Жетпектегі қиналудың мәні

Осы азаптаулардың (қинаулардың) маңызы қандай болуы мүмкін? Алғашқы европалық көз көргендер әдетте жергілікті жұрттардың табиғи қатыгездігі жөнінде айтатын. Бірақ, бүл түсінік беру бола алмайды. Аборигендердің қатыгездігі өркениетті жұрттардікінен артық та, кем де емес. Бірақ, әрбір дәстүрлі қоғам үшін азапталудың жоралғылық мән ­маңызы бар, өйткені, азаптауды жүзеге асыратындар астам текті тіршілік иелері және олардың мақсаты құрбандықтың қайта төрітілуі болып табылады деп есептелінеді. Қинаудың өзі — жетпекті өлімнің көрінісі. Адамды азаптап жатқан кез оның денесін демондар (жетпек Өнерлері) жұлмалау, паршалау, бөлшектеу арқылы өлтіріп жатқан кез дегенді білдіреді. Әулие Антонийді ібілістің (дьяволдың) қалай қинағанын еске түсіріп көрейікші. Оны ауаға көтерді, жер астында тұншықтырды, тәнін кескіледі, аяқ­қолдарын қайырды, денесін бөлшектеді. Бұл азаптауларды христиандық ілім «Әулие Антонийдің жолдан таюы (искушение)» деп атайды — расында да осындай тиым салынған нәрсеге қызығып, жолдан таюы белгілі бір дәрежеде бағышталушы сынақтарына тең болып шығады. Осы сынақтардың барлығына төтеп беру (тозу, шыдау) арқылы — яғни, осындай «жолдан тайдырғыш алдамшылардың» барлығына берілмеу арқылы — Антоний машайық әулиеге айналады. Басқаша айтқанда, ол өз бойындағы бұрынғы сол бір бағышталмаған (хабары жоқ) адамды «өлтіреді» және өмірге басқа, қайта төрі тілген, әулие адам болып қайтып оралады. Бірақ, бүл, христиандық емес көзқарас тұрғысынан алғанда демондар өз дегеніне, яғни, бағышталмаған адамды «өлтіру» және оған қайта төрі тілуге мүмкіндік беруге мүмкіндік беруге деген мақсатына жетті дегенді де білдіреді. Зұлымдық күштерін христиандық ібілістермен шендестіру олардың құтқаруды ұйымдастырудағы жағымды функцияларынан ада қылды. Бірақ христиандыққа дейінгі демондар, басқа сипаттарын айтпағанның өзінде жетпек өтерлері (мастер) де болған еді. Олар жетекшілерді тәнімен де, жанымен де түбегейлі түрде жаңарып, қайта төрі тіліп, қайтадан дүниеге келе алуы үшін, ұстап алып, азаптап қинады, сансыз сынақтардан өтуге мәжбүрледі. Ібілістердің Әулие Антонийдің жолдан таюындағы жетпекті функцияны атқарып тұрғанын айтуға болады, өйткені, қалай болғанда да, нақ солардың қинаулары мен «жолдан тайдырғыш уәделері» әулие Антонийдің әулиелікке (киелілікке) жетуіне мүмкіндік берді ғой.

Читайте также:  Билер соты - қазақтың «жарғы» құқығының белгісі

Бұл ой толғамдары біздің тақырымыздан ауып кету емес. Біз тек майдандардағы жетпектік азаптаулардың американ ­ үндіс әдет­ғұрпының табиғи қатыгездігінен туындамағанын, олардың (нақтыласақ, жетпек демондарының денені паршалағаны білдіретін) жоралғылық мәнге ие болғанын баса көрсеткіміз келді. Азаптанулардың осындай діни бағамы басқа да фактілер арқылы айғақталады, ең алдымен, Ақылдық ­ психикалық бұзылушылықтар (умственно ­ психические расстройства) «қарабайыр» адамдар тарапынан, азапталушы адам құдайы болымды тіршілік иелері тарапынан бақсы және мистик болу үшін таңдап алынған адам болып түсінілгендіктен «демондармен әуейі болу» (диуаналық) болып есептеледі, сондықтан да ол жетпек процесіне түседі — яғни, оны қинап азаптайды, денесін бөлшектеп, паршалайды, және «демондар» «өлтіреді». Біз әр түрлі жерлерден осындай, болашақ бақсылардың басына түскен жетпектік бұзылушылықтың бірқатар мысалдарын тіркей алдық . Осының барлығынан біз мынадай түйін шығара аламыз: азапталулар, физикалық та, психологиялық та, жетпектен ажырағысыз; қарабайыр адамдарда ауру астам текті таңдалу деп қарастырылған және, олай болса, жетпекті сынақ ретінде қарастырылған. Адам, жаңадан қайта төрітілуі мүмкіндігіне ие болу үшін, әлденеге қатысты алғанда «өлуі» тиіс болды, яғни емделуі тиіс болды: адам өзінің бұрынғы болмысы тұрғысынан алғанда өледі, өзінің бағышталмаған жай­күйі тұрғысынан алғанда өледі. Осындай емделуден өткен адам басқа, жаңадан қайта төрі тілген (туған) адам — біздің жағдайымызда — бақсы мен мистик болып шығады.

Түрлі деңгейлерде және түрлі ситуацияларда біз жинақтарды, қинауларды, жоралғылық өлтірілу мен символдық қайта тірілуді қамтитын жетпектің бірыңғай схемасын кезіктіреміз. Біз осы рухани қайта өрлеудің сценарийдің жыныстық пісіп­жетілу уақытына орай өткізілетін және тайпаның барлық мүшелері үшін міндетті (болып табылатын жетпектерде де, тайпа ішінде «жабық органы» құрайтын еркектердің құпия ассоциацияларында да ұқсас болатындығын анықтадық. Оның үстіне біз болашақ бақсылардың жетпекті аурулары сияқты жеке­дара мистикалық бейімділіктердің де (ден оюшылықтарың) сол бір азапталу, қиналу, өлу мен қайта тірілу сценарийін қамтитындығын аңғардық. Осының барлығы бізге рухани қайта төрі тілудің тылсымдықтары әр түрлі деңгейлерде және әр түрлі жолдармен жүзеге асырылатын архетиптік процестен тұрады деген қорытынды жасауға итермелейді. Ғұмыр сүрудің бір формасының шегінен шығып, басқа, неғұрлым жоғарғы формасына енуге деген қажеттілік туындаған, немесе барынша нақты айтар болсақ, рухани деңгейде өзгеріске түсу туралы мәселе туындаған жағдайларда бұл әрқашан да іске кіріседі. Жыныстық пісіп­жетілу уақытындағы жетпек тылсымдықтары мен құпия қоғамдардың жоралғылары және мистикалық парызды (призвание) анықтаушы пенденің ішкі көңіл кеспектерінің (переживания) арасындағы абсолютті сәйкестік пен ажырағызсыздық бізге өте маңызды болып көрінеді; бірақ бұған кейінірек қайта айналып соққанды жөн көреміз.

Читайте также:  Діншілдік теориясы

Оставить комментарий