Зерттеу нысаны Жетісу Алатауының оңтүстік макробеткейінде орналасқан Тышқан тауының өсімдік жамылғысы. Жетісу Алатауының оңтүстік макробеткейі Жоңғар-Оңтүстіктяньшань тау провинциясының Күнгей-Теріскей-Кетпен-Оңтүстікжоңғар тау провинция тармағына жатады [1]. Жетісу Алатауының оңтүстік макробеткейінің биіктік белдеулерінің ерекшелігін Н.И. Рубцов (1948) [2] сосын В.П. Голоскоков (1984) [3] көрсеткен. Оңтүстік макробеткейді Рубцов Н.И. Жоңғар геоботаникалық округының Оңтүстікжоңғар ауданына жатқызған. Зерттеу жұмыстары Тышқан тауында 2014 жылдың жаз айларында жүргізілді. Бұрынғы зерттеулер нәтижелері мен 2014 жылғы экспедиция нәтижелерін салыстыру арқылы биіктік белдеулердің келесі ерекшеліктері анықталды: тау баурайының шөлдері белдеуі (600-800 м); шөлденген далалары бар дала белдеуі (800-1500 м) мен шалғынды далалар белдеуі (1500- 1700 м); орманды-шалғын белдеуі (1700-2400 м); субальпінің шалғынды белдеуі (2200-2800 м); криофитті шалғындар (альпі) мен далалар (2800-3500) м). Тау баурайы жазығындағы жерлер жыртылған. Жатын жерлерде арамшөптер (Pseudosophora alopecuroides, Artemisia scoparia, Echium vulgare) жиі кездеседі (Садыр ауылының маңайында), олардың ішінде мәдени өсімдіктердің жабайы туыстары да бар (Cycorium intybus, Botriochloa ischaemum). Арықтардың маңында мал азықтық және дәрілік түрлер өседі (Elytrigia repens, Calamagrostis epigeios, Amoria hybrida, Phalaroides arundinacea, Phleum pratese, Hypericum perforatum, Mentha longifolia). Шалғынды дала белдеуі (1500-1700 м). 1660-1680 м биіктіктер аралығында Тышқан өзені атырабындағы көлбеу жазықтарда байалуаншөпті – шымды астықтұқымдастардан тұратын шалғынды далалар кездеседі. Өсімдік қауымдастықтарының доминанттарына бетеге (Festuca valesiaca) және қантияр бозшағыл (Bothriochloa ischaemum) жатады. Өсімдік қауымдастықтарының құрамында алуаншөптердің көптеген түрлері (Melilotus officinalis, Amoria hybrida, Achillea millefolium, Cycorium intybus, Salvia deserta, Potentilla impolita және т.б.) кездеседі, шалғындық (Elytrigia ЖЕТІСУ АЛАТАУЫНЫҢ ТЫШҚАН ТАУЫНДАҒЫ ӨСІМДІК ЖАБЫННЫҢ КЕҢІСТІКТЕ ТАРАЛУЫ 6 ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы. №3 (65). 2015 Жетісу Алатауының Тышқан тауындағы өсімдік жабынның кеңістікте таралуы repens, Phleum pretense) және далалық (Stipa capillata) өсімдіктерден астық тұқымдастар кең таралған. Бұзылуы орташа деңгейдегі шалғынды дала өсімдікжабыны мал жайылымдары ретінде пайдаланылады, дегенмен ол жерлерде нитрофилдер – кәдімгі ақмия (Pseudosophora alopecuroides) мен кенептүс қалақай (Urtica cannabina) қаулап өсетін деградацияланған жайылым бөліктері кездеседі. Мал жайылымдарын шексіз пайдалануға байланысты жайылымдар су эрозиясына ұшырайды. Нәтижесінде эрозиялық жыраларда ылғалдылық жоғарылап, далаланған астықтұқымдастарлы-алуаншөп шалғындары қалыптасады. Ондағы доминант мадияр көкжалбызы (Nepeta pannonica), ал субдоминанттары қамыс қосбасы (Phalaroides arundinacea) мен Маршал жебірі (Thymus marchallianus). Тау беткейлерінде көбінесе тұтасып өсетін (80%) бұталар нуы қалыптасады. Бұталар жікқабатындағы доминанттар қатарына қара арша (Juniperus pseudosabina), шайқұрайжапырақ тобылғы (Spiraea hypericifolia), тікенді раушан (Rosa acicularis), бөріқарақат (Berberis sphaerocarpa), татар үшқаты (Lonicera tatarica) кірсе, сирек кездесетіндерге Семенов өгейбұтасы (Euonimus semenovii), Мейер қарақаты (Ribes meyeri) және азгүлді ырғай (Cotoneaster oligantha) жатады. Шөптесіндер жікқабатында дала атқонағы, Трансильван шағырбидайы, бүлдірген, киікшөп жұпаргүлі, гүлрайхан киікоты, будан бозкілем және т.