Жер реформаларын мемлекеттік-құқықтық реттеу

Жер құқықтық қатынастарының құрылуы мен пайда болуын тарихи аспектіде зерттеу, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын анықтау, реформалау процесінің маңызын, құрылымын негізін тануда қажетті мәселе болып табылады. Жер қатынастарын қоғамдық қатынас ретінде, әртүрлі құқықтық институттармен нормалармен оның ішінде , құқықтық, экономикалық, идеологиялық және олардың механизмі көмегімен ынталандыру арқылы реттелінеді. Мемлекеттің ұйымдық- құқықтық механизмі арқылы жер қатынастарын реттеуде оның басқаруы және жерді пайдалану мен қорғауы [1,147]. Жер реформаларын жүргізу барысында, жер құқықтық қатынастарын реттеу мәселесінде мемлекеттің және құқықтың ролі маңызды. Дегенмен, қарастырылатын қатынастарды, Кеңес кезеңіндегі мемлекеттік органдардың жерді пайдаланушылардың қызметіне шексіз түрде араласу құқығына ие болған кезең сияқты түсінуге болмайды. Керісінше, мемлекеттің ролі осындай түрдегі өткеннің қателіктерін жоюға, басталған реформалардың аяқталуына қолайлы экономикалық және құқықтық жағдайлар жасауға бағытталуға тиіс. Ресейде большевиктік биліктің орнауы жаңа жер-басқару негіздерін орнатты. Кеңес үкіметінің кезеңінде мемлекетке ұжымдық бағынушылық пайда болып, шаруалардың егіншілік жерлері мен өнімдерін мемлекет бөліп отырды. Мұндай бағыт ресми түрде шаруаларға берілген ауыл шаруашылық жерлерін мерзімсіз пайдалануға берілген құқық колхоздардың жер рентасын игеруін ауыстыру сылтауымен жүргізілді. Большевиктер жариялаған жер реформаларының үрдістері «жерді муниципализациялау» және территориялық өзін-өзі басқарудың орнына, «жерлерді ұлт меншігіне айналдыруға» және мемлекеттік билік монополиясына бағынатын ірі шаруашылық-басқарылатын агроқұрылымдар құруға бағытталды. Жергілікті еңбекшілер депутаттар Кеңесі жер- 83 № 1 (74) 2010 басқару органдарына айналды, олар Сталин кезеңінде басқару күшіне ие болып, субъективистік агросаяси шешімдерді қабылдайтын басқарушы партияның ұйымдастыру құрылымына бағынышты болды. Мұндай саясаттың нәтижелері жалпыға мәлім. «Постсталиндік» кезеңде мемлекеттік биліктің органдары көбінесе жер қатынастарының субъектерінің консерватизміне, экономикалық және құқықтық тиімділікті ұштастыра алмауына соқтығып отырды. Мемлекет қорынан экономиканың аграрлық секторына қомақты қаржы беріліп отырды. А.В. Чаянов, Н.Д. Кондратьев сияқты жақтастары бар аграршылдардың «өндірістік» ғылыми тобы жойылғаннан кейін, басқарушы партия саясатында аграрлық саланы мемлекеттендіру, ауылдарда волюнтаристік тұжырымдама басым болды. Кеңес үкіметі аграрлық дағдарысты жою үшін бірқатар қатаң нормативті-әкімшілік шаралар жүргізді. Сонымен қатар, азаматтық реформалаудың парламенттік жолын қабылдамай, құқықтық бағыт ретінде партияның жер мәселесі бойынша директивті нұсқауларын басшылыққа ала отырып, партиялық- кеңес басқару ұйымы, жерді капиталдандыруды жою (ЖЭС жылдарын есепке алмағанда) жолын таңдап, жаппай жерді ұлт меншігіне өткізуді және директивті мақсаттарға сәйкес шаруашылық субъектілерге пайдалануға беруді жариялады. Осының барлығы орыс қауымының теріс дәстүрлерін қабылдау еді, нәтижесінде осы жағдай кәсіпкерлікке тежеу жасады. Шаруа жерлеріне совхоз және колхоздар қалыптастырып және меншіктің екі түрін (мемлекеттік және кооперативтік) енгізудің партиялық-мемлекеттік тәжірибесін заңды түрде бекіту жер құқығы шеңберінде аграрлық кәсіпкерліктің тиімді мүмкіндіктерін толық ашуға мүмкіндік бермеді. «Кеңестік социализм» моделі Еуропада қалыптасқан нақты шаруашылық тәжірибесінен алшақтана бастады, өйткені