Жетпектегі өлім символизмі

Енді біз жетпек жоралғыларында құбыжықтың жұтып қоюының, сондай­ақ, қаһармандық мифтер мен мифологиялардағы Ажалдың осыншалықты елеулі рөл атқарғандығын түсіне алатын боламыз. Бұл тылсымдық жетпектің ең үрейлі сынағы ­ өлім сынағын қамтитын тылсымдық болы и табылады. Бірақ, ол, сондай­ақ, уақыт ағымынан сыртқа қалудың — басқаша айтқанда, тарихи сүрмекті жоққа шығару және бастапқы (ілкі) күйге қайтып оралудың мүмкін болар жалғыз жолы болып шығады. Сірә, «бастаудың» тумастан бұрынғы күйіне қайтып оралудың өзі өліммен тең: адам мән ­ сүруінде (сущность), Уақыт бүлдірмеген, пәк те ашық сүрмекке қайтып оралу үшін, өзінің пайдалануға жарамсыз болып қалған зайырлы тарихи сүрмегін «өлтіреді». Бұдан шығатыны, жетпектің барлық ауандарында (контекст) өлімнің мән­мағынасы, өзіміздің күнделікті тірлігімізде әдетте беріп жүрген сипат мағынасына қарағанда басқаша болып шығады. Әуелі бұл адам, басқа сүрмекте қайта төрі тіліп, бәрін жаңадан бастау үшін өзінің кеткен шағын жоқ қылды және өзінің барлық дүниелік сүрмектер сияқты жоғалтулардан түратын осы сүрмегіне нүкте қойды» дегенді білдіреді. Осылайша, жетпектегі өлім ешқашан да ақыр болмақ емес, ол тағы бір басталу болып табылады. Белгілі бір көзқарас тұрғысынан қарағанда, бақсылардың жетпекті «естен ауысуын» Тозаққа түсуден немесе құбыжықтың қарнына кіруден кейін басталатын адамның бұрынғы тұлғасының ыдырап кетуімен салыстыруға болады. Осы деңгейдегі кез келген жетпекті хикая әлдененің жасалуымен, жаңа дүниенің немесе сүрмектің жаңа формасының негізделуімен аяқталады. Біз Мауи қаһарманның өз әжесінің тәніне ене отырып өлімсіздік іздегенін есімізге аламыз. Бүл қаһарманның өзінің жетпекті ерлігі арқылы адамның құдайлардікіне ұқсас жаңа жай­күйін қалыптастыруға болады деп есептеуіне пара­пар. Рухы үш жыл бойына алып балықтың бүйенінде (кишечник) остырған санам бақсысы туралы аңыз да біздің есімізде. Неліктен осындай тәуекелді іске барды? Жауап, мүмкін, Вяйнямейнен туралы ежелгі фин мифінде жатқан шығар, мұнда Вяйнямейненнің магиялық жолмен (яғни, ән айту арқылы) қайық жасағандығы, бірақ осы жұмысын үш сөзді білмегендіктен аяғына дейін жеткізе алмағандығы айтылады. Осы сөздерді білу үшін, ол, трансқа түскен бақсы сияқты, оның иықтарынан ағаштар өсіп шыққанға, оның сақалана құстар ұя салғанға шейін ұзақ жылдар бойына қозғалмай жатқан алыпты, яғни, атағы мәшһүр рауашы Випуненді іздеуге аттанады. Вяйнямейнен алыптың ауызға кіреді, әлгі оны тез жұтып жібереді. Випуненнің асқазанына түскен Вяйнямейнен өзіне сырық баған соғып алады және дуашыға, өзі, қайықты жасап бітіруге мүмкіндік беретін үш магиялық сөзді білгенге дейін осында қала беретіндігін айтып ескертеді .

Читайте также:  Мемлекетте халық санының өсуі және оның салдары туралы

Бұл жерде біз құпия білімді алуды мақсатын ойластырған жетпекті, нәтижесі дүдамал әрекетке ие болып отырмыз. Адам төменге, алыптың немесе құбыжықтың қарнына білім (таным) мен даналық алмаққа (ие болмаққа) түседі. Міне, санам бақсысының балық ішінде үш бойына шықпай жатуының себебі де осында, ол табиғаттың құпияларын білу үшін өмірдің жұмбақтарын (сауалдарын) шешу үшін және болашақты көру үшін осылай істейді. Бірақ егер құбыжықтың қарнына кіру мен Тозаққа, өліктерге, қараңғылыққа түсумен эквивалент болса, яғни, ғаламдық Түнге, сондай­ақ, барлық тұлғалар ыдырап кететін «есінен адасу» түнегіне дейінгі регрессияны символдайтын болса, сондай­ақ, егер, Өлімнің, ғаламдық Түннің, Хаостың және естен адасудың араларындағы барлық аналогия сәйкестіктерді тумастан бұрынғы күйге дейінгі регрессия деп есептер болсақ, онда біз, Өлімнің неліктен Даналықты да символдайтындығын, және, неліктен өліктердің барлығынан хабардар және болашақты білетіндігін, көріпкелдер (сәуегейлер) мен ақындардың мола құлпытастарының арасынан шабыт іздейтіндігін көре алатын боламыз. Болашақ бақсының, дана адамға айналмастан бұрын неліктен «есінен адасатындығын», төменге, қара түнекке түсетіндігін, және де, неліктен жасампаздықтың әрқашан да, өлім мен қараңғылық символизміне қатысты қандай да бір «ес ауысушылық пен» немесе «оргиямен» (жын ойнақпен) байланысты болып шығатындығын түсіне алатын боламыз. К.Г.Юнга осының барлығын ұжымдық естергілікпен (коллективное бессознательное) және оның реактивациясымен жанасу (байланысқа шығу) түрінде түсіндіреді. Бірақ өзіміздің жеке сферамыздан шықпай­ақ біз ең алдымен, неліктен қарабайыр жұрттардағы жетпектің үнемі қасиетті (киелі) танымдар (білімдер) мен даналықтың ашылуымен (көңіл ашарымен) байланысты болып шығатындығын көре аламыз. Нақ осындай оқшаулану кезеңінде, яғни, жетпекші құбыжықтың қарнында немесе Тозақта жатыр деп ойланып (есептеліп) отырған шақта — жетпекшілер тайпаның құпия дәстүрлеріне үйретіледі. Мифтер мен символдар арқылы берілетін кәміл танымға жету тек жетпекті өлім мен қайта тірілу нәтижесінде жүзеге асырылатын рухани тұрғыда қайта жаралу процесі кезінде немесе соңында ғана мүмкін болады.

