Жетіру тайпасы туралы

Тарихи деректерге қарағанда Жетіру тайпасы ертеде қалыптасқан секілді. Шежіре зерттеушілер Жеті ру тайпасы Батыс Қазақстан өңірін моңғол жорығына дейін де жайлаған деген болжам айтады. Жетірудың біраз бөлігі бізге белгісіз себептермен көршілес башқұрттарға қосылған секілді. Ғалым С.Руденконың зерттеуінше монгол жорығы басталмай тұрып­ақ башқұрттар он екі арыс елге бөлінген, оның бірі Табын болған. Сондай­ақ Жетірудың тайпасы қырғыздардың, ноғайлардың, башқұрттардың құрамында жеке ру ретінде жиі кездеседі. Кейбір болжамдарда кіші жүз құрамындағы керейттер моңғол жорығымен бірге Орта Азияға жетіп, жолындағы елдерді моңғол империясына бағынуға болыса жүріп, осы аймақта тұрақтап қалған секілді. Ал, ғылыми дәлелденген ертедегі Арал теңізінің Бердері аталғанын еске алсақ, Жетіру тарихының өте ерте кезден басталатынына ешбір дау болмаса керек. Бұл тайпаның Жетіру деген атына қарағанда бұл бір ұрпақтан емес, бірнеше шағын тайпалардың қосындысы секілді. Ел арасында бұлар туралы мынандай аңыз әңгіме бар: саны аз шағын руларға алты ата Әлім, он екі ата Байұлы зорлық көрсете бергесін олар Тәуке ханға шағым жасайды. Сонда Тәуке хан оларға «Жетеуің бірігіп туысқан болыңдар, сонда сендер де іргелі ел болып ешкімге ақыларыңды жібермейсіңдер, барымтаға қарымта жасайсыңдар» депті. Осыдан кейін олар бірігіп Жетіру атанған екен дейді. Жетіруға кіретін ру аттары бұрын шыққан шежіреде қазақ энциклопедиясында және басқа да еңбектерде дұрыс жазылып келеді. Басқа ру аттарындағыдай бұрмалаушылық бұларда жоқ. Жетіруға кіретіндер: Кердері, Керейт, Жағалбайлы, Тілеу, Рамазан, Тама, Табын. Енді бұлар қалай тармақталады, соған тоқталалық. Кердері ұраны «Қожахмет», таңбасы – тостаған. Кердеріден – Мыңбай, Асаубай, Лаубай. Мыңбайдан – Жанбас. Жанбастан – Досай, Жайменбай, Қарқабай, Құлметен, Үмбет, Асан, Тағберлі. Досайдан – Жангелді, Сырлыбай, Бердіғұл, Қожа, Кедей. Асаубайдан – Құттысиық, Жабағы. Лаубайдан – Жолдыбай, Смайыл, Шағыр. Смайылдан – Көгермен. Шағырдан – Құлтай, Сатым. Құлтайдан – Құлымбет, Жолымбет, Тағанақ, Қарабас. Құлымбеттен – Сары, Айтқожа. Айтқожадан – Бөрібай, Құныс, Мамыр. Керейттің ұраны «Ақсақал», таңбасы П – шылбыр. Керейттен – Бозаншар. Бозаншардан – Ақсақал. Ақсақалдан – Еспембет, Қоспамбет. Қоспамбеттен – Қолдаулы, Шаужайлы. Шаужайлыдан – Ашамайлы, Ерші, Шөмішті, Арбалы Сандаулыдан ­ Көн, Қосбармақ. Көннен – Бексан, Дәулет. Бексаннан – Ақмазар, Машай, Қонакбай. Дәулеттен – Тәңірберген, Таз, Асан, Үсен. Тәңірбергеннен – Тобыр, Шағыр. Тобырдан – Жәнібей. Шағырдан – Ақбейіт. Таздан – Байдос, Жандос. Байдостан – Сарман, Обаған, Андағұл, Қара, Кешен, Қожан, Жартай, Жастабан, Шәйкөз. Жандостан – Жанғабыл, Жәдік, Мүсірәлі. Мүсірәліден – Сүгірәлі, Дербесәлі, Сауранбай, Дос, Қасым. Бұлар Қожа Керейт болып аталынады. Асаннан – Ескиік. Үсеннен – Үндік. Жағалбайлы ұраны «Малатау», таңбасы – балта. Жағалбайлыдан – Шербұға. Шербұғадан – Мелдеби. Мелдебиден – Қарабұқа. Қарабұқадан – Қарақатыс. Қарақатыстан – Құржы. Құржыдан – Кеме. Кемеден – Лез, Мырза. Лезден – Қырши, Бұлдый, Аққожа, Есірқожа, Бөдем. Қыршидан – Бескүрек. Бескүректен – Манап, Түйте, Жәдік, Шуылдақ. Манантан – Киікші, Сабау, Меңмүрт Сары, Аютабан, Қырғызбай. Түйтеден – Отарбай, Шуша. Жәдіктен – Отарбай. Отарбайдан – Еңбет, Мәмбет, Таңат. Шуылдақтан – Быршық. Быршықтан – Елбай. Елбайдан – Тонаша. Бұлдыйдан – Шірік, Қошай. Аққожадан – Қауқарлы, Ақкермен, Жанкермен, Жіңішке. Қауқарлыдан – Байғұла, одан – Жалтыр. Жалтырдан – Әлікқұл. Әлікқұлдан – Манай, Қарабас, Садырбек, Есет. Ақкерменнен – Баябдал, одан – Қошқар. Қошқардан – Байқұл. Жанкерменнен – Сарымырза, одан – Жауғашты, Қоса. Жауғаштыдан – Тоқсан, Көбек, Тілеп, Сартымбет. Қосадан – Ақбағыз, Байбағыз, Ақбалақ. Бөдестен – Жиенәлі, Асан. Жиенәліден – Жиес, одан – Ботағай. Жағалбайлының екінші баласы Мырзадан – Біліс, Малатау, Балқожа, Сирақты, Құтбанай, Ормантай, Ыдырыс. Білістен – Құрмансейіт, Құлсейіт. Құрмансейіттен – Жылмәмбет, Еламан. Жылмамбеттен – Бөгетай, Шоңмұрьш. Шоңмұрыннан – Меңдібай, Қаржаулы, Дәрілі. Құлсейіттен – Төкей, Боғытай, Сақай. Төкейден – Шора, одан – Құрманақ. Боғытайдан – Ес, одан – Бәйімбет. Малатаудан – Білеуберлі, Алдаберлі, Шұбаратты, Қожамберлі, Барақ, Есім, Жәдігер. Алдабердіден – Қожаке, одан – Құтпанбет, Жиенбай. Есімнен – Майжыр, Тоқтамыс. Балқожадан – Балық, одан – Қожымбет. Қожымбеттен – Қожай, Елшібек, Жанақ, Белеу, Ырсай, Қабақ. Сирақтан – Алақалпақ, Төленді, Ораз, Жанбай. Төлендіден – Барманқұл, одан – Мәмбет. Құтбанайдан – Толғай, Болғай. Толғайдан – Теңізім, Қазым. Теңізімнен – Еділ, Жайық, Күнгелек. Қызымнан – Сейітқұл, Тарғай, Кетей, Тауасар. Ормантайдан – Тоқсары, Құлманай, Жәнібек, Алтысарт. Құлманайдан – Арыстанқұл, одан ­ Қосмұрат. Жәнібектен – Мырзаш, Жәлмембет. Жәлмембеттен – Балуан. Алтысарттан – Құйысқан, Мәмбет, Алтыбай. Құйысқаннан – Есім. Мәмбеттен – Жанкісі, Төлебай. Ыдырыстан – Бозбет. Бозбеттен – Есенкелді, Бөлек, Мәді, Қобай. Есенкелдіден – Арыстан, Шағыр.

