін спорт пен әр түрлі жаттығулар тиімді дайындық болар еді және ол біріккен іс­қимылға, қимылдарға, тәртіпке үйретеді, дара ерік­жігерді, ақылды, қабылдаудың жылдамдығын дамытады, ал дамыған өмір қуаты және асқақтаған импульстер нағыз дараланған лайықты жаттықтырушы болар еді. Барлығы да дененің табиғи қасиеттерінің біздегі тұжырымдамасына және оның ақыл мен ерік­жігерге қызмет етуге жарамдылығын танытатын оның тотальды жетілуі тұжырымына енуі тиіс. Бұл жетілудің екі жағдайы бар: денелік сананың толық оянуы қалай жүзеге асады және оның әлеуеттік мүмкіндіктерінің жан­жақты айқындалуы. Форма мен дене өзінің шығу тегі бойынша, әрине, бей саналықтың туындысы және ол барлық жағынан сонымен шектелген, бірақ ол ондағы жасырынған Білімнің, Күштің және Ананданың өсетін жарығының санасына байланысты. Біз оны өзінің адами эволюциясында жеткен нүктесінде қабылдаймыз және оны барынша толығымен игереміз, сонымен қатар бұл эволюцияны жеке темперамент пен табиғат күшінің мүмкіндік берген деңгейінде өрбіту керек. Болмыстың барлық түрлерінде бей саналық белсенді немесе өзінің көрінісінде тапталған үдеуі байқалған күштер әрекет етеді, адами жеке тіршілік әлемінде ол жартылай ояу әлеуетімен, жартылай ұйқыдағы немесе жасырын күйінде басынан саналы; бұл тіршілік иесінде оянған нәрсені біз толық саналы етуіміз керек; ал жасырын нәрсені айқындап, дамытуымызға тиістіміз. Денелік сананың бір қыры деп физикалық дүниеде өзінің жұмысын ақылдың ешқандай араласуынсыз, оның бақылауын атқаратын автоматтық қимылдар танылады. Егер бұл қимылдар белгіленетін болса, онда ақылдың саналы түрдегі араласуы жүзеге асқанша олар өзгеріссіз, басқарусыз, автоматтық түрде қалады. Ақылмен басқарылатын басқа қимылдар бар. Олар ой немесе ерік­ жігер арқылы бағытталмаған өзінде де автоматтық және қателіксіз түрде әрі қарай жүзеге асатыны байқалады. Ұйқыда жатқанда да әсер ететін және сол арқылы сергек зердеге құндылығы бар әрекеттер де кездеседі. Бірақ маңыздырақ нәрсе жаттыққан және дамыған автоматизм, барлық сезім құралдарының ­ көз, құлақ, қол және басқа мүшелердің кез келген үнге жауап беруге жетілген қабілеттері, дамыған кенеттен болатын қимылдар, ақыл мен өмірлік қуат танытатын талаптардың барлығына сәйкес келу. Әдетте, бұл осы деңгейде жететін жетістіктің ең жоғарғысы. Егер біз осы шамадан бастасақ, онда оған сәйкес келетін құрал және әдістермен шектеліп қаламыз. Ал үлкендеу нәтиже үшін біз Рухтың қуатына, Құдайлық қуатқа зер саламыз, яғни дененің жетілуіне қол жеткізетін Нәрсеге ден қоямыз. Әлбетте бұл деңгейдегі физикалық құралдармен ғана атқарылатын істердің барлығы да сенімді емес және шектеулі; тіптен жетілген денсаулық және дененің күші деп жүргеніміз сенімді емес және ол кез келген уақытта ішкі ашу­ызаларымыздан немесе сыртқы соққылардан тас­талқаны шығуы мүмкін. Тек шектеулердің жойылуы арқылы жоғарырақ және тұрақты жетілуге келуі мүмкін. Поэтикалық шабыттың Рухтың таза ментальды әрекеті болғаны сияқты мидың жауап беруші тербелісі бар, оның ақылдың, көзқарастың, жарық пен сөздің күші бар каналы ретінде ашылуы, яғни өзінің жолын жетілуді іздеу арқылы жүзеге асуы көрініс береді. Егер ми шаршайтын болса немесе кейбір кедергілермен қараңғыланатын болса, онда не шабыт келмейді және ешнәрсе жазылмайды, не жоғарғы шабыттың орнын оның болар ­ болмасы басады, не ми азырақ нұрланған қызығушылықтарға жақын болуды тауып алуға бейім болады, не ол еңбек ете отырып поэтикалық жасанды дүниелерге жақын болады, соның нәтижесінде шығарма табысқа жете алмайды және кейпі ғана ұқсас дүниелер жасалынады.

