iRef.kz

ЖЕТІ ЖАРҒЫ — ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

Тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық дамуында мемлекет және құқықтық жүйенің эволюциясына қатысты мәселелер заң ғылымы айналымына тың деректер қосу арқылы зерделеуді қажет етеді. Қазақ мемлекеттілігнің қалыптасып дамуында дәстүрлі құқықтық жүйе құндылықтарының ролі өте зор. Сол кезеңдегі дәстүрлі құқықтық жүйенің ең көрнекті және толыққанды құқықтық ескерткіштерінің бірі Жеті жарғы заңдары. Егеменді Қазақстанның заң ғылымының деректік қорын молайта түсетін ауызша тарихтың құнды мәліметтерін пайдалана отырып, біз Жеті жарғы құқықтық ескерткішінің жаңа саяси әлеуметтік реттегіш қызметін атқарудағы құқықтық қырларын саралап, зерделеуді жөн көрдік. Ол үшін қазақ мемлекеттілігінің құқықтық даму тарихының ең терең қырларына шолу жасауды ұйғарып отырмыз. Қазақ хандығының тарихы бірнеше рет жоғары өрлеу мен бірнеше рет төмен құлдыраудан тұрады. Өкінішке орай осы үрдістің ішкі заңдылығы толық зерттелмегендіктен нақты пікір айту қиын. Дегенмен қазақ мемлекетінің саяси-құқықтық құрылымында қоғамдық өмірдің ерекше заңдылықтарына байланысты, кейде реттеліп, кейде реттеуге көнбей отыратын проблемалар бар екені айқын. Бұл айтылған мәселе әсіресе Қасым хан қайтыс болғаннан кейінгі дағдарыс мысалынан, немесе Есім хан қайтыс болғанан кейінгі беймәлім кезең арқылы түсінікті. Қалыптасқан тарихи-құқықтық зерттеу тәжірибесі осы аталған саяси дағдарыстарды мұрагерлік дәстүрлердің жетілмеген, яғни әлсіз жағдайымен түсіндіреді. Қалай болғанда да Есім ханнан кейін Қазақ хандығы тағы да ұзақ дағдарысқа түсті. ХYII ғасырдың басынан бастап қазақ жерінің солтүстік-шығыс алқабы тұтас ойрат тайпаларының қолына көшті. Біз қазақ қоғамындағы көптеген саяси әлеуметтік проблемалардың шығуына себеп болған қалмақ факторы туралы дерек берген жөн деп есептейміз. Дүрбен-ойрат атымен белгілі қалмақтың төрт руы (торғауыт, хошоуыт, дурбет, чорос) 1640 жылы Тарбағатайдың Улан Бұрға деген жерінде бүкіл моңғолдық және ойраттық ұлы кеңес ашып «Их цааз» (Цааджин бічік) заң ережелерін қабылдады. Осыған байланысты қалмақ ішіндегі ішкі мәселелер, жаугершілік біршама уақытқа байыз тауып, сыртқы мәселелерге түйген жұмырдықтай болып кірісті. Осы кезеңде ойрат одағының идеологиялық ірге тасын нығайтуға арқау болған тетік будда діні болды. Будда дінінің қалмақтық негізін салушы Зая-пандита ойрат халқының әліпбиін жасап, бұтханаларды қаптатып салып, ойрат шонжарлары арасындағы қым-қиғаш қарым-қатынастарда билік айтып, мәмлеге келтіріп, мемлекеттің саяси әлеуметтік реттеушілік қызметін аса көтерді. Ортақ діни түсініктер мен дін орындары, жазу мәдениеті мен кітаптар, ламалардың мемлекетті орталықтандыру үрдісіне қатысуы, саяси топтардың арасында араағайындық жасауы мемлекеттік биліктің күшеюіне және жаңа құқықтық құжаттардың тууына әсер етті. Осындай себептерге байланысты қазақ рулары ойрат соққыларының астында XVII ғасырдың 261 № 3 (76) 2010 ортасында оңтүстікке Түркістан өлкесіне қарай ығысып, Арқадағы жайлы өлкеге жаз жайлап барудың өзіне қауіптенді. Дулат ақынның «Ата қоныс Арқадан, басында қазақ ауғанда» дейтін «бастапқы ақтабан шұбырынды» аталған оқиға XVII ғасырдың ортасында басталады. Есім ханнан кейін хан тағына кімнің отырғаны белгісіз, бірақ 1652 жылы қалмақпен соғыста хошоуыт тайпасының жас тайшысы, он жеті жасар Галдаманың қолынан Есім хан баласы Салқам Жәңгір хан қайтыс болды. Осы оқиға қазақ билігінің дағдарысын көрсетеді. Хандық биліктің әлсіреуі себепті ел ондаған жылдарға созылған жүдеушілікке ұшырады. Сонымен қатар Қазақ хандығы әлсіреген сайын шығыс аймақта қалмақтардың күшейе түскенін байқаймыз. 