Читайте также:  Марксизм-ленинизм саяси-құқықтық ілімінің мәні

Қазіргі кезде археологтар Шалқар көлінің жанында бұндай қаланың болғанын анықтайды. Араб жазбаларында қазіргі Жайық өзенінің өте жалпақ, ағысы қатты, бұл жерден өтерде адам, жүк, мал суға кеткені айтылған. Жайықтың ол кездегі аты «Иайх», «Жайх» деп жазылған. Бұрынғы тарихи мәліметтерге қарағанда кіші жүз өлкесі арқылы «Ұлы жібек жолының» солтүстік тарамы қалыптасқан. Айтайын дегеніміз, біздің арғы төркініміз көне түркі ұлыстары тайпасынан шығатыны олардың бір кезде қала болып қалыптасқан, жер теуіп орналасқан ел болғандығы. Біздің Кіші жүз өңірін «Құлазыған дала, тірлік болмады, тек отаршылар ғана мекендеуге жол ашты» деу қате пікір. Қазақтар өз алдына халық болып қалыптасқанға дейінгі түркі тілдері құрамына кірген Үйсін, Қаңлы Қыпшақ, Алшын, Байұлы, Найман сияқты ежелгі тайпалар қалдырған мұра барлық қазақ халқына ортақ. «Ескі қалалардың қалдықтары мен тастан соққан құрылыстарына және тарихи деректеріне қарасақ, барлық Моңғолстан жері ерте кездерде отырықшы, мәдениетті қалың ел қоныстанған екен» – деп тұжырымдады атақты ғалым Шоқан Уәлиханов. Баршамызға белгілі Қазақ халқының Россияға қосылуы біздің жерден басталады. Бірақ Патша үкіметі өзінің отаршылық саясатын тездетіп жүзеге асыра бастады. Он сегізінші, он тоғызыншы ғасырлардағы патша отаршыларының мақсаты қазақты әбден бағындырып алып, оларды көпір қылып Азияға аттау болды. 1925 жылы Ташкент қаласында шыққан «Исатай­Махамбет» деген кітабында қазақ зиялысы Халел Досмұхамбетов «Кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды» – дейді. Бұл – тарихи шындық. Патша өкметі қолға түскен қазақ басшыларын аяусыз жазалады. Кіші жүз ханы Нұралы тұтқындалып, Уфада өледі. Оның баласы Орман Петербург түрмесінде қыршыннан кетті. Ал Орманның баласы Күсеп бүкіл ұрпағымен жер аударылды. «Степное уложениеге» қарсы шыққан Байбақты руынан 400 адам каторгіге айдалды. Белгілі би Жүніс және Сеңгіралі батыр Орынбор түрмесінде шіріді. Кіші жүз даласы қанға шомылды. 1805­1818 жылдардағы Қайыпқали Ешимов бастаған көтеріліс, 1829­1838 жылдардағы Беріш Исатай Тайманов көсемдік еткен шаруалар соғысы, 1847­1857 жылдарындағы Есет Көтібаров көтерілісі қанға боялды, жеңіліс тапты. Бұның барлығы кіші жүз қазақтарының туған өлкесі, ата­баба, жеткіншек өрбіген даласы үшін жанын қиып күресуінің негізгі себебі еді. Қазіргі кезең өткен өмір жолына жаңа тұрғыдан қарап, оның кейбір ұмытылған, көлеңкеде қалған тарихына қайта оралып, дұрыс баға беру мүмкіндігін туғызды. Осы бір сіздерге ұсынып отырған кітапшада, өзімнің шамам келгенше, өлке тарихын кейінгі ұрпаққа ұсынса, өлке тарихын жасақтауға сүбелі үлес қосары даусыз. Осындай ізденіс жолында ғана біз өлкеміздің төл тарихын жасақтай аламыз. Бұған баршамыздың ат салысуымыз қажет.

Читайте также:  Күлтөбенің басында әділдігін тапқан бір дау

Оставить комментарий