шаруалардың мүдделері ескерусіз қалды. Территориялдық өзін-өзі басқару қарқыны бар ауыл территориялық қауымын жергілікті қатаң партиялық-мемлекеттік басқаруға алмастырды. Демократияға және шаруашылық кооперацияға зиянын тигізген әкімшілік-басқару саясатындағы волюнтаризм, әсіресе құқықтық салаға да әсерін тигізді. Әрине бұрынғы КСРО үкіметінде жер қатынастарын мемлекеттік-құқықтық реттеуде бірқатар оң бағыттары да қалыптасқан. Дегенмен, басқарушылық тәжірибесі уақыт талабына төтеп бере алмады, жер-құқықтық қатынастарын либерализациялау баяу түрде, қиындықпен енген еді. Мұның объективті және субъективті себептері бар. Биліктің партиялық-мемлекеттік механизмі, Ресей аграрлық саласының әкімшілік-әміршілік басқару тәжірибесіне тән белгілерді қабылдап, бюрократияландыру және бір сарындылық бойынша Ресейдегі аграрлық саясаттың, әсіресе ХІХ ғ бірінші жартысындағы мемлекеттік шаруаларды басқару бойынша тәжірибелерінің әлсіз көріністерінен де асып түсті [2,18]. Жергілікті Кеңес органдары шаруалардың жер үлестерін қатаң реттеп, егіншілік өнімдерін дайындауды орталықтандырды, сонымен қатар селоның қаламен байланысын қалыптастырды. Осылардың барлығы ауыл тауар өндірушілерді нарықтық қоғамнан шеттетіп отырды. Кеңес билігі тұсында жер мемлекеттік меншікте болды. Жер қатынастарының тек бір ғана нысаны-жер пайдалану танылды. Жер пайдаланушыға еш салық салынбастан тегін берілді және жылжымайтын мүліктік статусқа ие болған жоқ. Бұл мемлекеттің басты ресурстарының бірі ретінде пайдаланылатын жерлердің тиімсіз қолданылуына алып келді. 70 жж екінші жартысынан бастап, осы саясаттың өндіріске теріс әсерін талқыланып жаңа ұсыныстар жасалынды. Жаңа тәжірибелік нұсқауларды, экономикалық үрдістерді реттеудің басты құралы ақша айналымы болып табылады деп санайтын монетаризм жақтастары ұсынды. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы нарықтық экономиканың дамуы, мемлекеттің қызметінің ауқымының кеңеюін және экономикалық саладағы 84 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы оның ролінің күшею беталысын көрсетті. Сонымен қатар, экономикалық тиімділікке бәсекелестік нарықтық механизм жағдайында қол жеткізу жалпыға мәлім. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің мақсаты нарық механизмдерін түзету емес, оның еркін қызмет етуіне жағдай жасау болып табылады. Бәсекелестік мемлекеттің реттеушілік ықпалы мүмкін жерлердің барлығында қамтамасыз етілуі керек. Экономикаға ықпал ету үшін мемлекет түрлі құқықтық нормаларды пайдаланады: жоспарлық (ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқа да бағдарламалар, ақпараттық қамтамасыз етілу); қаржылық-экономикалық (салықтар, несие бойынша пайыздар, бағалар ж.т.б.); тетіктер: мемлекеттік тапсырыс, лимиттер және квоталар; инвестициялар. Мемлекеттік және әкімшілік реттеу негізінен меншіктің жаңа түрі сияқты жаңа экономикалық қатынастар және механизмдердің пайда болуы, дамуы және қызмет етуіне байланысты. Бұл дегеніміз экономика және өндірістің демонополизациясы, қорларды бөлу, сауда айналымы, басқару жүйесі, бәсекелестіктің дамуына алғышарт жасау. «Мемлекеттік-құқықтық механизм» термині Қазақстандық эколог-құқықтық мектебінде көп жағдайда қоршаған ортаны құқықтық қорғаудың теоретикалық мәселесін зерттеу кезінде қолданылады. Кезінде осы мәселе С.Б. Байсалов, А.Е. Еренов сияқты белгілі ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Табиғатты қорғаудың мемлекеттік- құқықтық механизмін олар «біздің мемлекетіміздің және құқықтың экологиялық функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін органдардың, мекемелердің, және заң құралдарының жүйесі» деп түсіндіреді [3,21]. Ал,С.