1680 — ші жылдары ойраттар Галдан Бошогту хан бастап Түркістан өңірін шауып Сайрам қаласын қиратты. Қатарынан бірнеше жыл болған қалмақ шабуылдары қазақ елінің бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығармайынша өзге елдің жемі болып кететінін анық көрсетті. Осы уақытта қазақ билігіне әділдігімен, ақылдылығымен «Әз» атанған Тәуке хан келгенін деректер айғақтайды. Машһүр Жүсіп Көпейұлы жинақтаған қазақ шежіресінде «Салқам Жәңгірден кейін Әз Тәуке хан болды. Мұның өзі ақылды, табанды кісі болды. «Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды» дегендей халықты жақсы басқарды. «Күлтөбеде күнде кеңес» осы Әз Тәуке тұсында айтылған сөз» – деп Әз Тәуке билігіне тиісті бағасы беріледі [1,112]. Әз Тәуке сыртқы саясатта да, ішкі саясатта да қажырлы еңбек жасауы керек болды. Себебі көп жылдарға созылған дағдарыс Қазақ хандығының позициясын қай жағынан болсын әлсіретті. Әсіресе, шығыс бағытта қалмақ дәуірлеп күшейген уақытта мемлекетте жаңа саясат жүргізу керек еді. Ал ішкі саясатта қайта құру хандықтың әкімшілік жүйесіндегі рулық тайпалық компоненттерге биліктің бір ұшын беріп, әкімшілік аудан есебінде жүздердің орынын көтеру, ішкі басқару жүйесін жетілдіру. Біздің пікірімізше бұл мәселені Әз Тәуке әр жүздің орда биін сайлау, оларға ішкі саясаттың тізгінін беру арқылы шешкен сияқты. Осы құрылымды күшейту көшпелі рулардың түпкі мүдделеріне сәйкес келген деп есептеуге болады, себебі Еуразия көшпелілерінің үштік жүйесінің тамыры өте ерте замандарға бастайды. Үштік жүйе қашанда нығыз, мығым, орнықты жүйе. Ал үш жүзді ұлыс есебінде әкімшілік жүйеге келтіру және оның ішкі мәселелерін орда билеріне тапсыру ру басыларының жауаптылығын күшейтетіні сөзсіз. Осы кезеңнің тарихи — құқықтық сипаттай келе Н.И.Гродеков «все три орды ежегодно собирались для совещания (маслагат) на холме Мартубе (в горах около Сайрама)» — деп жазады. Бұл жиындарда қазақ мемлекетінің ең маңызды мәселелері — қай жерде қыстау, қай жерді жайлау, елдің тыныштығын қалай ұстау, қалай соғысу тағы басқа бүкіл ел болып ақылдасатын мәселелер талқыға түсті. Әз Тәуке ханның жарлықтарымен билік құрылымында бұрын үлкен орын алған ұлыстық жүйе екінші қатарға ысырылып, оның орнына бірнеше сатыға жүйеленген жүздік құрылым келді. Жүздік құрылымның негізгі элементі болып табылатын ру, тайпа жүйесі де қайта құрылып, көшпелілердің әуел бастан бар демократиялық тәртіптері де қайта жанданып, жалпы халықтық мәслихат, жиындар жыл сайын өткізіліп отырылатын болды. А.И.Левшин қалдырған деректерге қарағанда бұл жиындарға тек қарулы ер азаматтар ғана қатысуға құқықты еді. Оның тәртібі «Жеті жарғыда» нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен, Түркістан мен Ташкент маңындағы отырықшы халықтың өкілдерінен, қазаққа одақтас қырғыз, қарақалпақ сияқты халықтың басшыларынан құралған «Жеті жарғы». Зерттеушілердің көпшілігі «Жеті жарғы» құрамындағы қазақтың үш биін ерекше атайды. Н.И.Гродековтың жазбасы бойынша «В числе их было три знатных бия, по каждому из каждой орды: из Великой – Туле, из Средней – каз дауысты Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся, (звучным), из Малой – Айтеке» [2,25]. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына қатысты еңбектер жазған М.Тынышпаев жоғарыда келтірілген деректерді толықтыра түседі. Оның пікірі бойынша Тәуке ханның басты еңбегі қазақ елінің қоғамдық өмірін белгілі бір тәртіпке келтіргендігі: «Тауке…более замечателен своею административною и законодательною деятельностью. Слабые угнетенные роды Тауке соединил в союзы, чтобы последние могли противостоять против сильных родов. Для фактического управления подвластными родами назначили 6 биев: 1) в Старшей Орде — Толе Алибекова (дулат, отделение жаныс); 2) в Средней Орде — Казбека (Каз дауысты Казбек-арғын, каракесек); 3) в Младшей — Айтике (алим, торт-кара, внук знаменитого Джалантос-батыра Самаркандского); 4) у кыргызов-Кокым – бия Карашорина; 5) у каракалпаков – Саск-бия; 6) у катаган, джайма и других мелких родов — имя бия неизвестно. Далее отдельные роды, отделения, поколения 262 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы управлялись своими биями. Ежегодно, осенью бии на 1-2 месяца собирались у ставки Тауке, «Ханабад» на холму «Куль-тобе» на левом берегу реки Ангрен в 40 верстах на юг от Ташкента. В памяти народной собрания эти сохранились в выражении: «Куль-тобенің басында күнде кеңес», т.е. «на Куль-тобе собрания происходят ежедневно». Эти собрания носили характер и законодательный и судебный. Законодательные изречения, названные «Джеты-Джарга» были основаны на принципах правосознания, вытекающего из условий общежития кочевых родов… Большая часть дел решались биями единолично, но в важнейших случаях, не желая брать на себя ответственность за правильность решения, бии представляли свои предложения на одобрение собрания на Куль-Тобе» [3,162]. Қазақтың ауызша тарихына нақты сүйенген ғалымның дәстүрлі құқықтық жүйеге қатысты тың деректерді ғылыми айналымға қосуы заңды. М.Тынышпаевтың келтірген мәліметтері мен пайымдаулары әлі де толықтыра түсуді, зерттеуді қажет етеді. «Жеті жарғыға» кірген жарғыш билердің аты-жөні, ата-тегі, олардың ішіндегі жол тәртібі, жалпы «Жеті жарғы» жұмысын ұйымдастыру ісі, жоғары кеңеске ханның қатысы, оның әсері тағы басқа мәселелер аса құнды да, керекті деп есептейміз. Сонымен бірге «Жеті жарғының» саяси әлеуметтік өмірді реттеушілік қызметі де тереңдей қарастыруды қажет етеді. Жалпы құқықтық ұстанымдардың пайда болуы қашанда қоғамдық қажеттілікті реттеуден басталатыны айқын. Осыған байланысты біз «Жеті жарғының» ең алдымен Хан ордасы жанындағы жоғары заң шығару кеңесі деп атар едік те, оның ережелері кейіннен құқықтық өмірдің қағидаларына айналған болар деп тұжырым жасай аламыз. Сыртқы қауіптың жылдан жылға күшейуі себепті XVII ғасырдың 80-ші жылдары «Жеті жарғыны» қауырт шаруаны реттеуші, қалың жаугершілікке қарсы күш есебінде көреміз. Деректерде айтылғандай осы жылдары Қазақ хандығы қалмақтың үстемелеген соққысының астында қалды. Жоңғария әскері 1681 жылы Сайрамды алғашқы рет қоршады. Бір жыл айналмай жатып 1683, доңыз жылы, Галдан Бошогту Сайрамды қайта шауып, қазақтың екі сұлтанын тұтқынға алып, үлкен олжамен қайтты. Сол жылы күзде Орта Азияны (Әндіжан) тағы да шауып көп елді тоздырып жіберді. «Зая-пандита өмірбаянында» бұл оқиғалардың жалғасы былай суреттелген: «В году мыши (1684) он (Галдан Бошогту) разграбил (улус) Чукура, а также ходил походом на Андижиян. Когда он возвращался, то в (местности) Кокурин Шили разразилась буря. …Летом (Цеван) Рабдан (Галданның немере інісі – Ж.