Читайте также:  Абай Құнанбайұлының ән шығармашылығы

Енді біз неліктен азапталуды, өлім мен қайта тірілуді қамтитын жетпектің сол бір схемасының барлық тылсымдықтарда да, — жыныстық пісіп­жетілу тұсындағы ғұрыптарда да құпия қоғамдарға кіру ғұрыптарында да қайталана беретіндігін және неліктен тол бір сценарийдің мистикалық парыз алдындағы адам тұлғасын әлекке салатын көңіл ­ кеспектерден де табуға болатындығын түсінуге қабілетті болып отырмыз. Адам осы мезеттердің ешқайсысында да тоқтап (тұрып) қала алмайды, адам, мәселен, өлімде немесе тууда қалып қоя алмайды. Қозғалыс — қайта туу — әрқашан да жалғаса бермек: космогония, адамның істеп жатқаны, — мейлің, баланың дүниеге келуі немесе үйдің құрылысы болсын, немесе рухани парызды қабылдау болсын, — жақсы істелуі үшін шаршамастан қайталана бермек. Міне, біздің, жетпек ғұрыптарының космогониялық байланысқа ие болғандығын үнемі байқай беруіміздің себебі де осында жатыр. Даналықтың өзі, олай болса, барлық киелі және жасампаз танымға жетпек жемісі ретінде, яғни, космогонияның да, рухани тұрғыдан туудың да нәтижесі ретінде жетуге (түйсінуге) болады. Өзін акушермен салыстырғанда Сократ қателескен жоқ, өйткені, ол адамдарға оз сана­сезімінде тууға көмектескен болатын. Әулие Петрдің өзінің Титке Жолдауында, өзінің «рухани балалары» — өзінің сенім ­ нанымы арқасында тудырған балалары туралы айтқанынан да осындай символизм анық байқалады. Осы символизм буддистік дәстүрде кездеседі: машайық өзінің рулық есімінен бас тартады және «Будданың ұлы» болып шығады Бірақ бұл жетпекті туу дүниәуйлік дүниеге қарағанда өлу дегенді білдіреді. Схема индуизмде де, буддизмде де сақталған. Йог\ сүрмектің «босатылу» деп сипатталатын басқа формасында қайта туу үшін осы өмірге қарағанда өледі. Будда дүниәуйлік адамдық жай­күйге ­ яғни, тәуелділік пен білместікке қарағанда өлудің және бостандықта жырғалаң да және нирвананың алдын­ала анықталып қойылмаған жай­күйінде қайта туудың жолдары мен әдістерін үйретеді. Жетпекті қайта туудың үнділік терминологиясы кейде жетекшінің иеленген «жаңа тәнінің» бағзы символизмін еске салады. Будданың өзі: «Мен шәкірттеріме өз тәнін (төрт элементтен түратын) тастап шығып, ойлауға қабілеті бар субстанциядан (рупа маномая), барлық мүшелері бар және трансцедентті қабілеттерге ие болған басқа тән жасап алуға көмектесетін тәсілді көрсеттім»,— деп жариялайды.

Читайте также:  Об основных регуляторах рыночной экономики

Біздің пайымдауымызша, осының барлығы да өлімді рухани тұрғыдан қайта төрі тілудің ең жоғарғы құралы деген бағзы анықтаманың тіпті әлемдік ұлы діндерде де сақталып отырған, сондай­ақ, христиандықта да өз бағамын алған жетпек сценарийіне негіз болғандығын дәлелдейді. Осынау іргелі тылсымдық әрбір жаңа діни көзқарас ауқымында жаңартылып, тірілтіп отырады және өз бағамын алады. Осы тылсымдықтың соңғы салдарына барынша байыптырақ үңіліп көрелік: егер адам өлімнің артта қалып қойғанын білетін болса, егер ол, әлдебір басқада — Жерге қатысы емес, киелілікті айырып басқада қайтадан туу үшін, өзінің сансыз ажалдарымен үнемі өле беретін болса, — онда ол өлімсіздіктің бастауында тұрыпты немесе бірте­бірте өлімсіздікке ұласа (тұтаса, біте қайнаса) бастапты дегенді білдіреді. Бұдан шығатыны, өлімсіздік тірі қалу post mortem ретінде қарастырылмауы тиіс, оның адамның өзі үшін үнемі жасап жатқан, сол үшін даярланып жүрген ситуациясы бү дүниеден тіпті осы сәттен бастап және одан ары қарай қатысып отырған ситуациясы деп түсінілгені жөн. Олай болса, өлімі жоқ өлімсіздік ең соңғы жай­күй, адамның барлық жан­ тәнімен ұмтылатын және үнемі өле және қайта тіріле отырып жетуге ұмтылатын идеалды жай күй болып көрсетілуі тиіс.

Оставить комментарий