Д. Бекишеваның пікірінше, қоршаған табиғи ортаны қорғаудың мемлекеттік- құқықтық механизмі және табиғат пайдалану бұл шаруашылық дамуындағы адамға және табиғатқа зиян келтірмеудің алдын алу, табиғи ресурстарды қайта тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қолайлы жағдайда ұстау бойынша тиісті мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ететін ішкі факторлардың, институттардың, құралдардың жиынтығы болып табылады [4,73]. Басқару үрдісі циклді түрде бірқатар бірін-бірі алмастыратын кезеңдерден тұрады. Олар: табиғи қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпаратты жинау, талдау және бағалау, ортаға әсер ететін факторлар және осы саладағы басқарудың субъектілерінің және объектілерінің қызмет етуі, шешімін қажет ететін мәселені анықтау, оның талдауы және соның негізінде шешім жобасын шығару, жобаны қарастыру, оның сараптама бағасы, қажетті органдар және ұйымдармен келісу, шешім жобасын бекіту (оны міндетті заңды күшіне енгізу), қабылданған шешімді атқаруды ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау. Жер құқығына қатысты нарықтық қатынастар жағдайындағы мемлекеттік-құқықтық механизмдер мәселесіне байланысты көзқарасты талдау қажеттілігі туындап отыр, себебі Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы маңызды өзгерістерге ұшырады. Сонымен қатар жер қорын және экономиканың аграрлық саласын мемлекеттік басқару (реттеу) саласында да өзгерістер туындады. Д.Л. Байдельдиновтың пікірінше, «экология аумағындағы мемлекеттік басқару» түсінігін қолдана отырып, оны «қоғамның қоршаған ортамен өзара байланысы кезінде экологиялық тәртіпті қамтамасыз етуге, экологиялық құқықтарды жүзеге асыруға және мемлекет субъектілерінің экологиялық міндеттерін сақтауға бағытталған мемлекеттік органдардың атқару-басқарушылық қызметі» деп сипаттайды [5,10]. Ә.Е.Бектұрғановтың пікірінше, «Жер нарығын мемлекеттік реттеу жер заңдарындағы кемшіліктерден өтуді талап етеді. Нормативті ережелер заңды сипатта болуы қажет, олар үкіметтің қаулыларында емес,тиісті нормативті актіде көрніс алуы қажет.Құқықтық актілердің ережелері белгілі құқықтар мен міндеттерді туындатуы қажет,заңды жауапкершілікті жеке тұлғалар үшін де мемлекеттік органдар үшін де нақты белгіленуі қажет» деген ұсынысты баяндаған [6,5-6]. 85 № 1 (74) 2010 Жоғары анықтамалар өте негізді, өйткені мұнда мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері-экологиялық құқықтарды және жеке, заңды тұлғалардың міндеттерін жүзеге асырудағы заңдылықтардың сақталуының қамтамасыз етілуі көрініс тапқан. Қазіргі кезде заң туралы әдебиеттерде және нормативті –құқықтық актілерде көбінесе «басқару» түсінігіне қарағанда «реттеу» термині жиі қолданылуда. Осыған байланысты, ғалымдардың пікірлері әр-алуан екенін ескерте кеткен дұрыс. Мысалы, Б.В. Ерофеев «экологияны пайдалануды және қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік орталықтанған басқаруы әкімшіл-әміршіл жүйесі бар тоталитарлық мемлекетке тән. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты мемлекет табиғи қорларға ғылыми дәйектелген бағаларды қою және тиімді пайдалануға жағдай жасайтын экологияны пайдалануға ақы төлеу, табиғи объектілерді пайдалануға тиімді салық салуды енгізу және оларды пайдалануға ынталандыратын қажетті жеңілдіктерді орнату жолдары арқылы экологияны тиімді пайдалануды экономикалық тұрғыдан ынталандыру қажет»деген пікірді айтты. «Көп уақыттан бері заң әдебиеттерінде басқару «қызмет» термині арқылы сипатталады, оның мәні басқару барабар түрде бекітілетін адам еңбегінің арнайы түрін білдіретіндігінде. Мұндай қызметтің мәні әкімшілік ерекшеліктерді орындауынан, заңды орындауға деген бағытынан, оларды жүзеге асырудан және ұйымдастыру шараларын өткізуден көрінеді. Басқарудың осы түсінігі авторитарлы бюрократияға жатады, өйткені бір жағынан басқарудың мақсаты туралы (нені және қандай мақсатта орындау қажет), және объективті нәтижелері туралы мәселе туындамаса, екінші жағынан құқықтық актілерді көптеп шығару және ұйымдастыру шараларын өткізу жолдары арқылы басқаруды сырт көзге ғана жасауға жағдай туғызады. Басқаруда адамдардың қызметі жүзеге асырылады және оны ұйымдастырудың күрделі мәселелері бар, бірақ «қызмет» термині басқарудың әлеуметтік мәнін, оның адамдар өміріндегі өзіндік ролі мен орнын ашып көрсетпейді. Басқаруда ашық және тәжірибелік реттеу жүзеге асырылады, онда әлеуметтік нормалар жарияланып, мойындалып, бекітіліп қана қоймай, нақты жүзеге асырылып, белгіленген мақсаттарға жетуде қолданылады. Сондықтан, басқару тікелей (өзін өзі басқару түрінде) және арнайы құрылған құрылымдар арқылы (мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, партиялар, фирмалар, кооперативтер, өнеркәсіптер, ассоциациялар, одақтар) адамдардың меншіктік, ұжымдық және топтық өміріне әсерін ұйымдастырушы, реттеуші болып табылады». Н.Б. Мухитдинов және К.Ж. Қуандықов су қатынастарына байланысты «мемлекеттік меншік құқығы» және «мемлекеттік басқару» ұғымдарының ара-қатынастары мәселесін қарастыра отырып, «мемлекеттік басқарудың ерекшелігі, белгілі бір даму кезеңінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда және құзырлы мемлекеттік органдардың басқару-атқару қызметін білдіреді, ол бір жағынан, заңдарды орындауға бағытталса, екінші жағынан билік органдарына берілген өкілеттілікті тиісті құқықтық актілерді шығару арқылы жүзеге асыру»- деп жазады. Жоғарыда келтірілген «мемлекеттік басқару» және «мемлекеттік реттеу» ұғымының ара-қатынасына байланысты көзқарастардың негізінде біз оларды бір бірін толықтыратын жақын ұғым деп есептейміз. Мемлекеттік басқару әкімшілік түрде ғана емес экономикалық әдістермен қатынастарды реттеудіде білдіреді. Яғни, мемлекеттік басқару кең мағынада құқықтың қатынастардың қатысушыларына ықпал жасайтын әдістердің бірі ретіндегі реттеуді білдіреді. Нарықтық қатынастардың жағдайында мемлекет қоғамдық қатынастарды тек экономикалық шаралар арқылы реттейді деген пікір шындыққа жанаспайды. Мемлекет табиғи қорлардың меншік иесі бола отырып, құқықтық қатынастарға қатысушыларға экономикалық шараларды қолдану арқылы тиісті нәтижеге үнемі жете бермейді. Мемлекеттің жазалау функциялары сақталады және 86 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы нарықтық қатынастар оларды қолдануға тыйым сала алмайды. В.В. Петровтың ойынша, мемлекеттің саяси билігіне сүйенген, жер қорларын мемлекеттік басқарудың мемлекеттік- билік сипаты бар, оның мақсаты жерді пайдалану және қорғауға мемлекеттік бақылау орнату арқылы жер заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету, жерді пайдалану және қорғау саласында шараларды жоспарлау. Яғни, жер реформаларын жүзеге асыру саласындағы мемлекеттік басқарудың ықпалы әр түрлілігі. Жоғарыда айтылғандарға байланысты жер қатынастарын реттеу саласына мемлекеттің араласуы, жер реформасының барысын басқару бұл объективті себептерге байланысты туындаған қажеттілік. Сондықтан да біз «мемлекеттік экономикадан нарықтық экономикаға өту мемлекеттің ролін өзгертеді» деген пікірді қолдаймыз. Мемлекет нарықты реттейтін, экономиканың төмендеуін және өркендеуін реттейтін келістіруші болуы қажет. Тек азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етудің жоғары деңгейі ғана мемлекеттің тәуелсіздігін нықтайды. Сондықтан да мемлекет құқықтық, әкімшілік және экономикалық тетіктер арқылы өзінің саяси мақсаттарында аграрлық секторға ықпал етеді. Мемлекеттік реттеу бұл мемлекеттің аграрлық секторға ықпал ету шараларының жүйесі.