И.) выступив (в поход) разрушил Сайрам. Осенью года коровы (1685) (Бошогту) хан, отправившись в поход против Андижияна, возвратился, захватив в плен многих беков» [4,116]. Бұл жаугершілікті тоқтату үшін 1684 жылғы құрамында Тайкелтір би, Қазыбек би тағы басқа бар елшілік Жоңғарияға аттанды. Осы елшілік тиянақталған уақытта Тәшкент маңындағы қытай- қыпшақ жауынгер руларымен соғыс басталды. Осы жылдары Қазақ ордасына келген Ресей елшілері Скибин мен Трошин жазбаларында бұл оқиға туралы былай делінген [5,113]. Осылайша Әз Тәуке ханды қалың әскердің басында қытай-қыпшақтармен, жалпы өзбекпен жаугершілік ішінен көреміз. Қазақ және Өзбек арасындағы қарым-қатынастар 1687 — 1688 жылдары Бұқар ханы Субханқули ханмен келіссөздер барысында реттелді. Осы жылдары Бұқар ханының сенімді адамы Хошеке — аталық Түркістанға елшілікке келді. Сыртқы саясатта жүргізілген бұл шаралар бәрі де мемлекет билігін күшейту қажеттілігін аса өзекті тақырыпқа айналдырды. Бейбіт уақытта өз бетімен кететін көшпелі елдің басшыларының «Күл төбеде күнде кеңес жасап», Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысында» билік айтып, ханның дәрегейіне бағынып тұруын осылай түсіндіреміз. Кейбір жазба деректерге қарағанда осы кезеңдегі ірі мәслихаттардың бірі 1710 жылғы Қарақұм (Арал Қарақұмы) кеңесі. Бұл кеңес туралы ресейлік елші Гавердовскийдің жазбаларында айтылады [6,97]. Егер географиялық орналасу жағдайына келсек Қарақұм Ұлытаудан батысқа қарай орналасқан қысқы қонысқа өте жайлы жер. Қарақұмның солтүстік бұйраттары Н.П.Рычковтың жазбаларында айтылатын Ақсақал Барбы көліне ұштасады. Қазақ аңыздарында айтылатын Су аяғы құрдым да осы жерде. Себебі Арқа атырабының Ырғыз, Торғай, Өлкейек тағы басқа сияқты сан жетпейтін ұсақ өзендері осы аса үлкен көлге құйылады. Деректерге қарағанда ХҮІІІ ғасырдың басында Ақсақал Барбы дариядай шалқып жататын үлкен көл. Дәстүрлі құқықтық жүйеге қатысты Я. Гавердовский жазып алған қазақ аңыздарында бұл ұлы кеңеске негізінен Кіші жүздің билері мен батырлары қатынасқан. Кіші жүзден бірнеше атаның ғана өкілдері болды делінеді. Ал Ұлы жүзден қатысушылар болды дегенді деректер айта 263 № 3 (76) 2010 қоймайды [6,99]. Дегенмен қазақтың ауыз екі әңгімелерінде Тәуке ханның кезінде қазақтың таңдамалы тоқсан би сөз сөйледі делінетін кеңестер болған. Мұндай кеңестерде билердің сөзінің арқауы мемлекеттің тағдыры, болашақтағы саяси — құқықтық даму, заңдарын реттеу, әскерін дайындау, сыртқы елдермен бәтуаға келу, не жаугершілікті діттеу, жазғы жайылымы мен қысқы қонысын ақылға салу, елдің ымырасын бекіту туралы болмақ. Осы кезеңде Батыстан қаһарын төккен Ресей, Шығыстан амалдап, айлалап жылжыған Қытай, олардың артында мұз темірге құрсанған, қару-жарағын оқтаған басқа да елдер. Осы екі алпауыт империядан басқа Қоқанд, Хиуа, Бұқара әмірлігі, сонымен бірге көшпелі, немесе жартылай көшпелі қарақалпақ, калмақ, башқұрт, түркімен елдері қазақ халқының сыртқы саясатына белгілі дәрежеде әсер ететіні белгілі. Осы сыртқы саяси ықпалдың ішінде аса қауіптісі Ресей мен Қытай болғаны анық. Көне дәуірден бастап Еуропа мен Азия құрлықтарын қатар бағындырып, көптеген жорықтардың ұйымдастырушысы болған, отырықшы елдерді төменшіктетіп, тізе бүктіріп