Читайте также:  Нарративты қызмет және білім легитимациясы

Тіптен таза ментальды іс­әрекеттің өзінде дене құралының жоғарғы жаттыққандығы немесе қиындыққа дайындағы ­ қайталанбас шарттардың қатарына жатады. Ол дененің тотальды жетілуінің бөлігі. Эволюцияның пәрменділігінің белгісі және мәндік мақсаты – бей саналық универсумдағы сананың көрінісі мен өрбуі және ол сонымен қатар тіршілік иесінің күші мен нұрының дамуы; форманың дамуы мен қызмет етуі және тіршілік үшін қабілеттілігі қажетті дүниелер болғанмен бірақ олар барлық мағынаны қамтымайды. Сананың бірте­бірте оянуы және оның басқа деңгейге асқақтай түсуі, көзқарас пен іс ­ қимылдың кеңейе бастауы ­ біздің тіршілігіміздің мақсаты болып табылатын жоғарғы жетілуге қозғалысымыздың шарты болып табылады ­ бұл сонымен қатар дененің тотальды жетілуінің шарты болары анық. Біздің білетіндіктен жоғарырақ ақылдың жоғарғы деңгейлері бар. Біз соларға бір кезде көтеріліп, әрі қарай Рухани жетілудің шыңдарына жетуге тиістіміз. Көтерілген соң біз өзіміздің төменгі деңгейімізді байқаймыз да Hұp мен Күштің жоғарғы пәрменділігімен толықтырамыз. Денені Рух Нұрының рәмізі мен мөрі, толық саналы құралы ету керек. Рухтың бақылауы күшейген сайын, оның пәрменді іс ­ қимылының жетілуі мен ауқымы өскен сайын қызмет етуі де көбейе түсуі керек. Оның бәрі шынайы өзгерістер, яғни ақылдың, өмірдің және дененің өзінің өзгерістерін жүзеге аса алмайды, ол соның арқасында агентке және серіктеске айналады. Біздің эволюциямызға қарай жасырын қозғалып келе жатқан өзгерістер мен Жер бетіндегі Құдайлық өмірдің тұтастай онсыз жүзеге аса алмайды. Ынжық және жеткілікті саналы емес денені материалдық қызметтің соңғы және ең төменгі құралы ретінде қолдана отырып Рух біршама жетістіктерге жетуі де ықтимал, бірақ ол нағыз жетілген дүние бола алмайды. Толық саналы дене материалдық трансформациялану процесі мен дұрыс әдісті табуға көмектесіп, қалыптастырар еді. Ол үшін Жоғарғы Нұр, Күш және Рухтың шығармашылық шаттығы жекеленген сананың шыңында көрініс бергені және төменге, денеге өзінің бұйрығын жіберу қажеттігі күмәнсіз. Бірақ дегенмен ол өзінің өзіндік ашылуының әдеттен тыс бөлігін жүзеге асыруы мүмкін. Осынысымен ол тіршілік иесінің интеграл трансформациялануындағы қатысушы және агент болары анық және сонымен қатар дененің тотальды жетілуінің бөлігі, белгісі және куәсі болатыны белгілі. Егер сананың көрінісі мен өсуі ­ эволюцияның негізгі себебі және оның жасырын мақсатының кілті болса, онда бүл эволюцияның өзінің табиғаты бойынша ол тек қана қабілеттердің кеңеюін ғана өзінің құрамында ұстамауы тиіс, сонымен қатар ол жоғары деңгейлерге көтерілуді, яғни мүмкін деген биіктердің ең жоғарғысына шығуды білдіреді. Материалдық универсумды жасай отырып сана бей саналықтың инволюциясын ең төменгі деңгейлерден бастайды. Оны біз материяның өзінен, көр соқырлық арқылы танылатын құбылыстардан байқаймыз. Дегенмен оның өзі үнемі дамып отыратын білім және үлкен Нұрдың жетістігі, еріктің ұйымдасуы мен тиімділігі және барлық тұқым бойынша берілген және жүре қабылданған қасиеттердің үйлесімде болып есептеледі. Ол түбінде өзінің қабілеттерінің толықтығына, кемелдікке жететін нүктеге жетеді және ол енді көр соқырлық байқалмайтын жағдай мен қимылды білдіреді және ондай Білім оз Ақиқатының нағыз қожасы болатын және ешқандай шектеулер мен ауытқушылықтарға бой алдырмайтын табиғи көзқарас пен күшке ие болады. Егер шектеулер болатын болса, онда ол