б. (Phleum phleoides, Melica transsilvanica, Fragaria viridis, Origanum vulgare, Ziziphora clinopodioides, Sedum hybridum) кездеседі. Ағаштектестер жікқабатында кәдімгі өрік (Armeniaca vulgaris) пен Сиверс алмасы (Malus sieversii) аракідік кездеседі. Тышқан өзенінің аңғарында және аңғарүсті текшелерінде шалғын өсімдікжабыны және бұталар нуы таралған. Алуаншөпті шалғынды мал тықырлап жеп тастаған, олардың доминанттары беде түрлері – Amoria repens, A. fragifera, A. hybrida, алуан шөптерден Inula rhizocephala, Medicago lupulina, Mentha longofolia, Echium vulgare, Achillea millefolium, A. asiatica, Taraxacum officinale, Verbascum songaricum, Rumex pseudoatronatus және т.б. кездеседі. Шырғанақ, кендір, балғын, раушан және бөріқарақат (Hyppophae rhamnoides, Trachomitum lancifolium, Myricaria bracteata, Berberis sphaerocarpa) бұталар нуын құрайды. Мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының тізіміне мал азықтық, дәрілік және тағамдық түрлер кіреді (кесте 1). Шалғынды және қою қылқан жапырақты орман белдеуі. (1700-2400 м). Қою қылқан жапырақты орманның эдификаторы Шренк шыршасы (Picea schrenkiana), ағаш жікқабатының биіктігі 30-40 м дейін жетеді. Тышқан тауының солтүстік беткейлерінде шырша ормандарының бірнеше типтері таралған. Мүкті алуаншөпті бұталы шырша орманы 1780 м биіктікте, таудың қия беткейлерінде (35-45°) кездеседі, бөрікбасының бірігуі – 0,4. Бұталар жікқабатын (1-1,5 м) ырғай, Семенов өгейбұтасы, раушан, Альтман үшқаты (Lonicera altmannii) құрайды, проекциялық жабыны – 40%. Шөптесіндер жікқабатында топырақ бетінің 80-90% жабылған, 50% мүк жамылғысы құрайды (Thuidium abietinum, Rhythidiadelphus triquiter). Шөптесіндер түрлерінің ішінде бетеге (Festuca valesiaca) доминант, қалған түрлер (Gentiana turkestanitum, Helidonium majus, Solidago virgaurea) шамалы немесе аракідік кездеседі. Шатқал түбіндегі шырша орманы 1840 м биіктікке дейін көтеріледі, онда бұталар жікқабаты (30%) сирек, оларға арша түрлері қосылады (Juniperus sabina, J. pseudosabina, J. sibirica). Шөптесіндер жікқабатының проекциялық жабыны 50%. Бөрікбасының бірігуі – 0,7-0,8. Бұталардың проекциялық жабыны 10% құрайды, түр құрамы ырғай, өгейбұта, үшқат және Тәңіртау шетенінен (Sorbus tianschanica) тұрады. Мүк жабыны 40% құрайды. Шөпқұрамы сирек (5%), оған Гмелин атбұршағы, дөң қазтамақ, маралоты (Lathyrus gmelinii, Geranium collinum, Thalictrum minus) кіреді. Шырша орманы қатты бүлінген, шөпқұрамы шексіз мал жаю нәтижесінде тозған. Мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының тізіміне мал 1-кестенің жалғасы азықтық, дәрілік және тағамдық түрлер кіреді (2-кесте). 2-кесте – Тышқан тауының шырша ормандарындағы мәдени өсімдіктердің жабайы туыстарының тізімі Түрлердің атауы Түр молдығы Мүкті- алуаншөпті- бұталы шырша орманы Бұталы- алуаншөпті шырша орманы Мүкті шырша орманы Бұталар Lonicera altmannii cop1 sp sp Lonicera tatarica sol Cotoneaster oligantha cop1 sp Rosa acicularis cop1 sp Sorbus tianschanica un sp Berberis sphaerocarpa sp Ribes meyeri sol Spiraea hypericifolia un Шөптер Festuca valesiaca cop1 Fragaria viridis sp sp Lathyrus gmelinii sol sp Agrostis gigantea sp sp Poa pratensis sp sp Amoria pratense sp Amoria hybrida sp Achillea millefolium sol Achillea asiatica sol Ziziphora clinopodioides sol sol Thymus marschallianus sol sol Helidonium majus sol Carum carvi sol Salvia deserta sol Жетісу Алатауының өсімдікжабыны антропогендік трансформацияға ұшыраған, жалпы алғандағы бүліну деңгейі орташа. Кейде қатты трансформацияға ұшыраған жерлер де кездеседі. Таудың қия беткейлері аз бүлінген. Трансформацияның негізгі факторларына тау етегіндегі жер жырту, өзен мен канал ағысын өзгерту, мал жаю, шөп шабу, рекреация және жол дегрессиясы жатады.
Оставить комментарий