қоятын қайрат көшпелілерде қарастырылып отырған дәуірде қалған жоқ. Орталық Азия сахарасында соңғы көшпелілердің екі өкілі қазақ пен қалмақ халықтары қасқырдай алысқан заманы туды. Сыртқы қауіп — қатердің ұлғайғаны себепті көшпелілерге таңдау мәселесі туындады, бұл не тәуелсіздік үшін күресіп қырылып қалу, не елшілік пен ымыралық жолын ұстап, халықты,мемлекетті аман сақтау. Қарақұм кеңесі сияқты қазақ игі жақсылары жиналған кеңестер елшілік жолын ұсынды. Сол себепті ХYII-XYIII ғасырларда біз Тәуке ханның батыста Ресей, шығыста Жоңғария, оңтүстікте Бұқар хандығы бәріне де елші жіберіп бейбіт бәтуаға келу саясат ұстанғанын көреміз. Осы кезден бері қарай қазақ елшіліктері туралы мәліметтерді әр елдің мұрағаттарынан кездестіре бастайтынымыз да осы себепті. Тәуке хан уақытындағы екінші мәселе қазақтың өз ішіндегі ымырасын, тәртібін бекіту, ол үшін алдымен ұсақ руларға үлкен рулардың әлімжеттік жасауына жол бермеу. Мемлекеттіліктің нығаюына әсер еткен қазақ халқының жаңа генеалогиялық құрылымы осы кеңесте шешілді деп айтуға болады. Туыстық жүйе одан әрі беки түсті. Осыған мысал ретінде Кіші жүз Жетіру одағының пайда болу үрдісін қарастырып көруге болады [7,182]. Тәуке хан тұсында Түркістан қаласының культтік қызмет функциясын одан әрі көтеру мәселесі қойылды. Мәселе қазақтың орда тіккен қаласы Түркістанды, өзінің саяси, рухани қызметін одан әрі жалғастыратын қасиетті орын есебінде ортақ этностық культтық орталыққа айналдыруда. Біртұтас діни сенім мен діни әдет — ғұрыптар қоғамның ең басты реттегіштерінің бірі болып табылады. Тәуке хан заманындағы қазақ кеңестері бұдан әрі қазақтың өз жолымен қатар шариғат ережелерін қатар қолданатын келісімге келгенін «Жеті жарғының» ішіне енген әр түрлі тараулардан көруге болады. Түркістан (Яссы) бір жағы Орта Азиялық ісләм орталығы, екінші жағынан қазақтың ірі тұлғалары жерленген қасиетті қорым — пантеон, үшіншіден қазақтың хандары қоныс, тұрақ қылатын саяси ордасы. Әз Тәуке заманындағы қазақ кеңестерінің төртінші нәтижесі «Жеті Жарғы» сияқты хан ордасы маңындағы кеңестердің қызметін мақұлдау. Осы кезеңге қатысты деректер хан кеңесіне одақтас елдер, көрші қырғыз, қарақалпақ, ішкі сарт, қожа, қатағаннан өкіл қосылғанын дәлелдейді. Хандық құрамындағы отырықшы субэтникалық топтардың пікірін, олардың мұң-мұқтажын Жоғары кеңесте ескеру мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп өркендеуіне жол ашты. Қазақ қоғамының болашақ құрылымы мен ұлттық идеясының негізін салып берген кеңестер сыртқы және ішкі елдермен тығыз қарым-қатынасқа түсуді, тек қана билікпен шектелмей мәмлігерлікке көңіл бөліну талап етуді шешті. Әз Тәуке заманындағы тағы бір қоғамдық тіршілікті реттеу нәтижесі мемлекеттің дұрыс өмір сүруіне қажетті әсіресе елші салуға, елші қабылдауға жетерлік алым-салық жинау, бұл хан сарайының мұқтажын көтеруге де, мәмлігерлік шығынды жабуға де жетерлік болуы керек деген талап қою. Осы міндеттің тек отырықшы ел ғана емес, мал баққан көшпелі елге де қатысты екенін «Жеті жарғы» ережелеріндегі әр қазақ отбасының 1/20 табысын мемлекет қазынасына өткізіп отыруы туралы талабы: «чтобы всякий, могущий носить оружие (кроме султанов) платил –хану и правителям народным в подать 20-ю часть своего имущества» көрсетеді [7,122]. Әз Тәуке хан тұсында қабылданған көптеген заң ережелерінің ішінде жаугершілік заманға сай жабдығы дайын, қуатты әскер