өз еркімен орнатылған шымылдық сияқты болып келеді және оның ар жағында сана Уақыт келгенде Ақиқатты таныту үшін сақтайды және оны босқа іздеп жатуды қажет етпей керек кезінде шығара да алады. Табиғаттағы өзінің эволюциясының жолына сәйкес форма жасап, тікелей қабілеті жететін жетілулерге қол жеткізер еді және Рух пен Табиғаттың Ақиқатына ие болу жолына түсер еді. Бұндай сананың қимылында Ақиқат қадамдарының саналы, көреген және ерікті автоматизмі болуы керек және ол бей саналы немесе соған ұқсас Күштердің күнәсіз автоматизмін ауыстыруы тиіс. Ол тәртіпті универсумның бостық кереметінен шығара алады, Жетілуді мүмкін ететін Болмыс көрінісіндегі жаңа тәртіпті қалыптастырады. Сөйтіп, Жоғарғы тотальды өзгерістер мүмкіндіктер көкжиегінде пайда болады. Егер бұл күшті материалды әлемге телитін болсақ, онда біздің ғасырлар бойғы адами және дара жетілулер, нәсілдің, қоғамның жетілуі, өзін­өзі берік ұстай білуі, табиғат күшін басқару мен қолдану жөніндегі армандарымыздың толық жүзеге асқанын көруге болады. Осы адами өзін­өзі жүзеге асыру шектеулердің сыртына шығып Құдайлық өмір сипатын алуы мүмкін. Материя ақылдың күші мен нұрын қабылдап, паш еткеннен кейін Рухтың жоғарырақ Күші мен Нұрын өзіне тартады, өзінің бойындағы табиғи денесінен бей саналықты алып тастап, жетілген саналы дүниеге айналады. Дененің бойындағы денсаулық пен күштің тұрақтылығын Рух Ерік пен Күш арқылы қолдап отыра алады; дененің барлық қабілеттері, физикалық сананың барлық күші өзінің максималды шегіне жететін еді және олардың мүлтіксіз іс­қимылы қамтамасыз етілері анық. Құрал ретінде дене толық қабілетке ие болып, одан талап етілген нәрселердің барлығына дайын екенін, яғни қазір мүмкін болған нәрселердің барлығынан жоғары дүниелерді танытар еді. Ол Рухтың нұрының әсемдігін тарата отырып, ашықтан ашық Жоғарғы Ерік пен Рақаттанудың тасымалдаушысына айналары сөзсіз. Шынайы Руханилықты өзіне жинақтаған ол еркіндікке шыққан рухани санадағы және тұрақты дірілдеген күйдегі ақылдың, өмірдің қуанышы мен материяның бақыты іспетті. Бұлардың барлығы бірден келе қоймайды, бірақ мұндай нұрлану Құдайлық Күштің, Нұрдың және Ананданың біздің болмысымыздың шыңында орналасқанда ғана мүмкін және ол төменге ақылға, өмірге және денеге әрбір торшаны нұрландыра, барлығындағы сананы оята отырып күшті жібереді. Бірақ жолдың ашылуы және жеке адамдағы ішкі қатынастар бірте­бірте жүзеге асады. Әр уақытта шексіз Рух дамитын табиғатты алып баратын үлкен биіктер, шектен тыс кеңістіктер алда болып отырады және еркіндікке шыққан қозғалысы Жоғарғы Шындықты, Жоғарғы тіршілікті, Сана мен Рақаттануды игеріп отырады. Бірақ ол туралы айтудың өзі ерте, ал жазылғандардың барлығы адами сананың барлық жеткен жері; оның осы күйік түрінде алдын­ала болжауға тәуекел етуге, ал нұрланған ойды түсінуге де болады. Шынайы Сананың қозғалысының осындай салдарларын және материядағы игерілуін эволюциялық еңбектердің ақтап алушы ретінде толық қабылдауға болар еді. Осы Рухтың жоғары қарай өрлеуші, асқақтаушы қозғалысында бір уақытта рухтанған Табиғаттың барлық өзгерістерді бойына жинақтаған төмен қарай қозғалысын да байқауға болады. Онда материяның, физикалық сананың, физикалық форма мен іс­қимылдың трансформациям жүзеге асар еді. Ол туралы біз тек тотальды ғана емес, сонымен қатар дененің жоғарғы жетілуі туралы айтуымызға болады. Мүмкін психологиялық өзгеріс, Табиғатқа Жанның үстемдік етуі, ақылдың Нұр принципіне трансформациялануы, ал