Жоғарыда баяндалғандын ескере отырып, біз кең мағынадағы мемлекеттік-құқықтық механизм түсінігін қолдануды ұсынамыз, өйткені мемлекеттің барлық саласындағы мемлекет қызметі қажетті құқықтық қамтамасыз етілумен қатар жүреді. Ұсынылып отырған түсінік жер реформасын жүзеге асырудағы мемлекеттің ролін ғана анықтап қоймай, осы механизмдегі құқықтың ролін және орнын көрсетуге, қарастырылатын саладағы экономикалық қайта құруларды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандар негізінде біз төмендегідей пікірге келеміз, жер реформаларын жүзеге асырудың мемлекеттік-құқықтық механизмі- жерге шаруашылық ету түрлерінің тиімді қызмет етуі үшін, жерді тиімді пайдалану және қорғау үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау мақсатында құрылған жер қатынастарын қайта құруға бағытталған, тиісті мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз ететін ішкі факторлардың, институттардың, құралдардың жиынтығы болып табылады. Бұл механизм бірнеше элементтерден тұрады. Біріншіден, жер реформасын жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдардың жүйесі. Бұл жүйе жер реформасына байланысты жер және басқа да заңнама нормаларын іске асыратын түрлі органдарға қатысты. Жоғарыда келтірілген органдардың ықпал ету объектісі болып тек жер қатынастары ғана табылмайды, сонымен қатар жерге иелік етуші субъектілер де жатады. Қарастырылатын механизмнің келесі бір элементі, жер қатынастарын реформалау үрдістерінің мазмұнын қамтамасыз ететін құқықтық нормалар жүйесі болып табылады. Ол, арнайы немесе «таза» жер –құқықтық актілер деп аталынатын нормалардан тұрады. Екіншіден, «экономикалық, азаматтық, нарықтық» заңнамалардың нормалары: жекешелендіру туралы; меншік туралы; өнеркәсіптер және кәсіпкерлік қызмет туралы; банктер туралы; салық жүйесі туралы; акционерлік қоғам туралы; монополияға қарсы қызмет туралы; банкроттық туралы; инветициялық қызмет туралы; кепілдік туралы. Олардың жалпы ережелері жер қатынастарын реттеуде де қолданылады. Бұл реттеу негізінен жер реформасының аграрлықпен өзара байланысы есебінен жүзеге асырылады, яғни жер-аграрлық қатынастарын реттеу арқылы. Үшіншіден, жер реформасы аграрлық реформамен тығыз байланыста болғандықтан, жер-құқықтық нормалары аграрлық-құқықтық актілерде де өз көрінісін береді: мысалы, шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық кооперативтері туралы заңдарда, оларға мемлекеттік қолдау көрсету туралы актілерде. Жер реформасының мемлекеттік-құқықтық механизмінің төртінші элементі жер қайта құруларды жүзеге асыратын саладағы басқару үрдісі болып табылады. «Ол 87 № 1 (74) 2010 органдар жүйесінің және құқық нормаларының жүйесінің қарқынын арттыруына, олардың белсенділік ерекшеліктерін таба отырып, мемлекетік басқару механизмдерін қозғалысқа келтіруіне байланысты қажетті болып табылады.

Читайте также:  Шыңғыс Айтматов. Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет

1 comment

  • Саламатсыз, дайын база бар
    + КУРСОВЫЕ (———- 2007 по 2018 гг.) 2,88 Гб — 7498 шт
    + ОТЧЕТЫ (———- 2007 по 2018 гг.) 585 Мб — 182 шт
    + ПРЕЗЕНТАЦИЙ (- 2007-2018г.) 1,45 Гб — 627 шт
    + РЕФЕРАТЫ (———- 2007 по 2018гг.) 1,04 Гб — 5485 шт