ұстау мәселесі қызықтырады. Қазақ қиындыққа төзімді, жаугершілікке бейім, ер мінезді, мәрт болғанымен нар тәуекелге келгенде басын қосып, бір ұран, бір тудың астына жинала қоймайтын халық. Оның бір мысалын Ресей Қазақ қарым- қатынастары 264 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы арқылы сақталған құжат келісімдерге қарап отырып ақ көруге болады [8,252]. «Қарақұм кеңесінде» осы себептерге бола жиынға жиналған ел Әбілқайыр сұлтанды «әскер басы», Бөкенбай батырды «бас сардар» деген лауазыммен тұрақты түрде әскер ісіне жауапты қылды [6,115]. «Күлтөбенің басында кұнде кеңес» дәуірінде талқыға түскен мәселелердің ауқымы өте кең болғандығын жоғарыдағы шешімдер көрсетеді. Біздің ойымызша кеңестің орда билігіне, хан ордасының шығарған заңдары мен жарлықтарына «Жеті жарғыны» жауапты қылуы да ақылға сиымды. Ел жақсыларының қарапайым жиынынан бөлек «Жеті жарғының» тұрақты кеңестерінде мемлекеттің ішкі және сыртқы мәселелері жедел талқыланып, өз шешімін тауып жатты. Тәуке хан тұсында тұрақты өмір сүрген бұл мемлекеттік және құқықтық жүйе Әз Тәуке хан қайтыс болған соң-ақ (1715 ж.) босаңси бастап, ақыры ХҮІІІ ғасырдың 20-шы жылдары жаугершілік күшейген кезде өмір сүруін тоқтатты. 1723 жылғы Жоңғария шабуылы қазақ тарихындағы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталатын ауыр заманды бастап кетті. Жазба деректерге және шежіреге қарағанда Ұлы жүз Жиделі Байсынға, Орта жүз – Самарқанд пен Бұқараға, Кіші жүз – Хиуаға қарай қоныс аударды. Сонымен жауынгер тайпалардың біразы қалмақтармен соғыса отырып солтүстіктегі далалық өңірге қоныс аударды. Бірақ Арқа жеріндегі қазақтың ең жауынгер тайпалары жан-жағынан қоршаған жау пиғылды елдердің ортасында қалды . Сол заманның тікелей куәгері Ресей елшісі М.Тевкелев «и те оне, киргизцы (қазақтар – Ж.И.) получали от вышепоказанных себе (от зюнгорских калмык, от волских калмык, от башкирцов, от сибирской стороны, от яицких казаков) крайния разорения не по их хотению, но их беспокойством киргизцы сами всегда их задирали и неволю и с принуждени себя заставляли разорять» [8,385] – деп осы ХУІІІ ғасырдың 30-шы жылдарының ауыр оқиғаларын айтады. Егер қазақ шежіресіне қарасақ «жаудан, жұттан басын алып қашқан елдің жаяу шұбырған шұбырындысы аппақ сүрлеу болып, табандары таздың басындай жалтырап қалады екен. Жатқанда алқа қотан айнала жатады екен. Семіздерін ортасына алып қорғап жатады екен, басқа бөтен рулар ұрлап сойып жеп қоя ма деп. Тобықты Әнет бабаңның төбе басында қалғандығы, Он жеті ұлды Тілеумбеттің қырылып, жойылғандығы сол еді. Сол күндерді қалай ұмытарсың» [9,9]. Ж.Көпейұлының жазуына қарағанда Арқа жеріне «ақтабанға ұшыраған елдің» тамтығы ғана жеткен. «Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама» заманы саяси аренаға мемлекетті басқару үшін қазақтың төре әулетінен Абылай сияқты кемеңгер сұлтанды шығарды. Оның мемлекеттік саясаттағы алғашқы қадамдары туралы Бұқар жыраудың Абылайға арналған толғауларының ішінде көптеген деректер бар: Ей, Абылай, Абылай! Сені мен көргенде Тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің, Әбілмәмбет патшаға Қызметші болып тұр едің, Сен қай жерде жүріп жетіктің? Үйсін Төле билердің, Түйесін баққан құл едің. Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде, Ақ сұңқар құстай түледің Дәулет құсы қонды басыңа, Қыдыр келді қасыңа, Бақ үйіне түнедің, Қылышыңды тасқа біледің, Алмаған жауды қоймадың, — Осылайша жырау бір жағынан алтын таққа Абылайды тәрбиелеген Әбілмәмбет пен Төле билер екенін, жоқ жерде хандық биліктің өздігінен тумайтынын сездіреді. Екінші жағынан жырау толғауы арқылы жыл есебімен қарасақ Абылайдың билікке келген, қазақтың есін жинай бастаған уақыты 1731 жылдар екені аңғарылады. Сонымен қатар дәстүрлі құқықтық жүйеге қатысты қазақ деректерінен мемлекеттегі саяси 265 № 3 (76) 2010 дағдарыс кезеңінде саяси өмірге белсене араласқан билердің қызметі туралы мол деректер кездеседі. Солар арқылы мемлекеттің сақталуына, халықтың аман қалуына басты себеп «Жеті жарғы» сияқты жиындарда ел тізгініне ие болған ұлы билерінің арқасы екенін көреміз. Сонымен бірге жаугершілік күшейген ХУIII 30-50-ші жылдардың қым-қуыт қатерлі өткелдерінен қазақ тайпалары мен руларын бастап жүрген Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты билерді көреміз.Бұл мәселе жайлы академик С.Зиманов былай деп жазады: «Төле, Қазыбек, Әйтеке — қазақтың үш жүзінен шыққан ұлы билері. Билігі бүкіл қазақ жеріне бірдей болған Тәуке хан Түркістан қаласына жақын жерде болған жиналыста оларды өз жүздерінің басқарушылары деп жариялаған. Ол кезеңде билерді әрбір жүздің басшысы етіп бекіту, сол уақытта дейінгі ел билеу үрдісін өзгертуге батыл қадамдар жасау, әрбір басқарушының батылы бара бермейтін іс. Өйткені әрбір жүзде басқарушы болғысы келген Шыңғыс тұқымдары — сұлтандар жеткілікті еді» [10,145]. Қазақ мемлекеттілігінің дамуында маңызды рол атқарған Әз Тәуке ұлыстық жүйені реформалап, төрелердің билігін әлсіреткенімен де, алапат ауыр заманнан алып шығар жүздік құрылымға арқа сүйегені белгілі болады. Биліктің алдында екі жол тұрған уақытта Әз Тәукенің көрегендікпен халықты аман алып қалар жолды алдын ала аңғарғанына көзіміз жетті. Дәстүрлі құқықтық жүйенің негізгі құрамдас бөліктерін құрайтын қазақ хандары заңдарының қағидалары, сол кезеңнің саяси-құқықтық дамуының басты басымдықтарын айқындап берді. Ал қоғам сұранысына,талабына, халықтың болмысына негізделіп құрастырылған заңдардың нормалары адам санасынан мықтап орын алады. Дәстүрлі құқықтық жүйенің ең негізгі құрамдас бөлігінің бірі Жеті жарғы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік қатынастарын реттегіш қызметін ерекше атқарды. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. -Астана: Алтын кітап, 2008.-368 б. 2. Гродеков Н.И. Киргизы и кара-киргизы Сыр-Даринской области. Юридический быт. — Ташкент, 1889.- Т.1. — 289 с. 3. Тынышпаев М. История казахского народа. — Алматы: Өнер, 1993.- 224 б. 4. Норбо Ш. Зая-пандита материалы к биографии. — Элиста: Наука,1999. — 216 с. 5. Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности. СПб., 1897.- 182 с. 6. Гавердовский Я. Обозрение киргиз-кайсацкой степи \\Ленинградское отделение Института истории. Отдел рукописей. Ч.2. -№ 495 (кол.115) — 1803. 7. Левшин А.И. Описание киргиз — казачьих или киргиз – кайсацких орд и степей. — СПб., 1832. ч.3.- 264 с. 8. Казахско — русские отношения в XYIII-XIX вв. (1171-1867) .- Алматы: Наука, 1964.-573 с. 9. Көпейұлы М.Ж. Шығармалар жинағы. -Астана: «Алтын кітап», 2008.-368 б. 10. Зиманов С.З. Үш заңгер – үш аңыз. //Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер- Древниий мир права казахов.Материалы, документы и исследования.10 томдық.-Алматы: Жеті жарғы, 2004. 1-том. -632 б.

Пікір қалдыру