өмірлік күштің ­ қуат пен тазалыққа өтуі нақты адам өмірінің ауқымынан тыс әлемге өту мәселесін шешуге алғашқы қадам және алғашқы жақындау болып табылады және Жер беті жағдайындағы Құдайлық, Асқақ адами және Супраментальды өмірдің алғашқы нұсқасын орнатуға ұмтылыс болары анық. Бірақ бұл Құдайлық денедегі Құдайлық өмірдің толықтығы және тотальды трансформациям емес, толық және радикалды өзгеріске де жатпайды. Ол әзірге толық адами емес, ол шын мәнінде хайуандық болып табылады, ол өзінің шығу тегі мен сипаты бойынша кейбір міндетті түрдегі шектеулерін болмыстың жоғарғы деңгейлеріне тели түседі. Көр соқырлық пен адасушылықтар арқылы шектелу трансформацияланбаған ақылдың іргелі кемшілігі болғаны сияқты, жетілмеген импульстер, қалаулардың болуы және болмауы арқылы шектелулер трансформацияланбаған өмір күші болғаны сияқты қойылған талаптарға жартылай сананың қатысының шектеулілігі, оның табиғи хайуандығының дөрекілігі мен таза еместігі трансформацияланбаған дененің кемшілігі болып табылады. Олар Табиғаттың жоғарырақ бөлігінің іс ­ қимылдарына кедергілер келтірмей жүре алмайды.

Читайте также:  Мәдениеттің тұрған жері

Дененің толық трансформациялануы негізінде Табиғаттың жаппай тотальды трансформациялануының шарты болуы тиіс. Қалай айтсақ та бұл тек бастамасы ғана және олар Құдайлық өмірді толығымен жүзеге асыра алмайды, бірақ ол жердегі өмірдің толықтай өзгерісі болмағанмен жаңа бағдары болып табылады. Ол үшін Супраментальды Шынайы Сананың егеменді басқаруы керек және оған Жоғарғы Биліктің принципі ретінде өмірдің барлық басқа салалары бағынуы тиіс. Одан олар өздерінің мақсатын көреді оның нұрынан күш алады және алға жылжиды. Алдындағы хайуандық кезеңдегі формасынан өзінің вертикальды кейпі бар өмірдің жаңа қасиеттерін танытатын, қозғалыс пен іс­қимылдың жаңа түрін көрсететін, ақыл мен ментальды тіршілік иесінің өмірлік принциптері үшін қажетті өзгерістері бар адам денесі қалай пайда болуына сәйкес Құдайлық іс­қимылдардың жаңа қасиеттері немесе деңгейлері бар, Шынайы Саналы болмысты танытатын, Супраментальды санаға жауап бере алатын, саналы Рухты паш ететін дене де пайда болады. Ал осы уақытта жер бетіндегі өмірдің рухтанатын барлық қозғалысын қабылдау мен сублимациялауға қабілеттілік, алғашқы хайуандық пен іс ­ қимылдарды трансформациялау немесе құтқаратын тазару, өзгеруге ұшырамайтын алып тастау, құралдық құрылым деп аталатын ұйымдар трансформациялау толық бақылауға бағынуы тиіс немесе тотальды өзгерудің нәтижесі болып есептеледі. Бұлардың барлығы белгілі бір деңгейде рухани күшке ие болғандардың өмірімен айшықталған болатын, бірақ бұл жаңа сананы, жаңа өмірді және жаңа табиғатты ұйымдастырудан гөрі ие болған қабілеттіліктің кездейсоқ немесе толық емес көрінісі іспетті. Осындай физикалық трансформацияның болашағы бар ма, өмірге сәйкес келу үшін оның шарықтау шегі қандай болуы керек, оны Жер ауқымынан сыртқа алып кетпей ме, оны Супра жерлік тіршіліктен шығарып тастамай ма? Супраментальдық сана дітте жоқ, ол сананың жоғарырақ деңгейіне ауысатын Күш, ол Жоғарғы Зердені жүзеге асыра отырып Рухани Тіршіліктің Ең Жоғарғы шыңына жетпей тыныштанбайды. Ол өз кезегінде адами және ментальдық деңгейден Оған қозғалатын сананың салаларын толтырмайды. Бұл қозғалыстарда дене нағыз жетілген формаларға және өз қабілеттерінің жоғарғы деңгейіне жетуі тиіс, сонымен қатар Құдайлықтың жетілген тасымалдаушысына айналуы керек.

Оставить комментарий